Есеналиева жанар е с е н а



Pdf көрінісі
бет32/81
Дата19.09.2023
өлшемі10,61 Mb.
#108775
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   81
isos
–бірдей, 
тең, ұқсас, 
morphe
–түр, форма сөздерінін құралған. Тіл біліміне 
«изоморфизмді» термин ретінде енгізген поляк ғалымы Е.
Курилович [3,69].
Дүние жүзінде тілдер өте көп. Олар құрылысы жағынан 
алуан түрлі. Солай бола тұрса да, олардың бәріне тән ортақ 
қасиеттері, ортақ заңдылықтары болады. Мәселен, тіл 
атаулының бәрі қатынас құралы қызметін атқарады. Бұл – дүние 
жүзіндегі барлық тілдер атқаратын қызметі жағынан ұқсас 
деген сөз. Тілдердің бәрінде де дыбыс, сөз, грамматикалық 
форма, сөйлем дегендер болады. Бұл – дүние жүзі тілдерінің 


115
Лингвистиканың өзекті мәселелері
тілдік элементтері жағынан біркелкі болатындығының дәлелі 
[4, 3].
Тіл атаулының бәрі заман өткен сайын өзгеріске ұшырап, 
дамып отырады. Бұл да тілдердің барлығына тән, ортақ қасиет. 
Айта берсек, барша тілдерге ортақ мұндай қасиет көп. Олай 
болса, лингвистикалық типология тіл атаулының барлығына 
тән осындай ортақ мәселелерді, ортақ заңдылықтарды тілдік 
универсалийлерді сөз етіп, қарастырады. Лингвистикалық 
типологияда тілдік универсалийлерді тек тілдерді бір-бірімен 
салғастырғанда ғана, тілдер арасындағы изоморфизмдерді
толық көрсеткенде ғана анықтауға болады. 
Макаев Э.М. изоморфизм туралы былай дейді: 
«однотипность структуры конститутивных языковых единиц 
различных уровней, следствием чего является или может 
являться однотипность отношений между этими единицами на 
разных уровнях» [5,46]
Изоморфизмді толық түсіну үшін қазақ, орыс және араб 
тілдеріндегі сөз таптарын алайық. Үш тілге де сөз таптары тән. 
Етістіктің шақ категориясы көрсетілген үш тілде де бар 
құбылыс. Зат есімнің тілдік бірлігі ретінде грамматикалық 
категорияны қарастырсақ: мәселен, род категориясын - орыс 
тілінде мужской род, женский род, средний род, араб тілінде 
музаккар, муәннас кездесетін болса, қазақ тілінің құрылымына 
– род категориясы жат. Орыс тілі мен араб тілі бұл жерде 
ұқсастау, яғни оларға изоморфизм құбылысы тән, ал араб тілі 
мен қазақ тілі алшақтау, олардың құрылымында алломорфизм 
құбылысы орын алады.
Егер біз орыс, араб, қазақ, ағылшын тілдерінің құрылымын 
салғастыратын болсақ, олардың тілдік жүйесінен ұқсастықтарды 
байқаған болар едік. Бір тілде дауысты фонемалар көп те, 
дауыссыздар аз немесе керісінше болып келеді. Мәселен, араб 
тілінде үш дауысты, 25 дауыссыз фонема болса, ағылшын 
тілінде 10 монофтонг, 9 дифтонг, 2 дифтонгоид сонымен бірге, 
25 дауыссыз фонема бар.
Бұлардан басқа, араб және ағылшын тілдерінен алшақ 


Лингвистиканың өзекті мәселелері
116
тілдердің қай-қайсысында болмасын міндетті түрде фонемалар 
дауысты және дауыссыз болып бөлінеді. Қысқасы, тілдік жүйеде 
фонемалардың дауысты, дауыссыз болып бөлінуі тілдердің 
барлығына тән, жалпы, универсалды сипат алады. Олай болса, 
изоморфизм - қандай да бір тілдерді салғастырғанда тілдік 
деңгейлерде кездесетін сәйкестіктер екен.
Құрылымдық-типологиялық салғастыру негізгі екі түрлі 
бағытты көздейді: «определение отношения отдельных систем 
одного языка к аналичным системам другого и выявление черт, 
характерных для одного и отсутсствующих в другом языке. 
Таким образом, основные задачи, стоящие перед любым 
сопоставлением – это выявление изоморфизма и алломорфизма 
разных языков и построение теории языка» [6,6].
Әлем тілдерінің әртүрлілігіне қарамастан олардың 
құрылымында барлық тілдерге тән ортақ сәйкестіктер 
жасырынып тұрады. Бұдан көпшілік тілдер ортақ бір үлгімен 
жасалатынын да көруге болады. Тілдік универсалийлер өзінің 
табиғаты жағынан, тілдік қасиеті жағынан жалпыға бірдей. 
Солардың негізінде лингвистикалық ортақ заңдылықтар 
қалыптастырып, жалпы адамзат мәдениеті жөнінде ой 
түйіндеуге мүмкіндік жасайды. 
Универсалийлердің әртүрлі топтары бар:
1.Универсалийлердің бірінші тобы тілдерді тілдік емес 
дүниемен салыстыру негізінде анықталады (мысалы, тілдерді 
басқа белгілер жүйесімен, информация беру және сақтаудың 
басқа жүйелерімен салыстыру). Бұл жерде әңгіме, әрине, 
семиотикалық типология туралы болып отыр.
Тілдерді 
информацияның 
басқа 
жүйелерімен 
салыстырғанда мынадай жалпы сипаттағы универсалийлерді 
көруге болады: олардың тілдегі ара салмағы 50%. Мәселен, 
американдық лингвист Хоккет барлық табиғи тілдерге тән 16 
жалпы сипаттағы универсалийлерді көрсеткен. Ғалым табиғи 
тіл деп (жазу тілі, жест тілі, дауылпаз тілі, ысқырық тілі 
т.б.тілдерді қоспайды) тек ауызша қарым-қатынас тілін, яғни 
адамзат тілін ғана ұғады.


117
Лингвистиканың өзекті мәселелері
2. Универсалийлердің екінші тобын анықтау жалпы тіл 
теориясымен ұштасып жатады. Себебі екеуінің де мақсаты 
тілдердің ең алдымен адамзат әрекетінің атрибуты ретінде 
қызмет ететіндігін айқындау. Типологияның бұл бағыты 
тілдердің универсалды ерекшеліктеріне сүйенеді. Мақсаты 
белгілі бір тілді жеке ерекшеліктерден жалпы ортақ мәселелерге 
қарай сипаттау. Тілдердің әртүрлі ерекшеліктерін біріктіру және 
тілдерге ортақ универсалийлерді табу жалпы типологияға тән 
бірден бір әдіс. Лингвистикалық типологияда тілдік 
универсалийлерді тек тілдерді бір-бірімен салыстырғанда ғана
анықтауға болады. Олай болса, ол универсалийлерді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет