Есеналиева жанар е с е н а


Қазақстандағы когнитивтік лингвистиканың



Pdf көрінісі
бет66/81
Дата19.09.2023
өлшемі10,61 Mb.
#108775
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   81
4.9 Қазақстандағы когнитивтік лингвистиканың 
бағыт-бағдары
Қазақстанда когнитивтік, концептологиялық зерттеулердің 
ден алып қарқынды дамуы өткен ғасырдың 90-жылдарынан 
басталды деуге болады.
Қазақстандағы когнитивтік зерттеулердің сипаты қандай, 
жеткен жетістіктер қандай дәрежеде, жалпы қандай бағытта 


Лингвистиканың өзекті мәселелері
232
деген мәселеге келетін болсақ, біз өз тарапымыздан 
Қазақстандағы концептологиялық зерттеулерді шартты түрде 
бірнеше топқа бөліп қарастырғанды жөн санаймыз:
1.
Когнитивтік лингвистиканың пайда болуының 
өзегі, негізі болған, оған алғышарт болған зерттеулер.
Тілді 
антропоцентристік парадигма бағытында зерттеудің бір саласы 
– ұлттық мәдениетімен, салт-дәстүрімен рухани болмысымен 
сабақтастыра қарастыру. Осы бағыттың басты көрінісі тіл 
білімінің этнолингвистика, лингвомәдениеттану, лингвоелтану 
тәрізді салалармен негізделді.
Бұл мәселемен шұғылданған ғалымдар жалпы, қазақ 
ғылымында когнитивистика жайында көзқарас білдіргендер
деп Ә. Қайдар, Е. Жанпейісов, М. Копыленко, Р.Сыздықова,
Ж. Манкеева сияқты ғалымдарды атауға болады, өйткені бұл 
ғалымдар этнолингвистика шеңберінде концептілер туралы да 
пікірлер айтқан.
Ұлттық тілді әрбір этностың дүниетанымымен, ұлттық 
мәдениетімен, өткен тарихымен, салт-дәстүрлерімен бірлікте 
қарау мәселесі тіл ғылымында ерекше өріс алып келе жатқан 
когнитивтік лингвистика сияқты жаңа бағыттың тууына 
себепші болды. Қазіргі кезеңде тіл ғылымы жаңа 
антропоцентристік бағытта дамып келеді. Жалпы зерттеулердің 
көпшілігінде тілдің құрылымдық жүйесіне мән беріліп келсе, 
қазіргі кезде тілді жаңаша кешенді түрде зерттеу, соның ішінде 
танымдық бағытқа баса назар аударылып отыр.
2. Қазақ тілі мен мәдениетінің концептеріне талдау 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет