Есеналиева жанар е с е н а


Үшінші бағытты ұстанушылар



Pdf көрінісі
бет68/81
Дата19.09.2023
өлшемі10,61 Mb.
#108775
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   81
Үшінші бағытты ұстанушылар
концептінің мәдени-
таным дық аспектісіне ерекше мән береді. Концепт олардың 
анықтауынша, адамның ментальды ойлау дүниесіндегі 
«мәдениеттің негізгі ұясы» ретінде түсіндіріледі. Концептіні 


Лингвистиканың өзекті мәселелері
234
түрлі қырынан карастыру барысында сол концепт арқылы 
берілетін мәдени ақпараттың мазмұнына ерекше көңіл бөлінуі 
тиіс. Осы бағыттың өкілі Ю. С. Степанов концептіні мәдениеттің 
микромоделі ретінде қарастырады. Оның түсіндіруінше, 
«мәдениеттің 
ұйытқысы» 
бола 
отырып, 
концепт 
экстралингвистикалық, прагматикалық, яғни тілден тыс 
ақпараттарды білдіреді. 
Ғалым
 Э.Д. Сүлейменованың
пікірі бойынша, ғаламның 
тілдік бейнесі, көбінесе, «түрлі дүниетаным мәселесі ретінде 
қаралады. Бүгінгі таңда ғаламның тілдік бейнесі ұғымында екі 
түрлі сипат бар. Оның біріншісінің нақты тілдерге және олардың 
арасындағы айырмашылықтарға қатысы жоқ болса, екіншісі 
нақты ұлт тілдерінің қатысуымен қалыптасқан лексикалық 
аталымдар жүйесі тәрізді тілдер арасындағы айырмашылықтарға 
бағыт – бағдар жасаушы ғаламның тілдік бейнесімен 
байланысты» [2,39]. 
Автордың пайымдауынша, ғаламның тілдік бейнесі негізгі 
екі қызмет арқылы айқындалады: 1) ғаламның негізгі бейнесін 
негізгі элементтер білдіреді; 2) тілдік тәсілдердің көмегімен 
ғаламның ғылыми бейнесі түсіндіріледі.
Ғалым 
А.Ислам
концептіге мынадай анықтама береді: 
«Концепт дегеніміз – этномәдени санада сақталған, белгілі бір 
ұлттың ұрпақтан-ұрпаққа берілетін ықшам, әрі терең мағыналы 
шындық болмыс, ұлттық мәдени құндылықтары жөніндегі сан 
ғасырлық түсінігін білдіретін құрылым» [3, 213].
Қазақ тіл біліміндегі когнитивтік бағыттың қалыптасуында 
Э.Д.Сүлейменова, 
Н.Ж.Шаймерденова, 
Г.Г.Гиздатов,
Ж.Манкеева, Қ.Жаманбаева, Г.Смағұлова, Б.Хасанов, Б.Қасым, 
А.Ислам еңбектерінің маңызы зор.
Мәдени концепт – ұлт мәдениетінің ерекше қасиетін 
хабарлаушы ақпарат. 
Э.Оразалиева
бұл мәселе туралы мынадай 
пікір білдіреді: «Мәдени концепті когнитивті концепті сөзінің 
беретін мәнінен өзгеше. Мәдени концепт – лингвомәдени таным 
бірлігі, онда ұлттық мәдениет көріністерінің жиынтығын 
бейнеленеді» [4,135].
Қазақ тіл біліміндегі когнитивтік бағыттың қалыптасуын-
да Э.Д.Сүлейменова, А.Исламмен қатар Г.Г.Гиздатов [5], Ж.


235
Лингвистиканың өзекті мәселелері
Манкеева [6], Қ.Жаманбаева [7] еңбектерінің маңызы зор. 
Концепт» терминіне әртүрлі анықтама беру және түсіндіру, 
оның екі жақтылығын көрсетеді: біріншіден, тілдік таңба 
ретінде (лингвистикалық, мәдени және лингвомәдени бағыттар), 
екіншіден, ментальдықты көрсететін тілдің мазмұндық жағы 
(когнитивтік бағыт). Бұл бағыттар бірін-бірі жоққа шығармайды, 
қайта бір-бірімен тығыз байланыста болып, концепт менталды 
құрылым ретінде адам санасында социумның концептосфераға, 
одан кейін мәдениетке шығуы болып табылады. Концепт 
мәдениеттің ажырамас бірлігі ретінде ұжымдық тәжірибенің 
нәтижесі.
Енді екінші топтағы зерттеулерге қайта оралсақ, ол 
зерттеулер концепт болғанда, қазақ этносының санасында 
материалдық объектілерді көрсететін, образды-ассоциативті 
жоғарғы деңгейде бағаланған «қамшы», «домбыра», 
«атамекен», «ұрпақ» сияқты концептер, сонымен қатар, ұлттық 
діліміздегі адами қасиеттерді көрсететін «намыс», «сабырлық», 
«қанағаттық», «ағайындық», тағы сол сияқты концептерді 
зерттеген жұмыстар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет