Есеналиева жанар е с е н а



Pdf көрінісі
бет70/81
Дата19.09.2023
өлшемі10,61 Mb.
#108775
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   81
Байланысты:
Лингвистиканың өзекті мәселелері

С.Е.Исабековтің 
«Когнитивтік лингвистиканың негіздері»
атты сүбелі 
зерттеуін жатқызамыз. Өз монографиясында ғалым қазіргі 
когнитивтік лингвистиканың екі бағытын көрсетеді: 


237
Лингвистиканың өзекті мәселелері
1. ментальды-информациялық немесе американдық-
батысеуропалық бағыт.
2. этномәдени немесе мәскеулік бағыт [ 10,376].
Ментальды-информациялық және этномәдени бағыттағы 
когнитивтік лингвистиканың қарастыратын өзекті мәселесі: 
адам және адамзат тілі. Алайда бұл екі бағыттың ол мәселеге 
көзқарасы әртүрлі.
Ментальды-информациялық бағыттағы когнитивтік 
лингвистикада: 
1.адам - қандай да бір этносқа, мәдениетке қатыссыз 
ақпаратты қабылдаудың, сақтаудың және тасымалдаудың 
белгілі бір жүйесі ретінде қабылданады
2.тіл - ментальдық ерекшелік яғни, адамдық когницияның 
құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады. Ментальды-
информациялық бағыттағы когнитивтік лингвистикада нақты, 
жеке ұлттық тіл емес жалпы адамзат тілі сөз болады.
Жоғарыдағы екі бағыттың тағы бір ерекшелігі - олар 
әртүрлі когнитивтік құбылыстарды және мәселелерді 
қарастырады және оларды әрқалай түсіне отырып, алдарына 
әртүрлі зерттеу міндеттерін қояды. 
Ментальды-информациялық бағыттағы когнитивтік 
лингвистика көбіне зерделейтін ұғымдары: когниция, 
когнитивтік жүйе, адамның психикасы, адам когнициясының 
құрылымы мен қызметі, адам организмінде болатын 
физиологиялық, психологиялық, когнитивтік процестер, білім, 
өзін-өзі тану, адамның танымдық қызметі, адамзат тілі т.б. 
Ментальды-информациялық бағыттағы когнитивтік 
лингвистиканың негізгі міндеті ретінде адам когнициясының 
негізі - миды, нейрондық жүйені, жадыны, жалпы тілдік 
танымды, ақпаратты өңдеудің құрылымын қояды. 
Ментальды-информациялық бағыттағы когнитивтік 
лингвистиканың негізгі ұғымдарының бірі – «репрезентация». 
Табиғаты жағынан бұл ұғым да ментальды терминімен барабар. 
Шын мәнісінде адамның миы, адамның танымы ментальды. 
Ментальды-информациялық 
бағытта 
бірінші 
орында 
ментальдылық және концептуалдылық тұрады. Бұл әрбір тілдің 
артында концепт, концептуалдық құрылым тұратынын көрсетеді 


Лингвистиканың өзекті мәселелері
238
және когнитивтік лингвистиканың басты мақсаты – концептердің 
формасы мен құрылымын, жасалу заңдылықтарын ашу және 
көрсету деп Серік Ергалиевич екі бағыттың ерекшелігін 
саралап, жіктеп, ерекшеліктері мен өзгешеліктерін зерделеп 
көрсетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет