61
Лингвистиканың
өзекті мәселелері
мәселесі лингвистикада өзіндік орны бар когнитивтік
лингвистиканың мақсат-міндетінің бірі. Қазіргі кезеңде тіл
ғылымында антропоцентристік бағыт ерекше дамып отыр.
Бұған дейін ғылымизерттеулердің көпшілігінде тілдің
құрылымдық жүйесіне мән беріліп келсе, қазіргі таңда тілді
жаңаша кешенді түрде зерттеу, соның ішінде тілдің танымдық
қызметіне, когнитивтік бағытқа баса назар аударылып отыр.
Абай тіліне когнитивтік талдау жасау негізінде жалпы
қазақ халқының сонымен қатар тілдік тұлға Абайдың өзінің
санасындағы әлемнің бейнесін, айнала қоршаған ортаның
болмыс-бітімін тұтастай тануға болады. Тілдің болмысы мен
табиғатын толыққанды тану үшін сол тілді жасайтын адаммен
біртұтас қарау керек. Осы принципті басшылыққа алу заманауй
антропоцентристік парадигма бағытының басты мақсаты болып
табылады.
«Поэтикалық және қара сөзбен жазылған философиялық
мазмұнға толы шығармадағы тілдік жүйенің құрылымын,
ұлттық тілдің табиғатын шынайы танудың бір жолы-тілдік
таңбаларды, оны құрайтын әлементтерді, олардың мазмұндық
жағы мен тұлғалық жағын тілдің өз заңдылықтары негізінде
қарау болса, екінші жолы-олардың тілдік емес құндылықтарымен,
яғни ақиқат өмір, ойлау, танымдық тұрғыда бір-бірімен тығыз
байланыста қарау болмақ. Ал бұл тұрғыдан алғанда, көркем
поэтикалық және қара сөзбен жазылған шығарма, ондағы тілдік
бірліктер ақиқат өмірді, яғни ойлау мен тілді ұштастыратын
категория ретінде танылады. Адамның когнитивті дүниесі оның
ойлау әрекетінен көрінеді десек, сол әрекетті танытатын негізгі
белгі оның тілі болып табылады» [3,11].
Абай шығармаларының тілінің қамтитын тақырыбы да,
қолдану аясы да кең, сондай-ақ алуан түрлі, адамдар арасындағы
коммуникативтік қарым-қатынастың сан қырлы жақтарын
қамтиды. Абай шығармаларының негізі әлемді өз санасының
елегінен өткізе отырып, дүниетаным моделін жинақтаған
Лингвистиканың өзекті мәселелері
62
тұлғаның ерекше сипатын аша түседі. Абай шығармалары
мәтіндерін мынадай танымдық жіктемелерге бөлуге болады:
Адам мәселесіне байланысты дүниетаным (жақсы адам,
сотты адам,
даугер адам, байқаған адам, т.б);
- адамды қоршаған табиғатпен байланысты дүниетаным
(тұман, жел,
шаң-тозаң, т.б);
- ақын өмір сүрген қоғаммен байланысты дүниетаным
(бай, кедей, болыс, атшабар, үкімет т.б);
- адам сезімімен байланысты дүниетаным (сағыныш,
махаббат, ғашықтық т.б);
- философиялық дүниетаным (дүние - үлкен кел, заман -
соққан жел).
Этномәдени байланыста өзінің ұлттық ерекшеліктерін
өзге этностарға таныстырумен қатар өмірдің ерекшеліктерін
бағамдап, өмірге өзіндік баға беру қазақ тарихында ерте
замандардан басталады. Осындай дәстүрді Абай да сақтаған.
Өмір, дүние дегенің
Ағып жатқан су екен [1,182].
Заманауй лингвистикасында тілді ұлттық таным коды
тұрғысынан зерделеу ерекше қолға алынып отыр. Әр ұлт
қоршаған әлемді өзінше танып-біледі, әрбір ұлттың адам
баласына тән ішкі және сыртқы құндылықтары, өзіндік
менталдық ерекшеліктері сол этностың тілімен тығыз
байланысты. Ұлттық тіл түрлі дүниетанымдық құрылымдардан,
сан алуан лексикадан, мол сөздік қордан тұратыны белгілі.
Сондықтан соңғы уақытта тілдің тек құрылымдық жағын ғана
зерттемей, дүниетанымдық тұрғыдан кодтау, танымдық
тұрғысынан қарастыру бүгінгі қазақ тіл біліміндегі когнитивтік
бағыттың негізгі нысаны. Яғни, қазіргі уақытта тілдің танымдық
қызметін жіті зерттеудің қажеттілігі туып отыр. Бұл процесс тіл
мен адам санасын бір тұтастықта қарастырады. Адамзат өзін
қоршаған әлемдегі құбылыстарды, шындықты қабылдайды,
ақпаратты өзінше танып, білімді меңгереді, талдайды, өңдейді,
63
Лингвистиканың өзекті мәселелері
қорытады, баға береді, тәжірибеде қолданады яғни әлемнің
тілдік бейнесін жасайды және оны келесі ұрпаққа жеткізеді.
Әлемнің бейнесін жасайтын дүниетанудың басты құралы – тіл.
Әр тіл ең алдымен өзіне қатысты, өзі өмір сүретін ұлт әлемін
сипаттайды.
Тіл - ұлттық дүниетаныммен тығыз байланысты. Әр
этностың тек өзіне ғана тән дүниетанымдық түсініктері болады.
Қай ұлт болмасын, қай этнос болмасын әлемді өзінше таниды,
әлемнің тілдік бейнесін өзінше жасайды. Ол халықтың бірқатар
ерекшелігіне байланысты:
1. Қоршаған
ортасына, географиялық орнына;
1. Халықтың
тарихына;
2. Әдет-ғұрпына;
3. Салт-дәстүріне;
4. Менталитетіне;
5. Ментальдық ерекшелігіне,
6. Халықтың психологиясына.
Сонымен адамның әлемге көзқарасы әлемнің тілдік
бейнесін жасайды, әрбір жеке тілде көрініс тапқан әлем моделі
жалпы ұлттық әлем бейнесіне ұласады. Әрбір жеке ұлт тілдің
негізінде әлем бейнесін өзінше ерекше кескіндейді. Тіл
субьектісінің санасындағы ақиқат дүниенің картинасы, ұрпақтан
ұрпаққа тіл арқылы берілетін дәстүрлі білімдер жүйесі –
Достарыңызбен бөлісу: