Есеналиева жанар е с е н


 Абай шығармаларының Шығыспен лингвомәдени



Pdf көрінісі
бет20/97
Дата17.05.2022
өлшемі10,61 Mb.
#34721
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   97
1.4. Абай шығармаларының Шығыспен лингвомәдени 
байланысы және когнитивтік сипаты
Шығыспен лингвомәдени байланыс көптеген ғасырларға 
созылған ұзақ та күрделі процесс. Оған араб, парсы сөздерінің 
халық  ауыз  әдебиетінде  де,  түркі  халықтарының  өткендегі 
өміріне  байланысты  сан  алуан  ескерткіштері  мен  жазба 
мұраларында кездесетіндігі куә.
Араб және парсы тілдері түркі тілдерінің даму тарихында 
айтарлықтай  қызмет  атқарғанын,  Орта  және  Таяу  шығыс 
халықтарының тіл жағынан дамуына классикалық араб тілінің 
едәуір әсер еткендігін кезінде бірқатар көрнекті шығыстанушы 
ғалымдар  да  атап  көрсеткен  болатын.  Әсіресе  арабтардың 
жаулап алуы мен ислам дінін таратуға байланысты бұл тілдің 
мәні арта түскен.
Шығыс  элементтерінің  қазақ  тіліне  енуінің  тағы  бір 
ұйтқысы – арабтардың өздері. Жаулап алған елдеріне арабтар 
тек қылышын сүйретіп келген жоқ, сондай-ақ өздерінің жиһанды 
тәнті еткен ойлы да, өрнекті әдебиетін де, мәдениеттін де ала 
келді.  Міне,  сондықтан  да  орта  ғасырларда  бүкіл  шығыс 
елдерінде әдебиеттің де, мәдениеттің де тілі тек араб тілі болды. 
Осы  кезде  жазатын  зиялы  ғалымдар,  мәшһүр  ақындар,  өнер 
қайраткерлері шықты.Тіпті арыға бармай-ақ өз шығармаларын 
араб  тілінде  тудырған  Қазақстан  мен  Орта  Азия  перзенттері, 
белгілі  ғұламалар  Әбу  Насыр  әл-Фараби,  Әбу  Али  ибн  Сина, 
Исхақ  әл-Фараби  және  басқаларды  атасақ  та  жетіп  жатыр. 
Сонымен  қатар  төл  әдебиетімізде  қол  созым  жерде  жатқан 


75
Лингвистиканың өзекті мәселелері
парсы елінің әдебиеті мен тілінің әсері де аз болған жоқ. Осы 
ұлағаттардан ана тілімізге көптеген сөздер мен сөздік элементтер 
енді,  еніп  қана  қойған  жоқ,  бір  кездегі  сөздік  қорымызды 
байытуға да үлес қосты [1].
Сөз жоқ, араб және парсы сөздерінің қазақ тіліне енуіне 
ислам дінінің таралуы әсер етпей қойған жоқ. «Арабтар жаулап 
алған жерлерде қоғамдық өмірдегі аса маңызды өзгерістердің 
бірі жаңа мемлекеттік діннің – исламның, араб тілінің жазуының 
тарауы  болды.  Ежелгі  түркі  жазуы  ығыстырылды,  ал  түркі 
лексикасына араб сөздері енді» [2,365].
Шығыс  элементтерінің  қазақ  тіліне  енуінің  келесі  бір 
себебі  сол  кездегі  «кітаби  тілдің»  әсері  еді.  Бұл  себепті  Қ.
Жұмалиевтің  сөзімен  айтсақ,  «Шет  тілдің  қазақ  еліне  көп 
тарауына  бір  себеп  болған  нәрсе  осы  кездегі  шағатай,  түрік, 
татар тілдеріндегі басылып шыққан кітаптар еді» [3,49].
Біз жоғарыда саралаған шолуда араб және парсы тілдерінің 
лексикалық элементтерінің қазақ тіліне енуіне ықпал жасаған 
жәйттерге тоқталдық. Енді сол ықпалдың қайсысы  басымдылық 
роль  атқарды  деген  мәселеге  келетін  болсақ,  «Ең  бастысы  – 
араб,  парсы  сөздерінің  қазақ  тіліне  ауысуына  ықпал  жасаған 
тарихи, әлеуметтік, саяси және экономикалық факторлар болды. 
Өйткені  тілдің  дамуы  –  қоғамның  даму  тарихына  тікелей 
байланысты болып келеді» [4,35].
Ұлы  Абай  туындылары  да  Шығыспен  лингвомәдени 
байланыс негізінде жазылған. Оның бір көрінісі Абай тіліндегі 
араб және парсы сөздерінің жиі ұшырауы.
Абайдың  кірме  сөздерді  қолдануы  туралы  Қ.Жұмалиев 
«Сол  дәуірді  алғанда,  Абайдың  өлеңдерінде  шет  сөз  мүлде 
кездеспей, тап-таза  қазақша неге болмайды десек, қателескен 
болар едік. Өйткені, тілдің даму заңы мұны көтермейді, ол – бір. 
Екінші,  ол  дәуірде  кейбір  шет  сөздің  (араб,  парсы  сөздерінің 
–Е.Ж)  кіруі  табиғи,  заңды  еді.  Міне  осылай  қарасақ  қана, 
Абайдың шет тілдерді қолдану мәселесі дұрыс», дейді. Ғалым 


Лингвистиканың өзекті мәселелері
76
өз  ойын  ары  қарай  былай  тұжырымдайды:  «Мұсылман 
мектебінде  оқып,  дін  кітаптарын  көп  аралап,  араб,    парсы 
тілдеріндегі  классик    әдеби    мұраларды  да  терең  зерттеп,  бір 
кездегі  оларға  еліктеген  ақынның  сөздерінде  араб,  парсы 
сөздерінің кездесуі – таң қаларлық емес, заңды» [3,53]. Себебі 
сан ғасырдан келе жатқан діні бір, дүниетанымы жақын қазақ 
және араб мәдени қарым-қатынасының негізінде қазақ тілінің 
сөздік құрамында шығыстық кірме сөздердің болуы орынды.
Халықтар арасындағы байланыстың нақты көрінісінің бірі, 
әрі басымдылық қасиеті бары – лингвомәдени байланыс. Қоршаған 
ортаны тану барысында қазақ халқы араб және парсы тілдерінен 
көптеген тілдік бірліктерді алды.
Абай шығармаларында қазақ тіліне ертеде ертеде еніп, сіңісіп 
кеткен сөздерді де, кітаби лексикада кездесетін, халыққа біршама 
таныс сөздерді де, сондай-ақ өзінің қаламына ғана тән түсініксіз 
сөздерді де өте қомақты қолданған. Араб, парсы сөздерінің Абай 
тілінде тақырыбы, қолдану аясы  кең, сондай-ақ алуан түрлі.  Абай 
шығармаларындағы  араб,парсы  сөздері  адамдар  арасындағы 
коммуникативтік қарым-қатынастың сан қырлы жақтарын қамтиды. 
Олар: табиғатқа байланысты танымдық сөздер; адамға және оның 
тіліне  байланысты  танымдық  сөздер;  қоғамға  байланысты 
танымдық сөздер; исламға байланысты танымдық сөздер [5,25].
Абай тіліндегі араб, парсы сөздерін табиғат, адам (Абайда ең 
басты тақырып - адам), қоғам, ислам тұрғысынан қарас тырудың өзі 
жат  этникалық  территорияда  араб,  парсылардың  материалдық, 
рухани  мәдениеті,  тұрмыс  тіршілігі,  қоғамдық-әлеуметтік  өмірі, 
дүниетанымы,  діні  қаншалықты  бейнелен гендігін  байқауға  
мүмкіндік  береді.  Уақыт  өткен  сайын  араб,  парсы  сөздері  мән-
мағынасынан  айрылып  қана  қоймай  бастапқы  формасынан 
айрылып  қалуы  мүмкін,  немесе,  керісінше,  кейбір  лексемалар 
концепт деңгейіне дейін көтерілуі ықтимал. Сондықтан да атауға 
негіз  болған  тілге  сүйене  отырып,  Абай  тіліндегі  араб,  парсы 
сөздерінің  дефинициясын  ашуға,  әрі  лексеманың  алғашқы 


77
Лингвистиканың өзекті мәселелері
формасын қалпына келтіруге болады.
Абай тіліндегі араб және  парсы сөздерінің мағынасы дегенде 
жеке тұрған сөздерге қатысты және сөз (слово) және сөйлеу (речь) 
тұрғысынан қарастырған дұрыс. Себебі, сөз бар да, ақынның оны 
сөйлету, сөйлеу барысында қолдану шеберлігі бір басқа.
Жалпы, Абай араб және парсы сөздерін қолдануда мына 
мәселелерге ерекше көңіл бөлген:
1.  ақын айтайын деп отырған ой;
2.  жырланып отырған тақырып;
3.  өлеңнің, сөздің кімге арналып отырғандығы;
4.  ақынның тыңдаушымен (оқушымен) санасуы.
Абай тіліндегі араб және парсы сөздерін Абай осы төрт 
мәселеге  байланысты  араб,  парсы  сөздерін  саналы  түрде, 
орнымен қолданған. Мәселен, ақын туындыларында өз атынан 
сөйлеу,  біреудің  атынан  ой  түйіндеу  (мысалы,  Сократ  атынан 
27-сөз), өзіне сұрақ қоя отырып, қоғамдағы топтар мен таптарды 
сынап, талдау жасау, болған оқиғаны баяндау  (мысалы, қазақ 
жерінде  болыс  сайлау  үдерісін  суреттеу  3-сөз),  оқу-ағарту, 
білімді сөз ету, еңбек, кәсіп, шаруашылық жайларын баяндау, 
адамгершілік,  мінез-құлық,  мораль  тақырыбын  жырлау,  дін, 
дүниеге көзқарасын білдіру сияқты дүниетанымдық сипаттағы 
өлеңдері  мен  қара  сөздері  бар.  Абай  қазақ  халқына  жат, 
ментальдық  ерекшеліктеріне,  тарихына,  салт-дәстүрлеріне, 
географиялық ортасына қайшы келетін стереотиптік араб және 
парсы  ұғымдарын  және  сөздерін  пайдаланбаған.  Абай  араб, 
парсы сөздерін осы мәселеге байланысты тыңдаушымен санаса 
отырып, айтып отырған ой, жырланып отырған тақырып, ойға 
түрткі болған мәселеге байланысты қолданған. Бұл ерекшелікті 
Абайдың араб және парсы сөздерін қолданудағы төл ерекшелігі  
деп айтуға болады.
Осы орайда, Абай шығармаларына ғылыми дұрыс талдау 
жасап, ол жөнінде аса құнды еңбек қалдырған  Қ.Жұбановтың 
пікірін келтіруді орынды деп санаймын.  Ғалым Абайдың тілі 


Лингвистиканың өзекті мәселелері
78
туралы  былай  деп  жазады:  «Ол  ескіні  де,  өз  заманын  да 
дәріптемейді.  Ескі  образды  алғанда,  оны  сүйдіру  үшін  емес, 
ескіні  бұзып,  жаңа  қылып,  сонымен  жаңаша  ұғындыру  үшін 
алады. Абайдың әдебиет, мәдениет істеріне қолы тиіп кетсе, ол 
тек сипап, сүртіп, шаңын кетіріп шықпайды, өзінше түзеп, өз 
қолының ізін қадырады. Өлеңнің ырғағы да, ұйқасы да, буыны 
да,  әні  де,  тақырыбы  да,  сөз  төсегі  де,  суреті  де  Абайдың 
қолынан өткенде, бұрын көрмеген жаңа нәрсе болып шығады...  
Бірақ сөйте тұрса да, Абай өлеңі – қазақ  өлеңі, қазақ өмірінің 
суреті, қазақ тілімен жазылған, қазаққа түсінікті болып шығады» 
[6].
1939  жылы  жарық  көрген  Абайдың  толық  жинағына 
кіріспе сөзінде жазушы-ғалым С.Мұқанов та Абай тілі туралы: 
«Абайға шейін де, Абайдың тұсында да, қазақтың ұлт мәдениетін 
Абайдай көтерген акын жоқ... Абай ұлт қазынасы - тілді бірінші 
рет ұлт керегіне жұмсай біліп, сол тілмен болашағына басшылық 
қылған ақын» [7] деп, А.Байтұрсыновтың «Абай -қазақтың  бас 
ақыны» [8]құнды пікірін дұрыс қолданған.
А.Байтұрсыновтың,  Қ.Жұбановтың,  С.Мұқановтың  бұл 
пікірлерін  Абай  шығармаларына  берілген  когнитивтік  талдау 
деп түсінеміз, тіпті қазақ тіл біліміндегі алғашқы когнитивтік 
лингвистиканың  негізі  осы  ғалымдарымыздың    іргелі 
зерттеулерінен бастау алады.
Жалпы алғанда, Абай өз шығармаларында 6 мыңдай жеке 
дара  сөз  қолданған,  біздің  зерттеуіміз  бойынша  [5,25]  соның 
1000-ы араб және парсы сөздері (зат есім 75,9% , сын есім 17,7% 
, етістік 1,7%, үстеу 2,3 % , есімдік 1,7%, одағай 0,7 %)  яғни, 
шамамен Абай лексикасының 16,6 пайыздайын ұстайды. Мұның 
өзі  автордың  араб,  парсы  сөздерінен  саналы  түрде  қашқанын 
байқатса керек. Абай сияқты мұсылман мектебінде оқып, араб, 
парсы,  шағатай  әдебиетіндегі  классик  әдеби  мұраларды  көп 
зерттеп,  өз  шығармаларын  ислам  дінінің  дәуірлеп  тұрған 
шағында  дүниеге  әкелген  ақынға  араб,  парсы  сөздерінің  бұл 
арасалмағын көп деуге болмайды.
Қазақ-араб-парсы  лингвомәдени  байланысын  анықтау 


79
Лингвистиканың өзекті мәселелері
арқылы бұрыннан  келе жатқан  шығыстық байланыс деп жалпы 
айтылып  келе  жатқан  көптеген  мәселелердің  басы  ашылады. 
Яғни    қазақ-араб-парсы  тілдері  арасындағы  тікелей  байланыс 
анықталып,  үш  тіл  арасындағы  ықпалдастық  нақты 
шығармалардағы  деректер  арқылы  айқындалады.  Үш  тіл 
арасындағы  әлемнің  тілдік  бейнесін  жасаудағы  ұқсастықтар 
мен ерекшеліктерді зерделеуге  көмектеседі. «Ұлт мәдениетінің 
негізі  саналатын  көркем  әдебиеттің  өзімен-өзі  тұйықталған 
әдебиет  арқылы  дамымай,  жан-жақты,  сан-саналы  жетілу 
жолында  болғанын  анықтауға  жаңа  мүмкіндіктер  ашылады» 
[9,14].
«Профессор Ө.Күмісбаевтың шығармашылығы және
шығыстану мәселелері» атты халықаралық 
ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. 
Алматы, 3сәуір, 2014, 15-20 б.б.
Әдебиет
1.  Дербісалиев Ә.Б. Ортақ міндет // Лениншіл жас, 1978,17 ақпан.
2.  Қазақ ССР тарихы, 1980, І-т, 365б.
3.  Жұмалиев  Қ.  Абайға  дейінгі  қазақ  поэзиясы  және  Абай 
поэзиясының тілі. Алматы,1948.
4.  Рүстемов Л.З. Қазақ тіліндегі араб-парсы кірме сөздері. Алматы, 
1982.
5.  Есеналиева  Ж.Ж.  Абай  шығармаларындағы  араб  және  парсы 
сөздерінің  қолдану  ерекшіліктері.  Филология  ғыл.кандидаты  ғыл.
дәрежесін алу дайын. дисс. авторефераты. Алматы: 1993, 25б.
6.  Жұбанов  Қ.  Абай  –  қазақ  әдебиетінің  классигі  //  Әдебиет 
майданы, 1934, №12-13.
7.  Абай Құнанбайұлы .Толық шығармалар жинағы.Алматы, 1939.
8.  Байтұрсынов А. Қазақтың бас ақыны //Қазақ, 1913, №43.
9.  Салқынбаев М. Қазақ-араб әдеби байланысы.Астана : 2009, 205 б.


Лингвистиканың өзекті мәселелері
80


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет