1.3. Абай шығармаларын когнитивті зерттеудің негізі
Абай шығармаларының тілінің тақырыбы, қолдану аясы
кең, сондай-ақ алуан түрлі. Абай шығармалары адамдар
арасындағы коммуникативтік қарым-қатынастың сан қырлы
жақтарын қамтиды. Олар:
1. Қоршаған ортаның қасиетін көрсететін табиғатқа
байланысты танымдық сөздер;
2. Адамның дене мүшесінен бастап, табиғат танымы,
материалдық мәдениетін, оқу-ағарту т.б. бейнелейтін адамға
және оның тіліне байланысты танымдық сөздер;
3. Саяси-әлеуметтік қоғамға байланысты танымдық
сөздер;
4. Исламға байланысты танымдық сөздер[2,25].
Абай тіліндегі когнитивтік сөздерін табиғат, адам (Абайда
ең басты тақырып - адам), қоғам, ислам тұрғысынан
қарастырғанда, біз қазақ халқының, рухани мәдениеті, тұрмыс
тіршілігі, қоғамдық-әлеуметтік өмірі, дүниетанымы, діні
қаншалықты бейнеленгендігін байқауымызға болады.
Осы орайда, Абай шығармаларына ғылыми дұрыс талдау
жасап, ол жөнінде аса құнды еңбек қалдырған Қ.Жұбановтың
пікірін келтіруді орынды деп санаймын. Ғалым Абайдың тілі
туралы былай деп жазады: «Ол ескіні де, өз заманын да дәріптемейді.
Ескі образды алғанда, оны сүйдіру үшін емес, ескіні бұзып, жаңа
қылып, сонымен жаңаша ұғындыру үшін алады. Абайдың әдебиет,
мәдениет істеріне қолы тиіп кетсе, ол тек сипап, сүртіп, шаңын
кетіріп шықпайды, өзінше түзеп, өз қолының ізін қадырады.
Өлеңнің ырғағы да, ұйқасы да, буыны да, әні де, тақырыбы да, сөз
төсегі де, суреті де Абайдың қолынан өткенде, бұрын көрмеген
жаңа нәрсе болып шығады... Бірақ сөйте тұрса да, Абай өлеңі –
қазақ өлеңі, қазақ өмірінің суреті, қазақ тілімен жазылған, қазаққа
түсінікті болып шығады» [3].
1939 жылы жарық көрген Абайдың толық жинағына
69
Лингвистиканың өзекті мәселелері
кіріспе сөзінде жазушы-ғалым С.Мұқанов та Абай тілі туралы:
«Абайға шейін де, Абайдың тұсында да, қазақтың ұлт мәдениетін
Абайдай көтерген акын жоқ... Абай ұлт қазынасы - тілді бірінші
рет ұлт керегіне жұмсай біліп, сол тілмен болашағына басшылық
қылған ақын» [4] деп, А.Байтұрсыновтың «Абай -қазақтың бас
ақыны» [5]құнды пікірін дұрыс қолданған.
Шынында да, Абай мұрасы терең танымдық идеяларға
толы: онда бірінші орында тұрған Абайдың өзіне негізгі мәселе
болып табылатын, Абайды ерекше толғандыратын Адам
мәселесі.
Адам - Жер бетіндегі ең жоғарғы даму сатысындағы
тіршілік иесі, қоғамдық-тарихи әрекет пен мәдениетті жасаушы.
Адам – танымдық лингвистика, әлеуметтану, психология,
философия,педагогика, физиология, медицина, т.б. ғылым-
дардың нысаны болып табылады. Адам мәселесі, оның пайда
болуы, өмірде алатын орны, тіршілігінің мәні мен мақсаты
адамзат танымының формалары – жалпы ғылымдағы ең негізгі
мәселе.
Абайдың еңбектерінде «адам» концептісі интеграция-
ланған Абайдың адамы, яғни ақынның адам туралы ойлары мен
түсініктерінің еңбектерінде өзінше орын алып, әрдайым
өзгеріске ұшырап отырады. Мысалы:
• «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес»;
• «Адам болам десеңіз... »;
• Адал бол - бай тап, Адам бол - мал тап, Қуансаң қуан сол
кезде»;
• «Адам деген даңқым бар» т.с.с.
Абай шығармаларында адам мәселесі арқылы көптеген
мәселелердің арақатынасы шешіледі. Атап айтсақ, Абай
адамгершілік қасиеттер туралы ілімді дамытты, адамның
моральдық жетілуінің гуманистік принциптерін алға тартты,
эстетикалық мәселелерді қарастырды, адамның танымдық
қабілеттері туралы мәселені зерттеді, адамның болмысын,
Лингвистиканың өзекті мәселелері
70
этикалық, эстетикалық көрінісін көрсетті, адам өмірінің
мақсаты мен мәнін, оның сезімдері мен ақыл-ойының әлемін
жырлады. Абай шығармаларында Адам мәселесін түрлі
тіркестермен береді: жақсы адам, сотты адам, даугер адам,
байқаған адам, жаман адам, адам баласы, бұлдаған адам,
адамдықтың орны, адамның жаны, адамның баласы, адам
жаулағандық, адамның қасиеті т.с.с. Абайдың Адам концептінің
фреймдері: адалдық, сабырлық, достық, махаббат, ел билеген
адам т.б.
Болыс, мал-жан аман ба?
Мынадайға кез болдың
Аума-төкпе заманда,
Ел билеген
адам жоқ,
Ата менен бабаңда [1,101].
Абайдың дүниетанымы шығармаларында қалыптасқан
көзқарастар жүйесі ретінде көрінеді. Ғалымдар оның ертедегі
шығармаларының үлгілері болмағандықтан, рухани жетілу
кезеңдерін байқай алмайтынын айтады. Алайда оның әлемге
және адамға деген көзқарастарын Абайдың замандас
ақындарының дүниетанымымен салыстыра отырып, ерекше
екенін байқауға болады. Абай олармен кез-келген маңызды
мәселе бойынша, ең алдымен адамның қоғамдағы орны
мәселесіне келгенде келіспеді. Адамға деген көзқарас және осы
қатынастың көрінісі көбінесе әр уақыттың философиясын да,
әдебиетін де, тілін де анықтайды. Қазіргі когнитивтік
лингвистиканың ұстанымдары бойынша бүкіл тілдің негізгі
сипаты – оның антропоөзектілігі, яғни «Тіл мен адам» біртұтас
құбылыс немесе бір құбылыстың екі жағы. Міне, осы
сабақтастық Абайдың шығармаларының өн бойында көрініс
тапқан. Абайдың санасындағы әлемнің бейнесін, сонымен қатар
оны айнала қоршаған ортаны тану негізінде жалпы қазақ
халқының болмыс-бітімін тұтастай тануға болады. Заманауй
антропоцентристік парадигма бағытының басты мақсатының
өзі тілді сол тілді жасайтын адаммен біртұтас қарау болса, Абай
шығармалары тілі халықпен біте қайнасқан деп айтуға болады.
71
Лингвистиканың өзекті мәселелері
Адам мәселесі көптеген ғылымның негізгі зерттеу
нысандарының бірі екені көне заманнан белгілі. Алайда адам
мәселесі әлі толық шешімін таппаған іргелі тақырып. «Барлық
заттың өлшемі - адам» деп грек ойшылы Протагор айтса, қытай
философы Лао Цзы: «Басқаларды білетін адам -ақылды, өзін
танып білген адам – данышпан»,- деген екен. Ал ұлы данышпан
Абай: «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол» деген
қанатты сөзімен адамның қазақ халқы үшін қаншалықты
жоғары екендігін көрсеткен. Бұдан біз адам мәселесі және оның
тарихи дамуы, адам жайындағы философиялық тұжырымдар
Абайды да бей-жай қалдырмағаны көрінеді. Жаңа ғасырда өмір
сүріп отырған біз Абайдың даналық ойларын санамызға сіңіре
отырып, оның рухани әлемін әлі зерделеп келеміз. Абайды
оқыған сайын, зерттеген сайын оның адамға деген көзқарасын,
халқының қиын-қыстау өмірін суреттегенін, рухани болмыс
тіршілігін жан-жақты сипаттағанын, өлеңдері мен қара сөздері
арқылы бүкіл халыққа паш еткенін көреміз.
Адам болу туралы ойлар, әсіресе, ақынның қарасөздерінде
молырақ таратылған. Ондағы «адам болу, адам, жарым адам,
толық адам, адамның адамдығы, адамшылық, адамшылығының
кәмалаттығы,
пенделіктің
кәмалаттығы,
инсанияттың
кәмаләттығы т. б. терминдік мәні бар сөздердің бәрі де толық
адам жайлы пікірлерімен сабақтасып жатады[6].
Абайдың дүниетанымы, оның рухани әлемі ерекше және
ол Абайдың өз замандастарынан барынша ерекшеленеді. Оның
бүкіл шығармаларындағы басты және орталық мәселе - адам.
Абай өзінің азаматтық парызын жоғары қояды, адамның орнын
көрсету жолында көптеген жаңа ізденістер мен ерекше әрекеттер
жасайды, адамды толық тану жолында көп жаңалықтар ашты.
Абайдың басты мақсаты адамды барынша жоғары денгейге
жеткізу және болашақтағы адамның рөлін өзінше көрсетпек
болды.
Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,
Ол бірақ қайтып келіп, ойнап күлмес,
«мені» мен «менікінің» айрылғанын,
«өлді» деп ат қойыпты өнкей білмес [1,225]
Лингвистиканың өзекті мәселелері
72
Абайдың ойынша нағыз адам адамгершілігі мол, өзінің
өмір сүру принциптері нақты, өмір сүру әрекеті дұрыс адам.
Сол нағыз адамды Абай одан да жоғарыдан көргісі келеді.
Сондықтан Абай адамның бес дұшпаны- Өсек, Өтірік,
Мақтаншақ, Еріншек, Бекер мал шашпақ, ал адамды өсіретін
бес асыл іс- Талап, Еңбек, Терең ой, Қанағат, Рақым екенін баса
айтады.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның, білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой [1,65].
Абайдың дүниетанымы, оның рухани әлемі Абайдың
өзіне ғана тән мынадай ерекшеліктерді көрсетеді:
1. Абай творчествосында негізгі, орталық, басты орын
Адамға, адамның тарихи дамуына беріледі. Сондықтан Абайдың
Адамы өлмейді. Атаның баласы емес адамның баласы болу
доминантты ерекшелік.
2. Абай шығармаларында ең басты концепт «Адам».
Адамды жасайтын қасиет ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы
жүрек. Осы үш қасиет үлкен әлеуметтік ізгі күшке айналатын
ғылым.
3. Абайдың өлеңдерінде адам болу қағидасы ерекше
орын алады. Абайда нағыз адамды жасайтын компоненттер
нақты, олар: Талап, Еңбек, Терең ой, Қанағат, Рақым.
4. Абайдың басты мақсаты – адам болу үшін ненің жаман,
не жақсы екенін көрсетіп қана қоймай, жаманнан жирендіріп,
жақсылыққа бастау. «Адам бол!» деген үндеуді паш ету.
5. Абай танымында Адамды болашаққа, алға жетелейтін
– ар, намыс, ұят, ал оларды басқаратын – ақыл.
73
Лингвистиканың өзекті мәселелері
6. Абай танымында Адамның қасиеттері тек өзіне ғана
емес, қоғамға да қатысты. Сондықтан «Адам» концептісіне
байланысты танымдық сөздер бір-біріне қарсы жақсы, жаман,
адалдық, арамдық сияқты ұғымдармен ұштасып жатады.
7. Абайдың адамы үнемі ізденіс үстінде жүреді, тек қана
алға ұмтылады, жасампаз болуға талпынады, Абай Адам
концептісіне Пендені қарама қарсы қояды,
8. Абайда қазақи болмысты, менталитетті көрсететін,
әдет-ғұрыптық, адами қарым-қатынасты, туыстық қатынас
ерекшеліктер көрсететін Әділет, Ар, Ағайын концептері
айрықша орын алады.
9. Хәкім Абай танымында қазақи мінез-құлық этикеті
жоғары орын алады. Ол әсіресе туыстық қатынаста, ата-ана мен
балалары арасындағы сыйластық түрінде көрінеді.
10. Абай дүниетанымында әлемнің тілдік бейнесін адам
құндылықтарын көрсететін дос, береке, талап, абырой т.б.
концептілер құрайды. Бұлардың ішінде ар, намыс, ұят,
концептілері – қазақ халқының ұлттық символына айналған
концепттер.
11. Абай үшін дүниенің басты құндылығы – Адам, жәй
ғана адам емес, рухани тұрғыда кемелденген толық адам.
Профессор М.М.Копыленконың 100- жылдық мерейтойына
арналған «Тіл әдемі» халықаралық конференция материалдар
жинағы. 2020 жыл, 23-24 қараша, 109-115 б.б.
Әдебиет
1. Абай Құнанбайұлы.Толық шығармалар жинағы. Алматы, 1977.
2. Есеналиева Ж.Ж. Абай шығармаларындағы араб және парсы
сөздерінің қолдану ерекшіліктері. Филология ғыл.кандидаты ғыл.
дәрежесін алу дайын. дисс. авторефераты. Алматы: 1993, 25б.
3. Сыздықова Р.Абай шығармаларының тілі. Алматы: 1968, 225б.
4. Жұбанов Қ. Абай – қазақ әдебиетінің классигі // Әдебиет
майданы, 1934, №12-13.
5. Байтұрсынов А. Қазақтың бас ақыны //Қазақ, 1913, №43.
6. https://adebiportal.kz/kz/news/view/mekemtas_mirzahmetuli_
abai__12664
7. Кәкішев Т. Абайтану тарихының мәселелері. layPause abai-inst.kz
Лингвистиканың өзекті мәселелері
74
8. Салқынбаев М. Қазақ-араб әдеби байланысы.Астана : 2009,205б.
9. Болатбеккызы Айгерим. Абай шығармаларындағы «толық
адам» мәселесі / Айгерим Болатбеккызы.-Текст: непосредственный //
Молодой ученый. — 2015. — № 8.1 (88.1). — С. 53-55. — URL: https://
moluch.ru/archive/88/17589/ (дата обращения: 08.11.2020).
Достарыңызбен бөлісу: |