Есеналиева жанар е с е н



Pdf көрінісі
бет28/97
Дата17.05.2022
өлшемі10,61 Mb.
#34721
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   97
доминант  ұғымын  басым,  басым-
дық,  басымдылық  б  а  с  ы  баламасымен  беретінімізді  айтқан 
болатынбыз. 
Профессор Қ.Т. Рысалды доминанттық белгіні «кіндік тұлға» 
деп  атайды.  Мысалы,  ғалым  өзінің  «Сын  дәрежесі  категориясы: 
функционалды-коммуникативті  табиғаты»  атты  докторлық  
диссертациясында типологиялық басымдық туралы былай дейді: 
«Сын дәрежесінің категориясы негізінде генетикалық, құрылымдық 
жағынан алшақ жатқан екі тілді салғастыра отырып, оның жүйелік-
құрылымдық тұлғасын айқындау, семантикалық сын дәрежесінің 
жүйелік  қалпындағы  тілдік  бірліктердің  бір-бірімен  аралық 
қатынастарын,  байланыстарын  және  екі  тілдегі  типологиялық 
ерекшеліктерін ашу. Сын дәрежесінің функционалды-семантикалақ 
өрісінің  кіндік  тұлғасы  (доминантасы)  морфологиялық  шырай 
категориясының парадигмасын  жаңа тұрғыдан дәйектеу» [10, 6].    
Сонымен, әрбір тілде, тілдің құрылымдық, типологиялық 
табиғатында,  ерекше  көзге  түсетін  басым  грамматикалық 
белгілер  болады.  Оны  біз  өз  тарапымыздан  типологиялық 
басымдылық  деп  атадық.  Тілдегі  типологиялық  басымдылық 
кез келген тілді өзге тілдерден ерекшелендіріп тұрады және ол 
басымдылық тілдің бүкіл жүйесіне әсер етеді. Мәселен, қазақ 
тілінде  ерекше  көзге  түсетін  типологиялық  басымдылық  – 
сингормонизм  заңы,  сөздерге  аффикстер  жалғанғанда,  сөздің 
морфологиялық  құрамы  күрделенгеніне  қарамастан,  сөздің 
түбірінің  дыбыстық  құрамы,  негізінен  алғанда,  өзгермей,  сол 
қалпында қалуы.
Біз осыған дейінгі зерттеулерімізде типологияның негізі 
ретінде  типологиялық  басымдылық  ұғымымен  қатар 


91
Лингвистиканың өзекті мәселелері
қолданылатын тағы бір ұғым «белгілер кеңістігі» туралы айтқан 
болатынбыз.  «Белгілер  кеңістігі»  ұғымы  өте  күрделі  ұғым. 
Оның  көпөлшемді тілдік жүйені терең талдауға септігі тиеді. 
Е.С.Кубрякова  «белгілер  кеңістігінің»  көмегімен  ғылыми 
ұғымдарды  анықтау  мәселесіне  келгенде  ерекше,  ол    ескі 
классификациялау принципінен жаңаға өту мүмкіншілігіне ие 
екенін айтқан болатын [12,281].
Әрбір тіл құрылымы мен қызметі бар, бүтін (тұтас) жүйелі 
құбылыс ретінде өмір сүреді. Дегенмен, жүйе құрылымнан ғана 
тұрмайды. Әрбір жүйе өзіне тән және бір-бірімен байланысты 
үш  түрлі  атрибуттың    -  құрылым  мен  субстанцияның  және 
қызметтің  ұштасып  келуінен  және  олардың  диалектикалық 
бірлігінен құралып, өмір сүреді, дамиды. Сонымен қатар, тіл - 
тек  жүйе  ғана  емес,  жүйелердің  жүйесі.  Ол  бір    белгіні  ғана 
қамтымайды, бірнеше белгілердің жиынтығы болып табылады.  
Бұл жерде қандай да бір тілдік құбылыс классификацияланып, 
сараланып,  сипатталып  қана  қоймайды,    сонымен  бірге, 
«белгілер кеңістігінің» өзіндік орны көрсетіледі.
«Белгілер  кеңістігі»  әрбір  тілдің  негізгі  құрылымын 
көрсететін нақты тілдік категориялардың қызметтерінің жалпы 
сипатын  анықтайды  және  бір-бірімен  байланысты  тілдік 
құбылыстардың  түрленуінің  сапалық  айырмашылықтарының 
таралу диапазонының ауқымын айқындайды. 
«Басым  белгі»  және  «белгілер  кеңістігі»  ұғымдарының 
бір-бірімен  тығыз  байланыстылығына  күмән  жоқ.  Өйткені, 
тілдің  қандай-да  бір  деңгейінің  қызметі  мен  ерекшелігін 
анықтайтын белгілер жиынтығының ішінен  бір белгі б а с ы м  
келеді.  Ол  басымдылық    белгілі  деңгейде  ерекше  сипатқа  ие 
болып, басқа белгілердің көрінуіне ұйтқы болады және тілдің 
бүкіл жүйесіне әсерін тигізеді.
Мәселен,  қазақ  тілінің  құрылымында  да  типологиялық 
басым белгілер кездеседі.
Біз жоғарыда басым белгі, басымдылық (доминант) және 
басым белгінің тілдің типіне әсер ететін ерекшесі (детерминант) 
ұғымдарының  аражігін  ажыратамыз  деген  едік.  Төменде  біз 


Лингвистиканың өзекті мәселелері
92
қазақ  тілінің  құрылымындағы  басым  белгілерді  көрсетеміз. 
Детерминантты курсив арқылы белгілейміз.
Фонетикалық  басым белгілер: 1) Сөз басы мен соңында 
дауыссыз дыбыстар тіркесінің болмауы; 2) Үндестік заңының 
болуы; 
3)  Үндестік  заңымен  жалғасатын  фонетикалық 
сипаттардың бар болуы
4)  Сөздің  фонетикалық  тұтастығын  сақтауға  мүмкіндік 
беретін 
ассимиляциялық 
және 
диссимиляциялық 
құбылыстардың ықпалы. 
Морфологиялық басым белгілер: 1) Сөздің морфемалық 
құрылымының  айқындылығы;  2)  Түбір  морфеманың  өзіндік 
тұрақты фонетикалық қалпын сақтауы; 3) Атау септігіндегі сөз 
негізі  (түбір)  бүкіл  септеу  парадигмасының  орталығы  (негізі) 
болып  келуі;  4)  Сөзжасам  және  сөз  түрлендіру  құбылыстары 
негізінен агглютинативті аффиксация есебінен жүзеге асуы (бұл 
жағдайда  аффикстер  тіпті  өзгермейді);  5)  Аффикстердің  бір 
мағыналығы  және  стандарттылығы;  6)Аффикстердің  жалғану 
тәртібінің тұрақтылығы.  
Синтаксистік    басым  белгілер:  1)  Сөздердің  сөйлемдегі 
тұрақты  орын  тәртібі;  2)  Анықтауыш  айқындалушы  сөз 
алдында, толықтырушы сөз толықтауыш алдында, баяндауыш 
сөйлем соңында орналасады.
Әрбір  деңгейдегі  детерминант  типологиялық  басым-
дылықтың  негізгісі  болып  табылады.  Ол  басқа  белгілердің 
көрінуіне негіз болады, тіпті тілдің типінің анықталуына әсер 
етеді. 
Әрбір  деңгейдегі  детерминант  типологиялық  басымды-
лықтың негізгісі болып табылады. Ол басқа белгілердің көріну-
іне негіз болады, тіпті тілдің типінің анықталуына әсер етеді. 
Орталық Азия университетінің хабаршысы
2013 / №3 (33).93-98 бб.
Әдебиет
1. Кацнельсон  С.Д.  Лингвистическая  типология  -  Вопросы 
языкознания, 1983, №3.с.9-20; №4. С.19-34.


93
Лингвистиканың өзекті мәселелері
2. Макаев  Э.А.  Общая  теория  сравнительного  языкознания.  – 
М.:Наука 1977.-205с.
3. Ярцева  В.Н.  Принципы  типологического  исследования 
родственных  и  неродственных  языков.  В  кн.  Проблемы  языкознания
Доклады и сообщения  ученых Х международном конгресе лингвистов. 
М,: Наука, С.203-207. 
4. Солнцев В.М. Язык как системно-структурное образование. –М.: 
Наука, 1977. -341с.
5. Буранов  Дж.  Типологические  категории  и  сравнительное 
изучение языков. –Дисс... д-ра филол наук.- Ташкент, 1978. –543с.
6. Городецский  Б.Ю.  Основы  концептуального  аппарата 
лингвистической типологии. – В кн.: Тезисы дискуссии «Типология как 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет