Есеналиева жанар е с е н



Pdf көрінісі
бет36/97
Дата17.05.2022
өлшемі10,61 Mb.
#34721
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   97
лингвистикалық универсалийлер деп атауға болады.
Лингвистикалық  универсалийлер  дегеніміз  -  тілдердің 
негізгі  сипатын  ашып  бере  алатын  көптеген  тілдерге  тән 
қасиеттер мен белгілер, әлемдегі әр- түрлі тілдердің барлығына 
ортақ тілдік ерекшеліктер. 
Универсалийлердің  негізгі  типтері  -  фонологиялық, 
грамматикалық, семантикалық және символикалық типтер.
Фонологиялық  универсалийлер:  Әлемдегі  тілдердің 
бәрінде де дыбыстар дауысты және дауыссыз болып бөлінеді. 
Барлық  тілдерде  дауыссыз  дыбыстар  жасалуына  байланысты 
сараланады т.б.
Грамматикалық  универсалийлер:  Тілдердің  барлығында 
сөз таптары бар. Жіктеу есімдігі үш жақта айтылады т.б.
Семантикалық 
универсалийлер: 
Семантикалық 
универсалийлер  ұғым  дамуының  заңдылықтарын    белгілейді. 
Мысалы,  барлық  тілдерде  соматикалық  ұғымдар  жансыз 
заттармен тіркесіп, басқа ұғым береді:  иненің көзі, (ушко иглы), 
шәйнектің  аузы  (носик  чайника)  т.б.  Тілдердегі  метафоралар 
дыбыстармен тікелей байланысты.
Отандық  тіл  білімінде  Н.И.Букетова  тілдердегі 
морфологиялық 
универсалий 
ретінде 
реликт-түбір 
морфемаларды  қарастырды.  Ғалым  тілдердің  барлығына  тән 
реликт түбір морфемалар – типтік құбылыс деп тұжырымдайды 
[7,48].


Лингвистиканың өзекті мәселелері
118
Тіл білімі тұрғысынан алғанда жалпы адамзаттың ойлау 
жүйесі  бірдей.  Сондықтан  олардың  жаратылыстық  және 
қоғамдық құбылыстар жөніндегі танымдары да бірдей. Оларды 
тек  ой  формасы  болып  табылатын  тіл  ғана  бір-бірінен 
өзгешелендіріп  тұрады.  Бір  сөзбен  айтқанда,  тіл  біртүрлі 
мазмұнды  түрліше  формада  бейнелейді.  Басқаша  айтқанда, 
әлемдегі  барлық  тілдер  ортақ  мазмұнды  түрліше  формада 
сипаттайды.  Әйтсе  де,  ол  тілдердің  арасынан  құрылымы 
жағынан,  фонологиялық,  грамматикалық,  семантикалық 
универсалийлерді табуға болады. 
Универсалийлер синхронды (мысалы, кейбір сәйкестіктер 
тіл  дамуының  белгілі  бір  кезеңінде  ғана  болады)  және  
диахронды    (тіл  дамуындағы  заңдылықтарды  білдіретін 
сәйкестіктер)  болып  бөлінеді.  Олар  бір-бірімен  тығыз 
байланысты.  Себебі  қандай  да  болмасын  диахрондық 
процестердің жиынтығы тілдің синхронды жағдайын көрсетеді. 
Өйткені  тілдің  синхрондық  жағдайынан  тыс  ешқандай 
диахрондық процестердің де болуы  мүмкін емес.
Универсалийлер  абсолюттік,  статистикалық,  дедуктивті 
және индуктивті болып жіктеледі.
Абсолюттік    немесе  толық  сәйкестіктікте  ешқандай 
ауытқушылық болмайды (мысалы, табу тілдердің барлығында 
кездеседі. Әлем тілдерінің барлығында дыбыстар дауысты және 
дауыссыз болып бөлінеді  т.б.).
Статистикалық  немесе  толық  емес  универсалийлер  көп 
кездеспейді. Аталмыш сәйкестіктер тіл жүйесінің басқа жүйеге 
өтпелі кезеңінде пайда болуы мүмкін. Мәселен, әлем тілдерінің 
барлығында  (арант  және  абазин  тілдерін  қоспағанда)    кем 
дегенде екі дауысты дыбыс бар.
Типологиядағы  универсалийлер  немесе  сәйкестіктер 
дедуктивті  (тілдерді  зерттемей)  және    индуктивті    (бірнеше 
тілдерді  қатар  салғастырып)  әдіспен  анықталуы  да  ықтимал. 
Бірінші жағдайда типологиялық заңдылықтар барлық тілдерге 
ортақ  болуға  тиіс  деп  қабылданатын  теориялық  болжамға 
негізделсе,  екінші  жағдайда  нақты  анықталған  универсалды 


119
Лингвистиканың өзекті мәселелері
сипаттамалар  сөз  болады.  Лингвистикалық  универсалий 
мәселелерін сұрыптау кезінде бұл аталған екі тәсілдердің екеуі 
де  негізге  алынады.  Өйткені  бірнеше  тілдік  фактілер  арқылы 
жасалған  дедуктивті  пікірлер  кейін  индуктивті  жолмен 
нақтыланып, ғылыми қорытындылар жасалады. Мысалы: тілдік 
деңгейлер  бойынша  қарастырылатын  ортақ  заңдылықтар 
қатарында әр тілдің құрылымдық-жүйелік ерекшелігін саралау, 
сөздердің  сөз  таптарына  жіктелуі,  сөз  құрамының 
морфемалармен  сипатталуы,  қосымшалардың  сөз  тудырушы 
және форма түрлендіруші немесе деривациялық яки реляциялық 
қызметте  жұмсалуы  секілді  мәселелерді  барлық  тілдерге 
қатысты анықтау – заңды нәрсе. 
Өзінің  сипаты  жағынан  универсалийлер  элементарлық 
(белгілі  бір  тілдік  құбылыстың  кездесетінін  білдіретін)  және 
импликативтік болып сараланады.
Импликативтік  сәйкестіктер  екі  тілдік  құбылыстың 
арасындағы  байланысты  білдіреді.  Импликативтік  сәйкес-
тіктердің мазмұнын былайша түсіндіруге болады: «Егер тілде  
Х  құбылысы  болса,  онда  ол  тілде  У  құбылысы  да  болады». 
Алайда,  керісінше,  олай  болмауы  да  мүмкін.  Яғни  тілдегі  У 
құбылысының  болуы  ол  тілде  Х  құбылысының  барлығын 
көрсетпейді.  Мысалы,  егер  қандай  да  бір  тілде  септік 
категориясы немесе тек (род) категориясы болса, ол тілде сан-
мөлшер категориясы да болады. Немесе егер тілде сан-мөлшер 
категориясының  екілік  түрі  болса,  онда  ол  тілде  аталған 
категорияның  көптік  түрі  де  кездеседі.  Бұл  тұрғыда  тілдерде 
белгілі  бір  құбылыстардың  кездесуі  логикалық  байланыстың 
нәтижесі деп танылады. Мысалы, 1) Қарапайым (элементарлы) 
тұжырымдамаға сәйкес, «Барлық тілдерде А құбылысы бар, ол 
бәріне ортақ және оның кездесуі - заңды» деген сияқты пікір 
айтылады. Оған дәлел ретінде барлық тілдердің құрылымдық, 
жүйелік  ерекшелігі,  таңбалық  сипаты  айқындалған,  тілдік 
деңгейлері мен бірліктері сұрыпталған секілді лингвистикалық 
қағидалар  келтіріледі.  2)  Күрделі  (импликативті)  логикалық 
байланыстар «егер.., онда...» сияқты құрылымдық сәйкестіктер 


Лингвистиканың өзекті мәселелері
120
негізінде  жасалады.  Айталық,  «Егер  тілде  сөз  тудырушы 
морфемалар болса, онда сөз түрлендіруші аффикстердің болуы 
– заңды құбылыс», немесе «егер тілдерде сабақтаса байланысу 
кездессе, онда салаласа байланысқан құрылымның орын алуы 
да заңды» және т.б.
Лингвистикалық  сараптама  мен  статистика  жүргізудің 
қиындығына көз жеткізу қиынға соқпайды. Дегенмен, іс жүзінде 
30-ға  жуық  тілдер  мен  барлық  тілдік  семьяларды  (Гринберг, 
1970) зерттеген не болмаса 400 тілдік материалды (Соколовская, 
1980)  қамтыған  фактілерді,    700  тілдің  дыбыстық  жүйесін 
талдауға арналған лингвистикалық еңбектерді алып қарайтын 
болсақ, универсалийлердің бұдан басқа  сандық және сандық 
емес  түрлері  де  кездесетініне  көз  жеткіземіз.  Сандық 
универсалийлер  тілдегі  кейбір  заңдылықтардың  сандық 
көрсеткішін 
анықтайды 
(мәселен, 
барлық 
тілдерде 
фонемалардың саны 85-тен аспайды).
Тілдік  универсалийлерді  анықтау  тек  лингвистика  үшін 
ғана емес, психолингвистика мен психология үшін де маңызды. 
Оның  адам  мінез-құлқының  тілдік    аспектілерінің 
заңдылықтарын  айқындауда,  оларды  зерттейтін  ғылым 
саласының дамуына да тигізетін әсері мол.
К.Аханов  «әртүрлі  тілдерді  зерттеу  барысында  олардың 
өзара  ортақ  белгілері  лексика  саласынан  ғана  емес,  сонымен 
бірге, грамматика саласынан да табылып, айқындала береді...»,-
дей  келе,  тілде  тілдік  ұқсастықтардың  «тегіннен-тегін» 
болмайтынын ескертеді [7,137].  
Құрылымы  әртүрлі  тілдерді  салғастыру  тілдердің 
типологиялық  классификациясын  құруға  негіз  бола  отырып, 
тілдер  арасындағы  сәйкестіктер  мен  ерекшеліктерді  дәл 
көрсетуге  мүмкіндік  береді  [9,122].  Әртүрлі  тілдерді 
құрылымдық  талдау,  сондай-ақ,  тілдік  универсалийлерді 
айқындауға көмектеседі. Жеке тілдік фактілерден жалпы тілдік 
фактілерге  қарай  талдауда  тілдік  универсалийлер  тілдің 
құрылымын  коммуникативтік  жүйе  ретінде  қарастырады. 
Құрылымдық  типология  –  қазіргі  лингвистикада  маңызды 


121
Лингвистиканың өзекті мәселелері
мақсат-міндеттерді  шешетін  тіл  білімінің  негізгі  саласы.  Осы 
ретте мынадай басты үш ұғымның арақатынасын анықтап алған 
дұрыс:
• тілдік универсалийлер мен оларды дамытушы факторлар 
(яғни тілдік ұқсастықтардың таралу сипаты мен өзгешеліктері);
• танымдық универсалийлер мен оларды қалыптастырушы 
факторлардың  сабақтастығы  (танымның  жалпыадамзаттық 
белгілері); 
• тілтанымдық  универсалийлердің  актуалдану  себептері 
(тіл мен таным қарым-қатынасының универсалды табиғаты).
• Лингвистикалық  универсалийлер  нақты  тілдердің 
әртүрлі қабаттарынан, деңгейлерінен, тілдік жеке элементтерден 
бастап,  тілдің  бүтіндей  жүйесіне  негізделгенде  ғана  толық 
анықталады.
Құрылымы  әртүрлі  тілдерді  салғастыру  тілдердің 
типологиялық  классификациясын  құруға  негіз  бола  отырып, 
тілдер  арасындағы  сәйкестіктер  мен  ерекшеліктерді  дәл 
көрсетуге  мүмкіндік  береді.  Әртүрлі  тілдерді  құрылымдық 
талдау тілдік универсалийлерді айқындауға көмектеседі. Жеке 
тілдік  фактілерден  жалпы  тілдік  фактілерге  қарай  талдауда 
тілдік  универсалийлер  тілдің  құрылымын  коммуникативтік 
жүйе  ретінде  қарастырады.  Сондықтан  да,  құрылымдық 
типология – қазіргі лингвистикада маңызды мақсат, міндеттер 
шешілетін тіл білімінің негізгі саласы. 
Лингвистикалық универсалийлер  типологиялық зерттеу  
нақты  тілдердің  әртүрлі  қабаттарынан,  деңгейлерінен,  тілдің 
жеке  элементтерінен  бастап,  тілдің  бүтіндей  жүйесіне 
негізделгенде ғана толық анықталады.
Салыстырмалы-тарихи  тіл  білімі,  типология  және 
салғастырмалы  лингвистика  бір-бірінен  тек  мақсат-
міндеттерімен  емес,  сонымен  қатар,  тілдерді  зертеуде  әдіс-
тәсілдерімен де ерекшеленеді. 
Салғастырмалы типологияда зерттеу салғастырмалы және 
типологиялық  сипат  алады.  Салғастырмалы  сипат  нақты 
тілдерді  салғастырудағы  (әдетте  екі  тіл  салғастырылады) 


Лингвистиканың өзекті мәселелері
122
шыққан  нәтижеге байланысты. Типологиялық сипат ол тілдер 
арасындағы анықталған ерекшеліктерге байланысты болады.
Құрылымы  әртүрлі  тілдерді  салғастыру  барысында 
анықталған универсалийлер де тілдің типін анықтауға септігін 
тигізеді. 
Егер  әртүрлі  семья  құрамына  енетін  салғастырылатын 
тілдердің  саны  көп  болса  немесе  зерттеу  барысында 
салғастыруға  тартылатын  тілдердің  саны  артса,  ол  зерттеудің 
типологиялық сипаты арта түседі. Мәселен, Г.М. Хашимовтың 
«Типология сложного предложения в разносистемных языках» 
(Ташкент,  2002)  зерттеуінде  барлығы  90  тілдей  қамтылған. 
Мұндай  зерттеуді  «таза»  типологиялық  зерттеу  деп  те  атауға 
болады. 
Салыстырмалы  тіл  білімі  тілдерді  салыстыру  арқылы 
тілдерді зерттейді. Салыстырмалы тіл білімінде қолданылатын 
«салыстыру» 
термині 
салғастырмалы 
лингвистикада 
қолданылатын  «салғастыру»  терминмен  синонимдес  болып 
келеді.
«Универсалий»,  «басымдылық»,  «фреквенталий»  және 
«уникалий» деген терминдерді  белгілі бір тілдік семьяға енетін 
тілді,  топты  салыстырғанда  да,  барлық  әлем  тілдерін 
салыстырғанда  да  қолдануға  болады  [10,65].  Біріншіден,  бұл 
терминдер мына  жағдайларда қолданылады: 
1.әлемнің барлық тілдерінде (универсалийлер),
2.әлем тілдерінің көбінде (басымдылық),
3.әлемнің санаулы тілдерінде (фреквенталий),
4.әлем тілдерінң бірінде ғана (уникалий).
Екіншіден,  бұл  терминдер  мына  мәселеге  қатысты 
қолданылады:
1.бір  семьяға,  топқа,  типке  енетін  барлық  тілдерде 
(универ салийлер),
2.  бір  семьяға,  топқа,  типке  енетін  тілдердің  көбінде 
(басымдылық),
3.  бір  семьяға,  топқа,  типке  енетін  санаулысында 
(фреквенталий),


123
Лингвистиканың өзекті мәселелері
4.  бір  семьяға,  топқа,  типке  енетін  тілдің  бірінде  ғана 
(уникалий).
Типологиялық  зерттеулерге  осындай  бір  семьяға,  топқа, 
типке  енетін    тілдерге  тән  тілдің  типін,  формалар  типін, 
қатынастар  типін,  универсалий,  басымдылық,  фреквенталий 
және уникалийлерді анықтап, айқындау жатады.
Халықаралық ғылыми конференция
 2013, 14 қараша 315-321бб.
Әдебиет
1. Языковые универсалии и лингвистическая типология. -М.- 1969.-
342с.
2. P.Jakobson.Typoloqicai  studies  and  fheir  contribution  to  historical 
comparative  linquisties-  «Repors  for  the  Eiqht  international  conqress  of 
linquists» suppl. Oslo,1957.
3. Курилович Е. Понятие изоморфизма //очерки по лингвистике /
перевод с польского.-М.,1962.-687с.
4. Қалиұлы Б. Жалпы тіл білімі. -Алматы, 2004. -120 б.
5. Ярцева В.Н. Современная типология и ее связи с контрастивной 
лингвистикой. //Филологические науки, 1978. -№5с. - С.14-19.
6. Букетова  Н.И.  Реликтовая  корневая  морфема  как  языковая 
универсалия. Автореферат дис. канд. филол. наук. –Алматы: 1994. -48с.
7. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. – Алматы: Санат, 
1972. -216 б.
8. Макаев  Э.М.  К  вопросу  об  изоморфизме  //Вопросы 
языкознания.-1961.-№5.
9. Климов  Г.А.  Вопросы  контенсивно-типологического  описания 
языков.  –  В  кн.:  Принципы  описания  языков  мира.  –  М.:  Наука,  1978, 
С.122-146.
10.  Юсупов  У.К.  Теоретические  основы  сопоставительной 
лингвистики.  Сопоставительная  лингвистика  как  самостоятельная 
дисциплина  //Методы  сопоставительного  узучения  языков.  -Москва: 
Наука,1988. -93с.


Лингвистиканың өзекті мәселелері
124


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет