2. Осы қоздырғыштың патогендік факторларын атаңыз. Бұл микроорганизм қандай ауруларды тудыруы мүмкін?
Патогенділік факторлары. Стафилококтардың патогенділік факторларының негізгі топтары: адгезиндер, микрокапсула, А нәруызы, микробаралық өзара әрекеттесу медиаторлары, секретпен бөлінетін заттектер. Адгезиндер стафилококтардың әр түрлі жасушаларға және организмнің заттектеріне жабысу қабілеттілігін қамтамасыз етеді. Тей- хой қышқылдары эпителиялық жасушаларға адгезиялануына жауапты.S. aureus-те нәруыз - адгезиндер табылған, олар әр түрлі протеиндермен өзара әрекеттеседі: лектиндермен, фибрионектинмен, муцинмен және т.б. S. epidermidis-тен стафилококтың протездерге, ортопедиялық өзекшелерге және трансплантанттарға жабысуын камтамасыз ететін спецификалық полисахарид бөлініп алынған, ол инфекция дамуына жағдай жасайды. Полисахаридтік табиғаты бар микрокапсула, фагоцитозды басып тастайды және адгезияны күшейтеді.А нәруызы (протеин А) - стафилококтық жасуша кабатының компоненті - антиденелердің Fc - фрагментімен байланысып, олардың опсондық белсенділігін тежейді.Микробаралық өзара әрекеттесу медиаторлар - патогенді стафилококпен тиісті биотоптарды колониза- циялайтын факторлар: бактериоциндер (стафилококциндер) калыпты жағдайда биотиптерді мекендейтін патогенді емес стафилококтардың өсіп-өнуін тежейді; бактериолизиндер (лизостафин, лизоцим және т.б.) грам-оң бактериялардың жасуша қабатының пептидидогликанын бұзады; феромондар - популяцияның тығыздығын реттейтін сигналдық нәруыздық молекулалар (кворум-сенсинг), олар адгезиндердің калыптасуын, функциясын және басқа қасиеттерін реттеуге қатысады; В-лактомаза стафилококты антибиотиктерден қорғайды. Стафилококтар қоршаған тіндерге әр түрлі патогенділік факторлар тобын секрециялайды: жасушадан тысқа бөлінетін полисахаридтер иесінің қорғаныс механизмдерінің инактиваторлары, экзотоксиндер, патогенділік ферменттер. Жасушадан тыс полисахаридтер қатты беткейлерде шырышты қабат түзеді (биоүлбір), ол медициналық қондырғыларда, адамның биотоптарында стафилококтардың колонизациялануына әсер етеді, фагоцитоздан қорғайды, иесінің қорғанысын инактивациялайтын ста- филококтармен секрецияланатын факторлардың үлкен тобы табылған. Осы факторлардың көмегімен стафилококтар организмнің жасушалары мен тіндерінде ұзақ уақыт тіршілігін сақтауға (персистенциялануға) қабілетті.
Антилизоцимдік белсенділік (АЛБ) - жасушалар және тіндердегі лизоцимді инактивациялау қабілеттілігі. Антиинтерферондық белсенділік (АИБ) - интерферонның антибактериялық әсерін басып тастау қабілеттілігі. Антикомплементарлық белсенділік (АКБ) комплемент жүйесін спецификалық инактивациялау. Антикарнозиндік белсенділік (АКрБ) регенарациялық және иммундық реакцияларды реттеуші - карнозинді инактивациялауқабілеттілігі. Антилактоферриндік белсенділік (АЛФБ) - организмде темір метоболизмін реттейтін лактоферринді инактивация- лау. Антигемоглобиндік белсенділік (АНВБ) гемоглобиннің оттегін байланыстырушы қызметін инактивациялау.Стафилококтардың патогенділік факторларының арасында экзо- токсиндер ерекше орын алады. Гемолизиндер а, в, б ү жасуша мембра- наларын зақымдайды (мембранотоксиндер). Олар эритроциттердін, лейкоциттердің және басқа жасушалардың цитоплазматикалық мем- браналарында арналар (қуыстар) түзіп осмостық қысымын бұзады да оларды лизистейді. Лейкоцидин лейкоциттерге таңдамалы әсер етіп, оларды бұзады. Энтеротоксиндер (A-F) гистотоксиндерге жатады, тағамдық интоксикацияны қоздырады. Энтеротоксиндер жоғарғы термотұрақтылығын (қайнатқанғанға шыдайды) және протеолиттік ферменттердіңәсеріне төзімділігімен сипатталады. Энтеротоксиндер су- перантигендер болып табылады - сонымен цитокиндердің гиперсекре- циясын және екіншілік интоксикацияға тудыратын Т-лимфоциттердің поликлоналдық стимуляциялануын қоздырады. Токсикалық шок синдромын қоздыратын экзотоксин (ТШС) суперантиген болып табылады, ол токсиннің уыттық механизмін анықтайды. Оның өндірілуі профаг болуына байланысты (лизогендік конверсия). Эксфолиативті токсин (А және В) эпидермистің жасуша аралық жанасуын бұзады, ол эпидермистің беткейлік құрылымдарының түсіп қалуына әкеледі (экс- фолиация) және ойық жаралы күлдіреуік пайда болады - «күйіктік тері» синдромы. Ол нәрестелерде және сәбилерде жиірек кездеседі.Стафилококтар қорғаныстық және агрессиялық экзоферменттердің үлкен арсеналына ие. Плазмокоагулаза қан плазмасының ұюын қоздырады, Пайда болған фибрин қойыртпағы, бактериялық жасушаны қоршап алып (жалған капсула) оны фагоцитоздан және сарысудың бактерицидтік әсерінен қорғайды. Каталаза стафилококты фагоцитоздың оттекке тәуелді бактерицидтік механизмдерінің әсерінен қорғайды. Лецитовителлаза (липаза) жасуша қабаттарын, шаш фол- ликулалары куысындағы майлы тығындарды бұзады, фагоциттерді басып тастайды. Гиалуронидаза гиалурон қышқылын (дәнекер тіндер «цементі») бұзады, қоздырғыштың тереңдеп таралуына әсер етеді, закымдау аймағын кеңейтеді (өткірлілік факторы), Фибриоли- зин (стафилокиназа) фибриндік ұйынды канды бұзып, нәтижесінде инфекцияланған микротромб пайда болады да инфекциянын гене- ризациялануына әсер етеді. ДНК-аза ДНК-н ыдыратады, коршаған ортаның тұтқырлығын төмендетеді, ірінді жібітеді. Мурамидаза (лизоцим) бактериялардың жасуша кабатын (пептидогликан) срітеді, микро- биоценозда стафилококтардың антонизмдік факторларынын бірі болып табылады; фагоцитозды тежейді. Нейраминидаза шырыштардағы, жасуша қабаттарындағы сиал қышқылын ыдыратады (нейромин қышқылы және т.б.), жасушаға енуге және жасуща аралық кеністікке таралуына әсер етеді.S. saprophyticus-тың уреаза ферменті бар және несепнәрдің (моче- винаның) әсерінен капсула түзуге кабілетті. Ол несеп жолдары инфекциясының (цистит, пиелонефрит) негізгі коздырғыштарының бірі болып табылады.
Тудырады: Сепсис, септикопемия, токсинемия
Достарыңызбен бөлісу: |