Есеп №1 Зерттеу үшін баклабораторияға крупозды пневмонияға күдікті науқастың қақырығы түсті. Қақырықтан жағынды жасап микроскопиялық зерттеу жүргізілді және капсуласы бар ланцет тәрізді грам-оң диплококктар табылды



бет55/55
Дата18.04.2022
өлшемі107,16 Kb.
#31312
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55
Қосымша:

Гонококтар барынша бапшыл, күй талғағыш бактериялар қатарына жатады. Табиғи нәруыз

сарысу қосылған, құрамында 3-10% CO, бар ылғалды қоректік ортада оптималды өсінді береді. Тығыз-ортада майда түссіз колониялар түзеді.Стереоскопиялық микроскопта бір қырынан жарық берген кезде колониялардың морфологиясы бойынша гонококтардың I, II, III,

IV типтерін ажыратады. I типті гонокок жіті созда (гонорея) ашық-сарғыш түсті колонияны түзеді. II типті гонококтар аурудың симптомсыз ағымы кезінде бөлінеді. Көк-жасыл түсті колониялар түзеді. I және II типті гонокотарда ғана түктер (пилилер) табылған. III және IV типті

гонококтар — мұражайлық штамдар, түстері айқын емес көмескі колониялар құрайды.Антигендік құрылымы күрделі. Түктерінің,пориндік нәруызының, сыртқы мембрана нәруыздарының, липооли-госахаридінің антигендік спецификалығы бар.Гонококтың липоолигосахаридінің құрылымы адамның цитоплазмалық мембранасына ұқсас, сондықтан микробтың беткейлерінде адам жасушасының құрылымына сәйкес келетін құрылым болғандықтан микроб мимикриленеді де, оны иммундық танып алудан құтқарады. Гонококтар сыртқы ортада өте тұрақсыз, яғни төзімді, антисептиктерге және дезинфектанттарға сезімтал. Несеп-жыныс жолдарының шырышты қабатының эпителий жасушалары, гонококтар паразиттік тіршілік ететін қолайлы биотоп болып табылады.Берілу жолдары - жыныстық, тұрмыстық-жанасу арқылы атқарылады.Жедел соз кезінде уретраның, жатыр мойнының шырышты қабатының іріңді қабынуы дамиды. Ішкі жыныс ағзаларының қабынуы түрінде асқынулар болуы мүмкін: эндометрит, аднексит, простатит және т.б.Иммунитеті тұрақты қалыптаспайды, көбіне реинфекция көрініс береді.Гонококтардың В-лактамазобелсенді штам-

дарына қарсы цефалоспориндерді, макролидтерді және басқаларды қолданады.Созылмалы созды емдеу кезінде өлі вакцина пайдаланылады. Соз ауруының арнайы, ерекше алдын алуы (профилактикасы) жоқ. Эпидемияға қарсы шаралар жүргізіледі.




Н ПРО БҚМУ 703-07-2020. Бақылау- өлшегіш құралдары (ағымдық және межелік бақылау арналған). Бесінші басылым.

Ф ПРО ЗКМУ 703-07-2020. Контрольно-измерительные средства (для текущего и рубежного контроля). Издание пятое.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет