Есеп №1 Зерттеу үшін баклабораторияға крупозды пневмонияға күдікті науқастың қақырығы түсті. Қақырықтан жағынды жасап микроскопиялық зерттеу жүргізілді және капсуласы бар ланцет тәрізді грам-оң диплококктар табылды


Қорытынды диагноз қою үшін зертханалық диагностиканың қандай әдістерін қолдану керек?



бет45/55
Дата18.04.2022
өлшемі107,16 Kb.
#31312
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   55
Қорытынды диагноз қою үшін зертханалық диагностиканың қандай әдістерін қолдану керек?

Ауру кезеңдеріне байланысты бактериоскопиялық және серологиялық әдістерді және ПТР пайдаланылады. Бактероскопиялық әдісті біріншілік мерезде және екіншілік мерезде бөртпелер шығу кезеңінде пайдаланылады. Қатты шанкр бөліндісі, лимфа түйіндердің пунктаттары, терiлiк бөртпелер сүртінділері зерттеу материалдары болып табылады.Серологиялық зерттеуге серологиялық реакциялар кешені кіреді, олардың арасында тұрғындарды мерезге тексеру үшін қолданылатын бейспецификалық іріктеу тесттері және диагнозын дәлелдейтін диагностикалық тесттер бар.Іріктеуші тесттер үшін кардиолипидті антигенді, ал диагностикалык тесттер үшін трепонемалық спецификалық антигенді қолданылады. Іріктеуші тесттерге микропреципитациялық реакция немесе оның аналогтары жатады: VDRL (ағыл. veneral disease research laboratory).RPR (ағыл. rapid plasma reagiri) фолкуляциялық тесттер және ЖГАР кардиолипинді антигенмен. Бұл реакциялар аурудың алғашқы кезеңдерінде оң нәтижелі болады. Бұрын кардиолипинді және трепонемалды антигендермен КБР (Вассерман ракциясы) қойылатын.Сондықтан осы вариантта (бұл кезде аурудың қан сарысуын сұйылтады)кардиолипинді антигенмен қойылатын іріктеуші тесттер антиденелер титрын анықтауға мүмкіндік беретіндіктен, емдеу тиімділігін бақылау үшін пайдаланылады. Организмнің тіндері зардаптанатын (безгек, онкологиялық аурулар, коллагеноздар т.б.) адамдарда жасалған сынаманың оң нәтижелі болуы олардың кемшілігі болып табылады.

Антиген ретінде қоянның аталық безінде өсірілген трепонемалардың ультрадыбыстық экстрактын пайдаланатын реакциялар мерез диагнозын қоюда сезімталдығы және спецификалығы жоғары тесттер болып табылады. Оларға ИФТ, ЖГАР, ИФР (жанама әдісі), иммундыблотинг жатады. Олар диагностикалық дәлелдеуші тесттер болып табылады.

Спецификалық антиденелердің организмде ұзақ уақыт сақталуына байланысты бұл рекцияларды емдеу тиімділігін бағалау үшін пайдалануға болмайды. Олар фрамбезиямен және беджельмен ауырғандарда да оң нәтижелі болады.Молекулалық-биологиялық әдістерден көбінесе, ДНҚ детециклдауғанегізделген ПТР пайдаланады. Бұл кезде молекулалық массасы

47 кД беткейлік антигеннің учаскесін ампилификациялайды және де Т. pallidum/pallidum-ның 16S РНҚ-ын анықтайды. Бұл әдістің талдау сезімталдығы 1 мл-дегі ДНҚ-ның 400 көшірмесін құрайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет