Бұл қоздырғыш-менингокок
Тұқымдас: Neisseriaceae
Туыс:Neisseria
Түр:Neisseria meningitidis,N. sicca, N. flavescens, N. muсоѕа,N. gonorrhoeae
Neisseria туыстастығына 10-нан астам түрлер кіреді, олардың ішінен 2 түрі (N. meningitidis және N. gonorrhoeae) адамдар үшін патогенді,қалғандары адамдар мен жануарлардың шырышты қабаттарының қалыпты микрофлорасы. Менингококтар — домалақ пішінді грам-теріс диплококтар. Қозғалмайды. Спора түзбейді. 4 типті пилилері болады. Табиғаты полисахаридті, нәзік капсула түзеді.
Зерттеу үшін қандай материалды алу керек және зертханалық диагностиканың қандай әдістерін қолдану керек?
Зерттеуге алынатын заттар: қан, ликвор, жұтқыншақтың артқы қабатынан алынатын шырышты қан, сарысу. -Бактериологиялық әдіс негізгісі болып табылады.Зерттеу заттарын таңдау инфекцияның түріне байланысты, адам организмінен тыс жағдайда менингококтар шыдамсыз болатындықтан, алынған материалды зертханаға жылы контейнерлерде 35—37 °С-та тасымалдау керек.-Серологиялық зерттеу қосымша әдіс болып табылады. Ол НФТ және коагглютинациялық реакцияның көмегімен ликворда және несепте спецификалық антигендерді анықтауға және қос сарысуларда спецификалық антиденелерді табуға бағытталған.
Достарыңызбен бөлісу: |