Есеп №1 Зерттеу үшін баклабораторияға крупозды пневмонияға күдікті науқастың қақырығы түсті. Қақырықтан жағынды жасап микроскопиялық зерттеу жүргізілді және капсуласы бар ланцет тәрізді грам-оң диплококктар табылды


Лайм-боррелиоз қоздырғышының таксономиялық жағдайын атаңыз және оның морфологиясын, культуралық, антигендік қасиеттерін және патогендік факторларын сипаттаңыз



бет42/55
Дата18.04.2022
өлшемі107,16 Kb.
#31312
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   55
Байланысты:
СС микрош рк1

Лайм-боррелиоз қоздырғышының таксономиялық жағдайын атаңыз және оның морфологиясын, культуралық, антигендік қасиеттерін және патогендік факторларын сипаттаңыз.

Тұқымдас:Spirochaetaceae

Туыс:Borrelia

Түр:B. burgdorferi, B.garinii и B. afzelii.

Лайм ауруының қоздырғыштары морфологиялық және тинкториалдық қасиеттері бойынша типтес боррелиялар, олар кенелерден бөлініп алынған кезде қоректік орталарда жақсы дақылданады. Науқастан алынған материалдардан (кан, ликвор) қоздырғышты сирек жағдайда бөліп алуға болады.

(Боррелиялар мөлшері шамалы сызықшалы хромосомалардан және циркулярлы плазмидалар жиынтығынан тұратын, басқа бактерияларда аналогы жоқ бірегей генетикалық аппаратқа ие. Олар мөлшері 0,3-0,6х20 мкм,3-10 ірі бұрамалары бар жіңішке спирохеталар. Қозғалтқыш аппараты 15—20 фибриллалардан тұрады. Олар анилиндік бояғыштардыжақсы қабылдайды, Романовский – Гимза бойынша көк-күлгін түске боялады. Боррелияларды құрамында сарысу, асцит, тін экстракты бар күрделі қоректік орталарда, 28–35 °С-та, 5-10% CO, бар жағдайда және

тауық эмбрионының сарыуызды қапшығында дақылдандыруға болады.Құрғатуға және қыздыруға сезімтал. 45–48 °С-та қыздырғанда 30 мин өледі. Төменгі температураға және мұздатуға төзімді.)

Антигендік құрылымы:Антигендік құрылымы күрделі. Фибриллярлы аппаратының (p41) және цитоплазматикалық цилиндрінің (p93) нәруыздық антигендері бар, оларға қарсы антиденелер инфекцияның алғашқы кезеңінде пайда болады, бірақ қорғаныштық қасиетке ие емес.Сыртқы мембранасының липидты модифицирленген интегралдық нәруыздардан тұратын антигендердің протективті белсенділігі бар. Оларды Osp (outer surface protein) A, B, C, D, E, F деп белгілейді,

детерминациялық синтезделуі бір топ плазмидалар арқылы атқарылады.OspA-антигенінің антигендік вариабелділігі бар, 7 серологиялық варианттарға бөлінеді және түр спецификалық болып табылады.Боррелиялардың тіршілік циклы кезінде антигендік құрамы өзгеріске

ұшырайды. Қоректік орталарда өсіргенде және аурудың соңғы сатысында адам организмінен табылған боррелияларда OspA антиген басым болады, ал кенелерде және аурудың алғашқы сатысында антиген OspС басымырақ болады.

Патогенділік факторлары:Сырткы мембранасының липидты модифицирленген нәруыздары иесінің жасушаларына боррелиялардың жабысуын және енуін қамтамасыз етеді. Макрофагтармен өзара әрекеттесу нәтижесінде қабыну процесін индуцирлейтін Ил-1 бөлініп шығады.Артриттер коздыруға әкелетін иммундыпатологиялык реакциялардың даму процесінде OspA қатысады. Ол жылулық шок протеині және нәруыз бірдей. Ол 37 °С кезінде синтезделе бастайды.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет