Тұқымдас:Bacillaceae
Туыс:Bacillus
Түр:B.anthracis(B. subtilis,B. cereus,B.licheniformis)
Морфологиясы:Күйдіргі бацилласы - өте ірі (5-10x1-2 мкм) екі шеті кесінді тәріздес грам-оң таяқшалар, таза дақылынан дайындалған жағындыда ұзынша тізбек түрінде орналасады, екі шеті шамалы қалыңдаған «бамбук шыбығы» сияқты тізбек құрайды. Талшықтары жоқ. Ортасында орналасқан тізбек құрайды. Талшықтары жоқ. Ортасында орналасқан спора және капсула түзеді. Клиникалық материалдардан дайындалған жағындыларда қосарланып немесе қысқа тізбек түзіл орналасады, ортақ капсуламен қоршалған. Олардың капсуласы организмнен бөлінген материалдарда немесе жануарлар нәруызы (қан, сарысу) қосылған орталарда ғана өсірілгенде пайда болады. Бактерияның өзіне қарағанда капсулалары шіріткіш микробтардың әсеріне төзімдірек болады, сондықтан шіріген мәйіттерден алынған материалдардан бос капсулаларды ғана («микробтар көлеңкесі») табуға болады. Капсулаларды табу үшін жағындыларда Леффлер метилен бояуы көмегімен бояйды (микроб денесі көк, капсуласы қызғылт түске боялады). Күйдіргі бацилласының спорасы сопақша пішінді, мөлшері 0,8—1,0х1,5 мкм, ортасында (центрально) немесе шетіне жақын (субтерминальды) орналасады, жасушаның диаметрінен аспайды, жарық жылтыраушылығы күшті (фазалы-контратты микроскопта нативті түрде табуға болады).Спора түзуі ылғалдылыққа, температураға (12-42 "C), бос оттегінің болуына, ортаның рН-на байланысты болады. Микроб қоршаған ортаға
түскен кезде бациллалық түрден споралық жағдайға ауысады. Тірі организмде және ашылмаған мәйітте спора пайда болмайды, ол шіру процесі кезінде бос оттегінің сіңіріп кетуіне байланысты. Қоректік орталарда споралардың көп мөлшерде пайда болуы дақылдандыру тәулігінің соңында байқалады.
Дақылдық қасиеттері:Аэробтар. Карапайым қоректік орталарда жақсы өседі.Температурасының диапазоны 12-ден 45 °С-ке дейінгі жағдайда шикі немесе пісірілген картофелде, сабан тұнбасында, дәндердің және бұршақ тұкымдастықтарының сығындыларында өсіруге болады. Тығыз ортадағы осу оптималды температурасы 35-37 "с, сұйық ортада 32- 33 "С, оптималды pH 7,2-8,6. Сұйық орталарда мақта түйіршігі секілді түбінде тұнба түзеді, орта лайланбайды, тығыз орталарда ірі, айнала шеті тегіс емес бұдырлау айқын түсті колонияларды (R-пішінді) құрайды. Колонияларды лупамен қарағанда ортасы бұдырлау, айналасы мөлдірлеу,дәнді жиекпен қоршалған, ол микробтың жіпше шоғырларынан пайда болған. Сондыктан «арыстынның жолы» немесе «медузаның басына» ұқсайды. Жылқының ұйытылған сарысуында ілмекте созылып тұратын тегic S-пішінді колониялар - авирулентті. 0,05-0,5 ЕД/мл пенициллин осылған орталарда күйдіргі бацилласы 3-6 сағаттан кейін тізбекше орналасқан және жағындыда інжулік алка» (жемчужное ожерелье. тест) сиякты сферопласт курайды.Биохимиялык белсенділігі жеткілікті деңгейде жоғары: сахаролиттік, протеолиттік және диполиттік белсенділігі бар. Крахмалды гидролиздейді, ацетилметилкарбинол түзеді. Желатиназа бөліп шығарады,
топырақты бациллаларға қарағанда гемолитикалык, лецитиназалык және фосфотазалық белсенділігі әлсіз.
Патогенділік факторлары: Күйдіргі қоздырғышы адамдарға және көптеген жануарларға патогенді бірі және майда мүйізді малдар,жылқылар, шошқалар және жабайы жануарларға). Қабылдағыш организмдерде вирулентті штамдары айқын фагоцитарлық белсенділігі бар
капсулалық заттектерді көп мөлшерде синтездейді және нәруыздық кешен болып табылатын ісіну факторларын (аденилатциклазалық әсер етеді, цАМФ коцентрациясын жоғарылатады және ісінуді қоздырады),протективті және металдік компоненттерден (цитотоксикалық әсер
етеді және ісіну қоздырады) тұратын күрделі экзотоксин синтездейді.Бұл компоненттердің әрқайсысы өз алдына токсикалық әсер ете алмайды. Бұл факторлар негізінде қоздырғыштың вируленттілігін анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |