Әр түрлі түсімділікті зерттеу үшін 300 га жер көлемінің 10% немесе 30 га ішінара іріктеліп алынған. Осы мәліметтер бойынша жалпы жиынтық және ішінара бақылауға алынған жер көлемі бойынша орташа түсімділікті, шашырандылықты және 15ц және одан жоғары түсім беретін жер көлемінің үлесін есептеу керек.
Х= ∑хf /∑х
Х = ∑хfi /∑хi
Типтік іріктеу. Ішінара бақылаудың бұл тәсілінде жалпы жиынтық бірліктері өздеріне тән типтік белгілері бойынша жеке топтарға бөлінеді. Сосын пропорциялық үлес арқылы әр топтан кездейсоқ немесе механикалық тәсілмен зерттелуге жататын бірліктер және іріктеліп алынады.

Мысалы 4 факультетінде 10000 студент бар. Олардың ішінен 1500 студентті типтік белгілері бойынша іріктеп алуымыз қажет.
ni =n * (Ni / N)
Факультеттердің №
Студенттердің саны
Әр факультеттегі студенттердің үлесі, % есебімен Ni
Ішінара бақылау мақсаты – алынған бірлік бөлігі белгісінің орташа мәнін пайдаланып, жетерлік дәлдікпен сол топтағы барлық бірліктердің көрсеткіштернің шамасы туралы қорытынды беру.
Ішінара бақылаудың негізгі мінездемелеріне жатады: іріктеме көлемі, жалпы жиынтық көлемі, орташа ішінара, жалпы орташа, ішінара бөлік, жалпы бөлік. Статистикалық ішінара бақылау дегеніміз жалпы жиынтық бірліктерін зерттеуде кездейсоқ немесе белгілі бір тәртіппен ғылыми негізде алдын ала іріктелініп алынған кейбір бөліктері. Одан шыққан қорытынды көрсеткіштерді жалпы жиынтық көрсеткіштерге толығымен таратуға қолдануға болады.