Есеп, аудит және қаржы



бет4/6
Дата07.01.2022
өлшемі1,14 Mb.
#17407
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ішінаралық бақылау сабак 6

Жай кездейсоқ іріктеу тәсілінде бас жиынтықтың арасынан ішінара бақылауға алынатын бірліктерді кездейсоқ шама ықтималдықтар теориясы арқылы іріктеп алуды айтады. Механикалық іріктеу кезінде негізгі жиынтық бірліктерінен белгілі бір қашықтықта жатқан бөліктері өзіндік тәртіппен іріктеліп алынады.

Типтік іріктеуде негізгі жиынтық бірліктері өздеріне тән типтік (үлгілік) белгілері бойынша жеке топтарға бөлінеді, содан кейін пропорциялық үлесі арқылы әр топтан кездейсоқ немесе механикалық тәсілмен зерттеуге жататын бірліктер тандалынып алынады. Ішінара бақылауға алынған і - топтағы жиынтық бірлігінің саны (пi) былай анықталады:

пi=n( Ni /N),

мұндағы п – ішінара жиынтық бірлігінің саны; Ni – негізгі (бас) жиынтық бірлігіндегі і - ші топтағы бірлік саны;



N – негізгі жиынтық бірлігінің саны. Сериялы іріктеу – бұл тәсілде негізгі жиынтық бірліктерінен ішінараға жататындар сериялармен, топтармен іріктеп алынады.

1 - мысал . 100 топ бұйымды ішінара зерттегенде топтың орташа салмағы 63-ті, ал орташа квадраттық ауытқу – 4,5 кг-ды құрайтыны анықталды. Іріктеме қатесін 0,683 ықтималдықпен анықтаңыз.

Шешуі . Іріктеменің орташа қатесі келесі формула бойынша анықталады:

μ= (σ2/n)1/2=(4.52 / 100)1/2 = 0.45 кг

2 - мысал . Өткен мысалдың талаптарын пайдалана отырып іріктеме қате 0,3 кг-нан аспайтындай (0,683 ықтималдықпен) іріктеудің қажетті санын анықтаңыз. Шешуі . Іріктеменің қажетті саны келесі формула бойынша анықталады.

n= (σ2/μ2)=(4.52 / 0.32) = 225


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет