Есеп, аудит және қаржы



бет5/6
Дата07.01.2022
өлшемі1,14 Mb.
#17407
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ішінаралық бақылау сабак 6


Статистикалық ішінара бақылау әдісі деп жалпы жиынтық бірліктерінен зерттеуге кездейсоқ немесе белгілі бір тәртіппен ғылыми негізде алдын - ала іріктеліп алынған кейбір бөліктерін айтады. Ал одан шыққан қорытынды көрсеткіштерді жалпы жиынтық көрсеткіштеріне толығымен таратуға, қолдануға болады Егер бақылау қорытындысы барлық жиынтық бірліктеріне таратуға болмайтын болса, онда ол ішінара бақылау тәсіліне жатқызылмайды және оны жай зерттеу деп атайды.

Ішінара бақылаудың басқа зерттеулермен салыстырғанда өзіне тән ерекшеліктері бар және оған мыналар жатады:

  • ішінара бақылауды жүргізу кезінде жалпы жиынтықтың барлық бірліктері үшін іріктеуге алыну мүмкіншіліктері ортақ және олардың кез-келген жеке бөліктері кездейсоқ зерттеуге алынады;
  • ішінара бақылауды жүргізер алдындағы негізгі бір мәселе, оның көлемінің жалпы жиынтық бірліктеріндегі үлес мөлшерін анықтау болып табылады.

  • Ішінара бақылауды дұрыс ұйымдастыру үшін және алға қойылған міндеттерді толығымен орындау үшін мына принциптер мен сатылық жұмыстарға аса көңіл бөлінуі тиіс:

    1.бақылаудың не үшін жүргізілетіні туралы, оның маңызы мен мақсатын анықтау;

    2.Бақылаудың бағдарламасын жасау және жиналған мәліметтерді өңдеу;

    3.бақылауды жүргізердегі ұйымдастыру мәселелерін шешу;

    4.іріктеуге алынатын бірліктердің үлесі мен тәсілін анықтау;

    5.жалпы жиынтық бірліктерінен зерттеуге іріктеп алу;

    6.бақылау көрсеткіштерін есептеу және мәліметтерге қорытынды жасау;

    7.іріктеуде жіберілетін қатені есептеу;

    8.Бақылаудан кейін қорытынды жасау


Іріктеу тәсілдері

Қайта

Қайталанбайтын

Орташа қате µ:

Орташа шама үшін



µх = √ G2/ n

µх = √ G2/ n *(1-n/N)

Белгінің үлесі үшін

µW = √ W (1- W) / n

µW = √ W (1- W) / n * (1-n/N)

Шекті қате

Орташа шама үшін



∆х = t √ G2/ n

∆х = t √ G2/ n*(1-n/N)

Белгінің үлесі үшін

∆W = t √ W (1- W) / n

∆W = t √ W (1- W)/n* (1-n/N)

Сонымен





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет