Есеп туралы


«ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы



Pdf көрінісі
бет2/8
Дата03.03.2017
өлшемі21,17 Mb.
#5500
1   2   3   4   5   6   7   8

«ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы ауылшаруашылық техникасы мен арнайы тех-
никаның, ауыл шаруашылық мақсаттағы техника лизингін жүзеге асырады, сондай-ақ тех-
ника, жабдық және биологиялық активтердің қаржы лизингі, АШЖ мен айналым қаржы-
ларына қарыз арқылы инвестициялық жобаларды қаржыландырады.
«Аграрлық  несие  корпорациясы»  акционерлік  қоғамы  арнайы  құрылған  несие 
 ұйымдары мен басқа бірлестіктерге әрі қарай ауыл шаруашылығы секторын несиелеу үшін, 
сонымен бірге ауыл шаруашылығы секторында жұмыс жасайтын немесе ауылды елді ме-
кенде орналасқан заңды және жеке тұлғаларға қарыз береді. АНК өзінің қызметін шағын 
және орта бизнес қарыз алушыларының қызметіне негіздейді.
ХОЛДИНГ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

19
«ҚазАгроӨнім» акционерлік қоғамы мал шаруашылығы өнімі өндірісін дамыту және 
осындай өнімдерді экспорттауға ықпал ету бойынша қызметті жүзеге асырады. Негізі 
бағыттары:
• ет, сүт, ағаш және жануарлардың терісін сатып алу және өңдеу;
• асыл тұқымды малға және оны сою, асырау және көбейтуге қаржылық лизингті ұсыну;
•  малдан жасалған өңделген өнімдерді ішкі нарыққа, сондай-ақ экспортқа жеткізу.
«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы микрокредит-
теудің нәтижелі жүйесін дамыту арқылы ауыл халқының әл-ауқаты мен ауыл кәсіпкерлігін 
дамытуға бағытталған қызметті жүзеге асырады. АШҚҚҚ ауыл халқын, ауыл шаруашылығы 
тауар өндірушілерін және шағын бизнес кәсіпорындарын шағын несиелеу бойынша қыз-
меттерді ұсынады, сондай-ақ микронесиелік ұйымдарды құруға белсенді қатысады.
«ҚазАгроКепіл» акционерлік қоғамы сақталатын астыққа арналған ішкі сақтау міндет-
темелерін орындаумен байланысты астық иелеріне кепілдік береді. ҚАК сонымен бірге 
мақта-өңдеу кәсіпорындары міндеттемелерін орындауға кепілдік береді.
«Қазагромаркетинг» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының ауыл шару-
ашылығына ақпараттық және маркетингтік қолдау көрсетеді. Оның негізгі қызметі:
• агробизнесті қолдау бойынша ақпарат және консультация ұсынады;
• аналитикалық және маркетингтік зерттеулерді, сондай-ақ ауыл-шаруашылығы және азық-
түлік нарықтарында бағалар мониторингін жүргізу; 
• көрмелерді, бизнес-форумдарды және конференцияларды өткізу;
• агробизнестің ақпараттық жүйесін қолдау;
•  АӨК субъектілерін мемлекеттік қолдау бойынша қызметтің қолжетімділігін арттыру.
ІСКЕРЛІК БЕЛСЕНДІЛІК СТРАТЕГИЯСЫ 
«ҚазАгро» ҰБХ» АҚ өзінің қызметінде 5 стратегиялық бағытта міндеттерді шешуге шоғыр-
ланған, негізгі мақсаты Қазақстанның АӨК жан-жақты дамуы мен бәсекелестігін арттыру 
болып табылады. Көрсетілген стратегиялық бағыттар мен міндеттер Республика Үкіметімен 
бекітілген «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ 2011-2020 жылдарға Даму стратегиясында бекітілген. Стра-
тегия Холдингке кезең-кезеңмен, жүйелі және нақтылы өзінің қызметін жоспарлауға, мақ-
саттарға жетуді бағалауға және негізгісі – АӨК дамытуға ықпал етеді.
Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілген «ҚазАгро» ҰБХ»АҚ 2011 - 2020 жылдарға 
арналған даму стратегиясына сәйкес қызметтің келесі стратегиялық бағыттарымен негіз-
гі міндеттері айқындалған:

20
ХОЛДИНГ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

21
1-БАҒЫТ. - Индустрияландыру және әртараптандыру арқылы АӨК еңбек өнімділігінің 
өсуін ынталандыру:
• Салалық басымдықтарға сәйкес АӨК-де Холдингтің компаниялар тобының инвести циялық 
саясатын қалыптастыру;
• АӨК субъектілерін, инвестициялық, оның ішінде инновациялық жобаларды қаржылан-
дыру үшін қаражаттар тарту;
• лизинг құралдары арқылы АӨК техникалық және технологиялық жаңартуға ықпал ету 
және АӨК кластерлік дамытуға ықпал ету. 
2-БАҒЫТ. - Елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысу:
• Астана мен Алматы қалаларының айналасындағы азық-түлік белдеуі шеңберінде АӨК 
субъектілерін ЕАҚ қаржыландыру процестерін үйлестіру; 
• маркетингтік және сауда инфрақұрылымын және логистиканы дамыту;
• ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, қайта өңдеу, сатып алу және өткізуді қаржыланды-
руды жоспарлау және мониторингі.
3-БАҒЫТ. АӨК экспорттық әлеуетін іске асыру және дамытуға ықпал ету:
• экспортқа бағдарланған жобаларды еншілес компаниялармен қаржыландырылуын 
жоспарлауы және мониторингі;
• қарқынды және шалғайдағы мал шаруашылығын, жемшөп өндірісін дамыту жөніндегі ин-
вестициялық саясатты қалыптастыру;
• еншілес акционерлік қоғамдардың астықты сақтау және экспорттау үшін инфрақұрылым-
ды кеңейту жөніндегі жұмысын үйлестіру;
• еншілес акционерлік қоғамдардың ауылшаруашылығы өнімдерінің экспортын, оның ішін-
де оның географиясын ұлғайту жөніндегі жұмысын ұйымдастыру.
4-БАҒЫТ. АӨК субъектілерін қолдау жөніндегі қызметтің қолжетімділігін арттыру:
• АӨК субъектілері қаржылай сауықтыру шараларын жүргізу үшін капиталдың ұйымдасқан 
нарықтарынан қаражат тарту;
• АӨК субъектілерін қаржылай сауықтыруды жүргізу үшін екінші деңгейлі банктерді қор-
ландыру;
• Холдингтің еншілес акционерлік қоғамдарының АӨК субъектілерін қаржылай сауықты-
ру процесін үйлестіру;
• астық және мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерін орындауға кепілдік беру жүйе-
сінің тұрақтылығын арттыру;
• агро бизнесті дамыту үшін көрсетілетін ақпараттық-маркетингтік қызметті ұсыну жүйе-
лерін жетілдіру;
• ауылдық жерлерде шағын кредит беруді дамыту;
• әрі қарай АӨК субъектілеріне кредит беру үшін еншілес акционерлік қоғамдар, екінші 
деңгейлі банктер, кредиттік серіктестіктерді, микро қаржылық ұйымдарды қорландыру;

22
5-БАҒЫТ. Корпоративтік басқару сапасын және Холдинг қызметінің ашықтығын арт-
тыру:
• меншікті капиталы мен активтерінің тиімділігін арттыру;
• қаржыландырылған жобалардың мониторингі жүйесін жетілдіру;
• несие қоржынының сапасын басқару;
• Холдинг компаниялары тобының қызметінде тәуекел-менеджменттің рөлін арттыру;
• АӨК субъектілеріне қызмет көрсету бойынша бизнес-процестерді оңтайландыру;
• Холдингтің және оның еншілес компанияларының бірыңғай брендін әзірлеу және алға 
жылжыту;
• Холдинг компаниялары тобын басқару органына қоғамдық ұйымдардың өкілдерін кіргізу;
• БАҚ-та Холдинг пен оның еншілес акционерлік қоғамдарының ақпараттық-имидждік қыз-
метін жандандыру.
ҚЫЗМЕТТІҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ
Инвестициялық көрсеткіштер
2015 жылы Холдингтің портфелінде құны 318,6 млрд теңгені құрайтын 527 жоба болды, 
оның ішінде құны 263 млрд теңгені құрайтын 457 (87%) жоба пайдалануға енгізілген. Ен-
гізілген 245 жобаның жоба қуаттылығы 70% және одан да көп.
Операциялық көрсеткіштер
ХОЛДИНГ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ 

23
Қаржы көрсеткіштері (млн теңге)
*табыстардың азаюуы курстық айырмашылық және Азық түлік корпорациясының залал-
дығына негізделген.
** курстық айырмашылықтың әсерін есепке алусыз 2015 жылы Холдингтің шоғырланды-
рылған таза пайдасы 68 832,6 млн теңгені құрады.
2011-2015 жылдары бюджеттік кредит қаржыларының түсімі бойынша ақпарат
Несиелік шарттың талаптарына сәйкес жыл сайын Холдингпен негізгі қарыз және бюд-
жеттік кредит бойынша сыйақы сомасын республикалық бюджетке толық және уақытылы 
өтеу жүргізіледі. 
ХОЛДИНГ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕНШІЛЕС КОМПАНИЯЛАРЫНЫҢ ӨНІМДЕРІ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕРІ
Жеке кәсіпкерлерден бастап ірі бизнес компанияларына дейінгі әртүрлі компаниялар Хол-
дингтің клиенттері болып табылады. Бұл компанияларда несиелік өнімдерге сұраныстары 

24
да әртүрлі. Осы фактіні есепке алумен Холдингпен олардың бағытталған бизнес мөлшерін 
және бизнестің мақсаттарын есепке алумен несиелік өнімдердің тізілімі жасалған. Жалпы 
Холдинг ірі, орта және шағын бизнес үшін 44 несиелік өнімді ұсынады.
Ірі бизнестің саласына бағытталған несиелік өнімдердің мақсаты – мынадай басым-
ды инвестициялық жобаларды іске асыру болып табылады: 
1. «Тауарлы-сүт фермаларының желісін құру және қолданыстағыларын дамыту»; 
2. «Суару жүйелерін қолданумен жеміс-көкөніс, техникалық және май дақылдарын өндіру»;
3. «Құс фабрикаларының желісін құру және қолданыстағыларын дамыту»; 
4. «Көкөніс қоймаларының желісін құру және қолданыстағыларын дамыту»; 
5. «Жылыжай шаруашылықтары желісін құру және қолданыстағыларын дамыту»; 
6. «Ауыл шаруашылық техникасын құрастыру бойынша өндірісті ұйымдастыру»; 
 7. «Инфрақұрылымы дамыған мал бордақылау алаңдарының желісін құру»;
8. «Қазақстандық астық экспортының инфрақұрылымын дамыту және оны терең қайта 
өңдеу»;
9. «Вакуумдық қаптамада блокталған етті және ірі туралған кесектерді шығаратын ет өң-
деу кешендерін ұйымдастыру»;
10. «Асыл тұқымды шаруашылық (репродукторлар) желісін құру»;
11. «Жемшөп өндірісін дамыту»;
12. «Сойыс пункттерінің желісін құру; 
13. «Биязы жүнді өндіру мен қайта өңдеуді дамыту»;
14. «Астық қоймаларын салу және модернизациялау»; 
15. «Балық фермаларының желісін құру және модернизациялау»;
16. «Шошқа өсіру фермаларының желісін құру»; 
17. «Қарқынды бақшаларды дамыту».
Орта бизнестің саласына несиелеудің келесі түрлері басымды бағыттар болып та-
былады: 
1. Ауылдық несиелік серіктестіктерді және ауылдық тұтынушы кооперативтерді несиелеу;
2. «Сыбаға» бағдарламасы шеңберінде малды сатып алуды қаржыландыру;
3. Ауылдық жерде кәсіпкерліктің ауылшаруашылық түріне жатпайтын қызметін несиелеу, 
ауыл шаруашылығы техникасын, технологиялық жабықтарды және арнайы техниканы, 
қайта өңдеу жабдығын сатып алуды қаржыландыру; ІҚМ лизингі, көктемгі егістік және жи-
нау жұмыстарын жүргізуді несиелеу;
4. АӨК субъектілерін ары қарай несиелеу үшін ЕДБ несиелеу;
5. «Бағындық жерлерді суландыру» бағдарламасы
6. Етті және етті-майлы бағыттағы ІҚМ санын өсіру бойынша «Алтын Асық» бағдарламасы;
 7. Етті және етті-сүтті бағыттағы жылқылар санын ұлғайту бойынша «Құлан» бағдарламасы.
ХОЛДИНГ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

25
Шағын бизнес және халық үшін ауыл халқын микрокредиттеудің бағдарламалары 
қарастырылған:
1. Әрі қарай ауылды микрокредиттеу үшін МКҰ несиелендіру;
2. «Кәсіпкер» бағдарламасы» - ауылдық жерде бизнестің ауыл шаруашылық/ауыл шару-
ашылық емес түрлерін несиелеу;
3. «Жылыжай» бағдарламасы – шағын жылыжайларды дамытуға микрокредиттеу;
4. «Егінжай» бағдарламасы - көктемгі егістік және жинау жұмыстарын жүргізуге АӨК субъе-
ктілерін кредиттеу;
5. «Тамшылатып суару жүйесін енгізгу»; 
6. «Сүт қабылдайтын пункттерді құру және дамыту;
 7. «Мурабаха» бағдарламасы (Исламдық даму банкі қаржыландыру);
8. «Моноқалалар» бағдарламасы; 
9. «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы.
ҚЫЗМЕТТІҢ ГЕОГРАФИЯСЫ
Холдингтің өнімдік желісіне АӨК субъектілерінің барынша қолжетімділігін қамтамасыз ету 
мақсатында кең филиалдық желі құрылған. 
2015 жылдың 31 желтоқсандағы ахуалы бойынша жалпы Холдингтің құрылымына 51 ұйым, 
54 филиал, өңірлердегі 18 өкілдік, 3 шетелдік өкілдік (2-РФ, 1- ҚХР), 7 астық базасы және 160 
ауылдық ақпараттық-кеңестік орталықтар кіреді.
Сондай-ақ елдің барлық бұрыштарында бизнестің дамуына қаржылардың қолжетімділігін 
қамтамасыз ету үшін Несиелік серіктестіктерге қаржылық қолдау жүзеге асырылады. Бү-
гінгі күні бүкіл республика бойынша 163 ауданда жалпы саны 12 мың ауыл шаруашылығы 
тауар өндірушілерімен 174 Несиелік серіктестік жұмыс жасайды. Несиелік серіктестіктердің 
дамыған желісі есебінен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің есебінен тіпті шалғай 
аудандардың өзінде өзінің бизнесін дамытуға қаржы ала алады.
Бұдан басқа, АШТӨ мен ауыл халқын қаржыландыруды қамтумен кеңейту шағын қаржылық 
ұйымдар арқылы қол жеткізіледі. Есептік күні АШҚҚҚ арқылы, ауылда, моно-және шағын 
қалаларда микронесиелеу үшін 62 ШҚҰ қорландырылған.
Бүгінгі күні бірде-бір қаржылық компанияның өзінің қызметтерімен ауылды осындай 
көлемде қамти алмайтынын атап өткен жөн.

26
ХОЛДИНГ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
«ҚАЗАГРО» ХОЛДИНГІ» АҚ БАСҚАРУДЫҢ КОРПОРАТИВТІК ҚҰРЫЛЫМЫ
2015 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша

27

28
ХОЛДИНГ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ 

ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ 
ХОЛДИНГТІҢ ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНЕ ШОЛУ
Холдингтің екінші деңгейлі банктерден маңызды ерекшелігі, Холдинг агробизнестің ерек-
шелігін және ауыл шаруашылығына тән салалық тәуекелдерді ескереді. Ауыл тұрғындары-
ның қажеттіліктері үшін: несиелік серіктестіктерді қаржыландыру, микронесиелеу, егістік 
және жинау жұмыстарын қаржыландыру, «Сыбаға», «Ырыс», «Алтын асық», «Құлан», тұты-
нушы кооперативтер арнайы бағдарламалары құрылған. Холдингтің еншілес компанияла-
рының қаржылық қызметтерінің бәсекелесті артықшылықтары болып табылады:
• несиелеудің (лизингтің) қолайлы мөлшерлемелері;
• қаржыландырудың ұзақ мерзімі;
• екінші деңгейлі банктермен жарамды кепілді қамсыздандыру ретінде қаралмайтын ауыл-
дағы мүлік пен техниканы кепілді қамсыздандыру ретінде ұсыну мүмкіндігі.
Холдинг компаниялар тобының қызметінің күшті жағы - қызметтің нақты бағыттарының 
шеңберінде АӨК қолдау тәжірибесінің болуы, сондай-ақ АӨК субъектілеріне қаржылық 
және басқа қызметтерді көрсету бойынша өңірлік желілердің және қалыптасқан ин-
фрақұрылымның болуы.
Холдинг несиелер және лизинг бойынша пайыздық мөлшерлемелерді жоғарылату есебінен 
табыстылықты ұлғайта алмайды, сондай-ақ, несие қоржынын аз тәуекелді сала сегменттері-
не шоғырландыра алмайды. Бұл Холдингтің институционалды рөлімен байланыс ты, Хол-
динг ауыл шаруашылықтың азық-түлік қауіпсіздігі мен экспорттық потенциалы көз-қара-
сы тұрғысынан басым салаларын қолдайды.
Холдингтің шоғырландырылған табысында азғантай үлесі бар, бірақ институционалды да-
муда өте маңызды рөлді атқаратын қызметтің түрлерін жеке атап өту керек. Бұл салаларға 
мыналар жатады: 
• астық және мақта қолхаттары жүйесін қолдау;
• мал шаруашылығы өнімдерін сатып алу және сату; 
• аудандарда ақпараттық-маркетингтік және консультациялық қызметтер.
Холдинг АӨК-нін негізінен басым бағыттар бойынша қаржыландырады (мал шаруашылығы, 
ет-сүт шаруашылығы, көкөніс шаруашылығы, астықты және көкөніс-жемістерді сақтау ин-
фрақұрылымын салу, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу, балық шаруашылығы және т.б.), 
бағыттар салаларды дамыту бойынша АШМ-нің шебер-жоспарларында көзделген.
Жалпы 2015 жылы АӨК қолдауға 317 млрд теңге бағытталды, оның ішінде 65 млрд теңге 
қаржылық сауықтыруға және 203,8 млрд теңге кредиттеу мен лизингке жұмсалды.
2015 жылы Холдингпен несиелеудің көлемі 12% өсті және 203,8 млрд теңгені құрады. Орта 
және шағын бизнесті несиелеуге 2015 жылы 177,7 млрд теңге бағытталды (несиелеудің 
жалпы көлемінің 87%) (2014 жылғы деңгейден 12% көп (158,5 млрд теңге)).
30

АӨК несиелеудің жалпы көлемі, оның ішінде орта және шағын бизнестің субъектілерін не-
сиелеуге, млрд теңге
2011-2015 жылдары Холдингтің несие қоржынында қысқа мерзімді кредиттердің үлесі 17,8% 
дан 0,3%-ға дейін азайды, сәйкесінше ұзақ мерзімді кредиттердің үлесі 82,2% дан 99,7%-
ға дейін өсті. ұзақ мерзімді қарыздар түріндегі кредиттердің едеуір үлесі инвестициялық 
мақсаттарға бағытталады, бұл қорларды моденизациялау мен капиталды қайта жаңғыр-
ту қажеттілігімен байланысты. АӨК секторында ұзын ақшаларға сұраныс бірінші кезекте 
өтелімді жобалардың салыстырмалы үлкен мерзімімен, Холдингтің несиелеуші ЕАҚ жеңілдік 
мерзімін, икемді пайыз мөлшерлемесін белгілеу мүмкіндігімен түсіндіріледі. Инвестиция-
лық жобалар өзінің болашағында ішкі нарықты толықтыруға және АӨК отандық өнімінің 
экспорттық әлеуетін дамытуға бағытталған. Мысалы, 2015 жылы ҚазАгро компаниялары 
тобымен қаржыландырылған кәсіпорындармен шамамен 70 млн АҚШ доллары сомасына 
өнім экспортталды, бұл ҚазАгроның қарыздары есебінен егін егу және жинау жұмыстарын 
жүзеге асырған астық және май дақылдарын өндірушілерді есепке алмағанда.
2015 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының несиелік қоржынындағы 
Холдингтің үлесі 43% (488 млрд теңге) құрады. Алайда 323 млрд теңге ЕДБ несиелік қоржы-
нында 653,6 млрд теңгенің есебінен қалыптасқанын ескере отырып, ауыл шаруашылығы-
ның несиелік қоржынындағы Холдингтің қаржыларының нақты үлесі шамамен 70% құрай-
ды.
31

ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ 
32
Ауыл шаруашылығындағы несиелік қоржын, жылдың соңында
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Статистикалық бюллетені, «ҚазАгро» 
ҰБХ» АҚ мәліметтері.
Берілген несиелер саны - 2015 жылы АӨК субъектілеріне 15,5 мың несиені құрады (2014 
жылы 19 мың кредиттер).
Холдингтің кредиттік ресурстары 29 мың адамды жұмыспен қамтуға, оның ішінде 5,9 мың 
жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді.
Холдингтің еншілес компанияларының қарыздары бойынша сыйақылардың орташа без-
бенделген мөлшері 2015 жылдың соңында 8,4%-ды құрады. Салыстырмалы түрде ЕДБ ауыл-
ды несиелеу саласындағы несиелік қоржынының орташа безбенделген мөлшері Қазақстан 
Республикасы Ұлттық банкінің статистикалық бюллетені мәліметтері бойынша 2015 жылы 
10,1%-ды (қысқа мерзімді қарыздар бойынша – 13,1%, ұзақ мерзімді қарыздар бойынша – 
9,1%) құрады.

33
Жылдар бойынша ауыл шаруашылығын несиелеу көлемі, млрд теңге
2015 жылы екінші деңгейлі банктермен ауыл шаруашылығын несиелеуге 178 млрд тең-
ге бағытталды, оның ішінде 44,4 млрд теңге Холдинг тарапынан қорландыруды құрады. 
Осылайша, Холдингпен ауыл шаруашылығына барлық кредиттердің 53% берілуі қамта-
масыз етілді.
АӨК жанама несиелеу тәсілдерінің бірі өзінің қатысушыларының несиелеуін жүзеге асы-
ратын Холдингтің еншілес компаниясы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы кре-
диттік серіктестіктерді қаржыландыру болып табылады.
2015 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстанның 13 облысында 174 несиелік 
серіктестік жұмыс жасайды. Несиелік серіктестіктің құрамына 11,9 мың қатысушы кіреді, 
бұл жұмыс жасап жатқан шаруа (фермерлік) қожалықтардың жалпы санының шамамен 
6%-ын құрайды. 2001 жылдан бастап 2015 жыл бойы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ 
кредиттік серіктестіктерге жалпы сомасы 162 млрдтеңге қарыз бөлінді, оның ішінде 2015 
жылы 20,1 млрд теңге бөлінді.
Ауыл тұрғындары үшін Холдингтің еншілес компаниясы «Ауыл шаруашылығын қаржылық 
қолдау қоры» АҚ-мен және микроқаржы ұйымдарымен берілетін микронесиелер қаржы-
ландыру көзі болып табылады. 2005 жылдан бастап 2015 жылды қоса алғанда «Ауыл ша-
руашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ-мен «Ауыл микрокредиті», «Жұмыспен қамту 
– 2020» бағдарламалары арқылы және МҚҰ қорландыру тәсілімен 99 млрдтеңгеден аса со-
маға микронесиелер берілген. 2015 жылы микронесиелеу бағдарламасы бойынша 25,6 
млрд теңгеге 8 230 шағын несие берілді ( 2014 жылы 27,7 млрд теңгеге 10 мың микроне-
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Ұлттық 
банкінің Статистикалық бюллетені, «ҚазА-
гро» ҰБХ» АҚ мәліметтері.
*Холдингпен  ЕДБ  ұсынылған  қорландыру 
қаржыларын есепке алусыз 2014-2015 жылы 
ЕДБ несиелеу бойынша деректер (2014 жылы 
- 20 млрд теңге, 2015 жылы – 44,4 млрд теңге).

сие). «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ ауыл микронесиелеу нарығын-
дағы үлесі 94% құрады.
Ұсақ ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін бірлескен өндірісті жүргізуге біріктіруге ынта-
ландыру бойынша жұмыс жалғастырылып жатыр. Жалпы 1,5 мың ауыл шаруашылығы құра-
малары мен 3 мың жеке шаруашылықтар 147 ауылдық тұтыну кооперативтеріне біріккен
олар 12 млрд теңгеден асқан сомаға жеңілдікті несие алған. 2015 жылы 804 АШТӨ қамту-
мен 3 Бірлестік 69,4 млн теңге сомаға қаржыландырылды. (10 Бірлестік (1243 АШТӨ) 263,6 
млн теңге сомаға – 2014 жылы).
АӨК субъектілерін несиелеудің жеке көрсеткіштерінің төмендеуі тікелей несиелеуден 
қаржылық институттар арқылы несиелеуге өтуімен байланысты.
Қаржыландыру көлемі мен жұмыспен қамту динамикасы
2015 жылы «ҚазАгро» холдингінің инвестициялық қоржынында жалпы құны 318,6 млрд 
теңгені құрайтын 527 инвестициялық жоба болды. Оның ішінде Ұлттық қордан қарызға 
алынған қаржының есебінен қаржыландыруға жалпы құны 200 млрд теңгені құрайтын 216 
инвестициялық жоба қаржыландыруға мақұлданған. Холдингпен қаржыландырылған ин-
вестициялық жобалар жиынтықта жыл сайын 430 млрд теңгенің өнімін шығарады және 
жылына 17 млрд теңге деңгейінде салықтардың түсуін қамтамасыз етеді.
БИЗНЕС-ПРОЦЕСТЕРДІ АВТОМАТТАНДЫРУ
Холдингте және оның ЕАҚ бизнес–процестерді автоматтандыру бойынша жұмыс үнемі 
жүргізіледі. Бүгінгі күні негізгі бизнес-процестер: бухгалтерлік және салық есебі, лизинг/
қарыз шарттарының қаржылық есебі, шарттарды қалыптастыру, кепілдік қамтамасыз ету, 
34
ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ 

35
тартылған қаржыларды есепке алу, сатып алуды басқару, бюджетті қалыптастыру, қазына-
шылық, тұрақты есептілік, ERP, CRM және басқа ақпараттық жүйелерді жасау және енгізу 
арқылы электронды құжат айналымы автоматтандырылған.
Автоматтандырумен қатар eGov.kz Электронды үкімет порталымен интеграциялау бойын-
ша жұмыс жүргізіледі.
Автоматтандыру Холдинг және оның ЕАҚ қызметінің нәтижелілігін арттырудың негізгі 
бағыттарының бірі болып табылады.
ҚАРЫЗДАРДЫ ТАРТУ ЖӘНЕ ОБЛИГАЦИЯЛАРДЫ ШЫҒАРУ 
2014 жылдың желтоқсанында Холдинг 200 млрд теңге сомасындағы көлеммен алғашқы 
облигациялық бағдарламаны шығару проспектісін тіркеуді жүзеге асырды және оның ая-
сында облигациялық бағдарламаны алғашқы шығарылу проспектісін тіркеді. Осы обли-
гацияларды тартудың мақсаты АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру шараларын өткі-
зу (қайта құрылымдау, қайта қаржыландыру және т.б.), сондай-ақ АӨК субъектілерін АӨК 
субъектілерін қолдау бойынша өзге іс-шараларды өткізу болып табылады.
2014 жылдың желтоқсанында Холдинг халықаралық банктен 100 млн АҚШ доллары 
көлемінде қарызды қайта тартуды жүзеге асырды (бұрын 2013 жылдың желтоқсанында 
Холдинг халықаралық банктен 100 млн АҚШ доллары көлемінде қарызды тартқан бола-
тын. Осы ақшалай қаржыларды тартудың мақсаты ҚР агроөнеркәсіп кешенін ынталанды-
ру және қолдау бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру, сондай-ақ АӨК субъектілерін 
қаржылай сауықтандыру болып табылады.
Алғашқы шығарылымның сомалық көлемі 30 000 000 000 (отыз миллиард) теңге, атаулы 
құны 1 000 (бір мың) теңге, атаулы купонсыз, қамтамасыз етілмеген облигациялар, обли-
гациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесі – атаулы құнынан 8,00% жылдық, сауданы ұй-
ымдастыру тізімінің санаты - ресми, «квазимемлекеттік сектор субъектілерінің борыштық 
бағалы қағаздары» санаты.
2015 жылы бірінші шығарылым облигациялары екі траншпен орналастырылды:
• 2015 жылдың 26 ақпанында мамандандырылған сауданы өткізу арқылы, орналастырылған 
облигациялардың саны - 20 057 000 дана, тартылған ақшаның сомасы - 20 133 270 085,33 
теңге.
• 2015 жылдың 22 қыркүйегінде мамандандырылған сауданы өткізу арқылы, орналасты-
рылған облигациялардың саны – 9 943 000 (тоғыз миллион тоғыз жүз қырық үш мың) дана, 
тартылған ақшаның сомасы – 10 041 390 404,11 (он миллиард қырық бір миллион үш жүз 
тоқсан мың төрт жүз төрт) теңге 11 тиын;
Сондай-ақ 2015 жылдың сәуірінде Холдинг бірінші облигациялық бағдарламаның аясында 
облигациялардың екінші шығарылу проспектісін тіркеді. Осы облигацияларды тартудың 

мақсаты АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру шараларын өткізу (қайта құрылымдау, 
қайта қаржыландыру және т.б.), сондай-ақ АӨК субъектілерін АӨК субъектілерін қолдау 
бойынша өзге іс-шараларды өткізу болып табылады.
Екінші шығарылымның жалпы көлемі 100 000 000 000 (жүз миллиард) теңге, атаулы құны 
1 000 (бір мыңа) теңге, атаулы купонсыз, қамтамасыз етілмеген облигациялар, облигация-
лар бойынша сыйақы мөлшерлемесі – 8 атаулы құнынан 8,00% жылдық, сауданы ұйымда-
стыру тізімінің санаты - ресми, «квазимемлекеттік сектор субъектілерінің борыштық баға-
лы қағаздары» санаты.
2015 жылы облигациялар 2 траншпен орналастырылды:
• бірінші сауда күні –2015 жылдың 8 шілдесі;
• екінші сауда күні – 2015 жылдың 22 қыркүйегі;
Өткізілген саудадағы орналастырылған облигациялардың саны - 74 337 634 (жетпіс төрт 
миллион үш отыз жеті мың алты жүз отыз төрт) дана, тартылған ақшаның сомасы – 
74 958 609 149,18 (жетпіс төрт миллиард тоғыз жүз елу сегіз миллион алты жүз тоғыз мың 
жүз қырық тоғыз) теңге 18 тиын.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет