Есеп туралы



Pdf көрінісі
бет6/8
Дата03.03.2017
өлшемі21,17 Mb.
#5500
1   2   3   4   5   6   7   8

КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ  
88
ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ КОМИТЕТТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ 
ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ІШКІ АУДИТ БОЙЫНША 
КОМИТЕТІ
Комитеттің мүшелері: 
Асылжан Сарыбайұлы Мамытбеков, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық ми-
нистрі; 
Марат Әпсеметұлы Құсайынов, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші ви-
це-министрі;
Ардақ Мырзабайұлы Теңгебаев, Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі;
Болат Бидахметұлы Жәмішев, «Қазақстанның Даму банкі» АҚ Басқарма төрағасы;
Серік Нарсұлтанұлы Ибраев, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігінің 
Стратегиялық даму және талдау департаментінің директоры - сарапшы.
Стратегиялық жоспарлау және ішкі аудит бойынша «ҚазАгро» ҰБХі» АҚ Директорлар 
кеңесінің комитетімен Директорлар кеңесіне келесі мәселелер бойынша ұсынымдар ұсы-
нады:
• даму жоспары мен даму стратегиясын мақұлдау;
• даму жоспары мен даму стратегиясының орындалуы туралы есептерді бекіту;
• даму жоспарын бекіту;
• Холдинг қызметінің басымды бағыттарын айқындау;
• Холдингте ішкі бақылау рәсімдерінің сақталуын қадағалау және орнату және сәйкес жылға 
Ішкі аудит қызметінің жұмыс жоспарын бекіту;
• Холдингтің өнімді бағалы қағаздары мен облигациялардың шығарылым шарттарын 
анықтау, сондай-ақ оларды шығару туралы шешімдерді қабылдау;
• Холдингке тиесілі барлық активтердің 10-нан 25-ке дейінгі пайызын құрайтын сомадағы 
активтердің бір немесе бірнеше бөлігін беру (алу) арқылы Холдингтің өзге де заңды тұлға-
ларды құруға немесе олардың қызметіне қатысуы не өзге де заңды тұлғалардың қатысушы-
лары (акционерлері) құрамынан шығуы туралы шешім қабылдауы;
• Ішкі аудит қызметінің жұмыс тәртібін, оның құзіреттілігі мен қызметін, ішкі аудит қызметі 
қызметкерлеріне еңбекақы және сыйлықақы төлеудің мөлшері мен талаптарын айқын-
дау, Ішкі аудит қызметінің қызметкерлеріне біліктілік талаптарын бекіту, оларға тәртіптік 
шараларды қолдану туралы шешімдерді қабылдау және Ішкі аудит қызметі туралы Ере-
жені бекіту;
• Республикалық бюджеттен және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан қарызға 
алынған ақшаны пайдалану тәртібін реттейтін ішкі нормативтік құжаттарды бекіту;
•  Қажет жағдайда Директорлар кеңесінің құзіретіне жатқызылған стратегиялық даму және 
ішкі аудит саласындағы басқа мәселелер.

89
2015 жылы Директорлар кеңесінің Стратегиялық даму және ішкі аудит бойынша коми-
тетімен 6 отырыс өткізілді.
Холдингтің Директорлар кеңесімен Стратегиялық даму және ішкі аудит бойынша Дирек-
торлар кеңесінің комитетінің барлық ұсынымдары мен ұсыныстары қабылданды.
 
ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР, КАДРЛАР МЕН СЫЙАҚЫЛАР 
БОЙЫНША КОМИТЕТІ
Комитеттің төрағасы: 
Руслан Исмаилұлы Шарипов, тәуелсіз директор 
Комитеттің мүшелері: 
Асылжан Сарыбайұлы Мамытбеков, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық ми-
нистрі;
Ардақ Мырзабайұлы Теңгебаев, Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі;
Жолдымурат Ермұханұлы Аманбаев, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық ми-
нистрлігінің Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаментінің директоры - сарапшы.
«ҚАЗАГРО» ҰБХ» АҚ Директорлар Кеңесінің 2014 Жылғы 26 қарашадағы №10 шешімімен ке-
лесі мәселелер бойынша Директорлар Кеңесіне ұсынымдарды әзірлеу және ұсыну мақса-
ты болып табылатын Директорлар Кеңесінің Әлеуметтік мәселелер, кадрлар мен сыйақы-
лар бойынша Комитеті құрылды.
• Басқарма  мүшелеріне  сыйақылар  мөлшерін  анықтау  критерийі  мен  қағидаттарын 
анықтайтын сыйақылар саласында Холдингтің саясатын әзірлеу;
• Холдингтің кадрлық, әлеуметтік саясатын бекіту;
• тағайындау, корпоративтік хатшының лауазымдық жалақысы мөлшерін және сыйақы 
шарттарын белгілеу;
• корпоративтік хатшыға тәртіптік жазаны қолдану туралы шешімді қабылдау;
• Басқарма мүшелерін әлеуметтік қолдау (қамтамасыз ету);
• қажет жағдайда, Директорлар кеңесіне құзіретіне жатқызылған әлеуметтік мәселелер, ка-
дрлар мен сыйақылар саласындағы басқа мәселелер бойынша.
2015 жылы Директорлар кеңесінің Әлеуметтік мәселелер, кадрлар мен сыйақылар бойын-
ша комитетінің 2 отырысы өткізілді.
Холдингтің  Директорлар  кеңесімен  Әлеуметтік  мәселелер,  кадрлар  мен  сыйақылар 
 бойынша комитетінің барлық ұсынымдары мен ұсыныстары қабылданды.

КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ  
90
СЫЙАҚЫЛАР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
«ҚазАгро» холдингі» АҚ қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу, сыйлықақы беру және әлеу-
меттік қолдау «ҚазАгро» холдингі» АҚ Басқармасының 2008 жылғы 27 желтоқсандағы №29 
шешімімен бекітілген «ҚазАгро» холдингі» АҚ Қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу ере-
жесімен және «ҚазАгро» холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің 2008 жылғы 18 шілдеде-
гі шешімімен бекітілген «ҚазАгро» холдингі» АҚ Төрағасына және Басқарма мүшелерінің 
еңбегіне ақы төлеу, сыйлықақы беру және әлеуметтік қолдау шарттары туралы ережемен 
реттелген.
Басшы қызметкерлерге жыл жұмысының нәтижелері бойынша сыйақы «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ 
аудиттелген қаржылық есептіліктің негізінде қаржылық-шаруашылық қызметі нәтижелерін 
бекітілген тәртіпте бекіткеннен соң қаржылық жылдың нәтижелері бойынша төленеді.
2015 жылы «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы мен мүшелеріне акционердің шешімі 
бойынша 2014 жылдың жұмысының қорытындысы бойынша сыйақылар төленген жоқ.
«ҚазАгро» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы мен мүшелеріне 2015 жылдың жұмысының қоры-
тындысы бойынша сыйақылар төлеу мәселесі 2016 жылы директорлар кеңесінде қарала-
тын болады.

ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ 

ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ  
92
Холдингте тәуекелдерді тиімді және толыққанды басқару, уақытылы сәйкестендіру және 
тәуекелдердің деңгейін төмендету бойынша іс-шараларды қабылдау мақсатында Холдингте 
тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесі енгізілген. Тәуекелдерді басқару Холдингте 
Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген Тәуекелдерді басқару тұжырымдамасымен 
және Тәуекелдерді басқару саясатымен, сондай-ақ тәуекелдерді басқарудың басқа ереже-
лерімен және әдістерімен регламенттеледі.
Холдингпен қабылданған Тәуекелдерді басқару саясатында тәуекелдерді басқару саласын-
дағы озық тәжірибелерге өзінің ұстанатынын растайды, оның ішінде:
1. ISO 31000 «Тәуекелдерді басқару – Қағидаттар мен басшылық»;
2. «Ұйымдардағы тәуекелдерді басқару – интеграцияланған үлгі» COSO Моделі.
Холдинг құндылығы тәуекелдерді басқару тиімділігін арттыруы мүмкін басқа стандарттар 
мен тәжірибелерді тануын жоққа шығармайды.
Тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесі бүкіл Холдингтің деңгейінде жүзеге асыры-
лады және Директорлар кеңесі, Басқарма және Холдингтің құрылымдық бөлімшелерімен 
жүзеге асырылатын процесс болып табылады. Мақсаты Холдингке әсер етуі мүмкін әлеует-
ті оқиғаларды анықтау және осы оқиғалармен байланысты тәуекелдерді басқару болып та-
былады. Тәуекелдерді басқару процесі Холдингтің барлық процестеріне интеграцияланған.
Холдинг, тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау, бақылау және тәуекелдердің мониторингінің 
үнемі процесі барысында, сондай-ақ тәуекелдердің шегін анықтау тәсілімен және ішкі бақы-
лаудың басқа шаралары арқылы тәуекелдерді басқаруды жүзеге асырады.
Жалпы Холдинг пен оның еншілес акционерлік қоғамдары ұшырауы мүмкін тәуекелдердің 
деңгейі қолайлы деп бағаланады және қаржыландыру жүзеге асырылатын салаға сәйкес 
келеді. Бұл ретте тәуекелдерді болдырмау және азайту мақсатында барлық қолжетімді әді-
стер мен құралдар қолданылады.
Холдингтегі және оның еншілес акционерлік қоғамдарында тәуекелдерді басқару жүйесі 
келесі органдар мен бөлімшелерді тартумен бірнеше деңгейде ұсынылған:
• Директорлар кеңесі; 
• Басқарма; 
• Ішкі аудит қызметі;
• тәуекел-менеджментті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімше; 
• басқа құрылымдық бөлімше.
Директорлар кеңесі тәуекелдерді корпоративтік басқару жүйесіне қадағалауды жүзеге асы-
руда негізгі роль атқарады.
Басқарма қызметкерлердің тәуекел-менеджмент бойынша нақты айқындалған міндетте-
мелері болатындай және өз міндеттемелерін орындау үшін жауапты болатындай тәуекел-

93
дерді басқарудың тиімді жүйесін құру үшін жауап береді және тәуекелдерді басқару жүйе-
сінің тұтастығы мен функционалдығын қамтамасыз етеді.
Тәуекелдерді басқару үрдісінде тәуекел-менеджментті жүзеге асыратын құрылымдық бөлім-
ше, Ішкі аудит қызметі, сондай-ақ әрбір қызметкердің атынан құрылымдық бөлімше болып 
табылады. Құрылымдық бөлімшелер (тәуекелдердің иелері) тәуекелдерді басқару үрдісін-
де негізгі роль атқарады.
Тоқсан сайынғы негізде тәуекел-менеджментті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелер-
мен қабылданған тәуекелдердің ахуалы және туралы есеп ұсынылады, оларға сәйкес Ди-
ректорлар кеңесі тәуекелдердің картасымен қабылданған тәуекелдердің деңгейі бойынша 
хабарландырылады. Тәуекелдер картасы бар тәуекелдердің мәртебесінің өзгеруі немесе 
жаңасын сәйкестендіру фактісі бойынша қайта қараларды, нақтыланады және толтырыла-
ды. Құрылымдық бөлімшелер тәуекелдердің сәйкестендірілуіне, одан кейінгі бақылау мен 
тәуекелдерді азайту мен мониторинг үшін жауапты болады.
Сындарлы тәуекелдер бойынша әрбір тәуекелге сәйкес Іс-қимыл жоспары әзірленеді, онда 
сындарлы тәуекелді азайтуға бағытталған барлық қажетті іс-қимыл шараларын сипатта-
лады. Холдингтің Басқармасы тәуекелдерге Іс-қимыл жоспарының орындалуын бақы лауға 
 жауапты болады. Іс-қимыл жоспарының орындалуы туралы есеп қайта қаралады, бірақ тоқ-
санына бір рет жиіліктен көп емес.
Холдингтің топтамасына сәйкес ішкі/тән тәуекелдер бөлінеді:
ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕР – технологиялар (технологиялық тәуекелдер) және ақпарат-
тық жүйенің іске қосылуы тарапынан, қызметкерлер тарапынан (қызметкерлердің тәуекел-
дерін қосқанда),сондай-ақ сыртқы оқиғалардың салдарынан ішкі процестерді жүзеге асы-
ру барысында жіберілген қателер немесе кемшіліктер нәтижесінде шығындардың туындау 
тәуекелі. Операциялық тәуекелдерді азайту үшін Холдинг электрондық құжат айналымын, 
екі есе бақылау және рәсімдерді стандарттау, құрылымдық бөлімшелер бойынша өкілет-
тіліктерді нақты бөлу қабылданған. Сонымен қатар ағымдағы жылда Холдинтің негізгі қы-
зметін бірегейлендіру және көлемді автоматтандыру көзделген.
ҚАРЖЫЛЫҚ ТӘУЕКЕЛ - ӨТЕМПАЗДЫҚТЫ ЖОҒАЛТУ ТӘУЕКЕЛІ. Холдингтің өз міндеттерін 
мерзімінде орындамауы немесе орындамау мүмкіндіктерімен байланысты тәуекел. Өтем-
паздықты жоғалту тәуекелін басқару кезінде Холдингтің ағымдағы өтемпаздығы бақыла-
уға алынады, сондай-ақ сыйақы (төлеу) алумен байланысты табыстардың және шығыстар-
дың, орналастырылған және тартылған ақшалардың мерзімдері салыстырып қаралады. 
Холдинг пен оның еншілес акционерлік қоғамдарының қаржылық активтерді және мін-
деттемелерді өтеу мерзімдеріне жасалған талдау, қысқа мерзімді кезеңдегі гэп-айқындама 
жиынтық гэп-айқындама секілді ұзақ болып келетінін көрсетеді. Аталмыш факт Холдингтің 
қысқа мерзімді, сондай-ақ ұзақ мерзімді міндеттемелерін өтеу үшін жеткілікті өтемпаз-
дыққа ие екенін растайды.

ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ  
94
ҚАРЖЫЛЫҚ ТӘУЕКЕЛ - ВАЛЮТАЛЫҚ ТӘУЕКЕЛ. Еуро облигацияларды шығарумен байла-
нысты, басты назар – валюталық тәуекелге – яғни холдингтың өз қызметін жүзеге асыру 
кезінде шетелдік валюта курсының өзгеруіне байланысты (шығындардың) шығыстардың 
туындау тәуекеліне аударылады. Шығыстар (шығындар) қауіпі құндылық мағынасындағы 
валюталар бойынша Холдингтың айқындамасын қайта бағалаудан туындайды.
Холдингтің валюталық тәуекелдерін азайту және бақылау мақсатында Холдинг келесі іс-ша-
раларды қолданады:
• Нақты қажеттілігі және пайдасы болмаса Холдингтің долларлық активтерін конвертация-
лау бойынша операцияларды азайтады;
• Еурооблигациялар қаржылары және ЕДБ қарыздарынан Холдингтің несиелік операцияла-
ры бойынша бағаның құрылуы кезінде ықтимал валюталық залалдарды жабу мақсатында 
дамудың консервативтік сценарийлері негізге алынады;
• Холдингтің валюталық тәуекелін хеджирлеудің құралдарын үнемі іздестіру жүргізіледі, 
оның  ішінде  волатильділігі  аз  валютаға  міндеттемелерді  ауыстыру/конвертациялау 
әдісімен;
• Холдингтің болашақта валюталық міндеттемелерін ұлғайту кезінде Холдингтің валюталық 
тәуекелінің өсуі ескерілетін болады;
• Бүгінгі күні Холдингпен уақытша бос ақшалай қаржыларды әртүрлі валюталарың қоржын-
дарына орналастыру арқылы, сондай-ақ қарыздарды валютада немесе индекстелетін қа-
рыздарда ұсыну жолымен валюталық диверсификациялау мүмкіндіктері іске асырылады;
• Валюталық міндеттемелерінің бірқатар бөлігін кері сатып алу арқылы Холдингтің валюта-
лық ұстанымын қысқарту бойынша жоспар әзірленген және іске қосылып жатыр.
• Үкіметпен мерзімдік негізде Холдингтің қаржылық тұрақтылығын қолдауға көмек көр-
сетіледі, оның ішінде қосымша жарғылық капиталды құю, Бюджеттік несиелеуді ұсыну, 
БҰЗҚ есебінен қорландыру және т.б.
Холдингтің АӨК дамыту институты ретінде негізгі ролін назарға ала отырып және оның сал-
дары ретінде Қазақстанның ауыл шаруашылық субъектілерін қолдау қажеттілігінен 2015 
жылы несиелердің негізгі бөлігі теңгеде берілді. Бүгінгі күні Холдингпен АҚШ доллары, евро 
және теңгеде қарыздар тартылған. Холдингтің 2015 жылдың соңындғы валюталық ұстаны-
мы қысқа болды. 01.01.2016 жылдағы ахуал бойынша Холдингтің валюталық шығындары 
162 715 049 мың теңгені құрады.
Валюталық сезімталдыққа қатысты тестілеудің талдауы валюта курстары құбылуы мүмкін 
жағдайдағы шығындардың көлемін көрсетеді.

95
4-кесте. Валюталық сезімталдыққа тестілеудің нәтижелері, 2015 жылдың соңын-
да, мың теңге
НЕСИЕЛІК ТӘУЕКЕЛДЕР – берілген қаражатты қайтармауға байланысты шығындардың 
туындау тәуекелі. Холдинг және оның еншілес акционерлік қоғамдары рейтингтерді беру-
дің ішкі жүйесінің көмегімен қаржылық активтердің несиелік сапасын басқарады. Ол қолда 
бар тәуекелдерді тоғыстырып басқаруды қамтамасыз етеді, сондай-ақ несиелік тәуекелдің 
мөлшерін әр түрлі қызмет түрлері бойынша, географиялық өңірлер мен өнімдер бойын-
ша салыстыруға мүмкіндік береді.

ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ  
96
5-кесте. Қаржылық активтердің сыныптары бойынша несиелік сапасы, 2015 жыл-
дың соңында, мың теңге (аудиттелген) 
2015 жылдың қорытындылары бойынша Холдинг пен оның еншілес акционерлік қоғамда-
ры ұшырайтын несиелік тәуекелдің деңгейі қолайлы болып табылады, себебі активтердің 
басыи бөлігінің сапасы оларды тәуекелдің жоғары емес деңгейі санатына топтастыруға 
мүмкіндік береді.
СЫРТҚЫ ТӘУЕКЕЛДЕР – «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ және оның еншілес акционерлік қоғамдары-
ның қызметімен байланысты емес және Холдинг оларды басқара алмайды.
Сыртқы тәуекелдер бөлінеді:
ЗАҢНАМАЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕР – Қазақстан Республикасының заңнамасының өзгеруімен бай-
ланысты тәуекелдер. Бұл санатқа сондай-ақ салықтық тәуекелдер енгізілген:
• қолданыстағы салық мөлшерлемелерінің көбеюі;
• салық салынатын базаның кеңеюуі;
• Холдингтің қызметіне, сондай-ақ оның қарызгерлеріне қолайсыз әсер етуі мүмкін жаңа 
төлемдердің енгізілуі, есеп-айырысу және алу тәртібінің өзгеруі.
ИНФЛЯЦИЯЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕР – экономикадағы инфляция процестеріне байланысты Хол-
дингтің активтерінің (капиталы, ақшалай қаржыларының және т.б.), сондай-ақ кірістері мен 
шығыстарының құнсыздануы мүмкіндігі барысында туындайды.

97
ӘЛЕУМЕТТІК ТӘУЕКЕЛДЕР – тұрғындар арасында табыстың тең бөлінбеуінен туындайды. 
Холдингтің қаржылық және қаржылық емес қызметтерінің негізгі тұтынушылары ауыл-
дық жерлерде шоғырланғандықтан, инфляция деңгейінің ұлғаюы, ұлттық валютаның де-
вальвациясы, экономикалық өсуідің төмендеуі тікелей тұрғындардың төлем қабілеттілігі 
мен өмір сүру жағдайының төмендеуіне, сондай-ақ тұтынушы сұранысының төмендеуі-
не алып келеді.
ЕЛДІК ТӘУЕКЕЛДЕР – Холдинг шет ел мемлекеттерінде қандай-да бір операцияларды 
(ақша қаржыларын орналастыру, құнды қағаздарды сатып алу, резидент емес қарызгер-
лерді қаржыландыру және т.б.) жүзеге асырмайды. Осыған байланысты қандайда бір шет 
елдің экономикалық немесе саяси ахуалындағы өзгерістер Холдингтің қаржылық нәтиже-
леріне тікелей әсер етпейді.
САЛАЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕР – ауыл шаруашылығы жер өңдеудің тәуекел аймағында тұр, еңбек-
тің төменгі өнімділігі, қайта жарақтануды талап ететін ескірген қор, қатал табиғи-климат-
тық жағдайлар, осыған байланысты салалық тәуекел осы секторда едеуір жоғары. Мемле-
кеттің тарапынан келесі құралдарды қолданумен ауыл шаруашылығына барынша қолдау 
көрсетіледі:
• сыйақы бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау;
• жеңілдетілген несиелерді ұсыну;
• инвестициялық шығындарды субсидиялау;
• әртүрлі шығындарды арзандату.
Жоғарыда аталған тәуекелдерден әлеуетті оқиғалардың сипатын анықтағанда, уәкілетті ор-
ган ішкі және сыртқы факторлардың алуан түрлілігін ескереді, олар Холдингтің қызметінің 
бүкіл көлемін ескерумен мүмкіндіктер мен тәуекелдердің пайда болуына әкелуі мүмкін.
ІШКІ ТӘУЕКЕЛДЕР – Холдингтің өзінде және оның қызметіне байланысты туындайтын 
тәуекелдер. 
Холдингтің сыныптамасына сәйкес ішкі/тән тәуекелдер:
• стратегиялық тәуекелдер;
• операциялық тәуекелдер;
• қаржы тәуекелдері;
• несиелік тәуекелдер;
• комплаенс тәуекелдер болып бөлінеді. 
Ішкі тәуекелдердің жан-жақты топтамасы, тәуекелдерді басқару үрдісінің әдістері мен рәсім-
дерін сипаттау, тәуекелдерді басқару бойынша іс-шаралар мен тәуекелдерді басқару үрдісін 
құрайтын басқа құраушылар Холдингтің сәйкес ішкі құжаттарымен реттеледі.

ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ  
98
ТАЛАПТАРДҢ САҚТАЛУ ЖҮЙЕСІ
Холдингтің қызметі Корпаративтік басқару кодексінің қағидаттары мен ережелеріне нақты 
сәйкестікке негізделген. 

ТҰРАҚТЫ ДАМУ

ТҰРАҚТЫ ДАМУ  
100
АДАМИ РЕСУРСТАР
2015 жылы «ҚазАгро» холдингі» АҚ Холдингтің штат бірлігі мен әкімшілік шығындарды 
қысқарту бойынша іс-шаралар қабылданды, оның нәтижесі бойынша қызметкерлердің 
штат бірлігін қысқарту 21,5% құрады. Осылайша, 2015 жылдың соңында «ҚазАгро» хол-
дингі» АҚ штаттық бірлігі 73 бірлікті құрады. Бұл оңтайландыру шығындарды қысқарту қа-
жеттілігімен байланысты.
Жұмысшылардың орташа жасы 36 жасты құрады.
Ұжымның гендерлік құрамы 62% әйелдер және 38% ерлерден тұрады.
Жұмысшылардың білім деңгейі қызмет лауазымдарына қатысты біліктілік талаптарына 
сәйкес келеді және «ҚазАгро» холдингі» АҚ алдына қойған мақсаттарға қол жеткізуге мүм-
кіндік береді. «ҚазАгро» холдингі» АҚ 3- экономика ғылымдарының кандидаты, 1-техни-
ка ғылымының кандидаты жұмыс істейді, 18 қызметкердің магистр академиялық дәреже-
сі бар, оның ішінде 5 МВА дәрежесі бар.
«ҚазАгро» холдингі» АҚ Кадр және Әлеуметтік саясат, Персоналды басқару қағидалары, қы-
зметкерлердің еңбек тәртібі мен іс-сапар ережелері қолданылады.
2015 жылы «ҚазАгро» холдингі» АҚ қызметкерлерінің еңбекақы төлеу ережесі бекітілді, оған 
сәйкес жұмыскерлерді материалдық ынталандыру жұмыстағы нақты көрсеткіштерге (қыз-
меттің жеке негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізу) байланысты.
Қызметкерлерге материалдық көмек көрсету, сыйлықақы беру және әлеуметтік қолдау көр-
сету Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы №1266 қаулысымен 
бекітілген Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық басқарушы хол-
дингтердің (Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда), ұлттық холдингтердің және ұлттық ком-
паниялардың, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің құра-
мына кіретін ұлттық компаниялардың (Ұлттық әл-ауқат қоры тобының құрамына кіретін 
ұлттық компанияларды қоспағанда) әкімшілік шығыстарының жекелеген түрлерінің ли-
миттеріне сәйкес келеді.
«ҚазАгро» холдингі» АҚ қызметкерлерін ынталандыру мақсатында қызметкерлерді мате-
риалдық және материалдық емес көтермелеу жүйесі көзделген және қолданылады.
«ҚазАгро» холдингі» АҚ қызметкерлердің ағымдағы тұрақтамау деңгейі 2015 жылы 39% 
құрады, бұл алдыңғы жылдағы көрсеткіштен жоғары. Тұрақтамаудың жоғары деңгейі қы-
зметкерлердің өзге жалақысы жоғары жұмысқа ауысуымен, қызметкерлердің штатының 
қысқартылуымен, сондай-ақ «ҚазАгро» холдингі» АҚ тәуелді және еншілес ұйымдарына 
ауысуымен байланысты болып келеді.

101
КАДРЛЫҚ ӘЛЕУЕТТІҢ ДАМУЫ
2015 жылы 74 қызметкер әр түрлі семинарлар, тренингтер және курстар бойынша кәсіби 
оқудан өтті. «ҚазАгро» холдингі» АҚ қызметкерлері үшін командалық жұмыстың дағдыла-
рын қалыптастыру мақсатында Холдингпен тимбилдинг нысанында корпоративтік тре-
нингтер өткізілді. Жалпы есептік кезеңде 16 оқу жүргізілді, оның ішінде «ҚазАгро» холдин-
гі» АҚ есебінен 13 оқу өткізілді, сондай-ақ қызметкерлердің өз бетінше 3 оқу іс-шарасында 
дербес қатысуы ұйымдастырылды.
ЕҢБЕК ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚТЫ ҚОРҒАУ
«ҚазАгро» холдингі» АҚ қызметкерлерімен жұмыс уақыты кезінде жарақат алу немесе мерті-
гу фактілері есептік жылда тіркелмеген. «ҚазАгро» холдингі» АҚ жұмыс орнында еңбек қа-
уіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша, оның ішінде қауіпсіздігін іс-шараларын сақтау бой-
ынша нұсқаулық іс-шаралар қабылданады.
Жұмыс орнында жазатайым оқиғалар туындаған жағдайда қызметкерлердің кепілдіктерін 
қамтамасыз ету мақсатында жыл сайынғы негізде қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін 
атқару кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру көзделген. 
КОРПОРАТИВТІК ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК
«ҚазАгро» холдингі» АҚ қызметкерлеріне ерікті медициналық сақтандыру, қызметкерлерді 
еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау барысында оларды кездейсоқ жағдайлардан мін-
детті сақтандыру, уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақылар-
ды төлеу, жыл сайын төленетін еңбек демалысына қатысты сауықтыруға арналған жәр-
демақы, туу мен жүктілігі бойынша демалыс төлемдері көзделген. Сондай-салауатты өмір 
салтын ендіру аясында 2015 жылы қызметкерлер футбол ойынына арналған спорт залда-
рына бару мүмкіндіктеріне ие болды.
«ҚазАгро» холдингі» АҚ қызметкерлері Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық 
министрлігі (Жалғыз акционер) және «ҚазАгро» холдингі» АҚ қоғамдық өмірінде белсен-
ді қатысады.
ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ 
Корпоративтік әлеуметік жауапкершілік және қоғамдық пайдалылық аясында «ҚазАгро» 
холдингі» АҚ жыл сайын заңды тұлғаларға, мұқтажды азаматтарға, сондай-ақ Қазақстан Ре-
спубликасының әлеуметтік аз қамтылған азаматтарына қайырымдылық және демеушілік 
көмек көрсету бойынша жұмыстар жүргізіледі. Есепті жыл ішінде «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ 39 796 
мың теңге сомасында қайырымдылық және демеушілік көмек көрсетілді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет