Глава (49) внутреннія комнаты. 14 стихъ, стр. 979
КОРАНЪ. Переводъ съ арабского языка. Г.С. Саблукова. Третье изданіе.
Казань. Центральная Типографія. 1907г.
Арабтар айтады: «біз сенеміз!» Айт: сіздер сенген жоқсыздар; тек айтыңыздар:
«біз исламды қабылдадық»; сенім әлі сіздердің жүректеріңізге ұялаған жоқ.
Егер Алла Тағалаға мен Оның елшісіне бағынсаңыздар, онда Ол сіздердің
істеріңізді бір шерікке де кемітпейді. Себебі Алла тым кешірімді, аса
жарылқаушы.
(Аударған Әсет Мұқашбеков)
71
Рухани білімдерінің таяздығынан қазір ел арасында дүмше молда көбейіп
кетті, тіпті қазіргі оқып жатқан жастардың өзі де. Шала-шарпы бірдемені оқып
келеді де, айтып отырған аятының мағнасын өзі жөнді білмейді,
тыңдаушыларға ат үсті бірдемені шала-пұла түсіндірген болады. Онымен
қоймай өз араларында бақкүндестік, бірін-бірі көре алмаушылық кең етек
жайған. Осыны көрген халық қайтіп мешітке барады? Құдайға шүкір, қазір қай
ауылға бармасаң да көшіліктің немесе қалталы жеке азаматтардың қаржысымен
салынған мешіт үйлері бар.
«Тарбағатай тауынан ағатын Қарғыба, Нарын, Тебіскен өзендерінің
бойын қысы-жазы қоныстанатын ауылдан ұзап ешқайда шығып көрмеген
Құлақай деген бір адам жолы түсіп, Семейге келіпті. Ол өзі кедей, бірақ ділмар
адам екен.
Құлақайды қаламен таныстырып жүрген жігіттер оны мешітке алып
барады. Олар мешітке таянғанда биік мұнара басына шығып алған бір мәзін
азаншы бар даусымен айқай салып, азан айтып тұрады. Мұны көрген Құлақай
азаншыға:
–
Ей, ақымақ! Түсе алмайтының бар, осынша биікке неге шықтың? Өзің
сақалың қауқиып тұрса да, бала секілді ессіз неме екенсің! – депті.
Мешіттен шығып келе жатқан екі адам әлгіні естіп, Құлақайды шап беріп ұстап
алады да:
–
Қажыға жүр деп! – деп сүйрелейді.
–
А, қажыда менің нем бар, онда алатын алты аласы, бес бересім жоқ.
–
Жоқ барасың...
Олар Құлақайды қажыға сүйреп алып барып, оның айтқандарын қажыға
баяндап береді. Қажының алдына тізерлеп отыра кетеді де, Құлақай:
–
Тақсыр, айтуын айтып ем, бірақ шынында да биікке шығуын шығып,
түсе алмаған соң айқайлап, көмек сұрап тұр екен деп ойладым, – дейді, сонда
қажы:
–
Алла тағаланың киелі үйінің жанында тұрып, бір құдайдың құлы ғаділ
қызметшісіне тілін тигізген адамға шариғат бойынша бес теңге айып салынады.
Соны төле де жүре бер, – дейді.
Бұған Құлақай келісе кетеді. Қойнына қолын салады. Қалаға келгендегі бар
ақшасы он теңге екен, соны суырып алып, қажыға ұстата салады.
Қолына тиген он теңгені көріп қажының көзі жайнап кетеді.
–
Ал, менің жанымда саған қайтаратын бес теңге жоқ еді, мұны қайттік? –
дейді қажы, он теңгені түгелімен алғысы келіп.
–
Қажы-еке, онда менің сізге сауалым бар еді.
–
Е, сұрай ғой.
–
Балағат сөз Алла тағаланың осы үйінің сыртында айтылса да, ішінде
айтылса да, шариғат заңының айыбы бірдей ме?
–
Бек дұрыс айтасың, алланың бек күнәкәр пендесі. Балағат қайда айтылса
да, айып бес теңге, – деген қажының сөзін естіп Құлақай оған:
72
–
Шамасы, маған қайырып беретін бес теңге сізде жоқ қой деймін?
–
Бек солай.
–
Олай болса сізбен біз бітісе қоялық.
–
Е, солай еткенің бек дұрыс, – дейді қажы, он теңгені тегіс беріп кетеді
екен деп ойлап.
–
Алаяқ, сұм қажы, – депті ол қажыға бір-екі адым жақындап, – қараңғы
елдің қанын сорып жүрген сен де барып тұрған ит, доңыз екенсің. Сені де ит
дедім. Екі айыбым үшін, қолыңдағы он теңгені түгел ал. Алғаның бұйырмасын,
аумин!
Сасып қалған қажы да бетін сипайды. Ал Құлақай мешіттен шығып жүре
беріпті.»
Мен өзім осы ашығуды өткізгеннен біліп жүрмін, тазарған сайын рухани
кітаптар тіпті түсінікті бола береді екен, осыларды қайта-қайта оқып рухани
ілімімнің деңгейін көтере түсудемін. Осының нәтижесінде Абай мен
Шәкәрімнің адамзат алыптарының алыңғы қатарында екендеріне өлеңдерін,
қара сөздерін оқып, түсініп көзім жетті.
Жас қартаймақ, жоқ тумақ, туған өлмек,
Тағдыр жоқ өткен өмір қайта келмек.
Басқан із, көрген қызық артта қалмақ,
Бір Құдайдан басқаның бәрі өзгермек. Абай
Сұрақ: – Әсет Ризаұлы, оқырмандардың біреуі болмаса біреуі: «Діни оқу
оқымаған, осы кітап барысындағы жазып отырған рухани білімді қайдан
алған?» – деп сұрауы мүмкін.
Жауап: – Рахым Алмабекұлы, сұрағыңыз орынды. Жауап беріп байқайын.
1983-
85 жылдары, ол кезде Мақаншы ауданының «Қарабұлақ» совхозында
партком хатшысы болып қызмет істейтінмін. Бір күні жолым түсіп Ұржарға
келдім, келсем бір дүңгіршекте ескі орыс харпімен жазылған Г. С.
Саблукованың, арабшадан аударған 1907 жылы Қазанда басылып шыққан
«КОРАНЪ» кітабы сатылып жатыр екен алдым. Там тұмдап оқи бастадым,
бірінші бетін ашып оқи бастағаннан-ақ кітаптың сөздерінің құдіреттілігі мен
мағынасы бірден баурап алды. Бас көтермей түні бойы, таң атқанша оқитын
болдым, бірте-бірте өмірге, адамдарға деген көзқарасым мүлдем өзгеріп кетті.
Бұрынғы қалыптасқан маркстік-лениндік теориялардың бәрі быт-шыт болды.
Осы кітап әсерінен, сол заманда екінің бірінің қолы жете алмайтын партком
хатшылығы қызыметінен де өз еркіммен босап, мамандығым бойынша ауысып
кеттім.
Науалыда жүргенде Абайға ден қоя бастадым, Шәкәрім шықаннан кейін
тіптен терең түсіне бастадым. Сонымен, бірге дінге, руханиятқа байланысты
көптеген басқа да кітаптарды оқып, рухани деңгейімді көтеруге ұмтылдым.
Оларды Құранмен салыстырып оқитын болдым. Көзім жеткені барлық қасиетті
кітаптардың мағынасының бір-бірінен онша алшақтамауы, бәрінің айтатыны
73
бірақ нәрсе Жаратушы біреу-ақ, бәрі де имандылық жолға түсіп «мұсылман»-
дықты қабылдау өзіңе ғана қажет екенін айтады. «Шәкірт дайын болған кезде,
ұстаз өзі келеді» деген қанатты сөз бар. Алматыда, қазіргі рухани ұстазым,
соңғы уақытта таныстық сыралғы достыққа ұласқан, техника ғылымының
кандитаты, теолог-философ ғалым, жазушы, «Абайтану» кітабының авторы
Досым Омаровпен танысып, айқын емес жерлерін тереңірек түсінуіме тигізген
әсері зор болды. Осы рухани ілімді терең түсініп игеруім үшін, 20 жылдан астам
уақыт керек болды.
«Қазақ құлшылығым құдайға лайық болса екен деп қам жемейді. Тек жұрт
қылғанды біз де қылып, жығылып, тұрып жүрсек болғаны дейді. Саудагер
несиесін жия келгенде, «тапқаным осы, біттім деп, алсаң – ал, әйтпесе саған
бола жерден мал қазам ба?» дейтұғыны болушы еді ғой. Құдай тағаланы дәл
сол саудагердей қыламын дейді. Тілін жаттықтырып, дінін тазартып,
ойланып, үйреніп әлек болмайды. «Білгенім осы, енді қартайғанда қайдан
үйрене аламын» дейді. «Оқымадың демес дағы болады, тілімнің келмегенін
қайтушы еді» дейді. Оның тілі өзге жұрттан бөлекше жаратылып па ?
Абай (он алтыншы сөз)
«Мұсылман» деген сөздің мағынасы Құдайға таза беріліп, Құранда
жазылған шарттарды толықтай орындау, бірен-саранымыз болмаса ғана,
қалғанымыз тек «мұсылманды қабылдаушылар» ғанамыз. Мұсылман деген
сөздің түп төркіні арабтардың Мүсілім яғни Құдайға берілген адам деген сөзден
шыққан. Ал кәпір деген сөздің мағнасы арабтардың «кафара» яғни
Жаратушының бар екенін мойындамайтын дінсіз, сезімнің жетегімен хайуанша
өмір сүретін деген мағынадан шыққан. Әлемдегі барлық дін ағымдарында да
«мұсылман», «мұсылманды қабылдаушы» және «кәпір» деген ұғымдар бар.
Біздің қазақ осы үшеуінің мағынасын жете түсінбейді және «мұсылман» мен
«мұсылманды қабылдаушының» айырмасы жер мен көктей екенін тіпті
білмейді де. Басым көпшілігі «мұсылманбыз» деп кеудесін қаға береді, олар
мұсылмандықтың парызын орындадық деп, Құрбан айт т.б. діни мейрамдарда
садақа бергенін айтады. Қазіргі таңда, әсіресе ауылды жерлерде осыларды терең
талдап, халыққа түсіндіріп айтатын дін өкілдері өте сирек.
Өзіңіз білесіз, қазіргі жағдайда рухани құлдырау белең алып барады,
осындай жағдайлар өткен ғасырда да орын алған, біздің қазекең бірбеткейлік
қайтпас қайсарлығымен, шексіз шыдамдылығымен, тұрақтылығымен «уақыт
өтсе де, қазекең өзгермейді» әлі сол қалпымыздамыз.
Мен өзім осы ашығуды өткізгеннен біліп жүрмін, тазарған сайын рухани
кітаптар тіпті түсінікті бола береді екен, осыларды қайта-қайта оқып рухани
ілімімнің деңгейін көтере түсудемін. Осының нәтижесінде Абай мен
Шәкәрімнің адамзат алыптарының алдыңғы қатарында екендеріне өлеңдерін,
қара сөздерін оқып, түсініп көзім жетті.
74
Осының алдындағы ұзақ ашығуды бірнеше қайтара ұстағаным үшін
әлемнің әділеттілік қарымта қайтару заңы бойынша маған Алланың сиы – ең
бірінші рухани білімге жеттім, маған Алла ашылды, денсаулығымды
жақсарттым, тұрмысым күрт түзелді, табиғаттың, әлемнің, шексіздіктің бір
бөлшегі екенімді сезіндім. Осы үшін күніне бірнеше қабат Жаратушыға тәубә
айтамын, шексіз алғысымды жүрегіммен білдіремін. Біртіндеп-біртіндеп осы
кітап бойынша ашығуыңызды бір тәуліктен бастап қырық тәулікке жеткізсеңіз,
осы жағдай өз басыңыздан да өтетін болады, сіз де шексіз бақыт пен
материалдық байлыққа ие боласыз, себебі бұл өткен замандағы жер бетіне
келген барлық пайғамбарлар ұстаған ораза.
Теолог-философ ғалым Досым Қайырбекұлының толғауы.
Тақырыбы: Валеология деген не, оның маңызы? Адамның өзін-өзі тануы?
Валеологияның пайда болуына қандай себептер әсер етті? Экстремалды
жағдайда Науалы ауылының тұрғыны Абылхан Жұмағали Нұрқұсанұлының
қабан шошқаға жайдақ мінген оқиғасы.
Сұрақ: – Досым Қайырбекұлы, енді осы арада валеологияның басқа
ғылымдардан айырмашылығы мен олардың арасындағы валеологияның алатын
орны туралы айта кетсеңіз жақсы болар еді.
Жауап: – Әсет Ризаұлы, валеолгия басқа ғылым салаларының барлығын бір
жүйеге келтіріп, оны бір ортаға шоғырландыратын ғылым болып табылады.
Себебі, ол адам болмысы туралы ғылым. Бүкіл әлем макрокосм болса, ал адам
баласы соның ішінедегі микрокосм. Әлемде ұқсастық заңдылығы бойынша
бүкіл әлем құрылысы мен оның бір бөлігі болып табылатын адам болмысы
ұқсас. Сондықтан адамның жаратылуы, оның құрылым жүйелері ғана емес, тіпті
адам денесін құрайтын түрлі заттар да бүкіл әлем бойындағы заттармен ұқсас.
Сонымен бірге, адамзат данышпандарының тұжырымы бойынша адам баласы
бүкіл әлем болмысының негізгі түйіні мен нәтижесі. Егер осы түйінді танысақ –
басқа әлемді де тануға болады екен. Ежелгі грек философы Платонның "Өзіңді-
өзің таны!" деген ұранының үлкен мағынасы бар. Бұл – адамды біле отырып
бүкіл әлем хикметтерін білуге болады дегенді білдіреді. Ал валеология адам
болмысын түгел қамтитын ғылым. Сондықтан валеология барлық ғылым
салаларын бір жүйеге келтіріп, оны бір ортаға шоғырландыратын ғылым болуға
тиісті. Қазіргі заманда физиктер мен лириктер бір-бірін түсінбейтін болды.
Себебі, олар үшін физика мен лирика бірінен-бірі алшақ, ешқандай байланысы
жоқ, мүлде үйлеспейтін тәрізді. Ал валеолгия тұрғысынан алатын болсақ, олар
шын мәнінде, бірімен-бірі тығыз байланысып жатыр. Себебі олардың екеуінің
де мақсаты бір. Ол мақсат – адам өмірінің түпкі мағынасын көрсетіп, оған
жетуді үйрету. Міне адам өмірінің мақсаты ұмытылғанда оның барлық тіршілігі
басқа бағыт алып, қарекеттің барлық нәтижесі өзгереді.
75
Міне осы мәселені шешудің негізгі жолын валеология ғылымы беруге тиісті.
Ол үшін оның маңына барлық ғылымдарды жүйелеп біріктіру керек.
Валеология ғылымы адамның үш болмысын – жанын, психология және тәнін –
зерттейді. Тәнді зерттейтін ғылымдарға жаратылыстану ғылымдарының
барлығын жатқызуға болады. Адам психологиясын педагогика және психология
ғылымдары зерттейді. Ал мемлекетімізде жанды зерттейтін бір де бір мекеме,
не болмаса оқытатын бір де бір оқу орны жоқ. Жан адам болмысының негізі.
Барлық ниет, қайрат, қуат жаннан шығады. Ал негізін білмеген соң, не болмаса
оны мойындамаған соң қайтып адамды түсінуге болады? Валеологияның
міндеті адамның осы үш болмысының байланысын анықтап, оларды бір жүйеге
келтіріп, оны адамға іске асыруға көмектесу. Бүгінгі таңда осындай біріктіретін,
жүйелейтін орта болмағандықтан ғылымның түрлі салалары шашырап,
адамзатқа пайдаларын толық бере алмай отыр. Валеология ғылымы осы
мәселені шешуі керек. Ол үшін әуелі оның философиялық негізін жасау керек.
Бұл адам өміріне, денсаулыққа жаңаша көзқараспен қарауды керек ететіні
даусыз. Валеологияның түпкі маңызы, міне, осындай.
Сұрақ: – Досым Қайырбекұлы, салауатты өмірге көшу үшін не істеу керек,
оның қандай жолдары бар?
Жауап: – Әсет Ризаұлы, валеология "Денсаулық кілті – әркімнің өз қолында"
деген қағиданы іске асырады. Бұл адам баласының өзін-өзі тәрбиелеп,
салауатты өмір салтын есті түрде қабылдап, бүкіл болмыспен үйлесімді өмір
сүру деген сөз. Себебі, ой – денсаулықтың архитекторы. Бұған адам
денсаулығын жақсарту жөнінде жасалған бүгінгі күндері баршаға әйгілі
академик Норбековтың еңбектері жақсы дәлел бола алады. Оның еңбектерінің
барлығы да бір ғана нәрсеге негізделген. Ол – денедегі барлық биологиялық
құбылыстар ең әуелі адамның ой-өрісіне тәуелді екені. Осыны дәлелдеп, іс-
жүзіне көрсете білгеннің арқасында Норбековты жер жүзінде бірсыпыра
академиялар мойындап, академик дәрежесін беріп, өздеріне академия мүшесі
ретінде қабылдап алды.
Сонымен, салауатты өмірге көшу үшін ең әуелі табиғат заңдылықтарын
дұрыс қабылдап, адамның өзін-өзі танып, табиғатпен үйлесімділіктің не екенін
түсініп, тіршіліктің жаңа арнасына түсу керек. Әрине, бұл адамзаттың қолы
жеткен жетістіктерінен бас тарту деген емес, керісінше, оны осы бүгінгі өмір
жағдайында дұрыс пайдалана білу деген сөз. Бұған ашығудан бастап, адам
өмірінің барлық салаларын дұрыс жолға қоюға дейін түгел жатады. Сонда адам
баласы рухани болмысын танып, өзінің алғашқы бұзылмаған бастапқы қалпына
қайта келуі мүмкін. Адамның рухы аурудан сау болғанда оның тәні де қандай
қиыншылық болса да оңай төтеп бере алатын, мықты болады. Оған көзімізді
жеткізу үшін бір сәт табиғатпен бірге үйлесімді өмір сүрген бұрынғы қазақ
халқының тұрмысына көз салайықшы. Бұрынғы қазақ салтын бұза қоймаған
осы өзіміздің ата-әжелеріміз де сол кездегі өмірдің қиындығына қарамастан 80-
90 жастарға жетті емес пе? Оларды "Сүйегі асыл адамдар" дейміз. Мысалы,
76
менің әжем Күлімжан мен атам Дүйсебай ақсақал тоқсан жылдай өмір сүрді. Ал
шешем Шәбет қазір сексеннің ортасына келіп қалды. Оның өзінен үлкен
апалары Айша – 80, Қайша – 102 жасқа келіп қайтыс болды. Олардың
барлығының да өмірі қаймағы бұзылмаған бұрынғы ауылдық салт-дәстүр
жағдайында өтті. Олар табиғи тіршілік қалыптастырған салт-дәстүр салауатты
өмір заңдылықтарын бұзбай, табиғатпен үйлесімді тіршілік жасады. Бұрынғы
ата-бабаларымыз салауатты өмір салты туралы ойлаған да жоқ. Себебі, оларға
бұл туралы ойланудың қажеті де жоқ еді. Олардың өмірі табиғатпен толық
үндесіп жатты. Сондықтан, табиғатпен үйлесімді бұндай салт-дәстүр оларға
ұзақ өмір, зор денсаулық берді. Ал енді қазіргі замандағы қалалық тіршілік
құрып, не болмаса өмір ағымымен өздерінің табиғи тұрмысын бұзып алған
олардың ұрпақтарын, яғни, олардың балалары, немере-шөберелерін алатын
болсақ, олардың арасында толық дені сау адамды табудың өзі қиын. Табиғи
үйлесімділікті бұзу дегеніміз, міне, осы. Енді валеология ілімі ең әуелі қазіргі
қалыптасқан өмір салттарының адамның денсаулығына зияндылығын, оның
себептерін дәлелдеп, түсіндіруі керек. Яғни, барлық ғылым дүниесін адамның
өзін-өзі тануы үшін адам болмысын түсіндіруге бағыттап, олардың миларына
салауатты өмір дегеніміздің не екенін қондырып, оның пайдасын көрсетіп, оны
дұрыс ұстану жолдарын үйрету керек болып отыр.
Енді қоршаған ортадағы басқа жан иелеріне көңіл бөліп көрелік. Табиғат
заңдалықтарын бұзбайтын, өздерінің инстинктімен өмір сүретін хайуанаттар
әлемін алып қарасақ, олардың табиғаттың қандай қиын жағдайларына болса да
еркін төтеп бере алатын шыдамдылығы, қуат-қайраты, денсаулығы барын
көреміз. Ит, мысық тәрізді хайуанаттар қандай суық жыл болса да ауырмай-
сырқамай қыстан аман шығады. Ал олардан даму сатысында көп ілгері тұрған
адам баласы, олардан жоғары болғанның орнына, керісінше, тіпті кішкене
суықтан тұмау тиіп қалуы мүмкін. Сонда, адам осындай неге әлсіз деген сұрақ
туады.
Менің ойымша, бұған себеп: жоғарыда айтылған адамның өзіне берілген
табиғат жағдайларынан бас тартып, өзіне табиғи жағдайлардан бөлек жасанды
жағдайлар тудырудан болып табылады. Әйтпесе, адамзат тарихындағы көптеген
жағдайлар адамның шыдамдылығы мен табиғатқа бейімделу қасиеттері
хайуанаттардан артық болмаса, кем емес екенін көрсетеді. Шын мәнінде, адам
мүмкіншілігі шексіз деген сөздің жаны бар.
Мысалы, экстремалды жағдайдарда қарапайым өмірде мүмкін емес істерді
жасап жіберетін жайлар болады. Адамның қатты қорыққанда әншейінде шыға
алмайтын биік шарбақтан секіріп кетуі, спортсмендердің үлкен жауапкершілікті
сезінгенде өзіне тән емес, бұрын көрсетпеген жетістіктерді көрсетуі тәрізді
мысалдарды алуға болады.
Досым Қайырбекұлы, сіздің сөзіңіз пәрменді болуы үшін өзім нақтылы
болған жағдайды айтып берейін:
77
Осы оқиғаны баяндаушы Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Науалы
ауылының тұрғыны Абылхан Жұмағали Нұрқұсанұлы.
Қабан шошқаға жайдақ мінуім
1967 жылы әскерден келіп колхозда істедім. Ол кезде Науалыда «Ленин»
атындағы шаруашылық болатын. Мені қабілетің бар деп 3 айлық К – 700
тракторының оқуына жіберді. Осы алып тракторлардың алғашқы шыққан
кездері. Оқу бітіріп келгеннен кейін маған осы трактордың жаңасын сеніп
тапсырды.
Сол жылы қыс қатты, қар қалың болды. Біздің шаруашылыққа қазіргі
«Барлық – Арасан» курорты, Еміл өзенінің бойы, Алакөл көлінің терістік
жағалауы «Сартерек – Ақсұқұм», Көрпебай, Барақбай: ені 100, ұзындығы 200
шақырым аумақты алып жататын. Колхоз басқармасының төрағасы Қазақ ССР
Жоғары Кеңесіне екі мәртебе депутат болып сайланған Усатов Леонид
Федорович, марқұм жақсы кісі еді.
Басқарма бір күні мені шақырып алып: «Жұмағали, сен тракторыңа жылы
тіркеме тіркеп алып Еміл бойындағы жылқыға комиссия апарасың» - деді.
Осының алдында ғана шаруашылықтың жылқысына қасқыр маза бермей жүр,
біреуін жеп кетіпті деп шуласып жүргендерін естігенмін. Содан жабық
тіркеменің ішіне көмірмен жылыйтын пеш орнатып, ішіп жейтін азық –
түлігімізді, мылтықтарымызды бітеу шанаға сықап тиеп алып, Еміл қайдасың
деп тартып кеттік. Баратын жеріміз ауылдан 150 шақырымдай, Мақаншы
ауылынан асқандағы Бармақ құмының бір шеті, мидай дала, қаңтар айы қар
қалың, күн суық, боран. Шанаға тексеру комиссиясының төрағасы Қазбеков
Қасен, басқарманың шаруашылық жөніндегі орынбасары Измайлов Иван
Сидорович, бастықтың жеке жүргізушісі Ануфриев Владимир деген неміс
жігіті, Ықыласов Тұрсын т.б. шопандар бар. Діттеген жерімізге жеткеннен
кейін, қасқыр жеген малдарды анықтап, хаттап-шоттап болғаннан кейін
шопандар айтты: «Осы маңда бір табын ұялы шошқа жүр» – деп. Осыны ести
салысымен келген адамдар бір-бір мылтықтарын алып шошқа атуға кетті, мен
тракторымның қасында қалдым. Бір заманда шыдай алмай менде
тракторыммен солардың қасына, Емілдің бір түбегіне бардым, барсам торапайы
бар, мегежіні бар 8 бас шошқа атып алыпты, тек қабаны ғана жоқ. Сол кезде
Измайлов айтты: «Бұлардың қабаны қиын болады, бұл енді ызалы, бұған
тиіспейік, біреумізді мерт қылуы мүмкін» – деп. Осы тоқтамға бәрі келісіп
мылтықтарын К – 700 тракторының жанына сүйеп қойысты.
Ол кезде мен әскерден жаңадан келген, қылшылдаған жас кезім – қазақша
айтсам «төбелесті төлеп жүріп табатынмын». Сонан соң адамға білдірмей,
сүйеулі тұрған мылтықтың карабинін таңдап алдым да, аналарға көрінбей
шошқаның ізімен кеттім. Шошқа мұздың үстімен жүріп, биік жарқабақтан
78
секіріп Еміл өзенінен өтіпті. Оның артынан мен де тырмысып жарқабақтан
жағалауға шықсам, қалың қамыстың арасында жатыр екен. Ойымда түк жоқ 20
метрдей жерден көздеп, тыныш жатқан қабанды атып қалдым, тиді ме тимеді ме
білмеймін шошқа атып түрегеп қайта айланып қарсы жүгірді, сол кезде қайта
атуға мұршам келген жоқ, қабан қасымнан зу етіп өте шықты, себебі мен бір
шетке секіріп үлгердім. Қайта айланып аяғымнан тістей бергенде, «батырға да
жан керек» дегендей, жанұшырып мылтықты лақтырып жіберіп – құлағынан
ұстап арқасына қалай қарғып міндгенімді өзім де байқамай қалдым.
Одан қабан шыңғырды, оған қосыла мен де шыңғырдым «Аттан,
аттан!!!» – деп, содан қойшы шошқа шыңғырып жүр, шыңғырып жүр, мен
үстінде екі құлағынан тастай қылып ұстап, кенеше жабысып «Аттандап»
айқайлап жүрмін, бір заманда қабан шаршады ғой деймін ыңқылдап қалды,
үстіндегі мініп отырған менің де сілікпем шықты, оның үні, менің қарлығып
даусым шықпай қалды. Екі аяғым салбырап қарға тиіп жүр, қамыс арасындағы
қардың асты батпақ екен, шошқа болғанда да өте дәуіне мініппін, нақ
қабанының өзі, сыртқа шығып тұрған тістері сояудай қайшы сияқты бір
қарыстай, жалы жылқының құйрығына ұқсас, құлағы үй шошқасінікі сияқты
емес, кішкентай жұмсақ екен.Салмағы кейін өлшегенде 200 кг тайынша
сияқты, кеудесі дәу болады екен.
Қанша уақыт өткенін білмеймін, жалт қарасам Ануфриев қолында қос
ауыз мылтығы бар атқалы тұр екен. Жанұшыра айқай салдым: «Атпа, атпа
маған тиеді!!!» – деп. Осы айғайды естіген шошқа тіпті шыңғырып секірді, мен
қайта «Аттан, аттанға!!!» басып жан даусыммен қайта айқайладым.
Осыдан кейін қайта қарасам, Емілдің түбіне қарды үйіп тастаған
жарқабақтан Володя домалап ойға түсті. Мылтықты кезеп маған келе жатыр,
қазақша сөйлеп: «Жұмағали жіберме, жіберме!!!» – дейді. Мен үстінде мініп
отырмын, басымды үнсіз изеймін, қолым құлағында, шошқа тулап жүр. Сол
мезетте Володя келді де, мылтықты құлағына тіреп тұрып, қос ауыздың
шүріппесін бірақ тартты. Оқтың кірер жері білінбегенмен – шығар аузы,
қабанның екінші құлақ жағынан етімен қоса бұрқ еткізді, сол кезде мен
құйырығынан сыпырылып тұра қаштым, қабан алдыға жүрді де етпетінен түсті.
Қарасам мылтығын ұстап көзі көгеріп, өзі дір-дір етіп қатты қорыққан Володя
да келді, мен ары қашып кеттім.
Осы кезде қалған жігіттер де Емілден өтіп жүгіріп жетті: «Не болды? Не
болды?». Володя да шошынған, мен де шошынғанмын, үндемейміз.
Басқарманың орынбасары Володядан сұрап жатыр, ол айтады «Жұмағали
қабанға жайдақ мініп алды» – деп. «Қалай жайдақ мінеді?» – деп қайта қайталап
сұрайды. «Кәдімгідей, екі құлағынан ұстап алып арқасына мініп отыр екен, мен
қабанның жанына келіп, дәл құлағына мылтығымды тіреп тұрып аттым» –
дейді. Сенер сенбесін білмей олар шошып тұр, менен сұрады, мен көп үндеген
жоқпын, себебі аяқ қолым әлі дірілдеп тұрған. Өзім қаралау жігіт едім, түрім
мүлдем бозарып кеткеннен соң олар мені онша мазалаған жоқ.
79
Әлгі дәу қабанды атпен сүйретіп қыстауға әзер апардық. Қабан шошқаға
мініп ойқастап жүргенде мылтықты жоғалтып алыппын, оны жабылып жүріп
қалың қамыстың арасынан іздеп әзер дегенде тауып алдық. Содан 9 бас
шошқаны тіркемеге тиеп, шопанның үйінен тамақ ішіп, ауылға қайттық.
Шошқаларды Володяның үйіне түсірдік, тракторды қойып түнгі 12 мөлшерінде
үйге келдім.
Үйде кәрі апам мен жаңадан үйленген келіншегім ғана бар.
Үйленгенімізге бір ай мөлшері ғана болған, ол менің, мен оның сырын әлі жөнді
білмейміз. Апам мен келіншегім тамақ іш дейді, тамаққа зауқым жоқ. Жуынып
шайынып жатып қалдым. Түннің бір мезгілінде тұрып алып «Аттан, аттан!!!» –
деп айқай салады екенмін, оны өзім білмеймін. Екі-үш рет қайталанғаннан кейін
қасымдағы жұбайым қорқып апамды оятады. «Апа, апа Жұмағали ауыра ма,
түні бойы аттандап шығады» – деп. Апам кәрі кісі болатын: «Ей әкем, аурғаны
несі жаңа ғана әскерден келді. Біссіміллә деп жатыңдар, қайдағы ауру ол сау,
өтірікті айтпа!» – дейді.
Содан жұбайым қайта келіп жатады, сол кезде мен тағы да «Аттан,
аттанға!!!» басады екенмін. Апамды қайта оятып «Апа жүріңіз, көріңізші» –
дейді. Апам марқұм қасыма келіп отырады, сол кезде мен «Аттан, аттан!!!» –
деп қиқулап атып тұрып, қайта жатады екенмін. Осы кезде апам да шошиды:
«Бұл балаға аяқ астынан не болды?». Басыма қорғасын құяды, анау мынау емін
жасайды. Мені оятады, не болды деп сұрайды, мен үндемеймін, сонымен таңды
атырдық.
Таңертеңінде апам сұрайды: «Балам, не болды саған, түнімен ойбайлап
шықтың?». Айтқан жоқпын, таңертең шәйімді ішіп колхозға бара жатсам
бастығымыз Усатов Леонид Федорович кездесіп қолын сілтеп: «Жұмағали
аманбысың? Келесі жолы Емілге аң аулауға барсаң ертоқымыңды, жүгеніңді ала
кет» – деді. Сол күні тракторыма барып, жұмыс жоқ демал дегеннен кейін қайта
үйге келдім. Келсем апам, жұбайым бәрі қорқып отыр екен, сонан соң асықпай
отырып болған жағдайды айттым, шошынып қалыппын дедім. Елдің бәрі
сұрайды, бәріне жырдай қылып айтып беремін.
Біздің колхозға бұрын Аксаковка ауылы «Свободный путь» деген колхоз
қосылған. Екі колхоз бір колхоз болған, енді солар қайта бөлінетін болды. Ол
кезде Семей облысы болатын. Колхозды бөлу үшін комиссия келеді. Ол уақытта
арақ-шарапты көбірек ішетін заман, басқарма мен орынбасары осындай
отырыстың бірінде бізде қабан шошқаға мінген жігіт бар деп әңгіме айтады.
Бірақ олар сенбейді, сол кезде басқарма айтады: «Ертең ол жігітті мен
шақыртамын, өз аузынан естисіңдер» – деп.
Таңертең бастықтың хатшы қызы келіп: «Жұмағали, сені бастық шақырып
жатыр» – деді. Келіп бастықтың кабинетіне кірсем көп кісі отыр екен. Бастық
мені көрсетіп: «Міне қабан шошқаға жайдақ мінген мына жігіт» – деді.Олардың
бәрі осы рас па деп сұрағаннан кейін осы оқиғаны бастан аяқ айтып бердім.
80
Олар күліп бастарын шайқап: «Қорыққан жоқсың ба?» – деп сұрады.
«Қорықтым, қазірде көз алдыма елестетсем қорқамын» – дедім.
Осыдан 300 жылдай бұрын тура Еміл өзенінің осы сағасында бала Ерасыл
бабамыз 13 жасында қабанға жайдақ мініп бүкіл қазаққа Қабанбай батыр деген
атақпен белгілі болған болса, даңқты қолбасшы Қабанбай батырдың серігі –
Шыңқожа батырдың ұрпақтарының біреуі Абылхан Жұмағали ағамыз да 23
жасында ерлік болмаса да, жайдақ ертоқымсыз, жүгенсіз қабанға мінуді
қайталады десек те болар.
Сұрақ: – Досым Қайырбекұлы, ВАЛЕОЛОГИЯ денсаулық жөніндегі ғылым
болғандықтан, енді денсаулықтың не екені туралы айта кетсеңіз.
Жауап: – Әсет бауырым, болмыстың үш түріне байланысты адамның
денсаулығын үш деңгейге бөлуге болады. Оның біріншісі – тән саулығы.
Екіншісі – психикалық, ақыл-есінің саулығы. Үшіншісі – жан саулығы.
Адамның физикалық тәнінің денсаулығы деп оның ағзасының сау болып,
барлық жүйелердің бір-бірімен дұрыс үйлесімді түрде жұмыс атқаруын
айтамыз. Бұл медицина саласы. Яғни медицина валеологияның бір бөлігі ғана
болып табылады. Психикалық денсаулық деп адамның қоршаған ортаны дұрыс
қабылдап, онымен дұрыс байланыс жасап, алға қойылған мақсатқа байланысты
дұрыс шешім мен оны дұрыс іске асыру қабілеттігін айтамыз. Әлеуметтік
өмірде бұған әрбір адамның өзіне берілген табиғи және қоғамдық міндеттерді
дұрыс орындау жатады. Рухани денсаулыққа адамның рухани болмысының
тазалығы мен қасиеттері жатады. Рухани денсаулыққа адамның тәніне,
әлеуметтік, жыныс, этникалық, діни, және мәдени айырмашылықтарынан бөлек
адамның өзін-өзі рухани дұрыс тануы жатады. Осы үш аспект адам
болмысының барлық жақтарын қамтиды. Енді адам денсаулығының осы осы үш
деңгейлері мен олардың өзара байланысына тоқталайық.
Бұлардың бір-бірімен тығыз байланысты екені түсінікті нәрсе. Мысалы,
адамның ағзасы көптеген мүшелер мен жүйелерден құралады. Бірақ, ол біртұтас
болып әрекет жасайды, Сондықтан, бір жерінің ауырғаны оның бүкіл денесіне
әсер етіп, адамның жалпы денсаулығы бұзылады. Сондықтан, қазіргі заманда
толық дені сау адамды кездестіру өте қиын. Ал ағзаның саулығы адамның
психикалық жағдайына байланысты. Тіпті ағзасы толық сау адам табылса да,
егер оның көңіл күйі бұзылса оның түрлі ауруларға ұшырауы мүмкін. Көңіл
күйдің қазіргі заманда шешуші қалып екеніне жүрек, қан тамырлары
ауруларының көбейіп жатқаны дәлел. Ал адамның көңіл-күйі оның
психикасына байланысты екені белгілі. Өмірде өзінің орнын тауып, көңіл-күйін
жақсы қалыпта ұстап, жан тыныштығын сақтай алмаған адамның дені ұзақ
уақыт сау бола алмайды. Бұл адамның тән саулығы оның әлеуметтік-
психологиялық жағдайына көп байланысты екенін көрсетеді. Ал адамның
психикалық жағдайы оның рухани жетілу деңгейіне байланысты.
Өмірдегі қиыншылықтардың себебін үш топқа бөлуге болады. Олар:
адамның өзінің білместігінен, кемшіліктерінен туатын қателіктер; басқа жан
81
иелері көрсететін және табиғат күштерінің әсерінен туатын ауа райының
өзгерістері мен жер сілкінісі, су тасқыны, өрт тәрізді түрлі апаттар. Бұлардың
қайсысынан болса да толық аман жүру мүмкін емес. Тіршіліктік сергелдеңдері
әркімді де жеңіп, ал сырттан келетін табиғат апаттары кімнің болса да алдынан
шығуы мүмкін. Бірақ солардың соққыларының ауырлығы адамның рухани
жетілу деңгейіне байланысты әртүрлі болады. Адамның өзін-өзі танып, сезіну
барысында өзін кіммен балауына байланысты оның тіршілік құбылыстарына
қатынасы мен нәтижелері әрқилы болуы мүмкін. Алдына қойған өмір мақсаты,
бақыт сезімі, соған байланысты жасаған іс-әрекеттері әркімнің "Мен кіммін?",
"Маған не керек?" деген сұрақтардың жауабына байланысты. Адам егер өзін
тәнімен ғана балап, тек нәпсісінің ықпалымен өмір сүретін болса, онда ол
надандық ықпалынан шыға алмай, жан ауруына ұшырайтын болады. Жан
ауруына дөрекілік, ашу, көрсеқызарлық, қызғаншақтық, мансапқорлық,
сараңдық, өзімшілдік тәрізді келеңсіз қасиеттер жатады. Ал ондай аурудан
аман, жаны таза адамның сыпайылық, шыдамдылық, тазалық, мейірімділік,
шыншылдық, жомарттық тәрізді рухани қасиеттері болады. Олар өмірде аз
қателіктер жіберіп, табиғатпен үйлесімді өмір сүре алады. Оларға жоғарыда
айтылған қиыншылықтардың әсері көп болмайды. Осылай жан саулығы
адамның денсаулығының негізі екенін көреміз. Адамның тәні, психикасы және
жаны сау болғанда ғана ол толық сау бола алады.
Сұрақ: – Досым Қайырбекұлы, ВАЛЕОЛОГИЯ жаңа дамып келе жатқан
ғылым саласы болғандықтан, әрине, әуелде түрлі қиыншылықтар да болған
шығар?
Жауап: – Әсет Ризаұлы, жаңа істің қайсысында болмаса да түрлі
адасушылықтар мен қиыншылықтардың болуы заңды құбылыс. Мысалы,
басында валеологияны тек қана тәннің дұрыс жұмыс істеу тәртібі ретінде
қарастырды. Валеология сабағын жүргізгенде Ресей мектептерінде де көптеген
олқылықтар болған.
Қазіргі кездерде салауатты өмір туралы көптеген оқулықтар, кітаптар жарық
көріп жатыр. Бірақ солардың бірсыпырасы адам өміріндегі құбылыстардың
себептерін түсіндіре алмай, тек қана оның пайда болу салдарын ғана
қарастырады. Сондықтан мұндай кітаптарда түрлі реттегіш тәртіптер,
медицина, дене шынықтыру тәрізді тек қана тәнді бір қалыпта ұстау жөнінде,
әрі кетсе адамның психологиялық сипаттары қарастырылады. Ал адамның
адамдығын дұрыс қалыпта қалыптастыру одан әріден, рухани деңгейден
басталады. Бұны түсінбеген жағдайда адамшылықтың құлдырауының тек қана
салдары ғана көрініп, ал оның түпкі мәні, негізгі себебі сол салдардың астында
қалып көрінбей қалады. Түпкі себепті түсініп, соған әсер еткенде ғана олардың
салдарынан, яғни қарымтасынан арылуға болады. Түпкі себебін түзетсе, оның
түрлі салдары өздерінен өздері жоғалатыны белгілі. Бірақ бұл үшін рухани білім
керек. Адамның түпкі болмыстарын тани білу керек.
82
Сондықтан, қазіргі заманда салауатты өмірді дұрыс қалыптастыру үшін оның
философиялық негізін жасау өзекті мәселе болып тұр. Сонда бұл ғылымның
маңызы ашыла түсіп, оны өмірде пайдаланудың жолы жеңілденер еді деп
ойлаймын. Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін әуелі адам болмысын
танып, оның бүкіл әлеммен байланысын, әлемдегі адамның алатын орнын, тіпті
адам өмірінің негізгі мақсатын анықтап алу керек. Өмірдіің осындай түпкі
сырларын өзіміздің Абай бабамыз, Шәкәрім атамыз тәрізді халқымыздың ұлы
тұлғалары ашып, беріп кеткен. Тек қана соларды көріп, дұрыс түсіне білсек
болды. Сонда жоғарыда айтылғандай олқылықтардан аулақ болар едік. Абай,
Шәкәрім мұраларын зерттегенде осыған менің көзім әбден жетті.
Достарыңызбен бөлісу: |