Әсет мұҚашбеков



Pdf көрінісі
бет7/23
Дата15.03.2017
өлшемі1,62 Mb.
#9523
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23
 
II. 
Денсаулық тылсымы 
 
 
 
 
 
Денсаулықтың он қағидасы 
Сен өз денеңді өмірдің керемет құбылысы ретінде құрметтеуің керек. 
Сен  қоздырғыш  ішімдіктерден,  барлық  табиғи  емес,  өлі  тамақтан  бас 
тартуың керек. 
Сен өз денеңді өңделмеген, тек табиғи, тірі тағаммен қоректендіруің керек. 
Сен өзіңнің денсаулығыңа қалтқысыз қызметіңді ғұмыр бойы арнауың керек. 
Сен дұрыс іс әрекетің, нағыз демалысың арқылы өз денеңнің саулығын сақтап 
арттыруың керек. 
Сен  өз  жасаушаларыңды  (клеткаларыңды),  бұлшық  етіңді,  қаныңды  таза 
ауамен, күн шуағымен тазалауың керек. 
Сен  өзіңнің  тәнің  мен  санаң  өзін  жаман  сезіне  бастағанда,  қандай  болмасын 
тамақтан бас тартуың керек. 
Сен өз ойыңды, сөзіңді, мінезіңді әрқашан байсалды да, асқақ қалыпта ұстауың 
керек. 
Сен  табиғат  заңдылықтары  туралы  біліміңді  тұрақты  түрде  толтырып 
отыруың керек. 
Осыны өмірінің мағнасына айландырып, өз істеген еңбегіңе қуануың керек. 
Сен табиғат заңына бағынуың керек. Денсаулық сенің құқың, осыны пайдалана 
біл!    
 
 
 
 
 
 
 
Поль Брэгг 
 
 
 
Провизор (дәрі-дәрмек жасайтын маман) Қамбар Ризаұлы Мұқашбековтың 
бірінші  толғауы. 
 
Тақырыбы: Қазақтың дәстүрлі қандай емдері бар?  
 
Пайдалы ілімдерді үйретуші адамдардың күнәларын кешіруді әрбір зат, тіпті 
теңіздегі балықтар да жалынып сұрайды.     Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)   

 
83 
 
Қамбар  сұңғақ  бойлы,  екі  иығына  екі  кісі  мінгендей,  аққұба  өңді,  елуді 
еңсеріп қалған, келіскен жігіт ағасы. Өмір сүру қағидасы – салауатты денсаулық 
бағдарламасы.    Сөзге  шешен,  әзіл  қалжыңның  түбін  түсіреді.  Ойы  жүйрік, 
пайымдауы  ауқымды.  Әрқашанда  жұмысты  ұйымдастырушылық  қабілетімен 
ерекшеленіп жүреді. Адамгершілігі мен азаматтығы мол, көп оқып, көп нәрсені 
көңіліне  тоқыған  аса  мәдениетті,  қазақтың  зиялы  азаматтардың  біреуі. 
Мамандығын өте жетік білуді ғана біліп қоймай, бұрынғымен салыстырғандағы 
– 
қазіргі  заман  ағымына    байланысты  денсаулықтың  қоршаған  ортаға 
байланысын,  табиғат  заңдылықтарын,  пенде  баласы  түсіне  бермейтін 
денсаулықтың рухани қалтарыстарын да, халық емінде жиі пайдаланылған дәрі 
дәрмектерге қолданған дәрі дәрмектік заттарды және қандай ауруға дәру екенін 
де  терең, жақсы біледі. Қамбар Ризаұлы мен  жұбайы – Үміткүл Жұмабайқызы 
ұзақ жылдар бойы Ұржар аудандық аптекасында жұмыс істеді,  Қамбар  соның 
меңгерушісі  болды.  Заман  өзгергенде  алғашқылардың  бірі  болып,    жеке 
кәсіпкерлікке бірден ауысып кетті.  
Қазір  осы  Алматы  қаласында.  Қайрат,  Айдос,  Гүлзира  атты  балалары  мен 
Әмина,  Камила,  Зере  атты  немерелері  бар.  Гүлзира  шет  тілдер  институтының 
студенті. Қайрат пен Айдос жеке-жеке отау тігіп, Алматы қаласында  жұмыста. 
Сұрақ: – Қамбар Ризаұлы, өзің дәрілік шөптерді ғана емес, қазақтың халық 
емдерін  де  жете  білетініңді  білемін,  енді  қазақтың  халық  емінде  жиі 
пайдаланылған  дәрі-дәрмектерге  қолданған  дәрі-дәрмектік  заттарды  және 
қандай ауруға дәру екеніне шолу жасай кетсең. 
Жауап:  –  Қазақтың  дәстүрлі  халық  емшілігінде  қолданылған  дәрі-
дәрмектерді «адал» және «арам» дәрілер деп екі топқа бөлінеді: 
Адал дәрілерге: 
Өсімдіктен жасалынатын, еті жеуге келетін жануарлардың еті, 
сүті,  майы,  терісі,  жалы  т.б.  және  минералды  не  химиялық 
заттардан жасалынған дәрілер; 
Арам дәрілерге: 
Еті  жеуге  жарамайтын  жануарлардың  еті,  сүті,  майы,  терісі, 
т.б.  
Дәрі-дәрмектер: 
Қайнатынды,  ұнтақ,  балшық,  сылама  майлар,  ашытылған 
ағарған шарап, шәрбаттар, тамшы түрінде қолданылатындар 
Шәрбат дәрілерге: 
 
Құмшекер,  бал,  жеміс  шырындарын  қосып 
жасаған дәрілер; 
Шарап дәрілерге:  
Спирт, арақ, шарап қосып дайындайтын дәрілер; 
Тамшы дәрілерге: 
Ішіуге,  көзге,  мұрынға,  құлаққа  тамызу  үшін  дайындалған 
дәрілер жатады. 
Адамның қаны 
Мұрынның  қаны  тоқтамаған  адамның  өз  қанын  кептіріп, 
мұрнына үрлеген. 
Айран 
Жылан шаққан жерге жаққан, ішек ауруларына ішкен. 
Ақ қаздың өті 
Ішек ауруларына, құрт ауруға ішкен. 
Алмас (сулема) 
Сыртқы жараға, мерезге қолданған. 

 
84 
Арақ 
Мерезге, оташылар ауыр сынықты саларда ішкізген. 
Ара балы 
Қызылшаға, жөтелге (терлету) үшін қолданған. 
Аю өті 
Талма ауруға суға қосып ішкізген. 
Аю майы 
Буын ауруларына қыздырып жаққан. 
Әйелдің емшек сүті 
Көз ауырғанда шайған. 
Әк (известь) 
Күйікке сепкен. 
Қаздың майы 
Күйікке, үсіген жерге жаққан. 
Баланың несібі 
Көз ауырғанда шайған. 
Балық майы 
Көзге ақ түскенде және мешел ауруға ішкізген. Көздің нұрын 
жақсартады деп тамызған. 
Безгелдек жұмыртқасы Безгек ауруына кептіріп, ұнтақ түрінде берген. 
Бидай ұны (қамыр) 
Күбірткіге, шиқанға, сыздауыққа жылыдай таңған. 
Бұғы мүйізінің қаны  Дене әлсізденгенде, бас айналғанда, жүйке ауруларына ішкен. 
Бұғы мүйізінің сорпасы 
Дене  әлсізденгенде,  сыртқы  жараларға,  аяқ-қол 
сырқырап, бел шойырылғанда ішкен. 
Былғарының түгі 
Сыртқы жараға, күйікке сепкен. 
Бөдене жұмыртқасы  Көз ауырғанда кептіріп бүркіп сепкен. 
Борсық майы 
Құрт ауруға, көк жөтелге ерітіп ішкен. 
 
 
«Ешкінің  еті  жеңіл,  сорпасы  асыл,  тез  торалтады»  деп  сырқатынан  айыға  бастаған 
адамды қазақ ешкі етімен тамақтандырған. 
Ешкінің еріген тоң майы 
От  шарпыған  денесіндегі  күлдіреген  жара  тез  жазылуы 
үшін  шүбірекке  малып  орайды.  Бұл  күйген  жердің  суын  тез 
сорып, жараланған жерге өң береді. 
Ешкінің зәрі 
Құлақ ауруына тамызған. 
Ешкінің майы 
Күйген жерге таңған. 
Жағылған қағаз тұнбасы 
тіс ауруына пайдаланған. 
Жарқанаттың еті, сорпасы,  
құмалағы 
Сүйек  сырқырағанда,  әртүрлі  жарақатқа,  көз,  безгек  ауруына 
қолданған. 
Жарық май (вазелин)  Күс-күс болып тілініп кеткен жерге жаққан. 
Жер май (керосин) 
Ісікке, безгекке, тіс ауруына, сыздауыққа қолданған. 
Жер ошақтың қызыл топырағы. 
Жылынның түлеген  
терісі 
Тіс ауырып қақсағанда ауырған тіске басқан. 
Жылқы жалы 
Күйген жерге өртеп күлін сепкен.   
Қазанның қара күйесі  Тамақ ауырғанда саусаққа жағып алып басқан. 
Қар 
Үсіген денені ысқылаған. 
Қарғаның жүні 
Шашы  түсіп  айнатаз  болған  кісінің  шашын  қайта  өсіру  үшін 
қайнатып бүріккен. 
Қарақұйрықтың безі  Саусақтың басына қиғақ түскенде таңған. 
Қара дәрі (порох) 
Мерезге қолданған. 

 
85 
Қара сабын 
(сақар сабын) 
Сыртқы жараға таңған. 
Қарлығаштың миы 
Нәрестенің  жолдасы  түспегенде  сары  майға  қайнатып 
ішкізген. 
Қарлығаштың саңғырығы  Көздің ағын кетіру үшін сепкен. 
Қасқырдың өті 
Құрт ауруына ішкізген. 
Қасқырдың бауыры 
Құтырған ит қапқан кезде жегізген. 
Құзғынның саңғырығы Теміреткіге сепкен. 
Күл 
Қан тоқтатуға қолданған. 
Қойдың өті 
Құлақ  бітеліп  қалғанда  тамызған.  Көзге  ақ  түскенде, 
теміреткіге, шаштың арасында болатын бөртпеге қолданған. 
Қошқардың қойығы  
(ұрығы) 
Мерезге қолданған. 
Қоянның кепкен өті  Қояншық ауруына ішкізген. 
Қоянның миы 
Талма, қалтылдақ ауруға қуырып жегізген. 
Көк дәрі 
Жараны күйдіруге қолданған. 
Көмір ұнтағы 
Кесілген жерге сепкен. 
Қуырылған пияз 
Күбірткіге таңған. 
Құмырсқаның илеуі  Жылан шаққан кезде, илеуін суға салып қайнатып, қоймалжың 
түрінде таңған. 
Құмшекер 
Кесілген жерге таңған. 
Қызған темір 
Сүйек құртын күйдірген. 
Құрқылтайдың ұясы  Жатырына суық тиген әйел қайнатып булауға түскен, бүйрек 
ауруына ем ретінде ішкен. 
Кірпі еті 
Көздің көру қабілеті арту үшін пісіріп көзге таңған. 
Қымыз 
Көбіне құрт ауруына ішкізген. 
Кептердің еті 
Қуықтағы  тасты  ерітуге,  қышыма,  бөрткенге,  қызылшаға, 
безгекке жеген. 
Кептердің саңғырығы  Күйген күйікке, жараға сепкен. 
Күкірт 
Тері  ауруларына,  қотыр,  қышыма,  денеге  бөртпе,  есекжем 
шыққанда қолданған. 
Күшала 
Дене  жансызданғанда,  құрт  ауруына,  сал  ауруға,  әлсіздік 
пайда болғанда ішкен. 
Мал омыртқасының  
жұлыны 
Сыздауықтың аузын шығару үшін жылыдай таңған. 
Мәліннің еті 
Асқазан  ауырғанда,  қыжылдағанда,  жел-құз  ауруларына 
жеген. 
Мәліннің майы 
Асқазан  ауырғанда,  қыжылдағанда,  жел-құз  шойырылғанда, 
буынға сарысу жиналғанда қыздырып жаққан. 
Мумие 
Сынықтың бекуіне ішкен. 
Мүсәтір 
Иіс тигенде, сыздауыққа, сары қотырға пйдаланған. 
Мысықтың қаны 
Қанын кептіріп көзге ақ түскенде қолданған. 

 
86 
Насыбай 
Тұмауға иіскеткен. 
Оттықтың күкірті 
Безгекке, тері ауруларына пайдаланған. 
Сары май 
Жарыққа жағып, тұмауға ыстық сүтпен ішкізген. 
Сасық күзеннің терісі  Аршаға  қосып  өртеп  үй  маңайын,  ішін  аластап  әртүрлі 
жұқпалы аурулардың алдын алу үшін қолданған. 
Сауысқанның еті 
Сүйек сынғанда, мерез ауруына жеген. 
Сауысқанның өті 
Көз іріңдегенде, көзге перде пайда болғанда ішкен. 
Сауысқанның миы 
Қуық тұтылғанда, несеп жолының ашылуы үшін ішкен. 
Сиыр өті 
Көк жөтелге ішкізген. 
Суырдың еті 
Асқазан ауруына жеген. 
Салидол 
Жарыққа жаққан (сынық). 
Суырдың майы 
Денеге сары су жиналғанда, буын сырқырағанда жаққан. Қуық 
ауруларына шүберекке малып таңған. 
Суырдың терісі 
Буынға сары су жиналғанда жылыдай таңған. 
Суық су 
Иіс тигенде, ұшынғанда бүріккен. 
Суық темір 
Ісіктерді қайтару үшін басқан. 
Сынап 
Мерезге, құрт ауруына ішкізген. 
Тау ешкі мен таутеке еті, 
сорпасы 
Асқазан ауруына пайдалы. 
Тау ешкі, тау теке терісі 
Іш  кепкенде,  суық  тигенде,  сарысу  жиналған  жерге 
тартқан. 
Тауықтың жұмыртқасы  Күйікке жаққан. 
Тауықтың терісі 
Жараға таңған. 
Түйенің жабағысы 
Күйікке  күйдіріп,  күлін  сепкен,  бел  ауырғанда  тұзға  салып 
таңған. 
Түйенің өкпесі 
Көз ауырғанда пісіріп жылы күйінде таңған. 
Түлкінің қаны 
Өкпе ауруына ішкен. 
Тұзды су 
Көз ауырғанда, ауыз уылғанда, күйген жерді шайған. 
Тотыяйын 
Теміреткіге,  баспаға,  ісіктің  аузын  шығаруға,  құтырған  ит 
қапқанда,  көтеуге,  құлақтың  бұлығына,  тіс  ауруын  емдеуге 
қолданған. 
Тотықұстың өті 
Көз ауырғанда тамызған. 
Тышқанның терісі 
Сыздауыққа, күбірткіге жылыдай таңған. 
У қорғасын 
Жел-құз қозған, тіс ауырғанда қолданған. 
Шай самасы 
Көз ауырғанда ыстық күйінде таңған. 
Шілдің еті 
Жүйке ауруына етін жеп, сорпасын ішкен. 
Шұбар құрбақа 
Күйдіргі ауруына тірідей таңған. 
Ыстық құм 
Бел ауырғанда ыстықтай таңған. 
 
 
Ізденуші Әсет Ризаұлының үшінші толғауы. 

 
87 
Тақырыбы: Экономикалық география ғылымдарының докторы, доцент Қастер 
Сарқытқанұлының  сұрақтарына  жауап.  Өзіңді-өзің  шектеу  дегеніміз 
не?Денсаулық  сақтаудағы  негізгі  шарт  және  адамның  дене  бітімі 
(конституциясы) дегеніміз не? Адам денесі қандай элементтерден құралады? 
Дене бітімінің  ерекшеліктерін жеке- жеке түсіндірсеңіз? Дене бітімінде Ауа 
ерекшеліктері бар адамның мінездемесі. 
 
Әрбір  кісі  жақсылық  үшін  жаралған,  сол  жолды  ұстаса  бәле  жаладан  аулақ 
болады. 
 
 
 
 
 
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) 
 
Сұрақ: – Әсет Ризаұлы, өзіңді шектеу дегеніміз не? 
Жауап: – Қастер Сарқытқанұлы, адам өзінің ақыл-есін пайдаланып түрлі 
жаттығулар арқылы өзін-өзі шектеуді қабылдап, өзін ерекше жағдайларға қою 
арқылы түрлі қасиеттерге ие болу мүмкіндігі де жоқ емес. Өзін ауыздықтауды 
көпшілік адамдар қабылдамай, оны өзіне жат санайды. Ал шын мәнінде өзіңді 
шектейтін  тәртіп  қабылдамай  ешқандай  да  үлкен  жетістіктерге  жетуге 
болмайды.  Өзіңді  ауыздықтау  адамға  күш-қуат  беріп,  шыдамдылық,  қайратты 
шыңдап, қарапайым адамның қолынан келмейтін жетістіктерге жеткізеді. Оған 
кейбір адамдардың шынының үстімен жүру, өз бетімен  жерден көтеріліп ұшып 
кетуі, шегелердің үстінде ешбір жарақатсыз жату, жоқтан бар қылу, сол сияқты 
қарапайым адамдарға түсініксіз болып келетін көптеген сиқырлық әрекететтер 
мен  құбылыстарды  жатқызуға  болады.  Тек  біз  осы  күндері  сол  шексіз 
қасиеттерден айырылып қалып отырмыз. 
Егер  адам  ауырмай  дұрыс  өмір  сүргісі  келсе,  бұрынғы  өзінің  тән 
құмарлығынан туған тек қана ішіп-жеп, пайдаланып қалу әдетінен арылып, енді 
жан-жақты  үйлесімді  өмір  салтына  көшуі  керек.  Осылай  адамның  ой-өрісін 
ауруды емдеуге емес, енді ауырмай өмір сүру бағытына ауыстыру керек. 
Бұл  айтылғандардың  барлығы  тек  қана  адамның  физико-психологиялық 
тұсын  ғана  қамтып,  оның  материалдық  жағын  ғана  көрсетеді.  Ал  егер  оның 
рухани  жағына  келетін  болсақ,  бұл  жағы  тіпті  шексіз  деуге  болады.  Адам 
баласы  рухани  жетілу  жолына  түсіп,  өзін  рухани  жетілдіре  бастағанда  таң 
қаларлықтай өзгерістерді байқайды. Рухани жетілудің жоғары деңгейіне жеткен 
ондай адамдар бұл фәни әлемнің ықпалынан толық шығып кете алады да. Олар 
табиғаттың  жасайтын  ыстық-суығына,  аштыққа,  шөлге  өте  төзімді  келеді. 
Себебі,  ондай  адамдар  өздерінің  тәндерін  толық  бағындырып,  ондағы  жүріп 
жатқан  ағымдарды  басқара  алады.  Олар  болмыста  болып  жатқан 
құбылыстардың  барлық  сырларын  жете  біліп,  оның  себеп-салдарын  жақсы 
түсінеді.    Сондықтан,  олардың  психикасы  да  әрқашан  бірқалыпты  сабырлы. 
Өмірдің  жақсы-жаман,  қайғы-қасіреттері  олардың  көңілін  толқытып,  сабырлы 
қалыптарынан шығара аламайды. Ал рухани жағын алатын болсақ, оның санасы 
жоғары  әлемдер  санасымен  толық  біріккен,  бүкіл  әлеммен  толық 
үйлесімділікте.  Санасы  жоғары  санамен  біріккендіктен,  ол  әлемдегі  болып 

 
88 
жатқан  құбылыстарды  сезіп,  өзін  олардан  аластамай,  керісінше,  сол 
құбылыстардың  бір  бөлігі  екенін  сезініп  отырады.  Валеология  шыңы  болып 
табылатын толық дені сау адамдар, міне, осылар. Әрине, бұлар рухани дамудың 
жоғары деңгейінде тұрғандар. Бұндай деңгейге әркім жете бермейді.  
Бірақ,  салауатты  өмір  сүріп,  әлеммен  үйлесімді  өмір  кешіп  жүрген 
адамдардың  да  тек  қана  өз  қамымен  жүрген  қарапайым  адамдардан  көп 
айырмашылығы болады. Олар өз қасиеттерін толық білетін, өзінің күш-қуатына 
толық  сенетін  адамдар.  Салауатты  өмір  сүретін  адамдарға  дәулет,  күш-қуат, 
атақ-даңқ тәрізді пәндік (материалдық) әлемнің түрлі құндылықтары өзінен-өзі 
құйылып,  келіп  жатады.  Өмір  заңдылықтарын  бұзбайтын  болғандықтан,  олар 
өмірде  көп  қателікке  де  ұрынбайды.  Жаны  тазарған  адамның  бүкіл  болмысы 
өзгергендіктен, бұл фәни әлемнің былғаныштары олардың өміріне көп әсер ете 
алмайды.  Сондықтан,  олар  өмірдің  түрлі  сергелдеңі  мен  шырғалаңынан  оңай 
шығады. Имандылық жолындағылардың рухани күштері мен тазалығы сондай, 
егер  біреулер  жамандық  ойлап,  не  болмаса  қарсы  әрекет  жасап,  өміріне  бөгет 
болатын  адамдар  болса,  ондайларды  тағдыр  жалп  еткізіп  ұшырып  түсіреді. 
Себебі,  болмыспен  үйлесімді  өмір  сүріп  жүргендер  әлемнің  әділет 
заңдылығымен  қорғалып,  жоғары  күштердің  аясында  және  солардың 
ықпалымен өмір сүреді. Сонымен бірге, оларды Алла тағаланың Өзі басқарып 
және Өзі қорғап отырады. Ал Алла тағалаға қорғаған адамға кім  зияндық жасай 
алады? 
 
Сұрақ: – Біздің денеміз неден құралады? 
 
Жауап:  –  Біздің  денеміз  Жаратушының  барлық  пәндік  (материалдық) 
әлемді жаратқаны сияқты 24 элементтен құралады. Оның бесеуі көзге көрінетін, 
сыртқы  қабығымызды  құрайтын  тұрпайы  элементтер.  Бұны  тамақтың  қабы 
дейді,  себебі  осы  қабық  ішкен  тамақ  арқылы  құралады.  Адам  өлгеннен  кейін 
осы  қабық  бастапқы    қалпына  айналып  қайта  бес  бөлікке  ыдырап  кетеді.  Бұл 
қабық – топырақтан, судан, оттан, ауадан және эфирден тұрады. 
 
Адам тәнінің өзі үш дененің: көрінетін физикалық, көрінбейтін нәзік және 
көрінбейтін жоғары денелердің жиынтығы. Топырақ – біздің денеміздің қатты 
да ауыр бөлігі: бұл біздің қаңқа сүйегіміз, бұлшық етіміз, сіңіріміз, шашымыз, 
тырнағымыз, тісіміз; Су – біздің денеміздің сұйық бөлігі: бұл қанымыз, шырыш, 
ет  арасындағы  сұйықтық,  қан  түйіршіктері  лимфа  және  микрофлорамыз.  От  – 
біздің  денеміздің  газ  түріндегі  бөлшектері:  ол  біздің  асқазанымызда, 
бауырымызда, етімізде болады. Адам денесінде оттың 13 (он үш) түрі бар. Ауа – 
біздің денеміздегі айланып жүретін  қуат бөлігі.  
 
Ауа  сүйектің,  бастың,  мүшелердің  бос  қуыстарын  толтырып,  өкпеде, 
ішек-қарын  жүйесінде  болады.  Эфир  –  біздің  денемізде:  мұрын  мен  құлақ 
қуыстарын толтырады. Эфир қозғалғанда кәдімгі ауа. Біздің денемізді құрайтын 
бөлшектер  әр  адамда  әр  түрлі  мөлшерде  болады.  Ізгілік  аясына  байланған 
адамдарда – жеңіл элементтер басым. Оларда ауа мен эфир көбірек те, топырақ 
пен су азырақ болады. Құмарлық байлауындағы адамдарда – от, су көбірек те, 

 
89 
ауа,  эфир,  топырақ  азырақ  болады.  Надандық  шырмауына  байланған 
адамдардың денесінің бөлігінде топырақ пен су белең алады.  
Сұрақ: – Әсет Ризаұлы, денсаулық сақтаудағы негізгі шарт және адамның 
дене бітімі (конституциясы) дегеніміз не? 
Жауап:  –  Қастер  Сарқытқанұлы,  адам  болмысы  тіршілікте  ішкі  және 
сыртқы дүниемен үздіксіз алмасып жатады. Біздің денсаулық сақтаудағы негізгі 
шартымыз:  ішкі  қуатымыздың  тепе-теңдігін,  тамақ  мәзірін,  әдетімізді,  ойлау 
жүйемізді  өзгерту  арқылы  сыртқы  дүниенің  келеңсіздіктеріне  қарсы  тұру. 
Адамның бітімі (конституция) – оның табиғаты. Табиғаттағы жыл мерзімдерінің 
алмасуы  (көктем,  жаз,  күз,  қыс),  күннің  құбылуы,  жұлдыздардың  орналасуы, 
жердің сілкінуі, топан су қаптауы, жел мен дауыл сияқты құбылыстар адамның 
ішкі жан дүниесіне де әсер етеді. Ғарыш өзінің қозғалатын және қозғалмайтын 
тірі жан иелерімен біртұтас. 
Сұрақ: – Адам денесі қандай элементтерден құралады?  
 
Жауап:  –  Негізгі  элементтері:  эфир,  ауа,  от,  су,  топырақ  адамның  үш 
бастауының негізгі және ерекшеліктері. Эфир мен ауа адамның ауа денесін; су 
мен от денедегі от денесін; су, шырыш пен топырақ су денесін түзейді. Әрбір 
дене  өзіне  тән  қызметтерді  ғана  атқарады,  бірақ  олар  бір-бірімен  тығыз 
байланыста және бірін-бірі қолпаштап отырады. Егер бір дене өзінің қалыпты 
жағдайынан  ауытқыса  басқа  денелермен  келіспеушілік  басталады.  Тұрпайы 
денеде ауа, су, от – іштегі осы үш ерекшеліктермен тығыз байланысқан. Ауа – 
барлық  жүйке  (нерв)  жүйесімен,  от  –  қорғау  (имунитет)  жүйесімен 
(эндокринная),  су  мен  шырыш  қан  тамырлары  жүйесімен,  ал  нәзік  денелерде 
осы  ерекшеліктер  ақылмен,  өремен  және  адамның  жалған  «менімен» 
байланысқан.  Біз  осы  үшеуінің  қайсысы  басым  болуына  байланысты,  бір-
бірімізден  ерекшеленеміз.  Туа  салғаннан-ақ  осы  үшеуінің  бірі  басым  болады. 
Сондықтан  да  әрқайсымыздың  дәм  сезу,  жақсы  көретін  бояуымыз, 
кейбіреуіміздің суық сусынды, салқын ауа райын, енді біреуіміздің ыстық сусын 
мен ыстық ауа райын, біреуіміздің тоңғақтығымыз, енді біреуіміздің ыстықтап 
жүретініміз,  енді  бір  адамдарды  қорқыныш  пен  үрей,  басқа  біреудің 
ызақорлығы  т.б.    басым  болатыны  себептері  осы.  Бұл  біздің  табиғатымыз, 
жаратылған бітіміміз.  
      
Шәкерiм қажылыққа барған жолы бiлiм iздеу мақсатымен Түркия мен Сауд 
Арабиясында  болып,  ондағы  шығыс  пен  батыс  ойшылдарының  еңбектерiмен 
танысқаннан  кейiнгi  жазған  қазақтың  алғашқы  философиялық  еңбегiнiң  бiрi  – 
"Үш анық" атты еңбегiнде былай  деп  жазады /12/: "Ескi  заманның  бiлiмдiлерi  
әр  нәрсенiң  түпкi негiзi неден жаралғанын тексерiп,  тамам нәрсенiң негiзi төрт 
нәрсе  деп  бiлген. Онысы – топырақ,  су,  от,  ауа". Бұларды  тiрi  жан өзiнiң 
сезiмдерiмен  көрiп-бiле  алады.  Ислам  теологтары  бұған  бүгiнгi  ғылымда 
"кеңiстiк" (пространство) деп аталатын философиялық категорияны қосады /8/. 
Ол "эфир" деп аталады. 

 
90 
   
Көрiп-бiлуге  болатын  төрт  элемент  –  топырақ    (жер),    су,  от,    ауа  – 
химиялық  элементтер  және олардың байланысынан пайда болғандар. Мысалы, 
топырақ  деген  ұғымға  барлық  химиялық  элементтер  кiредi,    сондықтан 
топырақта су, от, ауа, эфир бар. Суда – от, ауа, эфир бар, ал отта – ауа, эфир бар, 
ал  ауада  тек  қана  эфир  бар.  Бұл  тұрпайы    элементтердiң    алғашқы  төртеуiн 
физикалық ғылымдар бiршама зерттеп,  мағлұмат бердi.  
Сұрақ: – Адам денесінің неше бітімі және ерекшеліктері болады? 
Жауап: – Адам тәнінің 10 бітімі болады: Дене бітімінің жеке не жаңғызлікті 
ерекшеліктері: Ауа, От және Су.  Қосамжарланған ерекшеліктер: Ауа-От, Ауа-
Су,  От-Ауа,  Су-Ауа,  От-Су,    Су-От.  Үш  ерекшеліктері  бар  бітім:  Ауа-От-Су, 
бірақта осы үш ерекшелітер адамдарда өте сирек кездеседі. 
Сұрақ: – Осы дене бітімінің  ерекшеліктерін жеке- жеке түсіндірсеңіз? 
 
Жауап:  –  Адамды  жарату  үшін  табиғатқа  осы  үш  ерекшеліктердің  бәрі 
қажет. Бізге қимыл керек, осыны іске асыратын – ауа. Денемізде ауа барынан 
тыныс  аламыз,  қан  тамырларымен  қанды  жүрегізеді,  тамақты  тасымалдайды, 
жүйкенің  әсерін  миға  жеткізеді,  ал  мидың  бұйырығымен  ауа  арқылы  шығару 
жүйеміз  жұмыс  істейді.  Денеміздегі  От  (от,  шырыш)  –  тамақ  қорытылу  мен 
тамақты  тасымалдау  ағымын  реттеп,  теріміздің  қызыуын  бірқалыпта  сақтап, 
қорғау жүйемізге жауап береді. Су (су, шырыш) – жасаушаларымызды қосып, 
тінімізді,  бұлшық  етттерімізді,  май,  сүйек  пен  сіңірлерімізді  біріктіреді.  Су 
денеге  күш  пен  тұрақтылық  беріп,  буын-буынды  майлау  қызметін  атқарады 
және  терімізді  ылғалдандырып,  оның  жарасын  жиырып  жазып,  аққан  қанды 
ұйытып, тініміз бен бұлшық еттерімізді ұлғайтады. 
 
Осы  ерекшеліктердің  әрқайсынының  белгілі  қасиеттері  бар,  соның 
нәтижесінде  біз,  бір-бірімізге  ұқсамаймыз.  Дене  бітімі  –  «табиғат»,  «алғашқы 
жаралыс»,  «жасалған»  деген  мағынаны  білдіреді.  Адамның  негізгі  бітімі  өмір 
бойы өзгеріссіз қалады. Туғаннан бастап денемізді басқаратын (топырақ, су, от 
және  эфир)  элементтері  тұрақты,  бірақта  тамақтануды,  ойлау  жүйемізді, 
қоршаған  ортаны  өзгерткен  жағдайда  –  денсаулығымыз,  өмір  сүру  салтымыз, 
тұрмысымыз    жақсы  жаққа  қарай  күрт  өзгереді.  Енді  осы  өзіміздегі  белең 
алатын ерекшеліктердің сапасын қарайық. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет