Әсет мұҚашбеков


Шығыс Қазақстан облысы, Ұржар ауданы, Науалы ауылында мешіт салған



Pdf көрінісі
бет4/23
Дата15.03.2017
өлшемі1,62 Mb.
#9523
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
 
Шығыс Қазақстан облысы, Ұржар ауданы, Науалы ауылында мешіт салған 
Ораз қажы Қабдолдаұлы Рахметовтың бірінші толғауы 
Тақырыбы:  Науалыда,  Малақ  ауылында  мешіт  салған  Ораз  қажы  Рахметов 
пен  кәсіпкер  Әділхан  Байділдановтардың  қысқаша  шежірелері.  Әлемнің 
әділеттілік  заңы  деген  не?  Өмір  деген  не?  Құдайсыз  өркенниет  дегеніміз  не? 
Ақырзаман бола ма? Кеңес Одағының әскери теңіз флотында қазақ баласынан 
тұңғыш  «Щука»  сүңгуір  соғыс  кемесінің  командирі    болған,  2-ші  рангалы 
капитан, Науалы балалар үйінің түлегі Ахмадиев Сабыр ағаның естеліктері 
 
587.  Алла  тағала  былай  деді:  Адам  баласы  заманға  налып  мені  ренжітеді. 
Ешқайсыңыз  заманды  сөкпеңіздер  (налымаңыз)  себебі  сол  заман  менмін.  Күн 
мен  түнді  ауыстырып  тұрған  мен.  Егер  қаласам  тоқтатып  қоямын.  (Заман 
күннің шығып батуы)    
 
 
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) 
 
Сұрақ: – Ораз аға, Әлемнің ӘДІЛЕТТІЛІК заңын қалай түсінуге болады? 
Жауап:  –  Жаратушының  жасаған  қарымта  қайыру  заңы  бойынша  «не 
ексең – соны орасың», істеген қайырымдылық пен жақсылығың да, жауыздық 
пен  жамандығың  да  тек  қана  осы  өмірде  өзіңе  қайта  қайтып  келеді.  Бұл  – 
ӘЛЕМНІҢ ӘДІЛЕТ ЗАҢЫ. Әр пенде жаны бөлек болғаннан кейін, өзі де бөлек. 
Осы  фәни  өмірде  жасаған  жақсылығы  да,  жамандығы  да  тек  өзіне  белгілі  бір 
мерзімнен  кейін  қайтып  оралады.  Ашығып  ораза  тұтқан  уақытта  –  істеген 
күнәларының  белгілі  бір  мөлшері  жанып  кетеді,  яғни  кешіріледі,  қалған 
күнәләрі  көп  болса  о  дүниеге  бірге  алып  кетеді.  Ал  істеген  жақсылығы  мен 
қайырымды  істерің,  тұтқан  оразаң  өзіңе  еселеп,  жақсылық  боп  оралады,  міне 
ораза  тұтып  ашығудың  бір  құпиясы  осында.  Жаратушы  осындай  жолмен 
күнәләріңнен  құтыла  отырып  тәніңді,  жаныңды,  рухыңды  тазалау  арқылы 
жақсылыққа  жетуге  жол  ашып  қойған.  Ерікті  өз  қолыңызға  ғана  берген, 
сондықтан  таңдау  құқы  өзіңізде.  Осыны  қарымта  қайтару  не  ӘЛЕМНІҢ 
ӘДІЛЕТ  ЗАҢЫ дейді. Бұл туралы Құранда былай дейді: «Кім имандылықпен 
қандай болмасын қайрымдылық жасаса, ол оның өзіне қайырымдылық болады». 

 
40 
 
Бұл дүниедегі жасаған зұлымдығы – о дүниеде өзіне жасаған зұлымдығы. 
 
 
 
 
 
 
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) 
 
Сұрақ: – Ораз аға, өмір деген не? 
 
Жауап: – Өмір... деген сөз – ғарыштағы барлық байлық пен қуаттың және 
тағы басқалардың анықтауышы, осы сөзде барлық даму жолдары шоғырланған. 
Бір  жасаушада,  дәндегі  сияқты  барлық  мүшелер  бар.  Осы  дәнді  егіп,  суарып, 
күтіп-баптап барып жемісін жинаймыз. Тірі жасаушада келешектегі жан иесінің 
дамуы,  өсіп-жетілуі  өз  уақытын  күтіп  бұғып  жатыр.  Өмірдің  ғажайыбы  да, 
құпиясы да, тылсым сыры да осы. 
Бастапқыда – өмір. Тіршілік иелерін бақылаңызшы: олар дүниеге келеді, 
уақыт  өте  келе  санасы  біртіндеп  оянып  қоршаған  ортаны    сезіп,  соған 
байланысты ойланып әрекет ете бастайды. 
Біз  кімбіз?  Тән,  жан  немесе  одан  да  жоғары  бірдемеміз  бе?  Осыны  біз 
білеміз  бе,  немесе  білеміз  деп  қана  ойлаймыз  ба?  Осы  соншалықты  маңызды 
ма? Біз қасіретті өмір сүріп барып өлу үшін тудық па? Неге біз шексіз бақытқа, 
сыңғырлаған  денсаулыққа,  молшылық  пен  байлыққа,  ләзаттануға  т.б. 
құштармыз?  Адамның  бастауы  –  осындай  ойлар  адамды  мазалап,  ақылын 
түртпектей бастаған кезде басталады. 
 
Ақыл мен жан – мен өзім, тән менікі
 
 
 
 
«Мені» мен «менікінің» мағынасы – екі. 
 
 
 
 
«Мен» өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан
 
 
 
 
«Менікі» өлсе өлсін, оған бекі. 
 
 
Абай 
 
Пәншіл  (материалистік)  қоғам  адамның  нақ  өзінің  «менін»  анықтауға, 
зерттеуге,  айқындауға,  зерттеп  білуге  қатаң  тиым  салды.  Оның  орнына 
қымбатты  уақытымызды  тәнімізді  күтуге  шығындаудамыз.  Біз  өзімізді 
«өркениеттің  жетістіктерімен»  қоршап  алдық,  бірақ  бақытты  бола  қойған 
жоқпыз. Адамның осы тұйық шеңберден шығатын жолы бар екенін білген жөн: 
ол рухани ілім. 
Сұрақ: – Ораз аға, негізінен өткен ғасырда еңбек істеген сіз де, мен де, т.б. 
адамдар  да  Құдайға  онша  бет  бұрмадық.  Мына  ғасырда  Құдайсыз  өркениетті 
қалай түсінесіз? 
Жауап:  –  Әсет  бауырым,  Құдайсыз  өркениет  адасқан  сәби  сияқты.  Ата-
анасының бақылауынсыз мына ұшы-қиыры жоқ әлемде жоғалып кетуі мүмкін. 
Жаратушымен  байланысын  үзген  барлық  тіршілік  иелері  судың  ағысымен 
жүзген  балық  секілді,  пәндік  әлем    әр  басқан  қадамына  тосқауыл  мен  қақпан 
қойып  отырады.  Көпшілік  ойлайды,  дін  жолымен  жүру  –  Құдайға  сену  тек 
белгілі  бір  адамдар  тобы  үшін  ғана  деп.  Бірақ  Жаратушының  заңы 
таңдаулыларға  ғана  емес,  бәріне  бірдей  ортақ.  Осы  заңдылыққа  мойын 

 
41 
ұсынсаңыз  зұлымдық  пен  қайырымдылықты  ажырата  аласыз.  Мысалы, 
денсаулық  туралы  қамқорлық  Алматының  Алатау  баурайындағы  орман 
алқаптарын  шауып  құртып  –  көптеген  демалыс  үйлерін,  емханалар,  пионер 
лагерлерін т.б. құрылыстар салуға алып келді. Ал адамның жаны бастапқыдан-
ақ тыныштық пен оңашалыққа ұмтылады. Орман-тоғайдың арасы, таудың үсті 
демалысқа  таптырмайтын  орын.  Табиғат  аясында  адамның  ақыл-ойы 
мамыражай  қалыпқа  түседі,  ойлау  жүйесі  өзгереді.  Демалыс  үйлеріндегі, 
емханаларда  емделу  адамның  ойлау  жүйесіне  әсер  етпейді,  уақытша  ғана 
жеңілдік  әкеледі.  Адам  табиғат  заңдылықтарын  білмей  бассыздықпен  бұза 
бастайды, өзіне бағындырғысы келеді – бұл біздің күнәлі істеріміз. Бүкіл ғарыш 
– 
Жаратушының  тәні,  ал  адам  микрокосмос.  Адамдар  мемлекеттерге  бөлініп 
алған. Біздің тәнімізден ішекті, бүйректі, жүректі және басқада мүшелерді бөліп 
алып тастаңызшы – денемізге қандай «бейберекетсіздік» жасаймыз! Ғарышта да 
осылай. 
Өзара 
келіспеушілік, 
бөлінушіліктің 
кесірінен 
адамзат 
шырғалаңдардың  шырмауына  орала  түсіп,  себеп-салдардың  шылауына  матала 
береді. Рухани ілімді кеңінен насихаттап, таратып меңгергенде, іс-әрекетіміздің 
нәтижесінде ақиқатқа көз жеткізгенде ғана қайырымдылық істер жасалады. 
541.  Есік  алдарыңызды,  қораларыңызды  тазалаңыздар,  көркейтіңіздер,  себебі 
ең сасық жаман көріністер жөйіттердің ауласында болады. 
 
 
 
 
 
 
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) 
 
Сұрақ: – Адамның тәні дегенді қалай түсінеміз? 
 
Жауап:  –  Адамның  денесі  –  ғаламшардың  кішкентай  көшірмесі,  ал 
ғаламшар  –  алып  адам.  Ғарышта  болатын  ағымдар,  біздің  тәнімізде  де  болып 
жатыр.  Ішкі  қуаттың  үйлесімділігі  бұзылғанда  ас  қортылмайды  да  кейбір 
аурулар  бас  көтере  бастайды.  (Осындай  ағымдар  қоршаған  ортада  да  болады. 
Мысалы,  ыластық  пен  кір-қоқыс  –  қандала,  егеуқұйрық,  тышқан  т.б.  өсіп 
өрбуіне  жағдай  туғызады,  ал  олар  жұқпалы  аурулардың  тасымалдаушылары). 
Біз  өзіміздің  бау  бақшамызды  жеп  жатқан  зиянкестерді  жиі  көреміз.  Олармен 
күрес  жөнді  нәтиже  де  бермейтіні  белгілі.  Қоршаған  ортаның,  өз  ішіміздегі 
экологияның,  сананың  былғануы  денемізде  –  іріп-шірітетін,  ауру  әкелетін 
төменгі сатыдағы микроорганизімдер мен  микробтарды көбейте бастайды. 
Әрбір  жан  иесінің  денесі  келеңсіздіктерден  сақтануы  үшін  қорғаушы 
(иммундық)  жүйемен  жабдықталған.  Бұл  жүйе  табиғи  қалыпта  ғана  жақсы 
жұмыс  істейді.  Ғарышта  әрбір  жан  иесіне  тамақ,  су,  жылу,  жарықтан  басқа 
шипалық  заттар  да  берілген.  Көкөністер,  жемістер,  шөптер  жер  бетінің  қай 
түпкірі болса да бар. Жаратушының жаратқан табиғи тағамдары қорғау жүйесін 
шыңдап қана қоймайды, ол сананы тазалаумен бірге ауруларды да жазады. 
Сұрақ: Ораз аға, материалдық әлем деген не?  
Жауап: – Пәндік (материалдық) әлемде мәңгілік ештеңе жоқ. Барлық жан 
иелері туады, тіршілік жасайды, өзі сияқтыларды тудырады да қартайып барып 
өледі.  (Кейбір  рухани  кітаптардың  деректеріне  сүйенсек:  суда  тіршілік  ететін 
жануарлардың 900 мың түрі бар; ағаштар мен өсімдіктердің 2 млн түрі бар; жер 

 
42 
бетіндегі жан иелерінің 400 мың түрі бар екен). Бұл әлемге қосамжарлық яғни 
екі жақтылық тән. Олар: қуаныш пен қайғы, қайырымдылық пен зұлымдық, туу 
мен  өлу,  сүйіспеншілік  пен  жеккөрушілік,  көрінетін  мен  көрінбейтін,  тәндік 
және  руханилық  т.б.  Біздің  мүмкіншілігіміз  шектеулі  болғандықтан  ар 
жағымызда не болып жатқанын біле алмаймыз. 
Сұрақ: – Ақырзаманның болуын қалай түсіндіресіз? Өмір қайтадан пайда 
бола ма? 
Жауап  –  Ұйықтаған  уақытымызда  қай  тұңғиққа  шомамыз,  бізбен  не 
болады,  қайда  болатынымызды  да  білмейміз.  Сол  сияқты  ақырзаман  болғанда 
қайда кететінімізді де білмейміз. Ғарыштың ақырзаманнан кейін қайтадан пайда 
болуы  күн  мен  түннің  алмасуы  тәріздес  ағым.  Ғаламшардың  пайда  болуы  –  
таңертең  оянып,  көрінетін  әлемнің  түс  кезіндегі  қарқынды  іс-әрекеті  мен 
қозғалыстың ымырт жабылғандағы тоқтауы. Ақырзаман болып тіршілік толық 
немесе жартылай жойылғанда барлық жан иелері Жаратушының денесіне сіңеді 
де келесі ғаламшар пайда болғанша білінбеген күйде болады. 
Сұрақ:  –  Ораз  аға,  фәни  әлемде  жан  иелерінің  бірігіп,  топтасып  өмір 
сүруінде не мағына бар? 
Жауап: – Әсет бауырым, фәни әлемде де бірігудің негізгі мақсаты – ләззат 
алу.  Төменгі  әлем  жоғарыдағы  әлеммен  сәйкес  болғандықтан,  жан  иелерi 
ләззаттанып,  өмірдiң  рахатын  көру  үшiн  бұл  әлемде  де  бiрiгедi.  Бұл  – 
материалдық  бiрiгу.  Рухани  әлемде  кiшкентай  жандар  рухани  құндылық 
аясында  бiрiксе,  фәни  әлемде  олар  төменгi  материалдық  қуат  арқылы,  яғни 
материалдық  құндылық  арқылы  бiрiгедi.  Бұл  екi  бiрiгудiң  бір-бірінен 
айырмашылығы  үлкен:  рухани  бiрiгуде  –  шексiз  ләззат  бар,  ал  материалдық 
бiрiгу – басында балдай тәттi болып көрінгенмен, ол уақытша, сондықтан, арты 
уға айналады. Осының мысалын кешегі өткен Кеңес үкіметі тұсындағы колхоз, 
совхоздардан  көруге  болады.  Бұл  –  материалдық  әлемнiң  заңдылығы. 
Материалдық  бiрiгудiң  зардабын  Абай  алтыншы  қара  сөзiнде  былай  деп 
түсiндiредi. 
"Қазақтың  бiр  мақалы:  "өнер  алды  –  бiрлiк,  ырыс  алды  –  тiрлiк"  дейдi. 
Бiрлiк  қандай  елде  болады,  қайтсе  тату  болады  –  бiлмейдi.  Қазақ  ойлайды: 
бiрлiк  ат  ортақ,  ас  ортақ,  киiм  ортақ,  дәулет  ортақ  болса  екен  дейдi.  Олай 
болғанда байлықтан не пайда, кедейлiктен не залал? Ағайын құрымай мал iздеп 
не керек? Жоқ, бiрлiк – ақылға бiрлiк, малға бiрлiк емес. Бiрлiк малға сатылса, 
антұрғандықтың  басы  осы.  Ағайын  алмай  бiрлiк  қылса  керек,  сонда  әркiм 
несiбесiн  Құдайдан  тiлейдi,  әйтпесе  Құдайдан  тiлемейдi,  шаруа  iздемейдi. 
Әуелi  бiрiне-бiрi  пәле  iздейдi.  Не  түсiн,  не  ажарын,  не  өкпесiн  бұлдап,  ол 
болмаса,  бiр  пәле  салып,  қорғалатып,  әйтеуiр  бiрiн-бiрi  алдаудың  амалын 
iздеседi. Мұның қай жерiнен бiрлiк шықты?" 
 
Абайдың  бұл  сөздері  өмірдегі  бірліктің  негізі  неде  екенін  түсінуде  үлкен 
маңызы бар. Ол бiрлiктiң негiзгi мақсаты рухани құндылықта болу керек екенін 
түсіндіреді. Бiрақ фәни өмірдегi бiрлiк екi түрлi болатынын айтады. Бiрiншiсi – 

 
43 
ортақ киiм, ортақ дәулет, яғни мал-дүние арқылы. Мұндай бiрлiктiң бақытынан 
залалы  көп  болады.  Оған  себеп  –  өздерiн  тән  деп  бiлгендiктен,  өзімшілдік 
сезімдерімен адамдар бақытты тән арқылы сезiнуге ұмтылады. Тойымсыз, арсыз 
сезiмдер адамды өзiне тиесiлi несiбеден артық қамтуға итередi. Олар  "Судың да 
сұрауы  бар"  деген  қағиданы  ұмытады.  Әркiм  қолынан  келгенше  түрлi 
қулықтарға  барып,  басқаны  алдап  түсіруге  ұмтылады.  Осылай,  Абай  сөзiмен 
айтқанда,  "Құдайдан  тiлемей"  өз  күштерiмен  табамыз  деп  имандылығын 
жоғалтады. Бiрiне-бiрi пәле iздеп, не түсiн, не ажарын, не өкпесiн бұлдап, пәле 
салып алдаудың амалын iздейдi деп, ойшыл осылай мал арқылы жасаған бiрлiк 
адамға  бақыт  әкелмейтінін,  сонымен  бiрге  адамға  бақыттан  гөрi  зардабы  мол 
болатынын  көрсетедi.  Ол  бiрлiктiң  бұдан  гөрi  жоғары  түрiне  сiлтейдi.  Ол  – 
ақылға, яғни адамды сүйіспеншілікке әкелетін рухани болмыс арқылы болатын 
бiрлiк.  Сонда  әркiм  несiбесiн  Құдайдан  тiлейдi  дейдi.  Осылай  Абай  бабамыз 
бiрлiктiң мақсаты Құдайға жақындату екенiн бiлдiредi.  
Сұрақ: – Ораз аға, сонда адам тек өз ойы арқылы ғана көздеген мақсатына 
жететіні болғаны ма? 
Жауап: – Әсет бауырым, дәп солай. Адам өзінің ойы арқылы болашағын көз 
алдына елестетіп, осы мақсатын іс жүзіне асыра бастаса ол адамның алмайтын 
қамалы болмайды. 
– 
Ораз  аға,  өмірде  өз  ойлағанымен  ғана  жүріп,  жер  жаһанды  селкілдеткен, 
кешегі  Кеңес  Одағының  әскери  теңіз  флотында  қазақ  баласынан  тұңғыш 
«Щука»  сүңгуір  соғыс  кемесінің  командирі    болған,  өзіңіз  жақсы  білетін  2-ші 
рангалы  капитан,  Науалы  балалар  үйінің  түлегі  Ахмадиев  Сабыр  ағаның 
естеліктерін осыған орай мысалға келтіре кетсем деп едім. Қалай қарайсыз? 
– 
Ой,  Әсет  бауырым-ау,  бұл  айтқалы  отырғаның  таптырмайтын  әңгімелер 
ғой,  біз  өткен  аңыздарға  сүйенгенше  осы  болған  оқиғаларды  жастарға  айтып 
бергеніміз  дұрыс  емес  пе?  Сабыр  Ахмедиұлы  екеуміз  бір  ауылда  өстік, 
заманымыз бір құрдаспыз, түсіне білсең біздің де замандастарымыздың айтатын 
ерліктері,  қиыншылықтарды  қалай  жеңгеніміз,  соғыстан  кейін  қайта 
көтерілудегі  сіңірген  еңбектеріміз,  адамгершілік  пен  оқуға,  ғылымға 
талпынысымыздың  өзі  бір  жатқан  тарих  емес  пе!  Осындай  тарихта  болған, 
халық жөнді біле бермейтін замандастарымды неге айтпасқа, неге дәріптемеске! 
 
Ат басына күн туса, 
Ауыздықпен су ішер. 
Ер басына күн туса,  
Етігімен су кешер.  
Қазақ мақал-мәтелдері 
 
Сұрақ: – Сабыр аға, қысқаша өмір баяныңызды айта кетсеңіз? 
Жауап:  –  Әсет  бауырым,  менде  өзің  туған  Науалыда  –  Аққойын, 
Жидебайда туып өстім. Менің әкем Ахмеди сүйегі Тума өте силы, аңшы – сері 
адам болды. Алакөлдің жағалауына аң аулауға барғанда қатты боранға ұрынып: 

 
44 
өкпесіне  суық  тиіп  бір-ақ  күнде  қайтыс  болды.  Жұбайының  артынан  күйігіне 
шыдамай,  жарты  жылдан  кейін  Бәтима  шешем  де  көз  жұмды,  ол  кезде  мен 
тоғыз  жаста  болатынмын.  Мал,  үй-жай  деген  баршылық.  Туыстарымның 
біреуіне  де  көнбей,  Аққойын  қыстауымыздан  төрт  шақырым  жердегі  әкемнің 
досы «полтора Иван» деген орыстың үйіне қашып кеттім. «Полтора Иван» деп 
аталуының  себебі,  өте  қайратты  алып  адам  еді.  Арбамен  жанар-жағар  май 
тасиды.  200  кг  толы  бөшкелерді  қаңбақ  құрлы  көрмейтін  еді.  Өзінің  Салмағы 
200  кг  астам  болатын.  Біздің  үйдің  есігіне  симайды.  Шайды  далада  ішетін. 
Соғыс  жылдарында  екі  өгіз  шаршаса,  оларды  арбаның  артына  байлап  қойып 
жанар-жағар  май  толы  тиелген  арбаны  өзі  дала  қосына  сүйреп  баратын.  Сол 
үйде екі айдай тұрдым. Сонан кейін бір күні сұрады: «қандай жақын туыстарың 
бар?».  Мен  айттым:  «Науалыда  Нүржәмилә  деген  Сағаттың  қызы  нағашы 
апайым бар», – деп. «Полтара Иван» арбасына салып Аксаковкадан Науалыға – 
Қойшыбай  Төлеубеков  деген  ағартушы  болып  қызмет  істейтін  жездеме  алып 
келді. Ол кісі мені Науалыдағы жетім балалар үйіне орналастырды. Ерке өскен 
бала белгілі ғой, осы балалар үйінде өзіммен шамалас балалармен төбелесуден 
көз ашпадым. Онда бұрынғы тұрған балалар жабылады. Осыған шыдай алмай 
жездеме  жылап  бардым.  «Мыналар  мені  өлтіреді»,  –  деп.  Сонан  кейін  мені 
Қойшыбай  жездем  Ұржардағы  интернатқа  ауыстырды.  Ол  кезде  осы 
интернаттың  директоры  иманды  болғыр  Райымбеков  Жүмәділ  деген  жақсы 
адам болатын.  
Жездем Қойшыбай аға  мен Жүмәділ аға екеуі әрі тексеріп-бері тексеріп: 
«Әй өзің арфиметикаға жақсы екенсің, қалған сабақтарды игеріп кетесің», – деп 
еш  қандай  құжаттарым  жоқ  болса  да  қабілетіме  қарап,  екі  жарым  жас  қосып 
бірден  бесінші  классқа  қабылдатты.  Атаманымыз  Жұмабай  деген  соқыр, 
орынбасары Секен Абуталин болды, олар тоғызыншы оқиды, ең кішкенесі мен, 
мойындарына  отырғызып  алып  керемет  еркелететін  болды.  Жетіні  бітіріп 
сегізге көшкенде пансионный интернатқа ауыстырды. Бұның ерекшелігі тұлдыр 
жетімдерді ғана алады.  
Осы жерде өзімнен үлкен балалардың бәрімен төбелесіп шықтым. Қазіргі 
Ұржардағы  демалыс  бағының  жанына  жаңадан  интернат  салды.  Арыстан, 
Тұрғали  деген  жолдастарым  болды.  Осы  жерде  комсомолға  өтуім  үшін  тағы 
жарты  жас  қосып  жазды.  Сонан  интернатқа  комсорг  қылып  сайлады.  Үлкен 
балалар кеткеннен кейін атамандық маған ауысты.  
Ұржарды бұрынғы казак-орыстар басып алған болатын. Қазақтың әсіресе 
– 
қыздарына  күн  көрсетпейді.  Ұлдарды  сабап,  киноға  кіргізбей  ақшаларын 
тартып  алады  екен.  Ұржардың  орта  мектебінің  ақсақ  орыс  комсоргы  болды. 
Орыстардың атаманы сол. Мына қазақ балаларына істеп жүрген қорлықтарына 
шыдай  алмай,  олардың  атаманына  айттым:  «Орыстарыңды  шығар,  мен 
интернатты шығарамын. Шыдасаң екеуміз жекпе-жек шығайық. Төбелесте кім 
жеңеді. Ұржарды сол билейтін болады». Ұржардағы орыс мектебінің алдындағы 
көпірдің  үстінде  кездестік.  Солтүстік  жағында  менің  адамдарым,  оңтүстік 

 
45 
жағына орыстар жиналды. Осының алдында ғана қан-жоса болғанбыз. Олардың 
атаманы  шықты:  «Баста  дедім»  –  үндемейді.  Балалар  үйінде  төбелеске  әбдән 
төселіп  алғанмын.  Көзімді  көзінен  алмай  жетіп  бардым  да,  өзімнің  әдісім  – 
аяғының сирақ сүйегінен теуіп қалдым. Ойбайлап жата кетті, қосымша бастан 
екіні  теуіп  есеңгіретіп  алдым  да,  орыстарына:  «Өлтірмей  тұрғанда  алып 
кетіңдер!»  –  дедім.  Содан  бастап  орыстардың  –  қазақ  қыздары  мен  ұлдарына 
тиісулері  сап  тиылды,  өзім  бүкіл  Ұржардың  атаманы  болып  кеттім. 
Оқырмандарға айта кететінім: Ұлы Отан соғысы жылдары осы Науалы балалар 
үйінде  тәрбиеленген  «Кащей»  –  аты  жөні  есімде  жоқ,  орыс  баласы  танкист 
Совет Одағының батыры болды. Өкінішке орай осы жайт ешқайда айтылмайды. 
Мектепті  толық  аяқтай  алмадым.  Жанымдағы  жастары  үлкен  жігіттерге 
силы  бола  бастадым.  Тоғызыншы  сыныпқа  енді  көшкен  кезде,  әскерге 
шақырды,  сөйтсе  адам  толмай  жатыр  екен.  Шын  жасым  он  бесте  болса  да, 
құжат бойынша он сегіздемін, әй-шәйға қарамай жасы толған жетім  балаларды 
түгел  әскерге  алды.  Бұл  1952  жыл  болатын.  Иван  Бойко  деген  өзіммен  жетім 
балалар үйінде өскен екі бала кеттік.  
Алдымен  Аякөзде,  сонан  кейін  Семейде  медициналық  тексеруден  өттік. 
Тексеру  өте  қатты  болды,  «верталь»–дан  өттік.  Ол  дегеніңіз  қазіргі 
косманавттарды  айландырып  тексеретін  қондырғы.  Денсаулығыңда  аздаған 
кінарат  болса  осындай  тексеруден  кейін  ес-түссіз  талып  қаласың.  Жанымдағы 
Бойко  жарамай  қалды,  сөйтсем  бізді  соғыс  теңіз  флотына  іріктеп  жатыр  екен. 
Семейден  тоғыз  адамды  –  бір  капитан-лейтенант  пен  бір  мичман  поезға 
отырғызып алып, жиырма күн дегенде Владивостокқа жеттік.  
Теңіз  флотының  оқу  орталығына  келдік,  мені  юнга  деп  атады.  Ол  кезде 
соғыстан кейінгі моряктардың көбісінің жастары отызға келгенде ғана үйлеріне 
қайтаратын,  себебі  алмастыратын  адамдар  жоқ  болатын.  Көпшілік  жұмысым 
камбузда картошка аршумен өтті.  Алғашқы мамандығым гидроакустик болды. 
Ол  дегенің  мотордың  дыбысын  ажырата  білуіңмен  ғана  шектелмейді,  судың 
астындағы жүзіп бара жатқан балықты да сезуің керек. Алғашқы кезде көнбей 
мичманнан  шапалақ  жеген  кезім  де  болды.  Бірақ  соларға  әлі  күнге  дейін 
алғысымның шегі жоқ.  Оқу біткеннен Ефимов екеумізді – ол да балалар үйінен 
шыққан,  жетінші флот орналасқан Петропавлск-Камчаткаға жіберді.  Сол кезде 
біздің жасымызды көріп штаб бастығы өзіне алдырды. Менің жазуым өте әдемі 
және  қандай  карта  болмасын  көшірмесін  айнытпай  түсіретінмін.  Ефимов 
екеуміз  де  жазу  ережесінен  сауатты  болдық.  Екеумізді  бірінші  бөлімге  яғни 
құпия  құжаттар  қабылдап  жазатын  жерге  отырғызды.  Бірден  мичман  атағын 
берді,  ал  мичмандар  еңбек  ақы  ақша  алады.  «Әй  дейтін  әже,  қой  дейтін  қожа 
жоқ».  Офицерлердің  демалысына  дейін  Ефимов  екеуміз  шешеміз,  олар  бізге 
жалынады, пара ұсынады.  
Ол кезде жаяу әскер мен теңіз флоты екі бөлек министірлік болатын. Бір 
күні  теңіз  флоты  министірлігінен  екі  орын  келді.  «Жетінші  флоттан  сауатты, 
дайындығы жоғары, үкіметке берілген, үлгілі екі адамды Кроншдаттағы жоғары 

 
46 
теңіз  флотының  оқу  орнына  ұсыныңдар,  емтихан  тапсыруға  Ленинградқа 
жіберіңдер»,  –  деген  нұсқау-құжат  келді.  Осы  құжаттарды  алдымен  біз  ашып 
танысқаннан кейін – штаб бастығына апарымыз, ол кісі қол қойып басқа жаққа 
таратады.  Ефимов  екеуміз  штаб  бастығына  келіп:  «Сіз  бізді  мақтайсыз,  осы 
оқуға  бізді  жіберіңізші»,  –  дедік.  «Ауыздарыңды  жабыңдар,  әйтпесе  уақытша 
қамауға  жіберемін!»,  –  деп  ақырып  қуып  шықты.  Бір-екі  күн  өтті  уақыт  өтіп 
барады.  Сонан  кейін  қолбасшы  адмирал  Кузнецовтың  өзіне  бардық.  Өйткені 
кейбір  құжаттарды  қолбасшының  өз  қолына  ғана  тікелей  апарып 
тапсыратынбыз. Алдында Игорь Ефимов екеуміз келісіп алғанбыз, бірге кіреміз 
деп.  Екеуміз  қосамжарланып  бірге  кірдік.  «Бұл  не,  екеуің  бірге  келгендерің 
қалай?», «Кешіріңіз жолдас адмирал, біздің қолымызда бір құжат бар еді, соны 
сізге көрсетейік деп едік, бірақ бізді штаб бастығы жібермей жүр. Енді сендер 
сияқты адамды қайдан табамын?».  
Жағдайды  айттық,  оқығымыз  келеді  дедік.  Қолма-қол  штаб  бастығын 
шақырып алып: »Екі күн болыпты ғой мына құжаттардың келгеніне, маған неге 
айтпайсың.  Отанын  –  ең  бірінші  теңіз  флотын  сүйетін  жігіттерді  неге 
жібермейсің,  өзің  де  флотты  сүйесің  ғой»,  –  деп  бастығымызға  ұрысты.  «Бір 
күннен кейін барлық керекті құжаттарымен, ақшасымен жіберетін бол!». 
Үш  күннен  кейін  катермен  Владивостокқа  жіберді.  Ол  жерден  поезға 
отырғызып  жіберді.  Ленинградқа  өліп-талып  әзер  жеттік.  Келсек  екі  күн 
емтиханнан қалып қаппыз. Ол кезде Қроншдат жабық қала, тек 1955 жылы ғана 
ашылды.  Училищенің  бастығы  өзіне  шақырып  алды  да,  құжаттарымызды 
тексеріп: «Мына екеуін моншаға апарып жуындырып, киімін жаңалап, таңертең 
әдебиеттен  емтихан  алыңдар»,  –  деген  нұсқау  берді.  Бұл  жерде  ең  бірінші 
шығармадан  емтихан  алады  екен.  Барлық  емтиханды  жақсы  тапсырып 
екеумізде курсант болдық. Бүкіл училищеде екеуміз ғана мичмандық шенімізге 
еңбек ақы аламыз. Бес жыл оқыдық. Өзім оқуды өте жақсы деген ғана бағаларға 
бітіріп шықтым. Бітіргеннен кейін  жетінші флотқа «Щука» сүңгуір қайығына 
тәжірибе  жинауға  жіберілдім  Негізгі  мамандығым  электронщик,  қазақшаласақ 
қазіргі компьютор жүйесінің жоғары дәрежелі маманы.  
Сүңгуір қайығында бір жылдай командирдің көмекшісі болдым, кеменің 
қыр-сырын  түгелдей  меңгеріп  алдым.  Тоғыз  айдан  кейін  сауатты  офицер 
ретінде  бағалағандықтан  «Щука»  сүңгуір  кемесінің  командирі  етіп 
тағайындады. Осы қызметте үш жылдай істедім. Жаттығуларда менің кемем екі 
жыл  бүкіл  флот  бойынша  жеңімпаз  атанып,  үшінші  жылы  екінші  орынды 
иелендім.  Теңіз  флотының  бас  қолбасшысы  адмирал  Кузнецовтың  ерекше 
силайтын командирлерінің бірі болдым. Ол кісі менің еңбегімді бағалай білді, 
соған өмір бойы ризамын. 
Сұрақ:  –  Сабыр  аға,  өзіңіз  осы  сүңгуір  кемеде  қызмет  істеп  жүргенде 
басқа қазақ офицерлері болды ма? 
Жауап: – Жоқ болған жоқ. Ол кезде осындай сүңгуір кемелердің санының 
өзі  де  санаулы  ғана  болатын  және  қару-жарағымыз  да  аса  құпиялы  еді.  Бізде 

 
47 
«құлағы  бар»  торпедалар  болды.  Осы  торпеданың  ерекшелігі  кемеге  бағыттап 
бір километр қашықтықтан атсаңыз болды, сол кеменің артынан қалмай қойып, 
жармай  қоймайды.  Кемедегілер  торпеданы  көріп  тұрады.  Екінші  терморакета. 
Осы  ракетаны  кемеге  450  метр  жақындап  барып  атсаңыз  өшіре  алмайсыз, 
кемені өртемей тынбайды. Осы қарулар ол кезде флоты мықты ағылшындар мен 
американдықтарда болған жоқ.  
Мен  мұнда  жетімдер  үйінде  ғана  тәрбиеленгендіктен  және  матеметика 
мен физикаға деген ерекше қабілетімнің арқасында ғана тап болдым. Біз сүңгуір 
кеменің командирлері тікелей адмирал Кузнецовтың өзіне ғана бағындық. Бұл 
кісі  Ұлы  Отан  соғысының  басынан  аяғына  дейін  соғыс  теңіз  флотының  бас 
қолбасшысы болған адам. Тарихтан да білетін боларсыздар, 1941 жылы Гитлер 
армиясына төтеп беріп қана қоймай, соғыстың алғашқы күндері-ақ немістердің 
соғыс  теңіз  флотын  орасан  зор  шығынға  ұшыратып,  тырп  еткізбеген  да  осы 
адмирал  Кузнецов  болатын.  Адмирал  Кузнецовтың  бір  ерекшелігі  әр  кеменің 
командирін тікелей өзі үйретіп, өзі тәрбиелейтін. 
Ол  кезде  теңіз  флоты  жетінші  және  тоғызыншы  деп  екіге  бөлінетін. 
Екеуіне  де  атақты  адмирал  Кузнецов  қолбасшы  болды.  Осындай  қолбасшы 
Ресейдің соғыс теңіз флотында  бұрын-соңды болмаған, қазір де жоқ! Осындай 
адамның шәкірті, әрі сүйікті командирлерінің бірі болып, қызметтес болғаныма 
Жаратушыға тәуба деймін.  
Сұрақ: – Сабыр аға, сүңгуір қайықта неше офицер болады? 
Жауап:  –  Жаттығуға  барғанда  жоғары  рангалы  тоғыз  офицер,  төменгі 
рангалы төрт офицер болады. Қалған отыз екісі матрос, старшина, боцмен т.б. 
Соғыс жағдайында бір сүңгуір қайықтың ішінде жүзге жуық адам болады. Ал 
атом  сүңгуір  кемесінде  адмиралдың  өзі  ғана  үшеу  болады.  1960...62  жылдары 
Кубадағы  шиеленісте  біздің  сүңгуір  кемелер  ғана  барды,  ал  атом  сүңгуір 
кемелері  жартастардан  өте  алмады.  Біздің  «Щука»  барлық  жерден  судың 
астымен  де,  үстімен  де  өте  береді.  Ені  32  метр,  ұзындығы  91  метр,  биіктігі  6 
метрге жуық.  
Сұрақ:  –  Сабыр  аға,  теңіз  флотының,  әсіресе  сүңгуір  қайықта  қызмет 
етудуің  басқа әскер түрінен ерекшеліктері бар ма? 
Жауап: – Әсет бауырым, ерекшеліктері жер мен көктей, себебі су астында 
жүзетін сүңгуір қайықта қызмет істейтін офицерлердің денсаулықтары ол кезде 
екі-үш    жылға  ғана  шыдайтын.  Өз  басым  сүңгуір  қайықты  екі  жарым  жыл 
басқардым,  сонан  кейін  медициналық  комиссияның  сараптамасы  бойынша 
басқа  қызметке  ауыстым.  Ол  уақытта  су  астында  жүзу  үшін  денсаулығыңа 
қазіргі косманавттарға қойылатын талап сияқты талап қойылады, денсаулығың 
сәл ғана ауытқыса болды, сүңгуір қайықта қызмет істуге жарамай қалып, жағаға 
кетесің. Соғыс жағдайында «Щука» сүңгуір қайығының ауасы бес сағатқа әзер 
жететін. Жай кезде судың астына үш жарым сағатқа ғана сүңгиміз.  

 
48 
Менің  қызметім  негізінен  адам  аяғы  баспайтын  құпия  жер  –  Жаңа  жер 
(Новая земля) аралында өтті. Әскерден босар кезде ғана Мурманск облысының, 
Самскі ауданындағы, Гремихада бір жыл болдым.  
Сұрақ: – Жалпы теңіз флотында қанша жыл қызмет істедіңіз? 
Жауап: – Теңіз флотында офицер болып он жылдам астам қызмет еттім, 
сонан  кейін  денсаулығыма  байланысты  1963  жылы  екінші  рангалы  капитан 
шенінде  әскерден  босап  еліме  келдім.  Қазір  өзім  жетпістен  ассам  да 
денсаулығым  жақсы.  Соғыс  теңіз  флотында  сүңгуір  қайықты  басқару  үшін 
көптеген мамандықтарды игеруге тура келді, осы білімім азаматтық өмірде де 
қажетке жарады. 
– 
Сүңгуір  қайықта  қызмет  істеген  өзін-өзі  силайтын  офицерлер  еш 
уақытта  теңіз  бетінде  жүзетін  соғыс  кемелеріне  не  жағалаудағы  қызметке 
бармайды.  Себебі,  өзін-өзі  және  мамандығын  силамағандық  болады  және 
жазылмаған    осындай  дәстүр  де  бар.  Әйтсе  де,  флотта  теңіз  бетінде  жүзетін 
соғыс  кемелеріне  командир  болуды  ұсынады,  көндіруге  тырысады. 
Офицерлердің  кейбіреулері  жағалауда  не  кемелерде  қызметін  жалғастыруға 
қалады.  Өйткені  су  астындағы  сүңгуір  қайықта  қызмет  істеген  офицерлердің 
білімі мен дайындығы аса жоғары болады. 
 
Нақ  туған  жылым  1935  жыл,  ал  әскерге  1931  жылғы  болып  алындым. 
Қазір бұрынғы Кеңес Одағының «құрметті флот офицерімін».  
Ескерту:  Сабыр  ағамыздың  жұбайы  Ләззат  жеңгей  –  Сәбит  Мұқановтың 
«Мөлдір махаббат» романындағы кейіпкер Бәтестен туады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет