Академик Оразалиевтің үшінші толғауы
Тақырыбы: Менің 20 жылдық ашығу тәжірибем.
143
«Адам тәнінде қарыннан жаман ыдыс жоқ. Бірнеше рет асаған тамақ адамға
жеткілікті. Егер қажет болса, қарынның үштен бірін тамаққа, тағы үштен
бірін суға, қалған үштен бірін тыныс алуға қалдырсын».
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)
Сұрақ: – Рақым аға, өзіңіз де ашығып ораза тұтып жүргеніңізге жиырма
жылдан асты, өз тәжірибеңізбен оқырмандармен бөлісе кетсеңіз?
Жауап: – Әсет Ризаұлы, ертедегі грек философтары өздерінің
шәкірттеріне тамақты тарта ішетін мәзірді бірінші орынға қоюды үйретті.
Эпикур, Сократ, Платон т.б. философтар өздерінің шәкірттерінің тамақ мәзірін
бірінші орынға қойды, осы тамаққа деген қатаң талап, бұлардың тағам
құрамына қандай маңыз бөлгенін көрсетеді. Осы алыптардың даналық сүю ілімі
(философиясы), нешеме ғасырлар өтсе де, әлі күнге маңызын жоғалтқан жоқ.
Лас денеден – лас ойлар және керісінше таза, аурусыз денеден мөлдір ойлар
туындайды. Дене қалай улардан тазаланады, адамға ләззат әкелетін ой өрістің
деңгейі де жоғарлай береді. Адамның жаны әкесінің ұрқы арқылы анасының
жатырына түседі. Осы кезде жан пәнмен (материя) қосылады. Адам баласына
өмір өлшеніп берілген. Адам баласы өзінің қысқа ғұмырында өте мағналы
ғұмыр кешуі мүмкін.
Жәй адам тек қана дұрыс тамақтанбаудан, ауамен судың ластануынан,
химиялық қалдықтар мен тұздан ғана уланбайды, қосымша ішкен дәрілерінен де
уланады. Сондықтан ағзаны ұзақ ашығу арқылы тазалау теория жүзінде жақсы,
ал іс жүзінде жоқ. Мен өз тәжірибемде қысқа мерзімдік ашығуда тамаша
нәтижелерге жетсем де, ұзақ ашығудың да өте сәтті болатынын дәлелдедім.
Аптасына 24-36 сағат ашығу да ағзаны тазалайтынына көзім жетті. Осы кезде
таңғы астан бас тарту жақсы көмектеседі. (жаңа үзіп алынған жемістерді жеуге
болады). Ұзақ өмір сүргісі және өміршеңдігін арттырғысы келген адам, бірнеше
ай табиғи тамақтарды қолдана, өзін 3-4 тәуліктік ашығуға дайындай алады. Төрт
ай бойы, апта сайын 24-36 сағаттан үзбей ашықса, адам 7 тәуліктік аштық
ұстауына болады. Осы аралықта улы заттардың көпшілігі ағзадан шығарып
тасталынады. Алты ай тазаланғаннан кейін, 7 тәуліктік ашығу қарапайым іске
айналады. Алғашқы 7 күндік ашығу ғажайып нәтиже береді, өз өзіңізге таң
қаласыз. Тағы бірнеше айдан кейін, ағзаңыз 10 тәуліктік ашығуға дайын, бұл
кезде сіздің әр жасаушаңыз толық тазаланатын болады.
Сұрақ: – Рақым Алмабекұлы, біздің қазақ «таңғы ас тәңірден» деп
жатады, енді осының мағынасын айта кетіңізші. Сонда таңертең тамақ ішпеуіміз
керек пе?
Жауап: – Адам ояна салысымен, бірден тамақ ішеді. Асқазанның
қалауына сана бағынады, асқазан билеуші болады. Шартты рефлекс бойынша
асқазан әрқашан да таңғы тамақты күтеді. Мен үшін таңғы тамақтың қажеті
жоқ, не болар болмас қана, себебі ағзам түні бойы демалды, қуат жұмсаған жоқ.
Адам неге ұзақ демалыстан кейін асқазанын таңғы аспен толтырып алуы тиіс?
144
Сондықтан тағы қайталаймын: «Сіз тамағыңызды тынымсыз дене қимылын
жасап барып ішуіңіз керек. Таңғы астың қажеті жоқ деуімнің себебі, таңғы асты
жегенде, түні бойы жиналған қуат бекер рәсуә болады. Таңертең сіздің
тәніңіздің, ақылыңыздың, рухыңыздың қуаты өте жоғары деңгейде болуы керек.
Тек осылар ғана, сіздің шабыттық және тәндік жұмыстар атқаруыңызды іске
асырады.
Менің ақиқат сенімім бойынша, бір де бір адамның басқа адамды емдеуге
құқысы жоқ, себебі бұл табиғаттың ісі.
Ашығу мен табиғи тамақтарды, табиғи әдеттерді қолданудың арқасында,
әрбір адам өзінің өмірін сау, салауатты қыла алады. Тазалану – ағзаның өзі ғана
орындай алатын ішкі биологиялық міндет, ашығу арқылы осы жұмыстарды
жандандыра түсесіз. Табиғат үнемі сізді неғұрлым сау, өміршең болуға
итермелейді, сондықтан өзін-өзі тазалау кезінде болатын келеңсіздікте не істеу
керектігін өзі біледі. Табиғаттың жетегіне жүріңіз, сізді еш уақытта орта жолға
тастамайды. Ашығу – аса керемет көмекші. Бастапқыда ашығу бір сұмдық боп
көрінуі мүмкін, себебі ағза үшін мұндай тазалану өзі әдеттенбеген аласапыран
жәйт. Бірақта бастапқы әсермен баға беруге болмайды. Керісінше ауырып
жүрген адамдардың тазалануы қажет, аурудың себебі артық қоқыс пен
қалдықтардың, улардың кенеттен қанға араласып кетуінен. Адамдардың басым
бөлігі ашығу әлсіретіп, жүдетіп жібереді деп ойлайды. Бастапқыда дұрыс
шығар, ал бірнеше тәулік ашықаннан кейін өңіңіз нұрланып, көз жанарыңыз
жалтылдап, қимылыңыз да, денеңіз де жеңілдеп құлпырып шыға келесіз.
Сұрақ: – Күн сәулесінің әсері қалай?
Жауап: – Әрбір шөптің, жүзімнің, бұтаның, гүлдің, жемістердің,
көкөністердің жапырақтары өздерінің өмірлерін күн сәулесінен, оның шуағынан
алады. Егер күн сәулесінің сиқырлы шуағы нұрын төкпесе, біздің жер мәңгілік
қараңғылық тұмшалаған, тіршілік жоқ суық болар еді. Күн бізге тек қана жарық
бермейді, күн қуаты адам қуатына айналады. Күн шуағының көмегімен адам
өзінің өмірін ұзартып, денсаулығын шыңдай алады. Күн сәулесіне шомылмаған
адамдар құп қу болады. Біздің теріміз аздап күнге күюі тиіс. Күн шуағына жиі
шықпайтындықтан көптеген аурулармен аурамыз. Күн сәулесі – бактерияларды
құртатын алапат құрал. Тері күнге неғұрлым күйген сайын, бактерияларды
жоятын қуат соғұрлым шоғырлана береді.
Біз көкөніс пен жемістерді жеген кезімізде, өсімдіктердің қанын сіңіреміз,
себебі өсімдіктер тамақ түріндегі хлорофиллмен күн сәулесіне қаныққан.
Хлорофилл – өсімдікте шоғырланған күн шуағының бір бөлігі және біздің
ағзамыз үшін ең пайдалы, құнарлы азық. Жасыл өсімдіктер күн шуағын
шоғырландыратын құпияға ие, осыны тірі жан иелеріне және адамзатқа береді.
Сіз өз денеңізді күнге күйдіріп, тамағыңыздың 60 пайызы көкеніс пен
жемістерден құралса, әлбетте, керемет денсаулықтың иегерісіз. Бірақта ағза осы
тірі дәрілерді біртіндеп қабылдауы керек, күн сәулесіне ашығып қалған дене
бірден мол мөлшерде қабылдай алмауы мүмкін. Күн шуағына шомылуды
145
біртіндеп бастаңыз, күнге қыздырынатын жақсы мезгіл таңертең ертемен.
Бастапқыда 5-10 минуттан бастаңыз. Әрине, түс ауа да күн сәулесін қабылдауға
болады. Бірақта ең пайдалысы таңертең ертемен күнге қыздырыну. Сағат 11-12
арасында күн сәулесінің қызған шағы, құрамында күн радиациясының мөлшері
көп болуы мүмкін.
Шикі көкөніс пен жемістерге де біртіндеп көшу қажет. Пісірілген тамаққа
үйренген адам, бірден шикі көкөніс пен жемістерге көшсе келеңсіз әсер болуы
мүмкін. Сондықтан қалыпты мәзіріңізге, күн мәзірін біртіндеп қосқаныңыз
дұрыс болады. Іштен және сырттан артық мөлшерде алған күн қуаты жаман
әсер етеді, қайткенде де біртіндеп бастаңыз.
Осы жылдарда, денем тұрақты түрде күн сәулесін алып тұруын үзбей
мұқият қадағалап отырдым. Бұлар менің денсаулығымды сақтап қалды.
Сондықтан мен күнге табынамын. Осы себепті еліміздегі күн шуағы мол,
Алматы қаласының жанында Алмалыбақта тұрамын.
Таудағы биікте өзімнің меншік жерім бар. Осы жерде күн шуағына
шомыламын. Мен суға шомылуды жақсы көремін, сондықтан қыс болсын, жаз
болсын суық суға шомыламын.
Мен сіздің ашығу мерзіміңізді 10 тәулікпен шектегім келмейді. Арасы 3
айдан, 6 он тәуліктік ашығу өткізбей, 10 тәуліктен артық ашығуға кеңес
бермеймін. Осындай қорыңыз болса, 15 тәулік ашығуыңызға болады. Осылай
ашығу арқылы, сіз ағзаңызды тамаша тазалай аласыз. Сіз, не болатынын білесіз.
Егер осыдан кейін 21-30 тәулік ашыққыңыз келсе, қалай өткізу керек екенін
білесіз.
Маған келетін болсақ, апта сайынғы 24-36 сағат және жылына 4 қабат
7-
10 тәуліктік ашығу мен үшін жеткілікті. Мен аптасына 12 рет қана
тамақтанам, кей кезде онан да аз, егер құрсағым қатты ашпаса тамақ ішпеймін.
Тағы ескертейін, ашығу ілім. Сондықтан да, ғажайып күтемін деп өзіңізді ұзақ
ашығуға аса қысамаңыз. Тәжрибелі маманның кеңесіне құлақ асыңыз. Маман
қысқа мерзім ашыққаның да пайдалы екенін мақұлдайды. Сізді апта сайынғы
24-
36 сағаттық және әр тоқсандағы 7-10 тәуліктік ашығуыңыз, сізді ұзақ
мерзімге ашығуыңызды дайындайды.
Сұрақ: – Раха, өзіңіздің ашығу теорияңызды қысқаша айта кетсеңіз?
Жауап: – Менің ашығу туралы теориям төменде көрсетілгендей. Алдымен
адамның табиғатымен санасу керек, біздің әрқайсымызда жүрексүну көп. Егер
ашығу мерзімі аз болса, адамдардың көпшілігі ашығуды ұстанатынына мен
сенімдімін. Көпшілігі 24-36 сағаттық ашығуды ықыласымен ұстайды, өзін
жақсы сезіне бастағанына көзі жеткеннен кейін, 3 тәуліктік ашығуды жүзеге
асырады, себебі өзіне сенімі артады. Келесі қадамы 7-10 тәулік ашығу. Менің
көптеген шәкірттерім, 10 тәуліктік ашығуды талай қайталап, 15 ал кейбіреулері
21 тәулік ойдағыдай ашығып жүр. Олар 24 сағаттық ашығудан бастап, біртіндеп
ұзақ мерзім ашығуда. Неғұрлым мол тәжірибе жинасаң, ашығуға деген сеніміңіз
беки түседі. Егер бұрын ашығып көрмесеңіз 24-36 сағаттық ашығудан бастаңыз.
146
Сонда ашығудың ғажайып әсерін өзіңіз көресіз. Сіз қысқа мерзімде де ашығып,
ағзаңызды толық тазалай аласыз. Есіңізде болсын, неғұрлым жиі ашыққан
сайын ағзаңыз тазарғанның үстіне тазарып, оң нәтижесі шоғырлана береді,
ашығу арасында салауатты өмір салтын ұстаныңыз.
Сұрақ: – Ашығу сізге қалай әсер етеді?
Жауап: – Мен достарыммен, шәкіртеріммен бірге ашығу арқылы алатын
зор жақсылықты мойындап, сеземін. Мен апта сайын 24-36 сағат үзбей
ашығамын. Сондай-ақ, жыл бойы 4 қабат. Ұзақ жылдар бойы осы кестені
сақтаймын, өзімді аса жоғары деңгейде ұстаймын, мен бейне бір жан біткен
динамо – машина сияқтымын. Менің күнім, кейбір адамдардың жылынан тығыз.
Менде жұмыс пен ізденіске деген өлшеусіз қуат бар. Мен ешқашан да
шаршамаймын, маужырамаймын. Мен әркез рухани және денелік
тынымсызбын. Маған Қазақстанды және алыс, жақын шет елдерді аралап
көптеген лекциялар оқуыма, жазу жазуыма т.б. міндеттерді орындауыма тура
келеді. Осының бәріне уақытым де, күшім де жетеді.
Сұрақ: – Бос уақытыңызды қалай өткізесіз?
Жауап: – Барлық бос уақытымды өзіммен құрдас сияқты араласып
сөйлесетін, тәні де, жаны да жас балалар мен немерелерім мен шәкірттерім және
достарыммен тау ішінде өткіземін. Ерте қартайған адамдардан ауаша жүремін,
себебі маған жаман әсер етеді. Олар өздерін ұзақ уақыт бойы, қартайып біткен
адамбыз деп иландырып алып, нәтижесінде осыдан қартайып кеткен адамдар.
Осылардың көпшілігі, осыдан 30 жыл бұрын рухани өліп қалған адамдар,
жерлеуімізге шығын шығармайық деп, жер бетінде текке жүр. Мен спортты,
теннисті, малтуды, жүгіруді, тауға шығуды ұнатамын. Сіздің денеңіз ашығумен
тазаланғаннан кейін, өзіңізді әрқашанда керемет сезінесіз, табиғи қалыпта өмір
сүретін боласыз. Табиғат адамды бақытты болу үшін жаратты, оны мамыражай
етіп, қорқыныштан, келеңсіздіктен, езілуден азат еткен.
Сұрақ: – Өзіңіздің ашығу бағдарламаңыздың кестесі қалай?
Жауап: – Мен өзімнің ашығу бағдарламама сенемін. Осының пайдалы
әсерін, мен, менің жан ұям, достарым және шәкірттерім көрді. Менің
бағдарламама апта сайынғы және жылына ұзақ мерзімге ұстайтын 4 қабат
ашығу кіреді. Әр жылдың басында, өзімнің ашығуыма ыңғайлы 7-10 күн
ашығатын күндерімді белгілеп аламын. Неге 7-10 күн деп айтамын? Менің 7
тәулік ашығуымның себебі, осы уақыт өзімнің ағзамның толық тазаруына
жеткілікті екенін сеземін.
Мен ашығумен шұғылданып жүргеніме сонша болды, оның маған тиігізетін
әсеріне өте сезімталмын. Қай мезетте ашығуды тоқтату керектігін, ішкі сезім
даусы өзі айтады. Әдетте ашығуды қаңтардың басынан бастаймын. Кей кезде 7-
8 не 9-10 тәулік ұстаймын. Келесі ашығуымды ерте көктемге белгілеймін.
Менің көктемгі ашығуым 10 күн, себебі қыстан шыққан «өз үйімді толықтай
тазалап алуым керек». Мен қапырық бөлмелерде жиі лекциялар оқуға
мәжбүрмін. Өкінішке орай, көпшілігі салқынға үйренбегендіктен отырған
147
орындарын желдетуден қашқақтайды. Сондықтан маған қазіргі заманның
балалары үйренген, қапырық залдарда болуыма тура келеді.
Сұрақ: – Ашығу адам ағзасын қалай шыңдайды?
Жауап: – Ашығудың адам ағзасын тазалайтыны соншалық, барлық
жүйенің жұмыс жасауы күшейіп, ағзаның жылу реттеу жүйесі керемет болады.
Мысалы, мен қаңтар айында жайма-шуақ Алматы қаласынан, Астана қаласына
–
күннің суықтығы минус 25-35 градус аязда барамын. Үзбей ашығудың және
дұрыс тамақтануымның арқасында менің ағзам, шыңылтыр аязға тез
бейімделеді. Мен осы жердің тұрғындарымен салыстырғанда, ауа райының
қолайсыздығына шыдамдымын.
Ауа райына бейімделушілік, ашығу кезінде ағзадан уларды шығарып,
өмірлік күшті қалпына келтірген кезде болатын ғажайыптардың біреуі ғана.
Өзім айтқандай, ауа райы суық қалаларға келгенімде, олардың бөлмелері мен
залдары ыстық, желдетілмеген. Ондағы ауа адамдардың дем алу нәтижесінде
көмір қышқыл газымен қанықтырылған, міне осыған байланысты көктемгі
ашығудың мен үшін маңызы зор. 10 тәуліктің ішінде, мен өз ағзамды қыс бойы
жиналған улы, зиянды заттар қалдықтарынан тазалаймын.
Үшінші ашығу уақыты жаз айлары шілде мен тамызда өтеді. Бұл ашығу
жеңіл өтеді, себебі жазда атыздан тікелей жаңа үзіп алыңған жемістер мен
көкеністерді қалауымша жей аламын. Осы ашығудан, басқа ашығулармен
салыстырғанда ләзатті көп аламын. Осы мезетте де бұрынғыдай тынымсызбын,
рухани жігерлімін.
Менің күзгі ашығуым қазан айының аяғы, қараша айының басына келеді.
Ашығудың пайдалы әсері жинақтала беретінін айтқанмын. Көз алдыңызға
елестетіңізші, жалпы жиыны 75 тәулік тамақ ішпей, ас қорту жүйеме қандай
физиологиялық демалыс беретінімді. Бауырым, өтім, гормондық жүйем толық
демалады. Инсулин бөлетін бездерім дем алып, асқазанымның тамақты жақсы
қортатын сөлі мол мөлшерде бөлінеді. Аузымдағы сілекей көбейеді. Аузыңызда
тәтті дәм болып, демалысыңыз тазара түседі. Көп ашыққан сайын, сізден жаман
истің шығуы азаяды.
Сұрақ: – Ашығудың әсерін қай мүше арқылы байқауға болады?
Жауап: – Сіздің тіліңіз сиқырлы айна. Сіздің тіліңіз арқылы, ағзаңыз бен
жасаушаларыңызда қанша мөлшерде улы заттардың шоғырланғанын білуге
болады. Тіл асқазан мен бүкіл шығару жүйесінің айнасы. Сіздің ағзаңызда
өңешіңізден тік ішегіңізге дейін созылған он метірлік арна бар. Осы арада ылғал
мен жылу жиналады. Біз жеген тамақтың барлығы осы арна арқылы өтеді. Осы
аралықты өту үшін, әртүрлі тамаққа әртүрлі уақыт керек. Осы күні көптеген
адамдар рафинадталған, ауыр, қышқылдандыратын тамақ ішеді. Олар мол
мөлшерде ақ ұнды, рафинадталған қантты, қанықтырылған майды жейді.
Ішектен тез өту үшін, осы өркенниетті деген тағамдарда қалыпты ылғалдық,
түтілгіштік, тығыздық болмайды. Мен есептеймін, көптеген ауруды қоздырушы
себепкер болып қалушы бар, ол тік ішектің бекітілуі (запор). Осыны әртүрлі
148
себептермен түсіндіреді, менің көзқарасымша, ішкен тамақ пен шыққан дәрет
арасында тепе-теңдік болмаса, тік ішек бекітіледі. Бұл көптеген аурулардың
бастамасы.
Сұрақ: – Қазіргі кезде қалай тамақтанамыз? Осының әсері бар ма?
Жауап: – Қазіргі кезде, адамдар қай уақытта болмасын қанша ішсем де, не
жесем де зияны жоқ деп есептеуге әдеттенген. Бізді, қуатты болу үшін деп
таңертең тоя ішуге, іле шала екінші таңғы тамақ, түскі ас, түстен кейін кофе,
кешке лықа тою, сонан соң теледидар көріп, тура ұйықтардың алдында тамақ
ішуге үйретті. Осыған майлы балмұздақ араластырылған тұздалған жаңғақты
қосыңыз. Бұл дегеніңіз, тамақ қорту ағымы тәулігіне 6 қабаттан астам жүреді.
Сұрақ: – Дәретке отырудың қандай ерекшеліктері, қаупі бар?
Жауап: – Егер таңертең күніне бір қабат қана үлкен дәретке отырса,
шығару жүйесіне қауіп жоқ деп есептейді. Өздері тықпаштап жеген тамақ
қалдықтарынан арылу үшін бұл жеткіліксіз. Нәтижесінде, тамақ қалдықтары
ішекте қалады да ферменттік, бактериялық өзгерістерге ұшырап шіріп, ауыр
ауруларға тап қылады. Дені сау, ішегі қалыпты жұмыс жасайтын адамның үлкен
дәреті тамақ ішкеннен кейін 2 сағаттың аралығында келу керек.
Адам ағзасы өте сенімді, мықты, ол тамақпен келген артық зиянды
заттардан құтыла алады. Бірақта адамдарды дұрыс тамақтанбайсың, күніне бір
қабат үлкен дәретке отыру жеткіліксіз, тік ішегіңіз бекітілген, осының арты
жамандыққа апарады деп сендіру қиын. Осыларды алдын ала ескертетін бір
белгі бар, ол ішегімізде қанша улы заттардың божып жатқанын тура айтатын –
тілің.
Егер 2-3 тәулік таза сумен ашықсаңыз «сиқырлы айна»: тілің – ағзаңызға
қандай қатер төніп тұрғанын айтып береді. Тілді жаман иіс бөлетін, ақ
қоймалжың улы зат басып алады. Ақтаңдақты сыпырып алып тастаңыз, бірнеше
сағаттан кейін қайта пайда болады. Бұл ағзаңыздағы улы заттардың,
қалдықтардың, маңқаның бүкіл ағзаның клеткаларына шоғырланып жиналған
тура көрсеткіші, осылар ашыққан кезде асқазанның, ішектің т.б. мүшелердің
ішкі бетінен бөлініп шығады.
Қалыпты кезде саумын деп жүрген адам, өзінің ішінде улы заттардың мол
мөлшерде екенін білгенде сенгісі келмейді. Менің пікірімше, көптеген
аурулардың себебі, ас жүретін ішектің бекітілуінде, тіпті дем алатын мүшенің
қан тамырлары аурса да. Зиянды қалдықтар ішекпен сорылып алынып, ағзаның
барлық жүйесін улайды.
Сұрақ: – Адам өзінің уланғанын білуіне бола ма?
Жауап: –Табиғат ағзада мол мөлшерде улы заттардың барын, ашыққан
кезде тілдің бетін ақтаңдақ қоймалжыңмен жауып көрсетеді. Өмірлік маңызы
бар бүйрек, бауыр бездерінің құрлысы сорғышты еске түсіреді. Тесіктері толып
тұрған сорғышты көз алдыңызға елестетіңізші. Мен өз өмірімде ашығудың
талай жайын бақыладым. Қазіргі қалыпты тамақты жеп, адамдардың қаншама
улы заттарды ағзасына шоғырландырып жатқанын білемін. Адамға суық тиді
149
делік. Ол тоқталып ойлануы керек, неге танауы мен тамағы арқылы көп маңқа
мен сұйық бөлініп жатыр. Ал адамның ағзасы өкпедегі, бүйректегі, өттегі
жиналған улардан тазалануға мәжбүр, өзіндік қиыншылықтан осылай құтылуда.
Егер өзіңіз жайлы кеңірек білгіңіз келсе, мұқият тіліңізді тексеруден
бастаңыз. Тіл – дененің әр мүшесінің ауру не сау екенін көрсететін мүше.
«Сиқырлы айна» сізді ғажап денсаулыққа жетелейтін жұлдызыңыз. Неғұрлым
дұрыс ашығып, дұрыс тамақтансаңыз соғұрлым тіліңіз тазара береді. Таза тіл –
сіздің аурмайтын, шаршамайтын, қартаймайтын өмірге бет бұрғандығыңыздың
белгісі.
Сұрақ: – Ашыққысы келетін адамға қандай кеңес берер едіңіз?
Жауап: – «Менің ашыққым келеді, себебі ғажап өзгерістер болатынына
сенемін, бірақта алғашқы үш күнде адамды қинайтын азабына шыдай
алмағандықтан ашыға алмаймын». Осыны ашығудың кереметі жайында елге
айтқанымда талай рет естідім. Бұндай адамдарға берер кеңесім: «Тістеніп
алыңыз да күліңіз». «Мен ашығып көрейін деп едім, әлсіреп өзімді нашар
сезінгенім соншалық, қайта тамақ ішіп қойдым». Осындай пікірлерді жиі
естимін. Мен осы кітапта, алдыңғы 1-ші «Жасару құпиясы» кітабында да ашығу
жеңіл өтеді деп бір де, бір рет айтқан жоқпын.
Тамақ біздің өміріміздің маңызды бөлігіне айналғаны соншалық, егер адамға
тамақ бермей қойып ашықтырса, тәндік және жүйкелік ауыртпашылыққа
ұшырайды. Ашығудың кең өріс алмауының басты себебі осында. Адамдар
әдеттерінің құлы.
Адам кәріліктен өлмейді, неге десеңіз кәрілікке тән ауру болмайды. Көптеген
аурулар жас, кәрі деп таңдап жатпайды. Осы аурулардың басым бөлігі ағзада
улы заттардың мөлшерден тыс шоғырланып жиналуынан болады. Ашығумен
және табиғи тамақтанумен өз ағзаңызды таза ұстаңыз. Сіздің тіліңіз бен кіші
дәретіңіз ішкі тазалығыңыздың жолын көрсетеді. Ашығу барысында тіліңіз бен
кіші дәретіңізді мұқият қадағалап отырыңыз.
Жеу үшін өмір сүрмеу керек, өмір сүру үшін жеу керек. Тамақ көп болған сайын,
ауру да көбейеді.
Бенджамин Франклин
Сұрақ: – Тамақты жөнсіз ішіп-жей берсе не болады?
Жауап: –Тамақ адамзат үшін алғыс та, қарғыс та болуы мүмкін. Артық
жеген тамақ адам ағзасына көптеген зиян келтіреді. Бір күні ас қорту жүйесінің
артық жұмыс істеуден бас тартатын күні туады. Бұның салдары өте қатерлі
болуы мүмкін. Ас қорту жүйесінің ауруы – қазіргі заман адамының қасіреті.
Ішектің бекітілуі осы аурулардың тізімін бастайды. Адам ішегінің ішінде
жиналған улы қалдықтарды тазалауға тырысып, тонналаған ұнтақ дәрілер т.б.
сатып алуда. Өркениетті осы заманның адамы, қарнын қабақтай қылып
толтырып алғандықтан, ас қортылмайды және уақтылы шығарылмайды. Бұл
ескі автокөліктің жылдамдығын арттырам деумен тең. Ішектің бітелуі көптеген
150
аурулардың басты себепкері екені дау тудырмасы анық. Осыған бір дәлел,
кішкене тәжірибе жасап көріңіз. Түскі тамаққа жейтініңізді түгел дайындаңыз,
бірақ жемеңіз, ыдысқа салып 38 градус жылылықтағы суға салып қойыңыз
(ішектің ішіндегі жылулыққа сәйкес). Жылудың тұрақты болуын қадағалаңыз.
Енді 8 сағат өткеннен кейін не болатынын байқаңыз. Бірінші байқайтыныңыз
ауыр, жаман иіс. Сонан кейін тамақ божып, газ бөле бастайды. Газ қысымы
адамға талай келеңсіздік әкеледі. Диафрагманны қысып, жүректің қысылуын
т.б. жайсыздықтар жасайды. Ағзада осы божып жатқан быламықтан улар үзбей
бөлініп, басты және басқа мүшелерді ауртады. Жәй бактерологияның
анықтағанындай, бактерияның көбеюіне тік ішекте қортылмай қалған тамақтан
жақсы орта жоқ. Сөйтіп, біз өз ағзамызда , өзімізге қасірет әкелетін, сан жетпес
жауды өсіріп өрбітіп отырмыз.
Егер суық тиіп жиі ауырсаңыз, осы аурудың қоздырғыштарын өсіретін,
тіршілік ететін ортасына айланған – ішектің бітелуі. Зиянды тамақтарды көп
жегенде пайда болатын улардан денеңіздегі ең маңызды мүше – бауыр зардап
шегеді. Бауырдың ағза үшін маңыздылығын, әркім білуге тиіс. Бауыр көптеген
қызметтер атқаратын химиялық лаборатория. Ол тек өт сөлін ғана бөлмейді,
сондай-ақ ағзаның негізгі тазалағышы. Бауыр мен ішек, ас қорту ағымындағы
әріптестер. Егер әріптесінің біреуі пәлеге ұшыраса, екіншісі көмекке келеді.
Осы жиі қайталанса, ағза талқандалады. Бауыр мен ішек жолдарының қызметі
бұзылса, адам ауыр халге ұшырайды. Міне неліктен, ішек бітелгенде бауыр
аурып, басқа мүшелердің де сау болмайтыны сондықтан.
Сұрақ: – Тазалану үшін тамақтан бас тартқанда, ішпегенде не болады?
Жауап: – Ағзаңызды тазалау үшін ашығуға кіргеніңізде, тамақтан бас
тарту қолайсыз болатыны айтпаса да түсінікті. Сіз ашыққан кезде, ағзаның
өмірлік күші шоғырланған зиянды қалдықтарды аластатып, зат алмасу ағымына
қосады, соңынан залалсыздандырады. Осы улы заттар шыққан кезде, сіз
өзіңіздің жеңілдеп, бұрынғыдан жақсарып қалғаныңызды сезесіз. Ашығу
барысында жағдай күнделікті өзгеріп тұрады. Ағза өзінен көп мөлшерде уларды
қуып жатқан уақытта өзіңізді жайсыз сезінесіз. 3 тәуліктік ашығуға қарағанда, 7
тәулік ашығудан кейін өзіңізді тіпті жақсы сезінетініңізді біліп алыңыз. Себебі,
қанша бейнет әкелген улардан арылдыңыз. 10 тәуліктік ашығудың соңғы
күндері өзіңізді бастапқыдан жақсы сезінесіз. Ағза тазарған сайын соншалықты
өмірлік күш қосылады. Сондықтан да, ашығудың басында ағзаның тазалану
барысында болатын барлық жайсыздықтарды тістеніп алып, күліп қарсы
алыңыз, осыған шыдаңыз. Қалай тазаланасыз, солай өзіңізді күштірек
сезінетініңізді білесіз.
Ашығудың мақсаты – бүкіл ағзаны сауықтыру және қайта құру мен қайтадан
жаңалау. Жаңалау ішкі биологиялық қызмет. Ашығу ағзаға физиологиялық
демалыс береді және сауығу ағымының жүруіне себепкер болады. Ашығу терең
біліммен қамтамасыз етілгенде немесе дұрыс бақылауға алынғанда – ауруды
білмейтін денсаулыққа жетелейтін ең қауіпсіз жол.
151
Ашығу барысында, ағзаның бүкіл өмірлік күші тазалану мен сауықтырылуға
жұмсалады. Біз, ашығу іліміне бүкіл өмірін арнағандар және көптеген
ашығуларды басымыздан өткізгендер, толық ашығу кезеңінде ағзаның ғажайып
жасайтынын білеміз. Ол ағзаның ішкі мүшелерінің жұмыс істеуіне ерекше
қабілет береді.
Өткен уақыттың пайғамбарлары рухани емделу үшін ашығуға жүгінген.
Олар ашығудың ақылды ұшқырлап, ойлау қабілетін арттыратынын білген.
Ашығу біз дұрыс қолданбайтын ас қорту мүшелерінің және бүйректің
жұмыстарын жетілдіреді. Бүйрек ашығу барысында біртіндеп өзгере беріп,
жұмыстарын жақсартады. Бүкіл сезім мүшелері қалпына келіп, қызмет істеу
қабілеттері жоғары деңгейге жетіле түседі. Осыдан басқа денсаулықты түзейтін
бір де бір әдіс, ағзаға осындай көп жақсы өзгерістер әкелмейді. Ашығудан кейін
қан айналымы жақсарып, өмірлік күш көбейеді, ас жақсы қортылады,
шыдамдылық пен күш арта түседі. Ашығудан кейін ерік жігеріңіздің өсетіні
сонша, санаңыз тәніңізді толық бағындырып, бақылауға алады.
Осы кітаптың негізгі ойы, сізді неғұрлым табиғи өмір сүруге шақыру.
Тамақтануда, демалғанда, ұйықтағанда және өмірдің қарапайым әдеттерінде
табиғатқа неғұрлым жақын болуға тырысыңыз. Табиғаттың қалауы бойынша
өмір сүре бастаңыз, сіз шексіздіктің бір бөлшегісіз. Тағдырыңызды табиғаттың
қолына тапсырыңыз, оған сеніңіз. Егер сіз қала тұрғыны болсаңыз, қаланың
сыртына немесе теңіз жағасына барып нақтылы демалыңыз, мамыражай
қалыпқа түсіп, өзіңізді тәртіпке келтіріңіз.
Мен сізге мына ережелерді басшылыққа алуыңызды нұсқаймын. Бірінші –
бақытты болу, деніңіздің сау болуы тікелей өзіңізге ғана байланысты. Егер өз
ағзаңызға қуат жинайтын уақтылы демалыс бермесеңіз, сіздің ағзаңыз сау
болмайды. Екінші – сіз өз ағзаңызға қамқорлықпен мұқият қарап отыруыңыз
керек. Үшіншіден – жасымыз ұлғайған сайын, табиғатқа жақындағанның үстіне
жақындай түсуіміз керек. Қоздыратын іс әрекеттердің орнына, тыныштық пен
бейбітшілікке ұмтылуымыз керек. Қарапайым да таза өмір сүре сіз сәби сияқты
сау боласыз. Ашығу – ішкі рухани тазалыққа апаратын жол.
Сұрақ: – Қандай мерзімге ашығуға болады?
Жауап: – Қандай мерзімдегі ашығу жақсы нәтиже беретіні жайлы
мамандардың өз араларында әр түрлі көзқарастар бар. Англияда ең жақсы 30
тәулік аштық ұстау деп есептейді. Сондықтан ағылшындардың емханаларында
30 күндік ашығу қолданылады. Ағылшын дәрігерлерінің көмегімен, ашығушы
адам төсекте ғана жатады, тұруға бірнеше минут қана рұқсат етіледі.
Германияда ашығу 21 тәулік. Франция 14 тәуліктік ашығуды қолдайды.
Америкада 30 тәуліктік ашығуды жақтайды. Ең қуанышты жағдай осы ашығу
орталығы өзіміздің Шымкент қаласында да бар екен, соңғы кезде білдім. Осы
ашығып ораза тұтумен емдеу орталығын Оңтүстік Қазақстан өңіріне белгілі
азамат Шалқар Әбішұлы Қыстаубайтегі деген азамат 1992 жылы өз қаражатына
ашыпты.
152
Орта Азия мен Қазақстанда тұңғыш рет Шымкент қаласында ашығу
арқылы емдеу орталығының негізін қалаған – ақын, ҚР Жазушылар мен
Журналистер одақтарының мүшесі, облыстық мәслихаттың депутаты
«
Аштықпен емдеу орталығы»-ның директоры Шалқар Әбішұлы
Қыстаубайтегінің бірінші толғауы.
Тақырыбы: Жалпы ашығу дегеніміз не? Бұл әдістің ерекшелігі неде? Қандай
пайдасы бар? Біздің тәнімізге, жанымызға, рухымызға беретін әсері бар ма?
Поль Брэгг деген кім? Оның ілімінің ерекшелігі неде?
Аштан өлмейсің,
Астан өлесің! Шалқар Әбішұлы
Академик Оразалиев, теолог – философ ғалым Омаров үшеуіміз жазған
«Жасару құпиясы» кітабымызды Шымкент қаласына ғана емес, бүкіл оңтүстік
Қазақстан өңіріне белгілі ақын, жазушы, кәсіпкер, облыстық мәслихаттың
депутаты «Аштықпен емдеу орталығы»-ның директоры Шалқар Әбішұлы деген
азамат оқып шығып, академик Рақым Алмабекұлы екеумізді арнайы
шақыртыпты. Біз Шымкент қаласында «Аштықпен емдеу орталығы» барын
естіп білген емеспіз. Көктен іздегеніміз жерден табылып, керемет разы болып
қайттық. 10 күн ашығып емделген науқастардың осы аралықта қалай жазылып
кеткендерін, олардың Шалқар Әбішұлына деген шексіз алғыстарын, баталарын
көзімізбен көріп, құлағымызбен естідік, осы азаматтың нағыз «елі үшін еңіреп
туған ер екеніне» сүйсіндік! Осы жақта бір жұмадай болдық, академик ағамыз
лекциялар оқып, облыстық теледидар арнасынан сөйледі. Шалқар бауырымен
төс қағысып достасты. Осы іс сапарда: оңтүстік батыс ауыл шаруашылық
ғылми-өндірістік орталығының директоры, АШ ғылымдарының докторы,
профессор, ғылым, техника және білім беру салалары бойынша Мемлекеттік
силықтың Лауреаты Әбдірахман Молданазарұлы Омбаев үнемі бірге болып –
акадамик ағамызға деген ізеттілік ілтипатын білдіріп жүрді. Шымкенттен 2006
жылы, 12 қараша күні Алматыға оралдық.
Жаратушы өзі жаратқан пендесіне көңілі түссе келбетті де, талантты да,
адамгершілік қасиеттерді де – адам баласының басына үйіп-төгіп бере салатын,
аса сирек кездесетін құбылыстары болады.....
...Шалќар ағамыздың термелері өз басындаѓы өмірбаяндыќ өткелдердіњ
наќты мысалына ќ±рылѓан. Шалќар Єбіш±лы бетпе-бет келіп сыр тартќанда
өзі туралы өзеуреп сөйлеудіњ, өткен өмірі туралы өкініштерін айтып,
таѓдырына өкпелейтін жандардыњ ќатарынан емес. М‰мкін оѓан өзегін өрт
болып ќапќан балалыќ бал дєуренініњ өте ауыр жаѓдайда – жетімдік
ќасыретінде өтуі себеп болѓан да шыѓар деп ойладым. ¤зі айтпаса да,
жырлары жария ќылѓанындай, ол – бір жасында єкеден жетім ќалыпты. Ес
біліп, етек жапќанда алдындаѓы аѓасы мен єпкесі ќабат өліп, жалѓыздыќтыњ
зарын тартыпты. Ауру анасы мен ќыры кеткен кедейлік зілі жылдар бойы
153
ењсесін езіпті. Біраќ, осы ауырлыќтыњ бєрі жетім көњілін ќатайтып, жылы
ж‰регін тасќа айналдыра алмапты. Жаралы жаныныњ жабыќќан к‰йін ер
жасы елуге жеткенде еліне терме ќылып тарту етіпті. Онда да
жалѓыздыѓын шаѓыну ‰шін емес, өмірден т‰йгенін өскелењ ±рпаќќа мысал
ету ‰шін, жан-жаѓы толып т±рса да, заманы болып т±рса да – жолынан
адасќандарды жөнге салу ‰шін жазыпты...
Жетім қозы – тас бауыр болмай, керісінше ақыл, қайрат, жүректі бірдей
ұстап, дәулеті келбетіне емес – ақылына біткен, сөз асылын аңдай білген,
Жаратушы сәулесі – ердің жасы елуде ақындық қасиет дарытып жүрегін
ашқан, тереңге батқан термені – тәй-тәйләтіп аяғынынан қайта қаз
тұрғызған, жомарттығы жайлау көл, жапырағы жайқалып, ұрпақтарының
өзі – берекелі ел, таланты құйылып жатқан сел, көңілі Шалқар атына сәйкес
шалқып жатқан көл, пәктігі бейне балдырған, артына ұлағатты сөз
қалдырған, жанарынан шуақ жайнап, денесінен қуат қайнап, ел-жұртының
қамын ойлап, өзінің жанын жеп, адамзаттың бәрін бауырым деп сүйген,
әділетсіздікке жаны күйген, пайғамбар жасына келсе де, ер-азаматқа
лайықты іс-әрекет істеп, кейбіреудің қатасын, енді біреудің қалтасын түзеп,
көпшіліктің батасын алып, қазақтың отаны мен ошағы болған, қасиетті
Қаратауда туған, өлке табиғатына мінезі сай, оңтүстік өңір мен Шымкент
қаласына белгілі, «қазақ қандай?» – деп сұраса, «қазақ мынандай» – деп ауыз
толтыра мақтанышпен, кеуде тола қуанышпен айта алатын, ұлтымыздың бір
туар азаматы Орта Азия мен Қазақстанда тұңғыш рет 1992 жылы
Шымкент қаласында ашығу арқылы емдеу орталығының негізін қалаған –
ақын, ҚР Жазушылар мен Журналистер одақтарының мүшесі, Қазақстанға
еңбегі сіңген мәдениет қайраткері, облыстық мәслихаттың депутаты Шалқар
Әбішұлы Қыстаубайтегімен сұхбат:
Сұрақ: – Шалқар Әбішұлы, өзіңіздің ашығып жүргеніңізге ширек
ғасырдан астам уақыт болыпты. Жалпы ашығу дегеніміз не? Бұл әдістің
ерекшелігі неде? Қандай пайдасы бар? Біздің тәнімізге, жанымызға, рухымызға
беретін әсері бар ма?
Жауап: – Әсет бауырым, ашығу – тазаланудың әдісі. Тамақ жеген
кезімізде, ағзамыз пайдалы заттарды қабылдап, зиянды және бөтен заттардан
арылғысы келеді. Бірақта, ағза осыларды үнемі ажырата алмайды, не оны лықа
толтырып тастадық немесе ішіп жеген тамағымыз өте лас. Бұл жағдайда
қалдықтар: улар, маңқа мен шырыш, тастар ағзада, әсіресе ішекте, бас
қуыстарында т.б. жерлерде шоғырланып жинала береді.
Тіпті таза тағамдардың да қалдықтары қалып отырады, сондықтан да ағза
тазалау жұмыстарын жүргізуі үшін, ара-тұра ашығып тұрған пайдалы. Ашығу –
табиғаттың бізді үйрететін әдісі. Жануарларға қараңызшы: олар ауырған
уақытта ашығуға кіріседі; бір жерге тығылып алып тазаланып, өзіне шипа
болатын шөптерді тауып, емделіп жазылып жатады.
154
Сіз үйіңіз бен жиһаздарыңызды шаң басып кетсе, тазалау керек екенін
білесіз. Бірақта өз ағзаңызды жоқ дегенде аптасына бір қабат тазалап отыру
қажет екендігін және жұмыс жасап жатқан миллиондаған жасаушыларыңыздың
(клетка) да дем алғысы келетінін түсіне алмайсыз. Егер де өзіңізді өзіңіз
тазалағыңыз келмесе, онда дене мүшелеріңіз сіз үшін осы жұмыстарды атқаруға
мәжбүр. Осы тазалану барысында адамның қызуы көтеріліп, танауынан су,
көзінен жас ағып, түшкіріп-мүшкіріп, терісі бөртіп берекесі кетеді.
Ашығу денсаулыққа жетелейтін салауатты өмір сүрудің әдеті, егер
жағдайы келсе кімнің де болмасын аптасына 24 сағат ашыққаны дұрыс болар
еді. Осы мезетте рухани істермен ғана шұғылданыңыз: Өзіңізді
шабыттандыратын жақсы кітап оқып, жанға жайлы әуен тыңдап, сезіміңіз бен
ойыңызды тазалаңыз.
Ашығудың мәселелері өзің көз алдыңа елестетуге, көңіліңе келтіруге зауқың
жоқ өткен кезеңдерде жатыр. Өткен кезеңдердегі настық, ластық адамға бейнет
шеккізеді. Әрбір күнәң, әрбір қателігің шоғырланып жинала береді. Барлық
бақытсыздық, шарасыздық осы жойылмаған настықтың салдарынан болады.
Ашыққан уақытта адам осы зиянды қалдықтардан құтылады, нұр құйылып өзін
бақытты, жеңіл сезіне бастайды. Сондықтан да ораза бүкіл діндерде орын алған.
Ашығу – өзіңді бірдеңеден тежеу емес, керісінше тамақтану. Сен өз
тәніңді тамақтан тежеген мезетте басқа денелерің тамақтанып, жұмыс істей
бастайды. Ашығу – тек тамақтан бас тарту емес, кейбір сезімдерден, өзіңді
мазалап бөгет жасап жүрген ойлардан да бас тарту. Үнемі жеу, ішу, шоғырлауға
құмартудың орнына бас тарту мен азат болуды да үйрену қажет. Топтастырып,
жинау – кері кетуіңді үдетеді. Әрбір жаман ойың, сезімің және қалауың,
қыстағы ағаштың бұтағына жабысқан қырау сияқты. Қырау еру үшін көктемгі
күннің шуағы қажет, сол мезетте біз өзімізбен өзіміз боламыз. Біз өзімізде
шоғырланып қалған керексізден құтылған кезде, Жаратушының құдіретті лебі,
өзіміз арқылы өтіп, рухани әрекетімізге жан бітіргенін сеземіз.
Кім де кім өзінің басына, жүрегіне керексіз нәрселерді топтастырып алса,
өзінің рухани дамуына жол таба алмай қалады. Сен өзіңнің тәнің, басың,
жүрегің, өкпең, асқазаның т.б. мүшелерің өзара үйлесімді қызмет атқарулары
үшін еңбектенуің қажет. Ашығудың нақ шындығы осында жатыр.
Біздің бір дәрігер жолдасымыз айтады: «Үнемі ораза тұтып, ашығуды қалт
жібермейтін адамдардың үлкен дәреттерінде жағымсыз иіс болмайды. Егер
өзіңіздің үлкен дәретіңіз бен жіпсігенде шығатын теріңіздің иісі сасып кетсе,
онда сіздің тәніңіздің не жүйкеңіздің ауыратынының белгісі. Мүмкін сіз қарсы
болып, бүгінгі жеген жаман тамақтың салдары деп айтарсыз. Жоқ, олай емес.
Тағы бақылау жүргізіп көріңіз: егер өзіңіз бірнеше күн аралығында мазасыз,
күйгелек, қызғаншақ т.б. болсаңыз исің өзгеріп кетеді. Осының бәрі денеңнен
иіс арқылы бөлініп шығады».
Бірнеше тәулік бойы ашығу пайдалы, бірақ осы кезеңге сәйкес қолайлы
жағдайың болу керек. Ашығуды демалыс күндері не айларында ұстаңыз.
155
Ашыққан кезіңізде ауа тамақты алмастырады, сондықтан да ашығуды таза
ауасы бар жерде өткізуге тырысыңыз, саяжайыңызға жалғыз кетіп қалсаңыз
тіптен жақсы, ал ауылды жерлерде тұратын ағайындарда осы мүмкіншіліктердің
бәрі де бар.
Көпшілігі байқайды, ашығу барысында арқасы, басы ауырып, жүрек
соғысы жиілеп кетеді. Біз табиғаттың арнаулы сыбырлаған даусын ести
алмағанымыздан: «Мен енді ешқашанда ашықпаймын!». Бұл дұрыс емес. Осы
белгілер болашақта дәл осы мүшелеріңнің ауруға шалдығатынын айтып тұрған
табиғаттың ескертпесі. Егер өзіңіздің осал жеріңізді білгіңіз келсе бірнеше
тәулік ашығып көріңіз; егер де белгілі бір мүшең ауыра бастаса, онда осы
жерден кесел шығуы мүмкін, сондықтан да алдын ала алу шараларын қарастыра
беріңіз.
Егер дұрыс ашықсаңыз, онда қауіпті емес, сізге пайдасынан басқа зияны
жоқ. Осының дәлелі: бастапқы екі тәулікте өте ауыр болып, сонан соң
келеңсіздіктер мен қарын ашу сезімі жоғалып кетуінде. Егер осы ашығудың
салдарынан болса ауруыңыз өрши түсер еді, жоқ, керісінше сіз тыныштық пен
алаңсыздық күйге енесіз. Әлі күнге дейін ара-тұра ашықаннан бір де бір пенде
өлген жоқ, керісінше миллиондаған адамдар қомағайлықтан өліп жатыр.
Бастапқыда ашығу бір сұмдық боп көрінуі мүмкін, себебі ағза үшін
мұндай тазалану өзі әдеттенбеген аласапыран жәйт. Бірақта бастапқы әсермен
баға беруге болмайды. Керісінше ауырып жүрген адамдардың тазалануы қажет,
аурудың себебі артық қоқыс пен қалдықтардың, улардың кенеттен қанға
араласып кетуінен. Адамдардың басым бөлігі ашығу әлсіретіп, жүдетіп жібереді
деп ойлайды. Бастапқыда дұрыс шығар, ал бірнеше тәулік ашықаннан кейін
өңіңіз нұрланып, көз жанарыңыз жалтылдап, қимылыңыз да, денеңіз де
жеңілдеп құлпырып шыға келесіз.
Ашығам деушілер бәрін басқаша түсіну керек. Қолайсыздық сезілсе, осы
мазасыздық жоғалғанша жасқанбай оразаны ары қарай жалғастыра бергені жөн.
Егер сіз ашығуды жарты жолда тоқтатсаңыз, ыстығы көтерілген науқастың,
ыстығын түсіру үшін дәрі ішкенімен бірдей.
Өзінен өзі түсінікті, олар бірден өзі жақсы сезініп кетеді, бірақ олардың
түсінбейтіні, келешекте өзін белгілі бір қатерлі, созылмалы ауруға дайындап
жатқандығы.
Өзіңіздің ағзаңызға еркіндік беріңіз, ағза лықа қоқысқа толып тұрғанда,
өзі барлық қалдық пен қоқыстарды шығарып тастауға не ерітіп жіберуге
тырысады. Денеміздің қызуы көтерілетіні осыдан. Осы, ағзаның тазаланып
жатқанының дәлелі, бұған шыдау керек. Ағзаның жұмысына көмектесу үшін
ыстық қайнаған су ішуіңізге болады. Бірінен кейін бірін, жеделдете бірнеше
кесе ыстық су тартып жіберсеңіз қызуыңыз тез түседі: қан айналымы жақсарып,
тамырлары кеңіп қалдықтар мен қоқыстарды табиғи шығару жолдары мен тері
тесіктері арқылы шығара бастайды.
156
Ашыққан кезеңде ыстық су ішу өте пайдалы. Қайнағаннан кейін
тұндырып барып ішіңіз. Суық сумен майлы ыдысты жуған кезде толық
тазаланбайды, таза жуу үшін ыстық су қажет. Ағзада да осылай болады, ыстық
су, суық су шая алмайтын талай қоқыстарды ерітіп оларды бүйрек, тесіктер т.б.
арқылы шығарып тастағанда, сіз өзіңіздің тазаланып жасарғаныңызды сезесіз.
Ыстық суды ораза бойы үзбей ішуіңізге болады. Ыстық су түтіктердің бәрін
тазалайтындықтан қан тамырларының қатуы мен буын ауруларына
таптырмайтын дауа.
Үйренбегендіктен бастапқыда ыстық суды ішу біртүрлі жағымсыз, бірақта
біртіндеп рахаттана бастап соңынан ләззат аласыз. Ыстық су табиғи зиянсыз
дәрі, бірақ арзан және қарапайым болғандықтан ешкім де салиқалы түрде
қабылдамайды. Баяғыда біреу ыстық судың көмегімен дәрігерлер дәрімен жаза
алмаған ауруын жазып алған. Күдер үзген дәрігер осы ауруды көруге келгенде,
ол өзінің қалай жазылғанын айтады, сол кезде дәрігер былай дейді: »Мен ыстық
судың шипалық талай қасиетін білемін, бірақта мен ыстық суды сата алмаймын
ғой!».
Тағы бір айтайын дегеніміз, көп күндік ашығуды қалай аяқтау жөнінде,
егер де бірден бұрынғы тамақтанғандай тойып алсаң өліп кетуің мүмкін.
Осындай жағдай алғашқы 10 күн ашыққанымда өз басымнан өткен.
Білмегендіктің салдарынан тамаққа бірден тойып алып, ішегім түйіліп өліп
қала жаздағанмын.
Сондықтан да бірінші күні жеңіл жеміс, көкөністерден дайындалған салат
пен сұйық көже, келесі күні салат пен осы көжеге аздап кептірілген нан қосып
ішіңіз, үшінші күні аз мөлшерде қалыпты тамаққа көше беруіңізге болады. Осы
жайында төменіректе кеңінен тоқтала кетерміз. Осы нұсқауларды мүлтіксіз
сақтасаңыз ғана қауіп қатер болмайды.
Осындай ашығудан кейін сезіміңіз ұшқырланып, ақыл ойыңыз нұрланып,
өзіңізге тылсым дүние ашылып, жасарып, бұрынғы нас басып, қалдық толы
тәніңіздегі қоқыстардың күлі де қалмай жанып кеткенін сезесіз.
Әрине адам баласы тіршілікте Құдайдың берген өмірін жасайды.
Пешенесіне жазған тірлігінде тағдырын көреді. Адам баласының барлық сенімі
солай болған соң, оған дауа жоқ.
Сұрақ: – Шалқар Әбішұлы, Поль Брэгг деген кім? Оның ілімінің
ерекшелігі неде?
Жауап: Әсет Ризаұлы, шетел әдебиеттерінде «табиғаттанушы»,
«табиғатпен үндесуші» деген сөз тіркестері жиі қолданыла бастады. Табиғи
тағамдармен тамақтанатындарды осылай деп атайды. Олар осылай өздерінің
қазіргі қорапталған, консервленген, жансыздандырылған, құрамында көміртегі
өте көп ет, май және тәтті тағамдар өнімдеріне наразылықтарын білдіреді.
Бұлай тамақтануға алғашқы қарсы шыққандардың бірі Поль Брэгг.
Брэгтің ең атақты кітабы «Ашығу кереметі» батыста көптеген миллиондаған
157
даналармен басылып, көпшіліктің сүйіп оқитын оқулық кітабы болып, қолдан
қолға тимей таралды.
Кітаптарының, лекцияларының, басылымдарының ең тамаша жарнамасы
Брэгтің өзі, жеке тәжрибесі және өмір сүру қағидасы болды. Ол 90 жасында
күшті, шапшаң, иілгіш, шыдамды, қысқаша айтқанда қылшылдаған бозбала
сияқты болатын.
Поль Брэгг күнделікті 3...5 шақырымға жүгірді, тауға шықты, көп
малтыды, теннис ойнады, биледі, жаяу ұзақ жүріп, гантель, гирь көтерді,
серфингпен (тақтайдың үстіне тұрып алып толқында сырғанау) шұғылданды.
Жұмыс күні 12 сағатқа созылды, бірақ шаршауды, ауруды білмеді, әрқашанда
сергек, тың, өмірге құштар және адамдарға көмектесуге дайын тұратын.
Поль Брэгг 1976 жылы 95 жасында Флорида жағалауында суда сырғанап
жүргенде алапат толқын басып кетіп, қайғылы қазаға ұшырады. Оны 5 баласы,
12 немересі, 14 шөбересі және мыңдаған ізбасарлары жоқтады.
Паталоганатомдар тексергенде оның жүрегі, қан тамырлары және басқа іш
құрлыс мүшелері өте жақсы, керемет жас баланыкіндей болған. Брэгг бір
сөзінде «менің тәнім жас мөлшерін білмейді» – деп айтқан.
Поль Брэгг денсаулықты түзеу негізіне дұрыс тамақтану жүйесін
басшылыққа алған, етті мүлдем жемеген, балықты өте сирек пайдаланған.
Өзінің жүйесінде ашығу бағдарламасына көп көңіл бөлді. Шоғырланып қалған
улардан, қалдықтардан, маңқадан, тұздан ағзаны тазалау үшін: аптасына бір
тәулік, 3 айда бір қабат апталық ашығу бағдарламасын ұстауды ұсынды, ашығу
кезеңінде тек таза буланған су ғана (дистилированный) ішу керек деп үйретті.
Біздің замандастарымыз нағыз аштық дегенді, ағзаның нақ тамақты сіңіру
қабілетін ұмытып кетті. Қазіргі адамдар, тамақ ішкісі келмесе де, күніне
бірнеше рет тамақтануды әдет еткен, созылмалы гастритінің салдарынан
болатын қобалжуды «аштық» деп қабылдайды. Осы әдетті өзгертудің түкте
қиындығы жоқ, тек санаң тәніңді басқарса болғаны.
Брэгг таңертең мүлдем тамақ ішпеген, адам өзінің тамағын денелік күш
қуат жұмсап барып ішуі керек, қазақша айтсақ: «Таңғы ас Тәңірден» – деп
есептеген. Оған күніне екі мезгіл тамақ ішу жеткілікті болған.
Адам баласына ғажайыпты армандау тән қасиет! Тамақтың, дене
шынықтырудың, ашығудың нақтылы мүмкіншіліктерін білмей, олар ғажайыпты
өздері түсінбейтін айдаладан іздейді.
Поль Брэгг: «Табиғаттың ұлы заңдарымен өмір сүрудің еш қиындығы
жоқ. Аурудан азап шегіп, мезгілсіз қартайғандар, тез жазылу мен жасарудың
жолын армандайды. Есіңізде болсын: денсаулықты еңбектенсең ғана табасың!
Оны сатып алуға болмайды, ешкімде оны сізге сатпайды. Мен табиғат
заңдылықтарын зерттеймін, бұзбаймын, нәтижесінде денім сау және өте
қуаттымын. Табиғи тамақтану, ашығу арқылы өзіңді-өзің тазалау жолдары, дене
шынықтыру – қартаймайтын, солмайтын, әр күніңізге шаттық силайтын өмірге
алып келеді».
158
«Адам ата мен Хауа ана заманынан бері ең маңызды мәселе – адам
ғұмырын ұзарту. Бір де бір адам баласы өлім тырнағынан қашып құтылған емес,
бірақта белгілі тамақтану және тазалық ережесін сақтап өз өмір жасыңды
ұзартуға болады. Әрқайссың осыны: ең алдымен өзің үшін, туған туыс пен
достарың үшін және өзіңнің елің үшін жасауға міндеттісің. Әр адамның өзінің
денсаулығын, өзінің тәнін жетілдірудің денсаулықтары жақсы қалыпта табиғи
жасын жасаудың қоғам үшін зор маңызы бар. Әр адам 120 жыл не одан көп өмір
сүруге міндетті және осыған толық құқысы барына мен сенемін. Денсаулықты
сатып алу мүмкін емес, оны өзіңнің тікелей еңбегің арқылы ғана табасың. Тек
қана өзіңнің табанды еңбегің ғана шексіз денсаулық пен қуатты ұзақ
жасаушылардың қатарына алып келеді. Мен өз денсаулығымды өз еңбегіммен
ғана таптым. Менде ауру, шаршау деген болмайды және денем болбыр емес,
жылдың 365 күнінде саумын. Осы нәтижеге сіз де жетесіз! »
Өзінің сауықтыру жүйесінде, Брэгг дұрыс тамақтануға зор мән берген.
Оның көзқарасының негізі мынада болған: күнделікті қолданатын тамақтың 60
пайызы шикі көкеністер мен жемістерден құралған. Қалған бөлігіне таңдау
мүмкіншілігі кең ауқымда, бірақта өндірісте химиялық әдіспен өңделген
тамақтардан ауаша болу қажет. Тамақ неғұрлым табиғи түрде болғаны жөн,
тұзы мен рафинадталған қанты, жасанды қоспалары неғұрлым аз мөлшерде
болғаны дұрыс. Брэгг біржақты болмаған, егер адам ет жеуге үйренсе жей
берсін, бірақ аптасына 3-4 қабаттан артық емес. (кейбіреулер сияқты күніне 3-4
қабат емес). Ол шұжық (колбаса), консерві, қуырылған және майлы етті
пайдаланбауды ұсынған. Жұмыртқаны аптасына 2-3 рет қана жеуді жөн деген.
Ересек адамдардың сүт, кілегей, ірімшік, сары май, малдың майларын көп
қолданбауды жақтаған. «Аурулардың 99 пайызы дұрыс тамақтанбаудан зардап
шегеді. Адамдар өздерінің денелерінің қаншалықты ласталғанын түсінбейді,
дұрыс тамақтанбағандықтан ағзасы улы заттар мен маңқаға лықа толы екенін
сезбейді» – деп жазады Брэгг. Тағы айтады: «Ашығу белгілі бір аурудың емі
емес, ашыққанда ағза өзінің өмірлік қуатын тазалауға және сауықтыруға
жұмсайды. Ашығудың арқасында ағза өзін өзі емдеп жазады».
Ауру адам ылғида жазылмаймын деп ішінен қайталай берсе, ол
ешуақытта жазылмайды, оның ойлағаны дәл келіп, өзінің зардабын көрге бірге
ала кетеді.
ТӘН АҚЫМАҚ. Осыны еш уақытта есіңізден шығармауыңызды
сұраймын. Сондықтан осыны тағы да қайталаймын. Бізді нақ басқаратын
санамыз. Міне, сондықтан да, сіз ылғи жақсы ойларды ғана ойлауыңыз керек.
Тәнді әрқашанда жан басқаруы тиіс.
Тән мынадай жалған философиямен басқарады: «Іш, же, көңіл көтер,
ертеңгі күнді ойлама». Бұл – адасу. Сіз ертең өлмейсіз, бірақта осы
бағдарламамен жүріп 10...20 жылдан кейін күндіз-түні аурудың азабын
тартатын, мезгілсіз қартайған адамға айналасыз.
159
Есіңізде болсын, сіз жаман әдеттер үшін жазаланасыз. Бұл заңдылық.
Ауру, азап, тәннің зардап шегуі сіздің қандай адам екеніңізді көрсететін
көрсеткіш. Сіз өз денеңізге қарсы қылмыс жасадыңыз, себебі сананың және
табиғаттың заңдары басқару мүмкіндігін пайдаланбадыңыз.
Ауру – сіздің ағзаңыздың улы заттар мен маңқаға толы екенін көрсететін
табиғаттың әдісі. Өлілерде ауру болмайды. Сіз ашығу арқылы денеңізде
жиналған тағам қалдықтары мен уларды шығаруға табиғатқа көмектесесіз. Бұл
әрбір хайуанға белгілі. Ашығу – хайуандардың емделуінің жағыз ғана жолы.
Бұл таза хайуандарға тән болмыс. Біз, адамдар өркениет дамудың нәтижесінде,
ауырған кезде ашығу болмысынан айырылып қалғанбыз. Қатты ауырған
кезіңізде тамаққа тәбетің тартпайтынын байқаған шығарсыз. Сіз, одан тіпті
жиркенесіз. Ал білмейтін жанашыр туыстарыңыз бен достарыңыз: «күшің
көбейеді іш, же!» – деп зорлайды. Осы кезеңде тамақтың керегі жоқ екенін
санаңыз хабарлап жатты. Байсалды қалыпта ағзаны тазалауға қуатты жұмсау
үшін, табиғат осы кезде сіздің ашығуыңызды қалады. Табиғат ананың
сыбырлаған даусын естіп, түсіну қиын. Ашыққан уақытта сіздің сезімдеріңіз өте
ұшқырланады. Ашығу санаңызды ұшқырлайды, табиғаттың нәзік даусына
бағдарлайды.
Егер қорқыныш пен үрейді жеңіп шықсаңыз, ашығуды аптасына 24
сағаттық ашығудан бастау керек, онда келесі аптада 36 сағаттық ашығуға
кірісіңіз (екі күн бір түн), содан кейін осыны келесі аптада тағы қайталаңыз.
Осының бәрі ағзаны 48 сағаттық және 3 тәуліктік ашығуға дайындау. Мұны
саналы да сауатты түрде өткізсеңіз, ашығу өте жеңіл өтеді. Саналы адам
ашығудың пайдасын, денсаулығының жақсара бастағанын бірден сезеді.
Табиғат жаратылысының бірде-бір тіршілік иесі адам сияқты қомағайланып
тамақтану заңдылығын бұзбайды. Сіз 24 не 36 сағат немесе үш...он күн
ашыққан уақытыңызда, ағзаңызда денсаулық күші жұмыс істей бастайды, осы
күштер сіздің ағзаңызды жаңалайды. Бұл қуат әрқашан да сізбенен. Сіз таза
сумен толық ашыққан уақытыңызда, шайнауға, жұтуға, қортуға, сіңіруге,
шығаруға жұмсалған өмірлік күшіңіз, енді сіздің ағзаңызды тазалауға кіріседі.
Міне сондықтан ашығу – терең ішкі тазалау, өмір күшін қалпына келтіретін
физиологиялық демалыс.
Тіпті бір күн ашыққанның өзінде де, ағзаңыздың тазаланғанын білуіңізді
қалаймын. Қартаймайтын, аурмайтын, шаршамайтын дене құрып жатырмын
деген ойдың өзі, ашығу кезеңінде жігеріңізге жігер қосып, рухани қуатыңызды
еселей түседі. Өзіңді өзің мүсіркеу тәрізді, керітартпа ойларды басыңнан қу!
Осы сөздерді қайталай отырып, сіз өз ағзаңыздың әр жасаушасын басқарасыз.
Басқару сана арқылы жүреді. Міне сондықтан да, жеке ашығу бағдарламаңызды
достарыңызбен, таныс-туыстарыңызбен талқыға салмауыңызды сұраймын!
Ашығу әркімнің жеке ісі. Ағзаңыздан улар шыққан кезде аздап қиналасыз. Бірақ
сіз қайталап айтыңыз: «Бұл қайтсе де кетеді» – деп. Алған бетіңізден қайтпаңыз,
160
бірбеткейлік танытып, тазаланып болғаннан кейін ағзаңызда болатын ғажап
өзгерістер жайлы ойлаңыз. Осыған қуаныңыз.
Өмірдің ұлы шындығын уағыздау алдында Мұса, Дәуіт, Иса, Мұхаммед
пайғамбарлар, сондай-ақ Будда мен Гандилер де 40 күннен ашыққан. Мысырда
ұлы Александрияда, әлемнің мәдениет орталығы болған кезде, шеберлікке
үйрену үшін шәкірттер 40 тәулік ашығуға тиіс болған.Ұлы Пифагор өзінің
философиялық ілімін үйренетін шәкірттерінен, 40 күндік аштық ұстануын талап
еткен. Оның пайымдауынша 40 күн аштықтан кейін ғана шәкірттерінің ой-өрісі
мөлдірленіп, санасы нұрланып, өмірдің терең құпиялы ілімін меңгеруге
қабілеттері сонда ғана жетеді деп есептеген.
Орта Азия мен Қазақстанда тұңғыш рет Шымкент қаласында ашығу
арқылы емдеу орталығының негізін қалаған – ақын, ҚР Жазушылар мен
Журналистер одақтарының мүшесі, облыстық мәслихаттың депутаты
»Аштықпен емдеу орталығы»-ның директоры Шалқар Әбішұлы
Қыстаубайтегінің екінші толғауы.
Тақырыбы: «Аштықпен емдеу орталығы» туралы қысқаша мағлұмат. Осы
емхананың орналасқан мекен жайы. Осы орталыққа қандай науқастарға келуге
болады? Оларды қандай әдіспен емдейді? Ақын Шалқар Әбішұлының
адамгершілік, денсаулық пен салауатты өмір салтын ұстау туралы жазған
терме- толғаулары.
Саулыќќа зиян тым жат,
Тірліктен ќашыњдаршы!
Саулыќтан не бар ќымбат,
Аѓайын айтыњдаршы...?
Шалқар Әбішұлы
Достарыңызбен бөлісу: |