181
Азамат
«
Қазақта жігіттер бар нар қасқа» деп Төлеген Айбергенов жырлағандай,
бұл
қазақ
нар қасқа азаматтарға кенде болмаған. Әсіресе, Төлеген өмір сүрген кезде.
Кейінірек сондай азаматттардың қатары бірте-бірте сиреп, «суала» бастады.
Тартылып бара жатқан Арал теңізіндей. Барларының өзі бақайесепшіл,
жұмыртқа берсе артынан балапан дәмететін, дәулеттіге жомарт, жоққа жоламас,
сырты көл, іші шөл, жасанды мінезді қанына сіңіріп қалған қалыптасқан жаны
жұтаң «жаңа» адамдар көбейе бастады. Өйтіп-бүйтіп оқу бітіріп келгеннен
кейін кітап бетін қайтып ашпаған, өнегелі әңгімеге екі құлағы тас керең, сөйлей
қалса берген мен алғаннан әрі аспайтындардың саны күн сайын молайып келеді.
Биылғы жылы Бәйдібек ауданының Ақтас деген ауылында туып-өскен,
жиған-тергенін басып жемей, шашып жейтін, туған ауданына қолынан
келгенінше көмек беріп, елінің еңсесін көтеруге бел шешіп кірісіп жүрген
Шалқар Әбішұлы деген азаматпен бірге жүріп, көп сырласудың сәті түсті. Бұл
азаматтың атын баспа жүзінен көріп, термелерін тыңдап жүргенім болмаса,
бұрын-соңды жүзбе-жүз кездесудің реті келмеп еді. Алғашқы сәлемдескеннен
бастап ежелгі достай араласып кеттік.
Елі ерге қарап, ері жерге қарап отырған мынадай қиын-қыстау кезеңде
төмен түскен ел еңсесін ісімен де, сөзімен де көтеріп жүрген осындай азаматтың
бар екеніне қатты қуандым. Ол облыстық мәслихаттың депутаттығына түсіп
жатты. Халқы бірауыздан сайлады. Солай болуы заңды құбылыс еді. Көп
кандидаттар секілді Шалқар өзіне дауыс керек болғанда ғана емес, еліне деген
көмегін баяғыдан беріп келеді екен. Ондай азаматын елі неге қастерлемесін.
Мұндай азаматпен мәжіліс депутаттығына қатар түсіп, ұтылып қалсаң да
ренжімессің.
Өнерде де, өмірде де жолың бола берсін, досым Шалқар!
Дулат Исабеков,
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік силығының лауреаты.
ЖАҚСЫЛЫҚҚА ШАҚЫРҒАН ЖЫРЛАР
Ќыстаубайтегі Шалќар Єбіш±лыныњ насихат сөздері мен өлењдерін оќып
отырѓанда халыќтыњ таным т‰йсігімен біте ќайнасќан философиялыќ
пайымдаулар мен мазм±н терењдігін, өмірден ойып алынѓан наќтылыќтармен
айќайлап паш ететін – ќоѓамдыќ, адамдыќ, рухани тєрбиелік мєні жоѓарылыѓын,
аныќ көресіњ!
¤рісі биік ойлардан ќ±ралаќан ќалмайтын өлењдеріндегі ойдыњ
халыќтылыѓы жєне тілініњ ќарапайымдылыѓынан болса керек, Шалќардыњ
насихат өлењдерін ел ішіндегі өнерлі жандар терме жанрында т‰рлі дєрежедегі
мєдени іс-шаралар мен жиын тойларда айтып ж‰р. Ол єрбір жанды-жансыз
д‰ниеге өзіндік пікірін білдіреді, сондыќтан халыќ арасында кењ тарап
182
кететіндей ќалып танытады. Тамашасы сол сауда саласында өмір бойы ќызмет
атќарѓан, ќазіргі алпысќа жаќындаѓан жасында сєбилік мөлдір сезіммен анасын,
ж‰регі сыздап єкесін жоќтайды. Б±л жан д‰ниесі таза адамдардыњ ѓана
ойына оралатын, ауызына т‰сетін шабытты сөздер.
Аќын жаны адал болмаса, ќ±діретті сөздер ќалам ±шына оралмайды!
Шєкењніњ бір ерекшілігі сол, – кездескен адамдардыњ жаманы болсын,
жаќсысы болсын, олардыњ ешќайсысын да жат т±тпайды, ќайта олардыњ бєрін
де жаќын адам ретінде өзіне жаќын тартып, дос т±татындыѓында.
Бірде мен; – «Шєке, Сіз осы адамдардыњ бєрінде өзіњізге неге жаќын т±та
бересіз? Оныњ ішінде жаманы бар, арамы бар дегендей, өзіњізге ертењ залал
келтіріп ж‰рмейді ме, сондайлардыњ бірі болмаса бірі?» – деп с±рап ќалдым.
Ойым: «Шєкењ өнердегі мені – ±стазым!» – деп ж‰рсе де менен он шаќты жас
‰лкен, Шєкењ аѓамды жаман адамдардан жаманшылыќ көруден саќтандыру
еді.
Шалќар Єбіш±лы маѓан ойлы көзімен біраз ‰ндемей ќарап т±рды да: –
«Єбеке, Сіз жасыњыз кіші болса да, єуелі Ќ±дай, содан кейін мені өнер
саласына, өнер ѓаламатына алып келген інімсіз. Мен ‰шін ќасиетті адамныњ
бірісіз. ¦стаздыќ – жасы ‰лкен, кішіге ќарамайды. Асыл тастан, аќыл жастан! –
деген сөзді, ата-бабаларымыз бекер айтпаѓан болар. Єке, шешем
(м‰мкіндіктері болмады), аѓайын – туысќандарым (кейбірлерініњ
м‰мкіндіктері бола т±рсада) ‰йретпеген өнер жолына ‰йретіп, жарыќќа
кітаптарым шыѓып, артымда өлмес м±рам ќалып жатуына Єбеке Алланыњ
жазуымен өзіњіз себепші болсањыз, мен Сізді ќалайша ±стазым! – деп
ардаќтамаймын!» – деп өзініњ єдемі к‰лкісімен к‰ліп алды да, бірден: «Осы
сен, менімен алѓашќы кездескенде ќандай едіњ, ќазір ќандайсын?» – деп өзіме
«с±сты» т‰рімен, ќатулана ќарап ќарсы с±раќ ќойды. Көзі жан-д‰ниемнен
өтіп, жан-сезімімніњ т‰біндегі асылыма жеткендей, денем дір ете ќалды. Сонда
барып мен Шєкењніњ жан – д‰ниесін толыќ т‰сінгендей болдым.
«¦стазым!» – деп ардаќтап, «Сен өзіњ ќандайсыњ!» – деп салмаќтап
отырѓан Шєкењніњ мен жөніндегі ой-пікірін өзінен білгім келіп; «Шєке өз-
өзімніњ ќандай адам екенімді ќайдан білейін, мен жөнінде өзіњіз не айтасыз,
сонны жасырмай айтыњызшы?» – дедім.
Байќаймын Шєкењ жан-д‰ниемніњ толќынысын бірден сезді. Не айтар
екен деп, сынап отырѓанымдыда білді. Сөйте т±рып «Ќараѓым Ємзе, сен екеуміз
бірінші кездескенде «Мен атаќты аќынмын, мен белгілі жазушымын!» – деп
айтпасањ да, «Мен осындаймын!» – деп көкірегіње «нан» піскен адамдай едіњ.
Артыќ кетсем кешір, мен өз ойымды ашыќ айтып отырмын. Ал ќазір тіпті
басќашасыњ. Сен өз ќамыњнан гөрі, елдіњ ќамын көп ойлайтын, ќасиетіњ мол,
наѓыз ел азаматысыњ!– деп алды да, жайланып алып; – «Єбеке, «жылы-жылы
сөйлесењ жылан інінен шыѓады, ќатты-ќатты сөйлесењ м±сылман дінінен
шыѓады!» – дегендей єрбір адам баласына тірлікте жылы сөз бен жаќсылыќ
керек. Жаман, тіпті адам өлтірген ќара ниет адамдардыњ да ж‰регі бар, сезімі
183
бар, адами ќасиеті бар, тек сондай адамдарды көптеген адамдар т‰сіне біліп,
ондайлардыњ жан сезіміне жол таба білуі ќажет. ¤кінішке орай м±ны көптеген
адамдар т‰сіне бермейді, біле бермейді... Бес саусаќ бірдей емес єрине, өмірде
єр-т‰рлі ќасиетсіз адамдар кездесе береді. Дегенмен ондайлардыњ жетектеріне
еріп кете бермей, єр-бір адам өздерініњ адами ќасиеттерін саќтап ж‰руге тиісті
деп ойлаймын. ¤зіњ жаќсы болсањ, келетін ешќандай бєле жоќ. Єр т‰рлі
ќиындыќтар болса болар, біраќ аќыры жаќсы боларына сенімдімін. «¤зіњ жаќсы
болсањ, өзге де жаќсы,өзіњ жаман болсањ, өзгелер де жаман!» – дегендей
ќаѓиданы жастайымнан бойыма сіњіріп өскендігімнен болар, Єбеке, меніњ өзіњ
айтќандай барлыќ адамдарѓа, жаќсы көзіммен ќарап, кез келген адамдармен
жаќсы сөйлесіп кете беретіндігім. Одан мен жаман болып ж‰рген жоќ
секілдімін. Сондыќтан Єбеке, өзі жаќсы адамныњ тірлігі де жаќсы болатынына
имандай сене бер! – деп Шєкењ сол жолы єњгімесін аѓалыќ кењеспен бітірген-
ді.
«Батыр мен аќын ањѓал, біраќ, батырдыњ ісіне, аќынныњ өлењіне
тамсанып тањ ќал!» – деген ѓой. Ќыстаубай тегі Шалќар Єбіш±лыныњ жазѓан
өлењдеріне, мєн беріп оќып көрсењіздер, ќ±рметті ќауым, осы сөздерге
көздеріњіз жеткендей болатыны аныќ. Шєкење ±заќ ѓ±мыр, шыѓармашылыќ
табыс, сарќылмас шабыт, таусылмас баќыт тілеймін.
Ємзе (Хамза) Ќалмырза±лы Көктєнді,
Халыќаралыќ Монѓолтанушылар ассоциациясыныњ
м‰шесі, аќын – жазушы.
184
Шығыс Қазақстан облысы, Ұржар аудандық емханасының жансақтар
(рениамация) бөлімінің меңгерушісі Дәулет Көпжасарұлы Абақовтың
толғауы.
Тақырыбы: Әсет Ризаұлының о дүниеден қайтуы. Дәрігер Дәулет
Көпжасарұлының ашығумен емдел деп кеңес беруі. 24-36 сағаттық және
үш, жеті, он тәуліктік ашығулардан қалай шығу керек?
Жұрттың сөзі: тағдырға адам көнбек,
Бір антұрған еріксіз мезгіл келмек.
Осы сенің қызығың, қуанышың
Сағымша жоқ боп кетіп түгесілмек. Абай
Сұрақ: – Әсет Ризаұлы, өзіңіз 2006 жылдың 24 наурызынан мамырдың
13-
не дейін елу тәуліктік ашығуды өткізгеніңізді және сізден кейін теолог-
философ ғалым Досым Қайырбекұлы да бірден 21 тәулік ашығуға кірісіп
ойдағыдай аяқтағанын да білемін. Өздеріңіз керемет рухани өзгерістер алып,
жоғары әлемдерден өздеріңізге беймәлім болған көптеген сұрақтарыңызға
жауаптар алдыңыздар. Алдыңғы «Жасару құпиясы» кітабын 50 тәулік
ашыққаныңызда – академик Рақым Алмабекұлы Оразалиев пен философ-
теолог ғалым Досым Қайырбекұлы Омаровтың салауатты өмір сүру
қағидалары мен өзіңіздің күнделікті және жеті жылдық ашығу тәжірибеңіздің
негіздеріне сүйене отырып жазып шықтыңыз. Осы кітаптарыңызды
оқырмандар қалай қабылдады?
Жауап: – Дәулет Көпжасарұлы, оқырмандар өте жақсы баға беруде.
Осының бір мысалы өзіңнің жұбайың Ақбала Бекежанқызының пікірі: Әсет
аға, «Жасару құпиясы» кітабы бізге – дәрігерлерге керемет күнделікті бас
алмай оқитын кітабымызға айналды. Осындай игі лебіздер мен алғыстарды
оқырмандардан көптеп телефонмен де, ауызша да алып жүрмін.
Сұрақ: – Әсет Ризаұлы, енді алдыңдағы қатты ауырғаныңызда,
ашығудың көмегімен дертіңізге қалай шипа тапқаныңызды, өзіңіздің 7
жылғы ашығу тәжірибеңізгее қысқаша шолу жасай кетсеңіз?
Жауап: – Дәулет бауырым, есімді білмей өлім халінде сенің алдыңа
барған кезде: «Әсет аға, Вас буду лечить голодом и холодом!» – деп
айтқансың, бірақта ол кезде мен бұл сөздің мағынасын түсінбедім. Жазылып
тәуір болғаннан кейін, осы бір ауыз сөздің құдіреті мені аштық
бағдарламасын ұстануыма алып келді. Сол кездегі болған оқиғаны айт десең
айта кетейін, біреу болмаса біреуге жарар.
Менің негізгі мамандығым агроном. Ол кезде мен бейберекет өмір
сүрудің нәтижесінен қатты аурып жүргенмін, себебі тамақты кез келген
уақытта талғамай қалай болса солай ішу, арақ пен темекіні мақтан көріп
бастап үйреніп алып, соңынан қалай маскүнемге және темекі мен ашты шәй
бәңгішеге (наркоман) қалай айланып кеткенімізді білмей де қалдық. Осы әдет
Кеңес үкіметінің тәрбиесімен өскен, қызмет істеген мамандардың бәріне тән
ерекшелік болды десем қателеспеймін, себебі ауыр жұмыстан қажығанда
185
демалысымыздың сиқы осы болды, басқадай демалуға болатынын білмедік,
10 шақты жылдар бойы заңды демалысымызды да ала алмайтынбыз, ерте
көктемнен қар түскенше тәулігіне 16...18 сағаттан жұмыс істеп,
балаларымыздың түрін апталап көрмейтінбіз. Осындай бейнет пен тозақтың
салдарынан, әсіресе ауылды жерде тұратын 50 жастан асқан азаматтардың,
қазіргі кезде түгелдей дерлігі әр түрлі созылмалы аурулармен ауырады, ал
негізгі бөлігі мезгілсіз ажалдың құрбаны болуда. Енді өзіме келсек осындай
надандықтың, рухани қараңғылықтың салдарынан салмағым 110 кг болып,
керек десеңіз еңкейе алмай өз аяқ киімімді әзер киетінмін. Жүргенде ырс-ырс
етіп, тұздың көп шоғырлануынан табаным бастырмайтын. Осылай ғұмыр
кешудің нәтижесінде 45 жас шамасында жүрегім қысып, бүйрегім істемей,
қан қысымым 70-ке дейін күрт төмендеп, асқазаным тоқтап қалып, ұсақ
түтікшелері (капиллярлары) жарылып кетті, аузымнан қара қан тоқтамай,
жансақтарда (реанимация) өлі мен тірінің арасында 12 тәулік жаттым,
жансақтардан шыққаннан кейін ауруханада тағы бір ай жаттым, сол кезде
маған күні түні ине қойып (система) гемодез т.б. витаминдермен
қоректендірді, ал асқазанымның үстіне мұз қойды, мұздың ызғарын мүлдем
сезбедім.
Менің бірге туған сүйікті бауырым провизор Қамбар Ризаұлы
Мұқашбеков өзінің қанының жартысын құйып, провизор келінім Үміт,
медбике Нұргүл және аудандық жансақтар (рениамиация) бөлімінің
меңгерушісі Дәулет Көпжасарұлы Абақов ажал шеңгелінен әрең дегенде
алып шықты. Ауруханада қозғала алмай жатқан 50 күнде, төсегімнің қасына
отырушы медбике Абылханова Нұргүлді арнайы тағайындады. Әлі күнге
дейін осы ақ халатты абзал жандарды ризашылық сезіммен ауық-ауық есіме
алып қоямын.
Кімде-кім бір момын мұсылманды осы дүниедегі қиыншылығынан құтқарса,
Алла оны ақиреттегі қиыншылығынан құтқарады. Кімде – кім бір момын
мұсылманның айыбын жапса, Алла оның екі дүниедегі айыбын жабады.
Пенде біреуге жәрдемдесу үшін әрекет қылса, Алла оған жәрдемдеседі.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)
Осыны оқып отырған оқырман қауымның ауруларын түгел жинақтаса,
сол аурулардың түгелі дерлік менің бір басымда болды десем шындықтың
ауылынан онша алыс кете қоймаймын. Келесі жылы да жүрегім қатты қысып
жансақтарда бір апта емделдім, содан аурухана біртіндеп екінші үйіме айнала
бастады.
Поль Брэгтің «Здоровье и долголетие» атты кітабы менің қолыма 2000
жылы қаңтар айында тиді. Осы т.б ашығу туралы кітаптарды мұқият,
ыждағаттылықпен оқып, бірте-бірте санама толықтай сіңіріп алдым. Сонан
соң ойланып, ішкен дәрілерім әсер етпейтін болған соң: «қараптан қарап
арам өлгенше, қарманып өлейін» – деп кітаптағы «ауру – қылмыс,
қылмыскер болмайық» деген ұранды басшылыққа алып 3 күндік ашығуға
бірден тәуекел еттім, нәтижесінде 3 тәуліктен кейін аяғымның бастырмай
аурып жүргені бірден жоғалып кетті. Сонан кейін екі қабат 7...10 күндік
ашығуды өткізіп, денем жеңілдеп, денсаулығымның күрт жақсара
186
бастағанына көзім жетті. 2000 жылы Наурыз айында 21 тәулік ашықтым,
сондағы ағзамның тазаланғанын ауызбен айтып жеткізу мүмкін емес! 2001
жылы ораза айында 27 күн ашықтым, 2002 жылы ораза айында 38 тәулік, ал
2003 жылының ораза айында 40 тәулікке жеткіздім. Осы ашығу барысында
қыста қардың суын, қалған уақытта тұманың не құдықтың суынан басқа
аузыма нәр татпадым. Аралық кезеңдерде анда-санда тәуліктеп ашығып
жүрдім, бірақ кітаптағы шарттарды толық сақтадым деп айта алмаймын,
себебі денсаулығың жақсара бастағанда, баяғы «таз» қалпыңа түсіп
пендешілік жеңіп кетеді екен. 2004 жылы да 40 тәуліктік ашығуға, ораза
аяқталарда яғни 9 Қарашада кірісіп кеттім де Желтоқсанның 19 да 41
тәуліктік ашығуды ойдағыдай аяқтадым. Бірақта, 2005 жылы ашығуды
белгілі бір себептермен ұстай алмай ауру мен настық қайта меңдеп алды.
50 күндік ашығуымда ыстық қайнаған суға таза бал және лимон қосып
іштім. Соңғы 15 күнінде тек қайнаған ыстық су ғана іштім. Себебі балдан
адамның жүрегі қайтып қалады екен, ағза өзі қажеттісін ғана қабылдайды.
Ыстық суға таза бал мен лимон салып, ерітіп ашығуды өзімнің ашығу іліміне
қосқан қомақты үлесім деп білемін.
Ескерту: Естеріңізде болсын! Егерде сусамыр (қант диабетімен) ауыратын
болсаңыз ішетін суыңызға бал қоспаңыз, қанытыңыз көбейіп кетеді! Тек
қана таза ыстық су ғана ішіңіз!
–
Әсет Ризаұлы, өзіңді қазір қалай сезінесің? Оқырмандарға осы туралы
қысқаша айта кеткенің дұрыс болар?
–
Денсаулығымды қалпына келтіру үшін академик Рақым Алмабекұлы
Оразалиевтің, теолог – философ Досым Қайырбекұлы Омаровтың
басшылығымен және жергілікті дәрігерлер Әбдікәрім Абдуманапұлы мен
Харниса Арупқызы Имяровтардың бақылауымен 2006 жылы 24 Наурызда
50 күндік ашығуға қайта кірісіп кеттім. Мамырдың 13 күні осы 50 күндік
ашығуымды ойдағыдай аяқтап шықтым, осы кезеңдегі ашығу барысы мен
оқиғалар желісі 2006 жылы 4000 данамен екі қайтара баспадан басылып
шыққан «Жасару құпиясы» атты кітабымызда кеңінен баяндалды.
Қазір көңіл күйім өте жақсы, шаршауды білмеймін. Ашығудан кейін
күннен күнге тәніме де, жаныма да керемет буырқанған қуат құйылып
жатқанын сеземін. Өзімнің жасарып, жас кезімдегідей қайратты, сымбатты
және 10...15 жылға бірден жасарып кеткеніме жанымдағы жұбайым,
балаларым, жақсы араласып жүрген достарым да таңырқап жағаларын
ұстайды. Тәнім ғана тазаланып қана қоймай, жаным мен рухым да
тазаланғаны соншалық, бұрынғы өмірдің күрделі шешілмейтіндей көрінетін
шырғалаңдары өзінен өзі қарапайым шешіліп, тұрмысым да түзеліп, нақ
бақытты болудың не екенін тәндік, жандық, рухани тұрғыдан да түсіне
бастадым. Осы деңгей жанұям, балаларым мен немерелеріме де жақсы
әсерін тигізуде. Осыған ашығу бағдарламасын ұстасаңыз өзіңіз де жететін
боласыз, ал осы жолмен жүрудің түк те қиындығы жоқ. Ол үшін «жан» мен
«тән» екеуі екі нәрсе екенін жақсы ажырата біліп, адамды «тән» емес «жан»
билеу керектігін түсініп, нәпсіңізді тисаңыз болды.
187
Сұрақ: – Әсет Ризаұлы, қазір біздің ұлтымыз ұстап жүрген оразада
кемшіліктер бар ма?
Жауап: – Дәулет Көпжасарұлы, сен өте бір маңызды сұрақ қойып
отырсың. Қазіргі уақытта біздің қазақ оразаны, рухани қараңғылықтың,
надандықтың салдарынан: даңғазалыққа, бәсекеге айналдырып жіберген
сияқты. Кешке ауыз аштырамыз деген сылтаумен бірін-бірі қонаққа
шақырып, көл-көсір дастархан жайылып, неше түрлі ауыр және өлі тағамдар
желінеді. Біздің қазекең «ет десе бет бар ма?» – деп, алдына келген тамақты
мөлшерсіз соға береді, нәтижесінде қазекеңнің басым көпшілігі ораза
айында, жай айларда жемейтін тамағын жеп, бейне ашаршылықтан келгендей
болады. Осылай күнделікті кешкілік ыңқия тамақ жеудің, ол тамақ толық
қортылмай жатып, тағы да таңғы сағат 4-те тұрып тамақ ішуде не мағына
бар, несі ораза, ауыз бекіткенінің мағынасы неде? Онымен қоймай: «Ауызды
уақытылы ашпаса обал болады» деген өздерінің қомағайлығы мен
мешкейлігін ақтайтын қағида шығарып алғанына не дерсіз?!
Адам баласы оразаны тамақ ішіп-жеуді шектеп, аз-аздап қана ішіп
денсаулығын жақсартумен қоса, жаны мен рухын тазалау ниетінде ұстауға
тиіс қой. Жоқ, біздің кейбір қазакеңдерде бәрі керісінше, оразадан алатын
пайдасынан, шегетін зияны көп сияқты. Біз осы оразаның адамның рухына,
жанына, денсаулығына пайдалы әсерлерін оразаның ғылми тұрғыдан
теориясын осының алдында басылып шыққан – «Жасару құпиясы»-ның
бірінші кітабында академик Р. А. Оразалиевтің баяндауымен толық ашып,
айтып кеткенбіз.
Сұрақ: – Әсет Ризаұлы, оқырмандарымызға 24-36 сағаттық және үш,
жеті, он тәуліктік ашығулардан қалай шығу керек екенін қайта-қайталап
айтып өтсек артықшылығы болмас деп ойлаймын. Кейбір жағдайлар
алдындағы кітапта баяндалса да, алдыңғы кітабыңызды көпшілік
оқырмандарымыздың оқымауы мүмкін ғой?
Жауап: – Дәулет Көпжасарұлы, олай болса ашығудан қалай шығу
керектігін тағы қайталап тоқталайын. Ашығып болғаннан кейін төмендегі
шарттарды мұқият сақтаңыз. Есіңізде болсын: бірден бұрынғыдай
ашқарақтанып ыңқия тойып алсаң өліп кетуің мүмкін!
Тамаққа қайта әдеттену үшін, ағзаға бір-екі тәулік уақыт керек. Егер
ішегіңіз осы аралықта әрекет жасамаса мазасызданбаңыз. Көбінесе алғашқы
тамақ ішкеніңізден кейін, бірінші үлкен дәретке отырасыз, бұл әркімнің жеке
ісі, сондықтан да бәріне бірдей ортақ қалып қоя алмаймыз. Сіз табиғатқа
қарсы келіп, ішегіңіздің жұмыс жасауына қысас келтірмеңіз. Табиғат ішекті
өзінің санитарлық және залалсыздандыру жүйесімен қамтамасыз еткен, осы
жүйе керекті уақытында өзінің табиғи міндетін атқарады. Сіз тамақ ішкенде,
ішек өзінің жұмысын атқара береді. Егер сіз осында айтылған тамақ ішу
ережесін басшылыққа алсаңыз, онда уақытылы және сау шығару жүйесін
қалыптастырасыз.
Сіздің 24 сағаттық ашығуыңыз, түскі астан – келесі түскі немесе кешкі
тамақтан, ертеңгі кешкі тамаққа дейінгі аралықта болу керек. Осы кезеңде
жеміс, шырын т.б. тағамдарды аузыңызға салмайсыз, дәмін де татпайсыз, тек
188
таза су ғана ішуге болады. 24 сағаттық ашығуда бір-ақ нәрсеге рұқсат. Егер
қаласаңыз таза суға табиғи бал немесе лимон қосуға болады. Бұл қоспалар
улар мен маңқаны еріткіш. Сонда судың дәмі кіріп, бүйректегі сүзгілерден
жеңіл өтеді. Ашығуда бүйрек ең маңызды жұмыс атқарады. Міне сондықтан
да, ашығудың қай түрінде болмасын қайнатылған ыстық суды көп ішу керек.
24 сағат ашықаннан кейін, кіші дәретіңізді шыны құтыға құйып, салқын
жерге бірнеше апта сақтап қойыңыз. Сіз өз көзіңізбен шыққан уларды,
шырышты, маңқаны, қиыршықтарды көресіз.
Осы 24...36 сағаттық ашығуды қазір көптеген адамдар ұстайды, әсіресе
бір орнында тапжылмай қызмет істейтіндер және ұзақ ашығуға шыдай
алмайтындар, олар апта сайын белгілі бір күнді белгілеп алып сол күні 24 не
36 сағаттық ашығуды қиналмай-ақ ойдағыдай өткізеді, тіпті қалыптасып
алғандары сонша, өздерінің аш екендерін де ұмытып кетеді. Ашығудың осы
қысқа түрін кім болмаса да ұстай алады.
Жеті күндік ашығу кезеңінде сіздің асқазаныңыз бен барлық ішек
жолдары жиырылады, ал ашығу мерзімі аяқталған кезде былай істеуіңіз
керек. Ашығудың 7-ші күні, мөлшермен кешкі 5-те, 4-5 помидордың
қабығын аршып тураңыз да, қайнап жатқан суға салып жіберіп, бірден
шығарып алыңыз. Тәбетіңіз келген кезде суытып барып жеңіз. 8-ші күні
таңертең ұсақталып туралған сәбіз бен капустаға апельсиннің жартысын
сығып, шырынын қосып жеңіз. Осыдан кейін кішкене табақшамен
бұқтырылған көкөніс, жеміс жеуге болады. Осы тамақпен кептірілген қара
нанның 2 тілімін жеңіз. Осыларды таңертең жеу қажет. Күні бойы суды
қанша ішем десеңіз еркіңіз. Түскі тамаққа майдаланып ұсатылған сәбіз,
апельсиннің шырыны қосылған туралған капуста. Салаттан кейін екі жеміс
көжесін – сәбізден, капустадан, асқабақтан немесе көк бұршақтан
дайындалған, осыған екі тілім қара нан қосып жеуге болады. Мұндай тамақта
май болмайды.
Тоғызыншы күні таңертең, қандай болмасын жаңадан үзіліп алынған
жеміс алма т.б. жеуге болады. Осыған 2 кішкене қасық бөрткен бидайды 1
кішкене қасық балға араластырып қосыңыз. Күндіз ұсақталған сәбіз,
капустадан жасалған салат, бір жеміс көжесі, бір тілім нан. Кешке салаттан,
памидор т.б. көкеністерден пісірілген көже ішіңіз. Оныншы күннен бастап,
өзіңіз үйренген қалыпты тамағыңызға көше беруіңізге болады, бірақ
мөлшерден тым асырып жібермеңіз. Жеті мен онкүндік ашығудың арасында
айырмашылық азғантай ғана. 10-шы күннің кешкі 5 мөлшерінде памидор
жеп, жоғарыда айтылған ережені басшылыққа алыңыз. Өзің жейтіндей ғана
жеңіз, артық жемеңіз. Есіңізде болсын, сіз тамақсыз 7-10 күн өмір сүрдіңіз,
осы уақытта тәбетіңіз жоғалды. Сіз тамақ іше бастағанда қуат бірден
құйылмайды, ол үшін уақыт керек және ағзаңыз уды тазалаудан, тамаққа
қанығу бағдарламасына көшу үшін де белгілі мерзім қажет.
Бірінші салатты жеуді ережеме айландырдым. Себебі, біз ағзамызды
тек табиғи тамаққа ғана бейімдеуіміз керек. Көпшілік адамдар тамақтануды
көже ішу мен нан жеуден бастайды, менің пікірімше, бұлай тамақтану
мүлдем қате, себебі шикі көкөністер тамақ алдында ас қорту сөлінің
189
бөлінуіне көмектеседі. Шикі көкеністің құрамында табиғи сөл мол, бұл ас
қортуға ең қажет зат. Сондықтан да, мен тамақты көкөніс салаттарынан
бастауларыңызды талап етемін, осылай бірнеше жыл әдеттенсеңіз, сіздің
ағзаңыз тамақ алдында басқа нәрсені қабылдамайды. Осының нәтижесінде,
сіздің тағамыздың құрамында, көкөніс мөлшері 60 пайызға жетеді. Шикі
көкөністер мен жемістерде өмірлік күш мол, бұл табиғаттың күн қуатын
шоғырландырып, бізге дайындаған тірі тамағы. Міне, сондықтан, тамақ
құрамының мінсіз мәзірінің 60 пайызы шикі көкөністер мен жеміс-
жидектерден, 20 пайызы белоктан құралуы керек деп есептеймін. Бұл белок
ет, балық, жұмыртқа, табиғи ірімшік-сыр немесе өсімдіктен жаңғақ, дән
түрінде болады. Сыра ашытқысы және бөрттірілген бидай да белок
азығының маңыздысы. Соңғы 20 пайызының өзі үшке жіктеледі. Бірінші
бөлігі табиғи крахмал-наннан, күріштен, бұршақтардан алынады. Екінші
бөлігі табиғи қант-балдан, шырындар мен кептірілген жемістерден алынады.
Үшінші бөлігі табиғи қанықпаған майлар – күнбағыс, соя т.б. өсімдік
майлары.Табиғи крахмал, қант және майлар – бұлар жоғары мөлшерде
шоғырланған тамақ, сондықтан осыларды аздап, мөлшермен ғана
қолданыңыз.
Ашыққан кезеңде ыстық су ішу өте пайдалы. Қайнағаннан кейін
тұндырып барып ішіңіз. Суық сумен майлы ыдысты жуған кезде толық
тазаланбайды, таза жуу үшін ыстық су қажет. Ағзада да осылай болады,
ыстық су, суық су шая алмайтын талай қоқыстарды ерітіп оларды бүйрек,
тесіктер т.б. арқылы шығарып тастағанда, сіз өзіңіздің тазаланып
жасарғаныңызды сезесіз. Ыстық суды ашығу кезінде үзбей ішуіңізге болады.
Ыстық су түтіктердің бәрін тазалайтындықтан қан тамырларының қатуы мен
буын ауруларына таптырмайтын дауа.Үйренбегендіктен бастапқыда ыстық
суды ішу біртүрлі жағымсыз, бірақта біртіндеп рахаттана бастап соңынан
ләззат аласыз. Ыстық су табиғи зиянсыз дәрі, бірақ арзан және қарапайым
болғандықтан ешкім де салиқалы түрде қабылдамайды. Баяғыда біреу ыстық
судың көмегімен дәрігерлер дәрімен жаза алмаған ауруын жазып алған.
Күдер үзген дәрігер осы ауруды көруге келгенде, ол өзінің қалай жазылғанын
айтады, сол кезде дәрігер былай дейді: »Мен ыстық судың шипалық талай
қасиетін білемін, бірақта мен ыстық суды сата алмаймын ғой!».
Енді ашығудан қалай шығу керектігіне тоқталайық. Ашығып болғаннан
кейін төмендегі шарттарды мұқият сақтаңыз. Есіңізде болсын: бірден
бұрынғыдай ашқарақтанып ыңқия тойып алсаң өліп кетуің мүмкін!
Тамаққа қайта әдеттену үшін, ағзаға бір-екі тәулік уақыт керек. Егер ішегіңіз
осы аралықта әрекет жасамаса мазасызданбаңыз. Көбінесе алғашқы тамақ
ішкеніңізден кейін, бірінші үлкен дәретке отырасыз, бұл әркімнің жеке ісі,
сондықтан да бәріне бірдей ортақ қалып қоя алмаймыз. Сіз табиғатқа қарсы
келіп, ішегіңіздің жұмыс жасауына қысас келтірмеңіз. Табиғат ішекті өзінің
санитарлық және залалсыздандыру жүйесімен қамтамасыз еткен, осы жүйе
керекті уақытында өзінің табиғи міндетін атқарады. Сіз тамақ ішкенде, ішек
өзінің жұмысын атқара береді. Егер сіз осында айтылған тамақ ішу ережесін
190
басшылыққа алсаңыз, онда уақытылы және сау шығару жүйесін
қалыптастырасыз.
Сіздің 24 сағаттық ашығуыңыз, түскі астан – келесі түскі немесе кешкі
тамақтан, ертеңгі кешкі тамаққа дейінгі аралықта болу керек. Осы кезеңде
жеміс, шырын т.б. тағамдарды аузыңызға салмайсыз, дәмін де татпайсыз, тек
таза су ғана ішуге болады. 24 сағаттық ашығуда бір-ақ нәрсеге рұқсат. Егер
қаласаңыз таза суға табиғи бал немесе лимон қосуға болады. Бұл қоспалар
улар мен шырыштардың еріткіші. Сонда судың дәмі кіріп, бүйректегі
сүзгілерден жеңіл өтеді. Ашығуда бүйрек ең маңызды жұмыс атқарады. Міне
сондықтан да, ашығудың қай түрінде болмасын қайнатылған ыстық суды көп
ішу керек. 24 сағат ашықаннан кейін, кіші дәретіңізді шыны құтыға құйып,
салқын жерге бірнеше апта сақтап қойыңыз. Сіз өз көзіңізбен шыққан
уларды, шырышты, маңқаны, қиыршықтарды көресіз.
Алдындағы 50 тәуліктік ашығудан шыққан соң, 4-5 тәулік бойы жеміс
шырындарын ішіп немесе таза жеміс мәзірін (диета) қолданып жүрдім.
Неізгі қолданатыным қызанақ (памидор), осыны үгіткіткіштен өткізіп
қабығын алып тастаймын да, 2-3 кг қызанақ шырынына 5-6 бас у сарымсақ
(чеснок), 2-3 тәтті бұрышқа аздап қана тұз қосып ішіп жүрдім, себебі
ішімдегі қалған улардан осылай құтылатын сияқтымын. Осы шырынды іше
бастағаннан соң-ақ тілім керемет тазаланып, өзіме бір ерекше қуаттың
құйылып жатқанын сездім. У сармысақтың қасиеті ішіңдегі вирус пен
микробтарды түгелдей жойып жібереді және ішіңді өткізіп тазалайды.
Шөлдей бастасам аздап бал, лимон қосқан ыстық су ішемін. Осы әдіс те өзіме
жүргізіп жатқан тәжірибемнің бір белесі. Салмағым мен қан қысымымда
өзгеріс жоқ, жұмысты ерекше бір шабытпен істеудемін, көңіл күйім
көтеріңкі.
Достарыңызбен бөлісу: |