Әсет мұҚашбеков



Pdf көрінісі
бет19/23
Дата15.03.2017
өлшемі1,62 Mb.
#9523
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

Қылыш Жылқайдар 
Саусағы сәбидің білегіндей, алып тұлғалы, жау жүрек адам еді. 1917–
1919 жылдарда атаман Анненковтың әскерінде болады. 
 
Одан  Қытайдағы  Шәуешек  маңына  паналайды.  Қараүңгір–Қарақабақ 
деген  жерде  Әжібала  атты  бай  солаң  бар–тын.  Оның  бір  інісі  Абдыраның 
суына таласқан қанша қазақты көгала қойдай сабап, ағашқа таңып, әйелдерін 
қорлаған. Озбырлыққа қаны қайнап, әбден кектенген қазақтар Жылқайдарға 
осыны  құртып  бер,  сені  өзіміз  құтқарамыз  деп  тілек  етеді.  Көмейді  түзету 
кезегі  келгенде  жаннан  ықпайтын  солаңды  аттан  аударып  алып,  тапа–тал 
түсте су байлайтын құрақ қамыстың ортасына орап, көмейге көлденең қойып, 
айырықты  бөгейді.  Қайтадан  Советке  қашып  келеді.  Мұнда  қызылдардан 
қорғанып,  Найзақараға  бекініп,  алдырмай  қойған  ағайынды  Бақбай, 
Рақымбай  бастатқан  «банда»  тобына  қосылып,  бір–аз  уақыт  бірге  болады. 
Бірде  ерекше  тапсырмамен  Ұржарға  келген  Жылқайдар  қолға  түседі. 
Қызылдар  оған  сый  беріп,  алға  жолбасшы  етіп,  Найзақараны  алады.  Аз 
тыныстап, Кеңес өкіметінің қызметін атқарушы адам ретінде жүріп жатады. 
 
Сол тұста асқан күші, тұлғасымен аты шыққан «полтара Иван» дейтін, 
екі  центнерлік  бөшкені  өзі  тиеп–түсіретін,  жұрт  бетіне  қарауға  жасқанатын 
орыс бар еді. Жылқайдарды сонымен күрестірмек болады. Күрес білмейтін, 
қара күшке сенген Иван жығылып қалам ба деген қауіппен, «қол алысайық» 
деген шарт ұсынады. Алдыңғы кезек орысқа тиіп қысқанда, күлімсірегендей 
кейіпте  төзіп,  тұрып  алған.  Жылқайдар  қысқанда  Иван  қанша  шыдайын 
дегенмен, езуі ыржыйып, көзінен парлаған жас шығып кеткен.  
 
Жылқайдарды ақыры қызылдар атып өлтірді. Аруағына әумин! 
– 
Байкенже  ата, осы «халық жаулары» туралы деректерді ауызша  өзім  
жинап  жүрмін.  Өзіміздің  ауылдан  шыққан  жазықсыз  құрбандардың  аты-
жөндерін, істеген қызметтерін айта кетсеңіз, уақыты келгенде осы жазықсыз 
шәйіт болған құрбандар ақталатын шығар деп ойлаймын. 

 
219 
– 
Әсет, мынауың бір игілікті іс екен. Шейіт болған азаматтарымыздың 
аруақтары бір аунап қалатын болды. Осы азаматтардың ақталған құжаттарын 
қайтсең  де  тауып  ақ  қағаз  бетіне  түсірерсің,  байқаймын  осы  шаруа  сенің 
қолыңнан  ғана  келетін  сияқты  –  деп  асқан  көріпкелдікпен  осдын  30  жыл 
бұрын  қасиетіңнен  айналайын  Байкенже  ақсақал  болжап  кетіп  еді. 
Қадірменді  оқырман,  мен  енді  сол  кезде  Байкенже  ақсақал  «құпиялап» 
айтып,  кеткен  өзі  түгел  танитын,  көпшілігімен  бірге  қызмет  істеген, 
жазықсыз атылып, шейіт болып кеткен бір ауылдың боздақтарының төменгі 
тізімін  берейін:  На  основании  ст.21    Закона  Республики  Казахстан  «О 
реаблитаций  жертв  массовых  политических  репрессий»  от  14  апреля  1993 
года. Законом РК от 22 июля 1997 года «О внесении изменений в Закон РК 
«О реаблитаций жертв массовых политических репрессий». 
 
Өлі разы болмай, тірі байымайды. Қазақ мақал–мәтелдері 
 
1.
 
Досаканов  Джилкайдар  род.  В  1889  г.  В  ауле  Клыш  Науалинского 
аулсовета.  Казах.  Проживал  там  же.  Землепашец.  Осужден  тр.  ПП 
ОГПУ  19.10.1932  г.  По  ст.  58–8, 59–3  УК  РСФСР  к  высшей  мере 
наказания. Реабилитирован заключением Прокуратуры РК 26.08.1992г. 
2.
 
Дюсенов Сыдык род. В 1897 г. В ауле Клыш Науалинского аулсовета. 
Казах.  Проживал  в  г.  Чугучаке  китая.  Хлебороб.  Осужден  тр.  ПП 
ОГПУ  19.10.1932  г.  По  ст.  58–8, 59–3  УК  РСФСР  к  высшей  мере 
наказания. Реабилитирован заключением Прокуратуры РК 26.08.1992 г. 
Книга  скорби  –  Азалы  кітап:  Расстрельные  списки.  –  Выпуск2:  Алматы, 
Алматинская  (включая  Талдыкорганскую)  и  Жамбылская  области,  – 
Алматы: Қазақстан, 1998. – 496 с. Издательство «Қазақстан» страница-100 
3.
 
Атчабаров  Мухамеджан,  1893  г.р.  проживал  в  Алма–Атинской  обл. 
Урджарском  районе  с.  Тегизчалдык,  работал  заведующим  фермой  в 
колхозе Тегизчалдык. Приговор приведен в исполнение (сведений нет). 
4.
 
Баткалов  Аубакир,  1895  г.р.  проживал  в  Алма–Атинской  обл.,  с. 
Урджар, работал председателем колхоза Елтай. Приговор  приведен в 
исполнение (сведений нет). 
5.
 
Гимадиев  Капсемет,  1893  г.р.,  проживал  в  Алма–Атинской  обл., 
Урджарском  районе  с.  Науалы,  работал  счетоводом.    Приговор 
приведенив исполнение (сведений нет). 
6.
 
Диникенов  Кажихан,  1905  г.р.,  проживал  в  Алма–Атинской  обл., 
Урджарском районе с. Науалы, работал директором школы. Приговор 
приведен в исполнение (сведений нет). 
7.
 
Дошанов  Нурмухамбет,  1888  г.р.,  проживал  Алма–Атинской  обл., 
Урджарском  районе  с.  Науалы,  работал  бригадиром  в  колхозе  им. 
Исаева. Приговор приведен в исполнение (сведений нет). 
8.
 
Жолбарисов  Мукашбек,  1889  г.р.,  проживал  в  Алма–Атинской 
области, Урджарском районе с. Ельтай, работал колхозником в колхозе 
Жана–Турмыс,  мулла.    Осужден  тройкой  УЕКВД  Алма–Атинской 
области  по  ст.  58  и  58–2  УК  РСФСР  к  высшей  мере  наказания. 

 
220 
20.02.1938г.  Приговор  приведен  в  исполнение.  Реабилитирован  на 
основании ст.1 Указа ПВС ССР от 16.01.89 г., заключением прокурора 
Семипалатинской обл. От 25. 04. 1989 г. 
9.  Искаков  Фазыл,  1897  г.р.  проживал  в  Семипалатинской  обл.,  г. 
Семипалатинск,  работал  председателем  колхоза  Жана  Турмыс. 
Приговор приведен в исполнение. (сведений нет). 
10.    Калышев  Карим,  1901  г.р.,  проживал  в  Алма–Атинской  обл. 
Урджарском районе           с. Урджар, работал председателем колхоза 
Тегиз жылдык. Приговор  приведен в исполнение. 
11. Кулжабаев Бутабай, 1898 г.р., проживал в Алма–Атинской обл., с. 
Жана–Турмыс,  работал  зав.  Отделом  связи.  Приговор  приведен  в 
исполнение (сведений нет). 
12.  Матчанов  Кадыр  Жолдасович,  1901  г.р.,  проживал  в  Алма–
Атинской обл., Урджарском районе с. Урджар, работал председателем 
райисполкома. Приговор приведен в исполнение (сведений нет). 
13.  Озатов  Курмангали,  1893  г.р.,  проживал  в  Алма–Атинской  обл. 
Урджарском  районе  с.  Тегизчалдык,  работал  заведующим  фермой. 
Приговор приведен в исполнение (сведений нет). 
14.  Орумбеков  Сман,  1903  г.р.,  проживал  в  Алма–Атинской  обл. 
Урджарском  районе  с.  Науалы,  работал  завучем  детдома.  Приговор 
приведен в исполнение (сведений нет). 
15.  Раимбеков  Оразгали,  1900  г.р.  проживал  в  Алма–Атинской  обл. 
Урджарском районе с. Акжар, работал колхозником в колхозе Ынталы 
Кедей. Приговор приведен в исполнение 29.12.1937 г. 
16.  Рахматуллин  Садык,  1898  г.р.,  проживал  в  Алма–Атинской  обл. 
Урджарском районе с. Науалы, работал счетоводом в колхозе Ынталы 
Кедей. Приговор приведен в исполнение (сведений нет). 
17.  Сагжанов  Макен,  1898  г.р.,  проживал  в  Алма–Атинской  обл., 
Урджарском  районе  с.  Науалы,  работал  бригадиром  в  колхозе  им. 
Исаева. Приговор приведен в исполнение. (сведений нет). 
18.  Стамбеков  Садык,  1903  г.р.,  проживал  в  Алма–Атинской  обл., 
Урджарском районе с. Акжар, работал охранником в колхозе Ынталы 
Кедей. Приговор приведен в исполнение (сведений нет). 
19.  Ускомбаев  Санат,  1897  г.р.,  проживал  в  Алма–Атинской  обл., 
Маканчинском  районе  с.  Каргалы,  работал  заместителем  директором 
совхоза Тасбулак. Приговор приведен в исполнение (сведений нет). 
20.  Ыдырышев  Джексембай,  1909  г.р.,  проживал  Алма–Атинской 
обл.,  Урджарском  районе  с.  Урджар,  работал  председателем  колхоза 
Тегиз жылдык. 
21. Темирбеков Нургалий, 1894 г.р. проживал в Алма-Атинской обл, в 
Урджарском  районе  с.  Урджар,  работал  инспектором  в  Сельхозбанке. 
Приговор приведен в исполнение (сведений нет). 
22. 
Тагасов Нурмухамед, 1903 г.р. проживал в Алма-Атинской обл, в 
Урджарском районе с. Ельтай, работал колхозником в колхозе  Ельтай. 
Приговор приведен в исполнение (сведений нет). 

 
221 
Книга  скорби  (расстрельные  списки)  Восточно-Казахстанская  область 
2001  год.  Акимат  ВКО,  2001.  Департамент  КНБ  РК  по  ВКО.  2001.  ПК 
«Семей-Печать». 2001 
 
Ағайынды  «халық  жаулары»  Қасымқан  мен  Қажықан  Дінікеновтардың 
немересі Талғат Қажықановтың естелігі. 
 
Менің  өз  атам  Қажықан  1905  жылы,  ал  ағасы  Қасымхан  1900  жылы 
туған.  Ол  кісілер  сол  заманда  көздері  ашық,  оқыған  өте  сауатты  адамдар 
болыпты.  Қасымхан  мен  Қажықанның  әкелері  Дінікен  бабамыз  діни  білімі 
терең  ғұлама  адам  болған  сияқты.  Осы  бабамыз  үлкен  баласы  Қасымханды 
дін  оқуын  оқытса,  оның  бауыры  Қажықанды  ағартушылық  (академиялық) 
білімге оқытыпты.  
 
1929  жылы  менің  атам  Қажықан  Дінікенұлы  ағартушы  ретінде  осы 
ауылдың  төл  тумасы  Нұртаза  Омарбаев  екеуі  бірлесіп  Науалыда  – 
ашаршылықтың  салдарынан  жетім  қалған  балаларды  жиып  алып  балалар 
үйін:  мектеп-интернат  ашады,  соның  тұңғыш  директоры  болады,  ал  Сман 
Орынбеков деген азамат завучы болады. Кейіннен 1937 жылы осы үшеуін де 
«халық  жауы»  ретінде  ұстап  алып  Қажықан  Дінікенов  пен  Сман 
Орынбековты 1938 жылы атады, ал Нұртаза Омарбаевты 25 жылға соттайды. 
Нұртаза ақсақал осыдан Сталин өлгеннен кейін ақталып, өз ауылында есепші 
болып өле-өлгенше қызмет  атқарды. Қазір осы үш азаматтың да ұрпақтары 
бармыз.  
 
Сұрақ: – Талғат бауырым, өзің  туралы қысқаша баяндай кетсең? 
 
Жауап: – Менің Қажықан атам 1929 жылы Тума ішіндегі Жәментіктің 
ұрпағы  Сәлима  әжеме  үйленеді.  Осы  әжемнің  туған  ағасы  Қапсемет 
Ғимадиевті де 1937 жылы «халық жауы» деп ұстап 1938 жылы атқан, бұл кісі 
осы  Науалыда  есепші  болып  қызмет  атқарған.  Қалған  ағайындары  Қытайға 
өтіп кетіп «қызыл қырғыннан» аман қалған. Осы кісілерді ғұлама оқымысты 
Кәттабай қажы 1955 жылы туған еліне қайта алып келеді.  Қажықан атам мен 
Сәлима  әжемнен  менің  әкем  Пироз  туады.  Қажықан  атам  дарынды 
домбырашы, күйші адам болған екен.  Әкем Пироз да Қажықан атам сияқты 
керемет  сазгер  адам  болғанын  Әс-аға  өзіңіз  де  жақсы  білесіз.  Ол  кісінің 
ойнамайтын музықалық аспабы болмайтын, әсіресе баянды құйқылжытқанда 
сай-сүйегіңді  сырқырататын.  Осы  әкемнен  төрт  тұяқ,  үш  шырақ  бармыз. 
Үлкеніміз  Әбдіхан,  онан  кейін  мен  –  Талғат,  менен  кейін  Қайрат  пен 
Бауыржан.  
 
1934  жылы  атам  Қажықан  Дінікенұлы  өз  алды  Науалыды  мектеп 
ашады  да  осы  мектептің  де  тұңғыш  директоры  болады.  Осы  мектептің 
құрлысын басқарып салған Оразғали Райымбеков деген  азамат. Осы кісі де 
1937 жылы «халық жауы» болып ұсталып, 1938 жылы атылады. Осы кісінің 
туған  бауыры  Жүмәділ  Райымбеков  ағамыз  да  кейіннен  осы  мектептің, 
Ұржардағы мектеп-интернаттың директоры болып, аудандық оқу бөлімін де 
ұзақ  жылдар  бойы  басқарды.  Науалы  және  Ұржар  өңіріне  соғыстан  кейінгі 
жылдары  оқу  ағарту  ісіне  ұшан  теңіз  еңбек  сіңіріп,  осы  саланы  басқарған 

 
222 
Жүмәділ  Райымбеков  пен  Қойшыбай  Төлеубеков  ағаларымыз  болған.  Екеуі 
де  соғыстан  офицер  атағымен  оралған  қазақтың  санаулы  зиялы  азаматтары 
еді.    
 
Қасымхан  атам  мен  Қажықан  атамдар  Алматының  түрмесінің  ішінде 
тергеуге апара жатқанда бетпе-бет кезігіп қалады, сол кезде Қажықан атам: 
«Бәрі бітті, болды, болды!» – деп айтып үлгеріпті. Сол кезде менің Қасымхан 
атамды 25 жылға соттапты. Қасымхан атамның бір ерекшелігі өте қайсар, өз 
айтқанынан  қайтпайтын  бірбеткей,  батыр,  жүректі  адам-тын.  Жендеттер 
қанша  қинаса  да  шыдап,  жала  жапқан  қағазға  (құжатқа)  қол  қоймай 
қасарысып тұрып алыпты. Діңкесі құрыған тергеушілердің амалдары құрып, 
сол кездегі ең жеңіл жаза 25 жылға кесіпті. Сондағы бар жапқан айыптары: 
«
Құдайға сенесің, молдасың». 
 
Бірақ соғыс басталған жылдары Рокосовский құрған айып (штрафной) 
батальонында  болып,  «кінәсін»  өзінің  қанымен  ақтап,  1946  жылы 
Жапонияны жеңіп еліне бірақ қайтып келіпті.  
Қасымхан  атамыз  жас  күнінен  сотқарлау,  қияңқылау,  ер  мінезді  адам 
болған  деп  айтып  кеттім  ғой.  Түрмеде  жатқанда  тергеушілер  барлық 
саусақтарын  сындырғандықтан  қисық-қисық  болатын.  Осы  Қасымхан 
атамның Аякөзде тұратын Саттар деген жаңғыз баласы бар.  Енді осы Саттар 
ағамнан  естіген  атамның  кейбір  әңгімелерін  айта  кетейін.  Қасымхан  атам 
соғыстан  келгеннен  кейін  Аякөз  бен  Бақытыдағы  –  шекараға  кіре 
тартқандарға  жетекшілік  еткен.  Кіре  деген  жүк  артқан  керуен,  яғни  керуен 
басы  болған.  Ол  кісі  ештеңкеден  қайтпақ  түгіл,  ештеңкеден  жиіркенбеген 
адам  екен.  Бір  күні  колхоздың  бастығы:  «Мойыны  құрттап  кеткен  өгіздің 
мойынындағы  іріңнен  бір  кесе  ішіп  алсаң,  өгізді  саған  беремін»  –  деп  бәс 
айтады.  Қасымхан  атам  бір  кесе  іріңді  жиіркенбей  қағып  салады  да,  өгізді 
жетелеп  жүре  береді.  Енді  бірде  біреу:  «жаңа  туған  күшікті  тірідей  жұта 
аласың ба?» – деп сұрайды, Қажықан атам: «жұтамын» – дейді. Бірақ әлгі кісі 
бәске дәті шыдай алмай тайсақтап кетіпті.  
Келесі  «сары  ауыз»  Қасен  ағамыздың  өзі  куә  болған  әңгімесін  айта 
кетейін. Ол кезде Қасен ағамыздың бала кезі екен. Соғыстан кейінгі жылдары 
Қасымхан  атам  Бақтыда  арақ  ішіп,    қарта  ойнап  жұнттай  боп  ұтылып 
Қарағашқа (бұрынғы Науалы ауылының халқы мекендеген жер)  келсе елдің 
бәрі  зар  жылап  отыр  екен.  Сұрастыра  келсе  сол  жылдары  көшіп  келген 
шешендердің жігіттері табында жайып жүрген сиырларының ішінен ең семіз-
семіздерін  тартып  алып  кетіпті.  Ауылда  соғыстан  кейін  бас  көтеретін  де 
азамат  жоқ.  Жесір  қатын,  жас  бала  мен  кәрі-құртаңдар  ғана.  Осыны  ести 
салысымен  Қасымхан  атам  жөнін  айтпастан,  жайдақ  атқа  міне  салып  кетіп 
қалыпты. Ертеңіне таң ата жалғыз өзі – ақиретке киінеген (жағасы мен жеңі 
қырқылған  ақ  көйлек  дамбал,  мұсылмандар  өлімге  бас  байлағанда  осылай 
киінеді. Өлім жазасына кеске адамды да осылай киіндіреді) он шақты шешен 
жігіттерін  сиырлармен  бірге  үйіріп  айдап  келіпті.  Сөйтсе,  Қасымхан  атам 
шешендердің үлкен молдасына барып шариғат айтысып жеңіп кетіпті. Сонда 
шешеннің  молдасы:  «Сіздікі  дұрыс,  соғыста  қаза  тапқан  жесір  қатын  мен 
жетім балалардың күн көрісін тартып алған адамдарды өлім жазасына кессең 

 
223 
де өз еркіңде. Біздің де жетісіп отырғанымыз шамалы, берген айып-пұлымыз 
осылар»  –  деп  тартып  алған  шешендерді  сиырдың  ішіне  қосып  беріпті. 
Ауылға  апарып  тағдырын  көпшілік  шешсін  деп.  Бірақта,  Қасымхан  атам 
осылырды  қолының  қышуы  қанғанша  сабап-сабап:  «енді  қайтіп  тиіспейміз, 
ауылыңның  маңынан  да  жүрмейміз»  –  деген  уәделерін  алып  босатып  қоя 
беріпті.  Осы  әңгімені  Қазбекев  Қасен  деген  ағамыздан  да  талай  естідім. 
Жарықтық кездескен сайын: «әй батырдың тұқымы!» – деп әзілдеп отырушы 
еді. Қасымхан атам бертінге дейін Аякөздің Сергиопелінде имам болды. 
 
 
Бақыт дегеніміз тәубәшілік, 
 
Бақыт дегеніміз арманның орындалуы. 
 
 
 
 
 
 
 
Күнімжан Дәулетбайқызы 
 
Күнімжан  апай  жетпіске  келіп  қалған  «сырлы  аяқтың  сыры  кетсе  де, 
сыны кетпейді» дегендей жас күніндегі сұлулығын сақтай білген, салиқалы, 
сабырлы, бір дүйім елді шашау шығармай басқарып, ұлды ұяға, қызды қияға 
қондырып, тектілігі өн бойынан төгіліп тұрған бақытты ана, данагөй әже.  
– 
Мен,  Күнімжан Дәулетбай қызы бұрынғы Семей облысы Абыралы 
ауданында 1938 жылы 7 қарашада туыппын. 1953 жылы Абыралы ауданын 
атом  бомбасын  сынайтын  сынақ  алаңына  айланыырғаннан  кейін  Абай 
ауданына көшіп келдік. Қарауыл ауылында орта мектепті бітіріп, Семейдегі 
сауда  техникумында  оқыдым.  1958  жылы  Семейдегі  зоовет  институтын 
бітірген жаны жомарт, мінезі байсалды, пейілі кең Төкен Байкенжеұлы деген 
азаматқа тұрмысқа шығып, Науалыға келін болып түстім. 
 
Қысқаша  шежіреміз:  Байкенже  зайыбы  Тоқмейілден,  балалары  Төкен, 
Аясын,  Әсетай,  Майра.  Төкен  жұбайы  Күнімжаннан,  балалары  Тұрсынбай, 
Тұрғанбай,  Қабанбай,  Бекен.  Тұрсынбай  Семейдің  технологиялық 
институтын бітірген, қазір белгілі кәсіпкер. Тұрғанбай – прораб, Қабанбай – 
әскери дәрігер, майор, Бекен – кәсіпкер. Байкенже атамның немерелері мен 
шөберелер  және  келіндері  түгелдей  жоғары  оқу  орнын  бітірген  білікті 
мамандар. 
 
– 
Менің  атам  Жүке  ұлы  Байкенже  1911  жылы  Науалы  ауылдық 
кеңсесінің қарамағындағы Барақпай қорығындағы Ортабұлақта (Ғабдышүкір 
әулиенің  кесенесі  тұрған  жер)  туған.  Балалық  шағында  ауыл  молдасынан, 
онан  кейін  Ғабдышүкір  әулиеден  дәріс  алған.  1930  жылдарға  таман 
Ортабұлақ ауылында жаңаша мектеп ашылып осы мектептен 7 жылдық білім 
алады. Ол кезде Ортабұлақтың өз мектебі, байланыс бөлімі, дүкені, қонақ үйі 
бар  үлкен  ауыл  болған.  Бір  кездерде  «Жібек  жолы»-ның  бір  тармағы  осы 
ауылдың үстімен өткен. Шоқан Уалихановтың еңбектерінде осы ауыл туралы 
айтылған  және  Ресейдің  Қытайға  шығатын  бекеті  екені  көрсетілген.  Осы 
ауылда  жан-жақпен  хабарлас  болып  отырған  білімді  мұғалімдер  сабақ 
берген. Сондықтан Байкенже атам бала кезінен – ескіше де, жаңаша да білім 
алған саналы, сауатты азамат болып қалыптасады. 
 
1929...32 
жылдары  Голощекиннің  солақай  саясатың  кесірінен  қазақ 
елінде  аштық  басталады.  1,5  миллион  қазақ  аштан  қырылып,  аман 

 
224 
қалғандары Қытай ауып кетеді. Осындай жағдайдан аман қалған 22 жастағы 
Байкеже атам 1933 жылы Исаев атындағы колхозда есепші болып істеді. 1939 
жылы  колхоз  орталығы  Ортабұлақтан  Қарағашқа  ауысады.  Осы  кезде  28 
жасар  Байкенже  колхоз  бастығына  сайланады.  Исаев  атындағы  колхоз 
Молотов  атындағы  болып  өзгереді.  Атам  жаңа  құрылған  жерге  мектеп, 
колхоз  кеңсесін,  8  үй  салдырады.  Жеке  адамдардың  баспана  салып 
алуларына мүмкіндік туғызады.  
 
1941 жылы броны болса да, өз еркімен арыз беріп майданға аттанады. 
Өзінің  жерлестерімен  бірге  Семей  мен  Аякөзде  жасақталып  жатқан  238-ші 
атқыштар  двизиясының  830-шы  полкінің  1175-ші  атқыштар  бөлімшесінде 
кіші саяси басшы қызметіне тағайындалады. 
 
Жоғарғы қолбасшы ставкасының бұйырығымен двизия бір түнде 50 км 
жол  жүріп  19  қазан  күні  Москва  түбіндегі  орыстың  ескі  қаласы  Алексинге 
келіп  Бундерева-Алексин-Шукшин  қорғаныс  шебінде  жаумен  бірінші  рет 
бетпе-бет шайқасады. 
 
1941 жылдың 27 қараша мен 2 желтоқсан аралығында 5 күннің ішінде 
двизиядан  537  адам  қаза  тауып,  770  адам  жараланып,  693  адам  хабарсыз 
кетеді.  Қарсы  жақтан  4000-дай  адам  қырылады.  Байкенже  атам  осы 
қырғынның  ішінен  аман  қалады.  Желтоқсан    айының  14-ші  жұлдызында 
двизия  шабуылға  шығып,  Москваның  оңтүстік  батысындағы  Алекен, 
Кондрова, Кохнов қалаларын және ондаған елді мекендерді азат етеді. 
 
Атам  құрамында  болған  830-шы  полк  94-ші  гвардиялық  болып  аталады  да 
двизия  Қызыл  ту  орденімен  марапатталады.  Атам  алғашқы  шыққан 
«Москваны қорғағаны үшін» меделімен марапатталады. Содан кейін «Қызыл 
ту»  орденімен  және  де  басқа  орден,  медалдармен  марапатталса  да:  « 
Алғашқы қырғын соғыстағы алған медалім ең ыстығы», – деп отырушы еді 
жарықтық.    Одан  кейін  двизия  Смоленск  облысын,  Белоруссияның  Невель, 
Великие  Луки,  Пеков  қалаларын,  Латвияны  азат  етіп,  1945  жылы  көкек 
айында  Курлияндияны  азат  етуге  қатысады.  Сол  шайқаста  атам  Байкенже 
Жүкеұлы 2 қабат ауыр жараланады. 
 
Соғыстан  жаралы  болып  қайтқан  соң  қайтадан  өзі  ұйымдастырған 
«Молотов» атындағы, одан кейін «Егін су» колхоздарын 9 жыл басқарады. 
 
1953  жылы  шағын-шағын  колхоздарды  ірілендіре  бастады.  Атам 
басқарған  «Молотов»  колхозы  енді  Ленин  атындағы  болып  құрылды. 
Байкеже атам осында партия ұйымының хатшысы болды. Кейіннен соғыста 
алған жарақат сыр бере бастады. Десаулыққа байланыста дәрігерлер атамды 
зейнеткерлікке шығарды. 
 
– 
Жыл өткен сайын өткен кезең бұлыңғыр тарта береді. Жеке адам да 
уақыты  келгенде  фәни  өмірден  бақи  дүниеге  көшеді.  Тек  табиғат  пен 
жаратылыс  қана  осы  дүниеден  өткен  нәбір  кемеңгер,  асыл  т.б.  адамдардың 
куәсіндай  ұзақ  жасайды.  Тіршіліктің  мәңгілік  жалғасы  мен  жемісін  адам 
өзінің ұрпақтарымен жалғастырып, бір-бірімен ұштастыра береді. Адам өлсе 
де оның рухани байлығы мен рухы мәңгі өлмейді. Сондай адамдардың бірі 
атам  Байкенже,  әкем  Дәулетбай,  Құдай  қосқан  қосағым  Төкендер,–  еді  деп 
Күнімжан  апай  терең  күрсіне,  көзіне  келген  жасты  орамалының  ұшымен 

 
225 
сүрте отырып, халқымыздың тарихының бір кезеңін атасын еске алу арқылы 
шебер де, көркем, қазақтың қарапайым тілімен баяндап берді. 
  
Ашығу ілімін ұстанушы Әсет Ризаұлының оныншы   толғауы. 
Тақырыбы:  Ата-тегім.  Менің  бала  күнгі  жағдайым.  Бала  күнгі 
аурушаңдықты қалай жеңдім, Семейге барып оқу оқуым. Спорттың маған 
тигізген  пайдасы.  Жастық  шақтағы  досым  Оралтай  Зейноллаұлы 
Қарсыбаевтың тағдыры. 
 
Науалы – екі өзеннің ортасында,   
 
 
Жазылған Жер шарының қартасында. 
Қыры – мал, ойы егін, суы балық
Алланың жаратушы арқасында. 
 
Құсақтан құлдай соқса бір қоңыр жел, 
Ішіңнен тарқайтындай қайғы мен шер. 
Желбіреп көк желегі, тал-терегі 
Жаратқан Құдай артық не деген жер. 
 
Басына Науалының Ақжар таяу 
Ауылдан су жағалай шықсаң жаяу. 
Көңілің көтерілер, денең сергіп, 
Самал жел Көкөзектен соқса баяу. 
 
Қарғалы, Көлденең мен сулы Құсақ, 
Маңырап қой өреді, жылқы жусап. 
Қызығын осы жердің көретұғын 
Анадан бала болып қайта тусақ! 
 
Бас жағы шет Қарасу – Малақ екен, 
Көк орай, көк майсалы жер-ақ екен. 
Құсақ пен Қарасудың екі арасын 
Баласы Құдас атаң қылған мекен. 
 
Қанша өзен бұл өлкені жарып аққан, 
Бабамыз жер тұрағын қайдан тапқан? 
Бұл жерді Қожакелді мекен қылып, 
Ұрпағы ат арқандап, малын баққан. 
 
Дейді екен Қарасуы Аймаңдайдың, 
Аты бар бәрінің де мекен-сайдың. 
Науалы – тоғыз Тума ту тіккен жер, 
Әрқашан, іздеп келген ұрпағыңа – 
Айқара, сағынышпен  құшақ жайдың! 
 
 
 
Данабек Байсалханов 

 
226 
 
Жақсылық көрсем өзімнен, 
Жамандық көрсем өзімнен. 
Тағдыр қылды деулерді 
Шығарамын сөзімнен. Сұлтанмахмұт Торайғыров  
 
Сұрақ: –  Рахым Алмабекұлы, мен осы әңгіме  барысымда өзімнің  ата-
тегімді,  ағайын-бауырларымды  ғалым-генетик  ретінде  өзіңізге,  талдап 
сараптама жасау үшін баяндай кеткенімнің артықтығы болмас?  
 
Жауап:  –  Әсет  бауырым,  оған  еш  қандай  да  қарсылығым  жоқ,  қайта 
сенің  шыққан  тегің  мен  туыстарыңды  танып-білуім  әбдән  дұрыс,  себебі  50 
тәулік тамақ ішпеген адамның ата-тегінде де бір ерекшелік болуға тиіс қой. 
Айта  кетудің  еш  айыбы  жоқ,  қайта  оқырмандар  да  білсін,  осы  кітап 
авторының біреуінің шыққан тегі мен туыстарын. Бұл ғылым үшін де қажет 
болуы мүмкін.  
– 
Біздің ата-тегіміз Қожакелді батырдан тарайды. Өзіміз әкеміз Риза мен 
анамыз Рәштән тарайтын ағайынды бесеуміз: үш ұл, екі қыз. Үлкеніміз Асқар 
Алматының  «Киров»    зауытында  шебер,  ал  жеңгеміз  Әсембала  қалалық 
санитарлық-эпидиомология  сараптама  орталығында  дәрігер-  бактериолог, 
ұлдары  Әділ  Алматыда  энергетикалық  институттың  студенті,  қарындасым 
Сәуле  кәсіпкер,  қызы  Әсел  де  кәсіпкер,  Қамбар  бауырым  мен  келінім 
Үміткүл  Алматының  медициналық  институтын  бітірген  провизорлар  (дәрі-
дәрмек  жасайтын  мамандар),  ал  кіші  қарындасымыз  Тілеужан  да  медицина 
саласында  істеген,  ұлы  Жомарт  Семейдің  технологиялық  институттың 
студенті, қызы Гүлмира.  
Менің  жұбайым  Рахпар  негізгі  мамандығы  неміс  тілінің  мұғалімі, 
Алматының  шет  тілдер  институтын  бітірген,  үлкен  қызымыз  Айнұр 
тұрмыста  Алматы  қаласында  тұрады,  кіші  қызымыз  Айнамкөз  тұрмыста, 
Германияда Франкфурт-Майн қаласының жанындағы Кёнгштайнде  тұрады.  
Марқұм  әкеміз  Риза  мен  анамыз  Рәш  бәрімізді  оқытты,  осыған  тәуба 
дейміз.  
– 
Риза ағаны да жақсы білемін, өзіңмен бірге Науалыда тұқым сынайтын 
алқабын  ашуды  бастағанда,  қолынан  талай  дәм  де  татқанмын.  Әкелерің 
жақсы адам еді, осыны ұмытпасаңдар болғаны. 
– 
Әсет,  сол  кездерде  әкең  марқұм  орталық  қырманда  меңгеруші  болды 
емес пе? 
– 
Рахым аға, сіздің еске сақтау қабілетіңізге таң қалмасқа болмайды екен, 
иә, солай әкем колхозда 30 жылдан астам уақыт қырман меңгерушісі болған, 
барлық астық және тұқымдарға сол кісі жауап беретін. 
– 
Иә Әсет бауырым, әкең Риза марқұм оқымаса да санасы жоғары, көкірегі 
ашық,  ақылы  нұрлы  адам  болатын.  Өз  жұмысын  агроном-маманнан  артық 
білмесе кем білмейтін. Әке жолын қуған өзің екенсің ғой.  
– 
Солай  Рақым  аға,  балаларының  ішінде  әкеміздің  «ақ  таяғын»  саналы 
түрде ұстап, сол кісінің жолын қуған мен болдым. Себебі ес білгелі әкемнің 
қасында, қырманның ішінде бидайды көріп өстім емес пе. 

 
227 
 
Әкеге бағыну – Аллаға бағыну. Оның алдында күнахар болу – Алла алдында 
күнахар болу.   
 
 
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) 
 
– 
Ал  енді  өте  алғыр,  мамандығы  провизор  сол  кездегі  балаң  жігіт, 
бауырың Қамбар бар емес пе, ол қазір қайда? 
– 
Қамбар  мен  келінім  Үміткүл  ұзақ  жылдар  бойы  Ұржар  аудандық 
аптекасында  жұмыс  істеді,  Қамбар  соның  меңгерушісі.  Заман  өзгергенде 
алғашқылардың  бірі  болып,  өз  мамандықтары  бойынша  жеке  кәсіпкерлікке 
бірден ауысып кетті.  
Қазір осы Алматы қаласында. Қайрат, Айдос, Гүлзира атты балалары мен 
3  немерелері  бар.  Гүлзира  шет  тілдер  институтының  студенті.  Қайрат  пен 
Айдос жеке отау тігіп, Алматы қаласында шет ел серіктігінде жұмыста. 
 
 
 
 
 
Ғабдүшкір  
Жәментік балалары Бұхара-шарфтен арнайы көшіріп әкелген. Заты әулие, 
ғұлама ғалым. Өз заманының зиялы, білімді қауымы «Ғабдүшкірден оқыған» 
деген  адамды  ең  жоғары  діни  ілім  иесі  деп  мойындаған.  Ғабдүшкірден 
оқыған  Шайық  молла,  Қазы  молла  (Рахманқұл),  Әйкежан  молла,  Хамитхан 
қари, Бекбай молла, Ғабдыкеш молла, Мұқаш молла, Мұхаметкәрім (Қызыл 
молла),  Ұлықпан  молла,  Абылхан  Нұрахмет,  Жолбарысұлы  Мұқашбек  т.б. 
жалпы жиыны 40 адам есімдері орыс жерінде Семей, Жетісу өңірінде, Қытай 
елінде  Тарбағатай  аймағы,  Үрімжі  өлкесіне  белгілі  болған.  Бұлар:  араб, 
парсы, түрік тілдеріне жүйрік, пері түсіру, қара суды теріс ағызу, қызынған, 
есінен адасқан адамдарды жазу, жыланның, қасқырдың, ұрының жолын кесу, 
бойтұмар дұғаларына да аса жетік, дуалы, шарапатты жандар болған. 
Ғабдүшкір  зираты  Қарағаштағы  мешіт  маңында.  Мақаншы-Науалы  тас 
жолының бойында Ғабдүшкір бейітіне бағдар сілтейтін белі бар. 
 
 
 
 
 
Дерек 
Шешем,  Домбал  қызы  Фатима:  «Он  бір  жасымда  Ғабдүшкірдің  үйінде 
тұрып оқыдым. Ақ пен қызылдар кезек атысып жатқан кезде қызылдар келе 
жатыр  деп  ер  адамдар  тауға  қашып  кеткен.  Ғабдшүкір  атам  бала-шаға, 
әйелдер  арасында  қалған.  Ол  кісі  мешітте  намаз  оқып  отырғанда  үш  атты 
қызыл  әскер  келді.  Ғабдүшкірді  алдыны  салып  айдап  бара  жатты  да,  біреуі 
қылышпен шауып жіберді. «Аһ, Алла!» деп барып құлады Ғабдшүкір. Осыны 
көрдім» деп айтып отырушы еді марқұм. 
Шешем  тума  руының  қызы,  аға-інілерінен  ұрпақ  қалмаған.  Төркіні 
туманың қай атасынан екенін білмей, қазір өкінеміз. Нұрқия  
Аманжан Жақыпов, «Қаракерей Тума тарихы. Алматы: «Үш Қиян», 2004 ж. 
 
Атамыз  Жолбарысұлы  Мұқашбек  қасиетті  Ғабдүшкір  молдадан  оқыған, 
«
Қарамолда»  деген  атпен  елге  танылған  сауатты  болған  адам  Мекені 
Майтөккен  қыстауы,  мұраб  (тоғанбасы),  дихан.  Науалы  мен  Елтайдың 
арасындағы тоғанды Мұқашбек түйе сойып, асар салып қаздырған. Бұл тоған 

 
228 
кезінде  «Мұқашбек  тоғаны»  деген  жер  атауына  айналған.  Қазіргі  Науалы 
ауылының орталығындағы Қусақ өзенінен су алатын тоғанды да Мұқашбек 
атамыз  қаздырған,  ел  әлі  күнге  дейін  осы  тоғаннан  су  алады.  Атамыз 
Мұқашбек  «жеке  шаруа»  бола  жүрсе  де  тоғанбасы  қызметін  қоса  атқарған, 
өзімен  бірге  туған  Күлежан  деген  қарындасы  болған.  Ташкенге  тұрақты 
түрде  барып  сауда  жасап  тұрған  және  өзінің  жеке  меншігінде  қос  ат 
сүйрейтін  16  ат  шалғысы,  тарағы  т.б.  болған.  1937  жылы  Ташкенттен 
поездбен  келе  жатқанда,  түсіне  Ғабдішүкір  молда  кіріп:  «Әй,  Мұқашбек, 
тұр!», – деп жағынан тартып жібереді, осыған дейін құлағының шала еститіні 
бар  екен,  содан  екі  құлағы  ашылып  еститін  болып  кетіпті.  Осы  ғажайыпты 
ауылға  айтып  келсе,  Қарамолда  дінді,  Құдайды  уағыздап  жүр  және  «халық 
жауларымен»  сыбайлас  деген  желеумен  1937  жылы  желтоқсан  айында 
тұтқындалып,  1938  жылы  20  ақпанда  атылады.  (Ескерту:  Кейіннен  өзім 
ізденіп атам Мұқашбектің  атылған жері мен сүйегі Алматының  жанындағы 
Жаңалық  ауылындағы  бауырластар  зиратында  екенін  анықтадым.  1937  г. 
Тройкой УЕКВД Алма-Атинской обл. По ст. 58 и 58-2 УК РСФСР к ВМН. 
20.02. 38г. Приговор приведен в исполнение ). 
1937  жылы  сол  кездегі  Каз.  ЦИК-тің  төрағасы  Құлымбетов  Ұзақбай 
Желдірбайұлы  үйіне  қонғанда,  үйді  сыртынан  бекітіп,  адамдарымен  қоса 
өртеп  жібермекші  болады.  Сол  кезде  менің  әкемді  анасы  Қазкей  терезені 
шағып  далаға  лақтырып  жібереді.  (Әкем  Риза  Мұқашбекұлының 
айтқандарынан). Құлымбетов те осужд. Пост. ВКВС СССР 25. 02. 38 жылы 
атқан. Реабилитирован ВКВС СССР 22. 04. 1958г. 
Қазір  бір  атаның  балалары  –  атамыз  Жолбарысов  Мұқашбекке,  ағасы 
Райымбеков  Оразғалиға,    «Сонар»  фирмасын  ұйымдастырушылардың  бірі 
Рахметов Ғабиден Оразқажыұлына Науалыда көше аттары берілген.  
 
Ата  тегіңді,  туыс  –  туғандарыңды  жақсы  танып  біл.  Өйткені  өзара 
қатынас  жасауың  үшін  қажет  болады.  Егер  қарым-қатынасың  үзілсе, 
жақын  туғаныңның  да  ешқандай  пайдасы  тимейді.  Жырақ  тұрғаныңмен 
бір-біріңмен тату қарым-қатынаста болсаң, алыстықтың зияны жоқ.  
 
 
 
 
 
 
 
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) 
Әжеміз  Қазыкей  Қалқұлқызы  сүйегі  Болатшы,  Мұқашбек  атамыз 
ұсталғаннан кейін, құсадан 1939 жылы қайтыс болған.  (туған сіңілісі Бизауре 
Қалқұлқызынан  әнші  Кәрім  Сүлейменұлы  туады.  Әнші  Кәрімнің  әкесі 
Қаракерей, Семіз Найман, Қырықмылтық би Сүлеймен Бекбердіұлы – Матай, 
Маман  Тұрысбектің  жазған  Қазақтың  үш  жүзінің  шежіресінен:  1903  жылы, 
сентябрь айында Орта жүз Найман шежіресін қисса түрінде жазып таратқан. 
Шешесі Қазыкей қайтыс болғаннан кейін әкеміз Риза өзімен бірге туған Рәш, 
Райхан  деген  екі  қарындасымен  Науалыдағы  балалар  үйіне  1939  жылы 
өткізілген (Ескерту: Рәш пен Райхан содан бері жоғалып хабарсыз кетті).  
Нағашы атам Нүсіп, зайыбы Жамал. Осы екуінен менің анам Рәш туады. 
Нағашы  әжем  1928  жылдары  Мақаншы  ауданы,  Қарасу  ауылдық  советінің 
председателі    болып  сайланған.  (Мырзатай-Қарасу).  Осы  жайында  1930 

 
229 
жылы «Еңбекші қазақ» газетінің бетіне Бейімбет Майлиннің «Жамал болыс» 
деген очеркі шыққан. 
Сол жылдары Кеңес үкіметінен зорлық көріп кәнпескеден Қытайға қашып 
жатқан ел-жұрт төменгідей өлең шығарыпты: 
 
 
 
Қарасу, Жаңғыз төбе біздің қоныс, 
 
 
 
Сайланды сол жылдары қатын болыс. 
 
 
 
Қазаққа бұрынғыдай теңдік тисе, 
 
 
 
Салар ем, комсомолға зарқұм соғыс! 
Әкеміз  Риза  балалар  үйінде  болған  кезді  былай  деп  айтатын:  «Мектепте 
оқып  жүргенде  шашымның  жартысын  ғана  тақырлап  алып,  «халық 
жауының» баласы деп ерекшелеп қоятын. Жақсы оқысаң сен жаудың баласы, 
әдейі жаулығыңды білдіріп жақсы оқып жүрсің, ал жаман оқысаң сен әдейі 
жаман  оқыдың  деп  тиісе  беретін».  Осындай  қорлыққа  шыдамаған  ол  4 
класты бітіргеннен соң балалар үйінен қашып кетеді, 13 жасында колхоздың 
бөлімшесінде  есепші  болады.  Сонымен  1944  жылы  18-ге  толғанда  әскерге 
алынып,  Берлинде  соғысқа  қатысып,  жеңісті  «Бранденбург  қақпасында» 
қарсы  алады.  Әскерден  1950  жылы  ғана  босайды,  Германияда,  Польшада 
басқыншылық  әскердің  қатарында  болады.  Келе  сала  біздің  анамыз  Рәшқа 
үйленіп  Аксаковка  ауылында  гидротехник,  сонан  соң  зейнеткерлікке 
шыққанша Науалыда қырман меңгерушісі болды. 
 
Анамыз  Рәш  байыпты,  салмақты,  кітап  оқудан  бас  алмайтын  кемеңгер 
сабаз адам болса, әкеміз Риза сөзге шешен, қалжыңбас, шалт қиымылдайтын, 
ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында жоқтан бар жасайтын, жан-жақты 
дамыған, өзін-өзі жетілдіре білген, рухани даму дарыны ерекше жоғары, жоқ 
адамдарға көмектескісі келіп тұратын және осыны іс жүзіне де асыра білген 
адам  болатын.  Тұқым  шарушылығын  андай-мұндай  агрономыңнан  жетік 
білетін. Тұрмысымыз жаман болған жоқ. 
Сұрақ:  –  Әсет  Ризаұлы,  бала  күніңде  қалай  өстің,  денсаулығың  қалай 
болды? 
Жауап:  –  Рахым  Алмабекұлы,  мына  сұраққа  толық  жауап  бере  кетуге 
тырысайын. 
 
 
 
 
 
Қуанбаңдар жастыққа, 
 
 
 
 
 
Елірме күлкі, мастыққа. 
 
 
 
 
 
Көзің қайдан жетеді 
 
 
 
 
 
Достық пенен қастыққа? 
 
 
 
 
 
Құрбыңның қызық дегенін 
 
 
 
 
 
Сөз екен деп ап шықпа. 
 
 
 
 
 
Адалдан тапқан тиынды 
 
 
 
 
 
Салда сақта қапшыққа. 
 
 
 
 
 
Қолдағыңды қорғап бақ, 
 
 
 
 
 
Мал арзан деп аптықпа. 
 
 
 
 
 
Сыпай жүр де, шаруа ойла, 
 
 
 
 
 
Даңғойланып қақтықпа. 
 
 
 
 
 
Бет алды жанға бой салма, 
 
 
 
 
 
Қорлық жүрмес сақтыққа. 

 
230 
 
 
 
 
 
Елу бесте біз дағы 
 
 
 
 
 
Сенісер адам таптық па? 
 
 
 
 
 
Арсыз құмар болғандар 
 
 
 
 
 
Опыр-топыр, шақ-шұққа 
 
 
 
 
 
Түспей жүр ме, көрдің бе, 
 
 
 
 
 
Жалаң-жұлаң, тақ-тұққа? 
Абай 
 
– 
Бала  күнімнен  өте  аурушаң  болып  өстім,  бірақ  кітап  оқуды  керемет 
жақсы көрдім. Бала күннен дос болған, он жылдықты бірге бітірген Нұрғазин 
Сәрсембай, Орақбаев Бейсен үшеуміз бүкіл кітапханадағы кітаптарды іздеп, 
жарысып  оқитынбыз,  қазір  екеуі  де  марқұм  болып  кетті.  Бейсеннің  бала 
күнінен  жүрегі  ауыратын,  ал  Сәрсембай  кейіннен  салауатты  өмір  салтын 
ұстанбай,  соның  салдарынан  50-ден  асқанда,  Бейсен  50-ге  жетпей  жүрегі 
тоқтап  қалып,  екеуі  де  фәни  өмірмен  қоштасты,  бірақ  арттарында  жақсы 
азамат болған ұлдары мен қыздары қалды. 
Денесін жаттықтыру арқылы адам дені сау, төзімді епті болмақ, өз ақыл 
ойыңды, өз еркіңді осылай шыңдау қажет. 
 
 
М.Горький 
 
– 
Өстіп сүйретіліп жүріп 7-ші класқа да жеттім, бірақ денсаулық дұрыс 
емес, бұрыс. Өзіммен құрдас балалармен күрессем жеңіліп, жүгірсем өкпем 
өшіп,  қалып  қаламын.  Бір  күні  «Қазақ  әдебиеті»  оқулығынан  Тұрар  деген 
баланың  қыста  суық  суға  шомылып,  белдеу  темірге  тартылып  шымыр, 
мықты  бала,  күшті  бала  болғанын  оқыдым,  осы  кітап  маған  әсер  еткені 
соншалық,  жан  дүнием  төңкеріліп  кеткендей  болды.  Үйде  анама  айттым: 
«Менің  де  кітаптатағы  Тұрар  деген  бала  сияқты  мықты  болғым  келеді,  ол 
үшін қысы жазы суық су құйыну керек екен», – деп шама-шарқым келгенше 
түсіндіргендей  болдым.  Осыны  айтудағы  себебім:  «өзің  тіптен  ауырып 
қаласың»,  –  деп  суық  суға  құйынуға  рұқсат  бермей  қоя  ма  деген  балалық 
ойым.  Бірақ  анамыз  кемеңгер,  өте  ақылды,  ажарлы  адам  болатын.  Соғыс 
жылдары  колхозда  бас  бухалтер  болып  қызмет  істеген.  «Ой  балам,  сенің 
денсаулығымды  жақсартам,  жақсы  болам  деген  талпынысыңа  кім  бөгет 
болады,  дұрыс  деп  шешім  қабылдасаң  болды,  өзің  біл»  –  деді.  Сол  жаздан 
бастап күнделікті суық суға құйынуды әдет қылып қалыптастыра бастадым. 
Күзде де, қыста да қандай аяз болмасын, таңертең ерте буым бұрқырап суға 
құйынып  жатамын.  Таңертең  жаттығу  жасай  бастадым,  байқаймын 
денсаулығым  жақсарып,  жүгіргенде  балалардан  оза  бастадым.    Бұрын 
шілбиіп, екі иығым салбырап бүкірейіп жүретінмін, кеудем түзеле бастады, 
бірақ әлі әлсізбін. 
 
Ол кезде мектепте жүгіру мен шаңғы тебуден басқа спорт секциялары 
жоқ, денешынықтыру сабағын Смайлов Анатолий ағай берді. Ол кісінің бір 
қасиеті  балаларды  спортқа  жақсы  баули,  тарта  білетін.  Өзі  классикалық 
күрестен  спорт  шеберіне  кандидат,  жаңадан  Алматының  дене  шынықтыру 
институтын бітіріп келген. Дене бітімі келісті-ақ, денесі мәрмәр тастан қашап 
жасағандай, бейне сурет дерсің. Балаларды күреске үйретейін десе спортзал 
жоқ,  оқушылардың  өзі  екі  кезекпен  әзер  сиып  оқиды.  Анатолий  ағай,  ең 

 
231 
алғаш  рет  доп  ойындарын  баскетболды  үйретті,  сондай-ақ  жазда  жеңіл 
атлетика, велосипед спорты мен доп ойындары, ал қыста шаңғы спортының 
секцияларын  ашты,  үйіне  қай  уақытта  баратынын  білмейміз,  күні-түні 
мектепте не стадионда. Осы кісінің де әсері болды ғой деймін, ауылдың бар 
баласында  спортқа  деген  ерекше  құштарлық  басталды.  Бұрын 
денешынықтыру  сабағында  жайылған  қой  сияқты  бет-бетімізбен  лағып 
жүруші едік, спортқа деген көзқарасымыз мүлдем өзгеріп кетті. 
Дене  шынықтыру  мен  спорт  ағзаның  жалпы  іс  қабілеттілігін  көтереді, 
адамның шат көңілді болуына жәрдемдеседі, ал бұл ұзақ жыл өмір сүрудің 
міндетті шарттарының бірі. 
 
 
 
 
О.Б.Лепешинская 
Бір күні жасқаншақтап барып: «Толя ағай мені шаңғыға жазыңызшы» – 
дедім.  Менің  сөлбірейген  түріме  бір  қарап:  «бала  толып  кетті»,  –  деді. 
Артынан  қыңқылдап  мен  қалмаймын,  екінші  күні  тағы  келдім,  күні  бойы 
артынан  салпақтап  қалмаймын:  «балалармен  бірге  жүгіргім  келеді,  шаңғы 
беріңізші» – деп. «Әй осы сөлбірейген немеден не шығушы еді», – деді ме, 
әлде жүрегі қайтсын деді ме: «ертең шаңғы, ботинка беремін, жаттығуға кел» 
– 
деді.  Жүрегім  жарылардай  қуанып  үйге  жеттім:  «маған  шаңғы  беретін 
болды,  енді  балалармен  жарысатын  боламын!».  Ол  кезде  қыста  спорттың 
басқа түрі жоқ болғандықтан, шаңғыға бойы сырықтай, мықты таңдаулы ғана 
балаларды іріктеп алатын. 
Жаттығудан басқа да уақытта шаңғы аяғымнан түспейтін болды, жүгіре 
беремін, жүгіре беремін. Өстіп жүгіре-жүгіре екінші тыныс (второе дыхание) 
ашылу арқылы шаршамай жүгіру  әдісін меңгеріп алдым.  (Бұл тыныс 5-10  
км  жүгіргеннен  кейін  барып  ашылады.)  Екінші  тыныс  ашылуға  ерекше 
шыдамдылық қажет. Мен айтып отырған әдісті алысқа жүгіретін желаяқтар 
мен  шаңғышылардың  бәрі  біледі,  бәрі  де  осы  тыныс  алу  әдісін  қолданады. 
Көрші ұсақ балалар – мен шаңғы емес самолет мініп жүргендей көреді, олар 
да шу-шу етіп, омбы қарда белшесінен батып мәре-сәре.  
Біртіндеп  жаттықтырушым  маған  қатты  көңіл  бөле  бастады,  бұрынғы 
мақтаулы  шаңғышыларға  шаңымды  да  көрсетпейтін    болдым.  Ең  ғажабы 
қанша  жүгірсем  де  шаршамайтын  бола  бастадым.  Денем  қатып,  еңкіштігім 
жоғалып кетті. Күнде таңертең 6-да тұрып алып мектепке барғанша құлперен 
болып  жаттығу  жасаймын,  резеңке  созамын,  темір  көтеремін.  Денем  толды 
ма деп күнде айнаға қараймын, өзіме өзім разы емеспін, бейне бір тері қаптап 
қойған қаңқа сияқтымын, бұлшық еттер жоқ. Лом темірден белдеме (турник) 
жасап  алдым,  әлі  жөнді  тартыла  алмаймын.  Бірақ  бір  ерекшелігім  алған 
бетімнен қайтпайтынмын және өте шыдамдымын. Енді маған не жетіспейді? 
Жетіспейтіні екі қосақ бокс қолғабы мен футбол ойнайтын аяқ киім (буцы) 
деп  шештім  де,  марқұм  Рәш  анама  ойымды  айттым,  әкеме  айтайын  десем 
жасқанамын. 
Ол  кезде  бокс  қолғабы  т.б.  спорттық  бұйымдардың  жоқ  кезі.  Сол  кезде 
Қызылорда қаласында мұғалімдік оқуда бөле апайымыз, қазір белгілі ақын, 
шежіреші,  Қаракерей,  Семіз  Найман,  Қырықмылтық  би  Сүлейменнің 
немересі  Нұрания  Сүлейменова  оқитын.  Соған  анам  хат  жазды:  «келеріңде 
Әсеттің  сұраған  нәрселерін  алып  келші»,  –  деп.  Ол  апайымыз  алып  келді. 

 
232 
Қоймай жүріп спорттық велосипед саттырып алдық, оның қызығын көретін 
үлкен ағайым Асқар. Сөйтіп бокспен де, футболмен де шұғылдана бастадым. 
Ауылдың  жоғарғы  жақта  тұратын  бар  баласы  біздің  үйде  есік  алдындағы 
қорада  қан-қан  болып  бокстасып  жатамыз.  Орысша  жазылған  бір  бокс 
туралы  кітап  тауып  алдық,  мағынасын  түсінбейміз,  бірақта  суреттерде 
көрсетілген  әдістерді  жанымызды  салып  үйренеміз,  бірімізді-біріміз 
төбелестің  әдістеріне  үйретеміз.  Трактордың  дөңгелегінен  штанга  жасап 
алдық, көтеретініміз гиріміз тағы да трактордың шынжыр табандары. Сырғи-
сырғи  10  класқа  да  жеттік,  сабақ  оқымаймыз,  мұғалімнің  түсіндіргендері 
баста  қалса  мыңқылдап  айтқан  боламыз,  көбінесе  желке  қасып  тұрған 
мылқаумыз. Мұғалімдер ұрсады: «бастарыңды доп кеулеп алған», – деп, біз 
балық сияқты үндемей құтыламыз.  
Сол  жылы  жаттықтырушым  Толя  ағай  менімен  жеке  шұғылдана 
бастады,  енді  50  км  қашықтықтан  тіпті  ентікпей  келетін  болдым.  Өзі 
велосипедке  отырып  алады  да  менің  артымнан  ілесіп  отырады.  Баратын 
жеріміз Мақаншы ауылының бер жағындағы Жәйтөбе бауыры, бір жағының 
қашықтығы  мөлшермен  25...30  шақырым.  Денем  толып,  бұлшық  еттерім 
бұлтыйып,  кеудем  шалқақ,  арқам  түп-түзу  әдемі  бозбалаға  айналып  шыға 
келдім.  Тамаққа  деген  тәбетім  керемет,  үйдегілер  бәрі  бір  табақ  асқан  етті 
жеп  тауыса  алмаса,  мен  жалғыз  өзім  сондай  табақ  етті  сыпырып-сиырып 
айнадай қылып қоятын болдым. Сол үшін маған анам марқұм бір табақ етті 
бөлек алып сақтайтын болды.  
Қозғалыс дегенің өмір, ал қимылдың азайғаны – өмір өрлеуінің құлдырауы. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
В.В.Гориневский  
Ауылдық,  аудандық  жарыстарда  жүгіруден,  шаңғы  жарысынан 
жүлдесіз қайтпайтын болдым. Кейін Семейде 1 жылдық кәсіптік техникалық 
оқуда  оқығанымда  да  облыс  бойынша  жүгіруден  1-ші  орындарды  алып 
жүрдім. Өмірімде осы спорттың көп пайдасы тиді. 
Енді  өз  басымнан  өткен  бір  оқиғаны  айта  кетейін:  «Жаңа  айтып 
өткендей  мектепті  онша  жақсы  бітірмей  бүкіл  класс  болып  улап-шулап 
Семейге  мұғалімдік  оқудың  тарих  бөлімшесіне  түсуге  оқуға  келдік. 
Бәріміздің де қала көргеніміз бірінші. Бәрі қызық, бәрі  жат, не деген үлкен 
қала  деп  бір-бірімізге  тамсанып  қоямыз.  Автобусқа  да  отыруды  білмейміз. 
Ауылдағы секілді қол көтерсек тоқтайтын шығар деп оншақты бала, ұлымыз 
бар қызымыз бар жабыла көшені басымызға көтере айқайлап қол көтереміз, 
бірақ  тоқтамайды,  біз  аң-таң.  Кей  кезде  көшенің  қиылысына,  қызылды-
жасылды  шамның  қасына  келіп  артқы  шамын  қызартып  жағып  тоқтай 
қалады,  тапырлап  тұра  қуамыз,  жете  бергенде  жүріп  кетеді.  Себебін 
түсінбейміз.  Бір-бірімізбен  жатып  кеп  керілдесеміз,  біреуі  айтады,  мүмкін 
ауылдан  келгендерді  отырғызбайтын  шығар  деп,  оның  бұл  дәлеліне  іштей 
келісеміз.  Болмағаннан  кейін  жаяу  тартамыз.  Басқа  біреуден  сұрайық  десек 
ұяламыз.  2-3  күн  бақыладық,  бізді  неге  алмайды,  бір  себебі  бар  шығар. 
Сөйтсек әлгің белгілі бір аялдамада ғана тоқтап, ол аялдаманың белгілі аты 
болады екен. Қалаға үйрене бастауымыздың әліппесі осылай болды, біз үшін 
қаланың тылсым дүниесі пердесін аша бастады. 

 
233 
 
Жақсыдан жаман туса жыннан пайда болғаны, 
Жаманнан жақсы туса нұрдан пайда болғаны.     Қазақ мақал-мәтелдері 
 
Оқуға түсе алмадық. Балалардың көбі үйлерін сағынып ауыл қайдасың 
деп  сызып  берді.  Маған  қайтайық  дейді.  Мен  оларға  айтамын:  «осында 
қалайық,  тегін  оқудың  біреуіне  түсіп  ең  құрымағанда  орысшаға  тілімізді 
сындырайық, ақыры мектепте оқыған жоқпыз, болмағанда осы жердегі кіші 
оқудан  бастап  бірдеңе  үйренейік,  ауылда  көшеде  ит  қуғаннан  басқа  не 
істейміз?». Олар көнбейді қорқады, орыстың балалары бізді сабайды деп. Ол 
кезде бір жылдық кәсіптік оқу орнында негізінен жетім балалар мен Ресейдің 
Сібір жақ қалаларынан келген орыс балалары оқиды, көпшілігі бұзық. 
 
Сонымен  ет  комбинатына  жұмысшылар  дайындайтын  ГПТУ  –  28-ге 
құжаттарымды  өткіздім.  Бар  жоғы  оншақты  ғана  қазақ  баласымыз,  оның 
жартысы  8  класс  бітірген  жас  балалар.  Іштеріндегі  ересектері  Қарсыбаев 
Оралтай,  Өрікбаев  Төкен  деген  Мақаншыдағы  Бахты  мен  Жарбұлақ 
ауылдарының баласы. Екеуміз өте жақсы дос болдық. Кейіннен 1970 жылы, 
Оралтай  әскерде  жүріп  Оренбург  қаласындағы  Гагарин  атындағы  жоғары 
әскери  жойғыш  (истребитель)  ұшқыштар  дайындайтын  училищеге  түсіп, 
Ресейде  теңіз  авиациясында  ұшқыш  болды,  қазір  зейнеткерлікте  –  Астана 
қаласында тұрады. Ал Төкен Өрікбаев кейіннен спорттың күрес түрін өзінің 
туған ауылы Жарбұлақта дамытып, талай-талай атақты палуандар тәрбиелеп 
«Қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтырушы» деген атақпен марапатталды. 
Достық – өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашан да барлық 
басқа игілікке ие бола тұрса да, дос жарансыз өмірді қаламақ емес. 
Аристотель 
Спорттан  жақсымын,  жүгіргенде,  футбол  ойнағанда  жан  баласына 
жеткізбеймін. Орыстың балалары әлі тиісе алмай жүр, сылтау жоқ. Олардың 
заңы  бір  адам  сол  жерді  билеп  төстеуі  керек,  қазақтың  ішінде  бас  көтерері 
Оралтай  екеуміз  ғана.  Бірге  оқитын  Хрепков  Виктор,  Спиваков  Николай, 
Кузнецов  Юрий  т.б.  орыстың  балаларымен  Оралтай  екеуміз  пәтерде 
жатамыз,  бірақ  өте  тату  болдық.  Бір  күні  спорт  залда  бір  мерекелік  кеш 
болды. Бізбен оқитын бойы 2 метрдей. еңгезердей Бақты комендатурасының 
офицерінің  баласы  Меркулов    деген  жігіт  келіп:  «Әсет  бокстасасың  ба?»  – 
деп  бокс  қолқабтарын  алдыма  тастады.  Бұрын  естігенмін,  бокстан  1-ші 
разряды  бар  деп,  себебі  олар  өскен  шекара  аумағында  спортқа  бар  жағдай 
жасалған, ол сол жерде солдаттармен бірге жаттыққан. «Бұл не пәле?» – деп 
мен де есалаң бола қалдым. «О, қазақ осыны да білмейді», – деп қарқ-қарқ 
күлді,  оның  күлкісін  залда  тұрған  жанкүйерлері  қостап  ала  жөнелді.  Маған 
жетім  балалар  үйінен  келген  қазақ  қыздары  ғана,  мүсіркей  қарауда,  әлгі 
жанымдағы  қазақ  балаларым  зым-зия  жоқ,  бір  жанжалдың  боларын  сезіп 
тайып  тұрған  секілді.  «Ережесі  қалай,  мынауыңды  қалай  киемін»,    –  деп 
сұрадым,  күлкі  үдей  түсуде.  Қыз  балалары  бар,  ұлдары  бар  бәрі  қаумалап 
қоршап анталап тұр. Тек қана маған жанашыр болып тұрған Оралтай, Төкен 
мен  бірге  жататын  орыстың  балалары,  олар:  «Әсет  мына  арбиған  неменің 

 
234 
әкесін танытып жібер!», – деп мені қолпаштауда. Себебі менің сырымды олар 
біледі, маған сеніп тұр. Шайқас басталып кетті, қолы тым ұзын екен, ішіне 
кіріп ұрмасам, басқа амал жоқ. Байқаусызда бір ауыр соққы жіберіп алдым, 
жұдырығы  ауыр  екен.  Анау  өзіне  тіпті  сенімді  болып  алды,  мені  тура 
соққымен ұрып жығамын дегенде, лып етіп еңкейе қалып ішіне кіріп кетіп, 
тура  иектің  астынан,  ең  ауыр  соққылардың  біреуі  төменнен  жоғары,  оң 
қолыммен  бар  салмағымды  салып,  тартып  жібердім  (хук),  әлгі  батырым 
кескен  теректей  сылқ  етіп  отыра  кетті.  Миы  айланып  мәңгіріп  қалды. 
Біраздан  кейін:  «жалғастырамыз  ба?»,  –  деп  сұрап  едім,  әзер  дегенде 
сыбырлап: «сен жеңдің, мен жеңілдім», – деп мойындады.  
Сонымен  бір  жылдық  оқуымыз  да  бітті,  кәсіптік-техникалық 
училищеде  сабақты  өте  жақсы  оқытады  екен,  талай  нәрсе  біліп  шықтым. 
Мектепте он жылда алмаған білімді мына жерде бір-ақ жылда алдым. Себебі 
мұғалімдердің  де  деңгейлері,  ауылдағы  мұғалімдермен  салыстыруға  да 
келмейді,  өте  жоғары  болды.  30  баланың  ішінде  4-ақ  бала  өте  жақсыға 
бітірдік,  Солардың  ішінде  –  Оралтай  екеуміз  де  «өте  жақсымен»  бітіріп, 
«мұздатқыш  қондырғысының  машинисі»  деген  мамандық  алып  үш  бала, 
біреуі  Виктор  Хрепков  Ресейдің  Алтай  өлкесінің  баласы,  Теміртау 
қаласының сүт зауытына жолдамамен жол тарттық. Алдында 6 ай өндірістік 
тәжірибеде үшеуміз Көкшетау қаласының ет комбинатында бірге болғанбыз, 
жақсы  достасып  кеттік.  Теміртау  қаласына  бізді  жібергенде  Виктор: 
«Оралтай екеуің қайда барсаңдар мен сонда барамын», – деп Ресейге қайтпай 
қойды. 
Үшеуміз  Украинада  «Бандеровшы»  болып  25  жылға  Теміртауға  жер 
аударылған,  еңгезердей  украин  ақсақалының  үйінде  пәтерде  тұрып  жаттық. 
Даусы зор, керемет әдемі болатын, кешке есік алдынағы сәкіге отырып алып, 
украиндардың неше түрлі мұңға толы өлеңдерін айтудан жалықпайтын 
Дұрыс  жолға  қойылған  дене  шынықтыру  ойындары  оқу-білім  алуға  бөгет 
емес, қайта бойды сергітіп, ойыңа жәрдем ететін нәрсе. Ғабит Мүсірепов 
1969  жылдың  желтоқсан  айында  үшеумізді  де  әскер  қатарына 
шақырды.  Бардық.  Медициналық  сараптамадан  өтіп,  тыр  жалаңаш 
комиссияның  алдына  келдік.  Төрағасы  30-дың  ар  жақ  бер  жағындағы  жас 
қазақ  жігіті  екен.  Бір  уақытта  Оралтай  екеумізден  қазақшалап:  «Жігіттер 
қайдансыңдар,  маған  неге  бұрын  кездеспегенсіңдер?»  –  деп  сұрады. 
Жөнімізді  айттық,  ол  кезде  Теміртауда  қазақ  баласы  жоқтың  қасы.  Бір 
уақытта жанында отырған комиссия мүшелеріне орысшалап: «Қараңдаршы, 
біздің  қазақ  балалары  қандай  әдемі,  дене  бітімдерін  айтсаңшы»  –  деп 
Оралтай  екеумізді  жер  көкке  сиғызбай  ала  жөнелді.  Шынында  да,  біз 
жанымыздағы орыс балаларынан оқ бойы озық көрініп тұрғанбыз. Сол кезде 
олардың көбі шаштары иықтарына түскен бәңгішілер, маскүнемдер болатын, 
түрлері мен дене бітімдері  қиқы-жиқы, бүрісіп кеткен. 
Бір уақытта бізге қарап қайта қазақша: «Ал жігіттер, екеуің де жаман 
жігіттерге ұқсамайтын сияқтысыңдар, қайда жүрсеңдер де жолдарың болсын, 
менің  сендерге  берген  ағалық    ақ  тілегім  осы»,–  деп  қоштасты.  Оралтайды 
әскерге  алып  кетті,  бір  жылдан  кейін  әскерде  жүріп  Оренбургтегі  жоғары 

 
235 
әскери  жойғыш-ұшқыштар  дайындайтын  училищеге  түсті,  мені  көктемге 
қалдырды.  Бірақ  мен  де  іле-шала,  зауыттағы  құжаттарымды  алмастан, 
Алматыға кетіп қалып, алты ай дайындық курсын оқып, Ауыл шаруашылық 
институттың  агрономия  бөлімшесіне  «өте  жақсы»  деген  бағалармен  түсіп 
кеттім. 
 
Талай жылдар өткен соң, бір күні Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы 
Назарбаевтың  өмірінен  теледидардан  деректі  фильм  көрсетті.  Сол  кездегі 
Нұрекеңнің жас Теміртауда болған шағындағы кадрлардан баяғы Теміртауда 
әскерге барар кездегі, Оралтай екеумізге ақ жол тілеген қазақ жігіті комиссия 
төрағасын  таныдым.  Өзім  ойлаймын:  «Мүмкін  өмірдің  адасу  соқпағына 
түспей,  адал  қызмет  етіп  жүргенім  де,  жас  күнімізде  досым  Оралтай 
екуміздің де бірден оқуға түсіп кетуіміз, жас Нұрекеңнің со кезде айтқан ақ 
ниетінің шапағаты да шығар». 
Жас күнімдегі досым Оралтайдың мен үшін орны ерекше еді, осы күнге 
дейін  аққұба  ашаң  жүзі,  жымиып  қана  күлетін  күлкісі,  талдырмаш  сұңғақ 
бойы мен келбетті өңі көз алдымнан кетпей жүрді.  Оралтаймен 38 жыл өткен 
соң  бірақ  кездестім.  Оралтайдың  мақсаты  әскери  ұшқыш  болу  болатын, 
өзінің алдына қойған арманын іс жүзіне асыра білді. 
Мұның бәрін жазып отырғаным, қазіргі жастарға үлгі болсын деп және 
адам  өзінің  ойлау  жүйесін  өзгерту  арқылы,  алдыны  қойған  мақсатына 
шындап кіріссе алмайтын қамалы болмайды. Бұл адам ғұмырында неше түрлі 
жақсы  да  жаман  адамдармен  араласады,  жүре  келе  жора  жолдастар  да, 
жағдайыңа  байланысты,  жарға  соққан  толқындай,  біресе  көбейіп,  біресе 
азаяды.  
– 
Әсет Ризаұлы, өлімнің неше түрі бар деп есептейсің? 
– 
Өлімнің  де  үш  түрі  бар:  біріншісі  –  нәпсіңе  ие  бола  алмай, 
маскүнемдік, нашақорлық сол сияқты басқа да келеңсіз әдеттерге үйір болып, 
соның салдарынан арам өлу, екіншісі шейіт болу, үшіншісі – Жаратушының 
тура жолымен жүріп, Поль Брэгг, Есімұлы Саңқайбай, Абылханұлы Нұртаза, 
Бегетарұлы  Төлеген,  Сыдықұлы  Есетай  ақсақалдар  сияқты  салауатты  өмір 
сүру бағдарламасын ұстанып, табиғат заңдылығына сәйкес пешенеңе жазған 
жасқа  келіп,  демің  таусылғанда  өкінішсіз  көз  жұму,  не  ақ  өлім.  Өз 
денсаулығың,  осы  өмірдегі  тағдырың  өз  қолыңда,  ол  үшін  бірақ  нәрсе: 
«адамды тән билемей жан билеуі керек». 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет