Әсет мұҚашбеков



Pdf көрінісі
бет3/23
Дата15.03.2017
өлшемі1,62 Mb.
#9523
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

 
 
 
 
 
 
Басында жан мен дене екі басқа, 
Жан шыдап тұра алмайды қозғалмасқа. 
Дене сауыт сықылды жанның орны,  
Оған да күту керек бұзылмасқа.         Шәкәрім 
 
Сұрақ:  –  Рақым  Алмабекұлы,  біздің  бақытсыздығымыз  бен 
ауруларымыздың себебі неде? 
Жауап:  –  Әсет  Ризаұлы,  біздің  бақытсыздығымыз  бен  ауруларымыз 
өзімізді-өзіміз ұстау тәртібімен тығыз байланыста. Кейбір адамдар былапыт сөз 
айтады,  осыдан  жүрек,  ал  басқа  сөзден  басқа  мүше  зардап  шегуі  мүмкін, 
неліктен  бұлай?  Ғалымдар  бұны  шартты  рефлекс  деп  түсіндіреді,  бірақта  мен 
осы сөзді адам түсінбейтін басқа тілде айтсам тыңдаушы түсінбейді, оған әсер 
етпейді. 
Сұрақ: – Ауадан тұратын нәзік денелердің құрлысын айтып берсеңіз? 
Жауап: – Айт десеңіз оқырмандарымызға айтайын: 
 
Нәзік денелердің құрлысы 
Бізде нәзік денелер бар, бұл да материя немесе пән. Осыны күнделікті сеземіз, 
бірақта ойланбаймыз. Бұның бәрі қарапайым. Мысалы, адамда ауадан тұратын 
нәзік  дене  бар.  Егер  біздің  тұрпайы  денемізді  алып  тастаса,  белгілі  арнамен 
жүретін  ауа  бар,  ол  сағым  сияқты  желкілдеп  тұрады.  Әр  адамда  ауаның 
қозғалысы  әртүрлі,  сондықтан  да  біреулеріміз  тоңып,  енді  біреулеріміз 
ыстықтап,  кейбіреулерімізге  ауа  жетіспей  жатады.  Кей  кезде  төбемізден 
табанымызға  дейін  шымыр-шымыр  етіп  жыбырлап  кетеді,  сонда  менде 
төбемнен  табаныма  дейін  жүйке  болғаны  ма?  Жоқ,  бұл  өмірлік  ауаның 
қозғалысы,  ол  жүйке  жүйеміздің  ұшына  әсер  етіп  барып  оны  қоздырады,  сол 
мезетте  денеміз  жыбырлап,  шымырлап  кетеді.  Денемізде  қозғалатын  өмірлік 
ауа,  жүйке  жүйеміздің  іс-әрекетін  қозғалысқа  келтіреді,  олар  өз  кезегінде 

 
31 
тәніміздегі  тіндерді,  жүрек  соғысын  реттейді.  Осы  жүйке  жүйеміздің  реттік 
қозғалысы  бастауын  қайдан  алады?  Тәнімізде  –  өмірлік  ауа  күші  үнемі 
қозғалыста  болады.  Біз  танауымызбен  оттегін  жұтамыз,  осы  жұтқан 
оттегімізбен  қоса  өмірлік  күші  бар  ауаны  да  жұтамыз,  ол  биологиялық 
тынымсыз орталыққа барады, бұндай орталық 7 жерде бар. Тыныс алғанымызда 
өмірлік  күші  бар  ауа  кіреді,  ал  тыныс  шығарғанымызда  ағзадан  шығады.  Осы 
айналым  ағзада  автоматты  түрде  үнемі  жүріп  тұрады,  бірақ  тыныс  алуға 
тәуелсіз  болады,  біз  тыныс  алу  арқылы  өмірлік  күші  бар  ауаны  үстемелеп 
қоректендіріп отырамыз. Кейбір адамдар 1-2 сағат дем алмай су астында жүзе 
алады,  ал  өте  жатыққан  иогтар  40  тәулік  тыныс  алмай  тәніндегі  өмірлік  ауа 
күшінің  көмегімен  жата  береді.  Осы  ауа,  жүйке  жүйесінің  қозғалысын 
қоректендіре алады. 
  
Сұрақ: – Рақым Алмабекұлы, өмірлік күші бар ауа қай жерлерде болады? 
Жауап: – Өмірлік күші бар ауа барлық жерде бар, бірақта тауда, орманда 
көп  болады.  Адамның  осындай  жерлерде  өзін  жақсы  сезініп,  тыныс  алғанда 
басының  керемет  жеңілдеп  қалатынының  себебі  осы,  бірақта  көпшілік  осыған 
онша  мән  бермейді.  Осы  ауа  адам  ағзасында  белгілі  бір  арнамен,  өзінің 
жолымен  қозғалады,  оны  «өмірлік  ауа  арнасы»  деп  атайды.  Олар  белгілі  бір 
орталыққа дөңгеленіп (чакра – дөңгелек) шоғырланады. «Өмірлік ауа» барлық 
тірі  заттарда  да  болады.  Мысалы,  жаңа  үзген  алманы  алайық,  неге  ол 
сығымдалған алма шырынымен салыстырсақ тәтті, дәмді? Жаңадан үзілген алма 
күш-қуат  береді,  неге?  Жаңадан  жұлынған  көкөністерді,  алма,  алмұрт  т.б. 
басқаларды  жесең  денең  сергіп,  көңілің  көтеріліп,  өзіңді шаттық  сезімі  билеп, 
қуатың арта түскенін сезесің, ал осылардың шырынын ішсең тек шөліңді ғана 
басасың.    Өмірлік  ауа  қайда  болмасын  сумен  қосылады,  өздеріңіз  білетіндей 
барлық жүйке жүйесі ұсақ түтікшелерден тұрады. 
 
Сұрақ: – «Өмірлік ауа» жүйке түтікшелерінің ішіндегі суға әсер еткенде 
не болады? 
Жауап:  –  «Өмірлік  ауа»  жүйке  жүйесінің  түтікшелерінің  ішіндегі  суға 
әсер  еткенде  судағы  иондар  іс-әрекетке  кіріседі.  Сол  сияқты  алманың 
жасаушаларын сұйық  керіп тұрғанда, онда өмірлік ауа мол болады, біз алманы 
тістеп жегенімізде «өмірлік ауа» дәм сезу мүшесі арқылы ағзамызға барады, осы 
кезде ағзамыз алманың қуатын сіңіреді. Сондай-ақ тұманың суы мен  кранның 
суының химиялық құрамы бірдей болса да сапасы әр түрлі, тұманың суы таза, 
мөлдір  адамға  ішкен  кезде  қуат  береді.  Егер  осы  тұманың  суын  бір  тәуліктен 
кейін  ішсек  бұрынғыдай  қуат  бермейді,  себебі  құрамынан  «өмірлік  ауа»  кетіп 
қалады,  сондықтан  да  тұманың  суын  бірден  ішу  қажет.  Суды  қайнатқанда  да 
қуаты  азайып  кетеді,  осы  қайнатылған  суды  таза  ауаға  қойып  біршама  уақыт 
өткеннен  соң  ішсек  қайта  қуат  аламыз,  себебі    құрамына  «өмірлік  ауа» 
араласады. Осыны тікелей тәжірибе жасап көзіңізді жеткізуіңізге болады. 
Сұрақ: – «Өмірлік ауа» неше бағытта қозғалады?  

 
32 
Жауап: – «Өмірлік ауа» ағзамызда бес бағытта қозғалады. Біз түк істемей 
жатқан  кезде  өмірлік  ауа  төмені  орталыққа  қарай  түседі,  сол  мезетте  адамды 
ұйқы  басады,  ал  кейбір  адамның  төменгі  орталығы  қозады.  Адам  қимылдаған 
уақытта өмірлік ауа ортаңғы орталыққа қарай ауысады да тамақ ішкісі келеді, 
тамақтанғаннан  кейін  асқазанның  маңайының  қызғанын  сезеді.  Егер  адам  ой 
жұмысымен қарқынды жұмыс істесе, өмірлік ауа жоғары басқа қарай көтеріледі, 
осы ауаның көптігінен басу ауруы мүмкін. Жаттығу жасағанда осы ауа денеге 
бірқалыпты  тарайды,  осы  сәтте  адам  қоршаған  ортамен  үйлесімділікте  болып 
өзін  жақсы  сезінеді.  Осы  үйлесімділік  бұзылғанда  адамда  ауру  шырғалаңы 
басталады,  дәрігерлер  мұны  дәрімен  емдей  бастайды,  бірақта  нәтижесі  онша 
бола  қоймайды.  Өмірлік  ауаның  тепе-теңдігін  қалпына  келтіру  үшін  арнайы 
жаттығулар  бар.  Мысалы,  басыңыз  ауырса  немесе  қан  қысымыңыз  көтерілсе 
бірнеше қабат терең дем алып, қолыңызды жоғары төмен түсіріп артық ауаны 
төменгі орталыққа қарай бағыттай аласыз.  
«Өмірлік  ауа»  қозғалысын  ешқандай  құралдың  көмегімен  білу  мүмкін  емес, 
себебі  оның  табиғаты  өте  нәзік.  Ғалымдар  әзірше  адамның  өмірлік  ауаның  – 
жүйке жүйесіне әсер етуін немесе  биологиялық өрісін (биополе) ғана анықтай 
алады.  Бұл  кезде  электро  магниттік  толқындар  пайда  болады,  қазіргі 
қондырғылар осы толқынды ғана ажыратады. 
 
Сұрақ: – «Өмірлік ауа» жетпегенде не болады? 
Жауап: – Өмірлік ауа жетпегенде қан қысымы төмендейді, адам уақытша 
есінен танып қалуы мүмкін. Мұндай адамның жанына тұрып алып терең тыныс 
алып,  денесінің  үстіне  қолыңды  қимылдатып  жаттығу  жасасаң,  жатқан  адам 
қуаттанып тұрып кетеді. Бұл қан тамырына адреналин екеннен гөрі қарапайым, 
әрі қолайлы емес пе?  
Өмірлік  ауа  сұйықтың  ішімен  қозғалады.  Мысалы,  жаңадан  үзіп  алған 
алма тығыз, қатты болады, егерде осы алманың бір шетін мыжып тастасақ шіри 
бастайды неге? Себебі алманың бір тұтастығы бұзылғанда ішіндегі өмірлік ауа 
шығып  азайып  кетеді,  адам  ағзасында  да  осындай  ағымдар  болады.  Егер 
адамның  терісі  тығыз,  әжімсіз  болса  онда  өмірлік  ауаның  жеткілікті  болғаны. 
Адам  қартайғанда  қимыл  аз  болғандықтан,  көп  қозғалмағандықтан  терісі 
салақтап,  әжім  басып  ағзасындағы  өмірлік  ауасы  да  азая  бастайды.  Адам  жай 
және  тыныс  алу  жаттығуларын  жасаған  кезде  терісінің  созылмалығы  артып 
жасарады, сондықтан да теріні дәрігерге барып тартқызудың қажеті жоқ, осыны 
тыныс жатығулары мен қимылдай жаттығуларының көмегімен өзіңіз де жасай 
аласыз.  Сізге  осының  іске  асу  механизімін  білсеңіз  болғаны:  өмірлік  ауаның 
қозғалысы  мен  жүру  арналарын  және  тыныс  алу  жаттығуларымен  қай  жерге 
шоғырландыру,  қай  жерден  кетіру  керек  екенін,  бар  болғаны  осы  ғана,  еш 
қандай да құпия жоқ. 
Сұрақ: – Рақым Алмабекұлы, емдеуге жөнді көнбейтін ауруларды жазып 
алу жолдары бар ма? Адамның денсаулығы неге байланысты? 

 
33 
Жауап:  –  Кейбір  аурулар  дәрігерлер  тарапынан  емдеуге  жөнді  көнбейді, 
егер де біз осының себебі өмірлік ауаның жетіспеуінен екенін білсек, жазып алу 
оп-оңай. Мысалы, қан қысымының көтерілуі ағзада өмірлік ауаның көптігінен, 
егер де тыныс алу жаттығуларын жасасақ қан қысымымыз қалпына келеді. Осы 
кезде сіз тыныс шығарғанда қуатты төмен түсіресіз бар болғаны осы, егер осы 
тыныс  алу  жаттығуларын  меңгеріп  алсаңыз  қан  қысымыңызды  өзіңіз  қай 
уақытта,  қай  жерде  болмасын  реттеп,  қалпына  келтіре  алатын  боласыз.  Қан 
қысымы ауруларының себептерінің пайда болуын Әсет Ризаұлы, өзіміз жазған 
«Жасару  құпиясы»  кітабымызда  кеңінен  тоқталып  өткенбіз.  Бас  айналу  – 
өмірлік ауаның жетіспеуі, осыны да тыныс алу жаттығуының көмегімен реттеп 
алуға  болады,  тек  төмендегі  ауаны  жоғары  шығару  әдісін  білу  ғана  қажет. 
Кеуденің  сырылы  (бронхиальная  асма)  ағзадағы  ауа  тепе-теңдігінің  бұзылу 
салдары, бұны да тыныс алу жаттығуларының көмегімен жазып алуға болады, 
тек білу керек.  
Сұрақ: – Рақым Алмабекұлы, адамның денсаулығы неге байланысты? 
Жауап:  –  Әсет  Ризаұлы,  адамның  денсаулығы  өзінің  көңіл  күйіне  де 
байланысты.  Адамның  көңіл  күйі  көтеріңкі  болған  кезде  өмірлік  ауа  да 
қарқынды қозғалыста болып жоғары көтеріледі де, мұндай адам ізгілікті, ізетті 
болады.  Егер  адам  тамақ  ішуді  жақсы  көретін  болса  онда  өмірлік  ауа  күші 
дененің  ортасында  –  қарында  жиналады,  бұндай  адам  құмарлық  байлауында, 
егер өмірлік ауа күші төменгі орталыққа шоғырланып, адам маубас, еш нәрсеге 
зауқы жоқ болса онда ол надандық құрсауында болады. 
Сұрақ:  –  Рақым  Алмабекұлы,  көптеген  адамдар  ашыға  алмақ  түгіл, 
таңертең жүгіру, жаттығу да жасамайды. Осыларға қандай кеңес берер едіңіз?  
Жауап:  –  Әсет  Ризаұлы,  менің  ендігі  айтайын  деп  отырғаным  ашығып 
ораза  ұстай  алмайтын  және  таңертең  жүгіріп  жаттығу  жасамайтын  адамдарға 
арналған  тыныс  алу  жаттығулары.  Қазір  өзім  осымен  үзбей  шұғылданамын, 
күніне  15...20  минут  уақытым  кетеді,  есесіне  керемет  жақсы  әсер  беріп,  күні 
бойы сергек, тың қалпыңды жоғалтпай жүресің. Көптеген адамдардың жүгіруге, 
жаттығу  жасауға,  ашығу  ұстауға  уақыттары  да,  қабілеттері  де  жете  бермейді. 
Сондықтан қай жерде болмасын жасауға болатын 15...20 минуттық тыныс алу 
жаттығуының әдісін айта кеткенді дұрыс па деп отырмын. 
Біз  жаттығуларымызды  бастамас  бұрын,  қолыңызды  қарныңыздың  үстіне 
қойып,  кәдімгі  кездегідей  дем  алып,  дем  шығарыңыз.  Біраздан  кейін  өз  дем 
алуыңызбен,  жаттығу  жасағандағы  дем  алыстың  айырмашылығын  сезесіз. 
Аяқтарыңызды  иықтың  кеңдігіндей  мөлшерде  ұстап,  түзу  тұрыңыз.  Енді 
орындыққа  отырып  жатқаныңызды  көз  алдыңызға  елестетіңіз.  Қолдарыңызды 
аяқтарыңызға тіреп, тізеңізді аздап бүгіп, алдыға қарай еңкейіңіз. Бөксеңіз артқа 
қарай,  ал  алақандарыңыз  тізеден  2,5  сантиметірдей  жоғары  болсын.  Осы 
қалыпта, жаттығулардың аяққы шеніндегі болатын, қарынды ішке тарту жеңіл 
орындалады. 
1.
 
Өкпеңіздегі барлық ауаны аузыңыз арқылы шығарыңыз. 

 
34 
2.
 
Танауыңызбен тез дем алыңыз. 
3.
 
Диафрагмадағы барлық ауаны күшпен аузыңыз арқылы шығарыңыз. 
4.
 
Тынысыңызды 7...8 рет санағанша тежеп, қарныңызды ішке тартыңыз. 
5.
 
Ішпен дем алып, босаңсыңыз. 
Бірінші  асу:  Өкпедегі  қалып  қалған  ауаны,  аузыңызды  шүршитіп  алып  түк 
қалдырмай. бірқалыпты, біртіндеп шығарыңыз. 
Екінші асу: Өкпеңіз босағаннан кейін, ерніңізді жымқырып алыңыз. Аузыңызды 
ашпай,  танауыңызбен  тез,  шалт  дем  алып  өкпеңізді  ауаға  толтырыңыз.  Осы 
кезде танауыңыз шаң сорғыштың даусындай дауыс шығарса, бәрі дұрыс. 
Үшінші асу: Өкпеңіз ауаға толып кеткеннен кейін, басыңызды әнтек көтеріңіз. 
Ерніңіз  жымқырулы  болсын.  Сіз  қазір  аузыңызды  кең  ашып,  диафрагмадан 
төменгі  ауаны  тез,  шалт  шығарасыз.  Осы  кезде  сіздің  ерніңіз  бен  өңешіңізден 
емес, диафрагамыңыздан «һаһ!» деген дауыс шығуы тиіс 
Төртінші  асу:  Барлық  ауа  шықаннан  кейін  аузыңызды  жауып,  тынысыңызды 
тежеңіз. Басыңызды еңкейтіп, қарныңызды ішке тартып, бүкіл іш құрлысыңыз 
қабырғалардың  астына  сіңіп  бара  жатқанын  көз  алдыңызға  елестетіңіз.  Осы 
кезде 8 – 10 санағаныңызша дем алмаңыз. 
Бесінші асу: Енді тыныс алып, іш мүшелерін босатып, босаңсыңыз. Дем алған 
кезде  ауаның  өкпеге  қалай  лап  еткенін  сезінуіңіз  және  даусын  естуіңіз  керек. 
Әрқашанда танаумен дем алып, ауызбен шығарыңыз. 
      
Осы жаттығуларды бірінші рет жасағанда басыңыз аздап айлануы мүмкін. 
Бұл  қалыпты  жағдай,  себебі  сіздің  ағзаңыз  оттегінің  мол  мөлшеріне  әдеттенуі 
керек қой. Осы жаттығуларды таңертең ерте, аш қарынға, таза ауада 15 минут 
жасау керек.  
 
Шығыс  Қазақстан  облысы,  Ұржар  аудандық  емханасының  перезентхана 
бөлімінің  меңгерушісі,  жоғары  санатты  дәрігер  Ақбала  Бекежанқызы 
Кенесаринаның  толғауы  
Тақырыбы: Сана деңгейлері қандай болады? Адам анасының жатырында қалай 
дамиды?      
 
 
Тәннің ләззаты – саулығында, 
 
 
 
Жанның ләззаты – білімінде  Фалес 
 
Ерлі-зайыпты  Дәулет  Көпжасарұлы  мен  Ақбала  Бекежанқызы,  өз 
беттерімен  көп  ізденетін,  «сегіз  қырлы  бір  сырлы»,  өмірде  оқығаны  мен 
тоқығаны, көңілге түйгендері өте көп – тұңғиық білім мен тәжірибе иелері. 
Дәулет  Көпжасарұлы  –  Ұржар  аудандық  емханасының  жансақтар  бөлімінің 
ашылғаннан  бергі  меңгерушісі,  аудандық  аурухананың    жетекші  маманы,  ал 
жұбайы  Ақбала  Бекежанқызы  –  аудандық  перзентхана  меңгерушісі,  екеуі  де 
жоғары санатты дәрігерлер.  

 
35 
Дәулет орта бойлы, аққұбаша келген, дене бітімі қалыпты, бұлшық еттері 
жақсы  жетілген,  ердің  жасы  елуге  таяп  қалған  жігіт  ағасы.  Ширақ  жүріс 
тұрысынан,  дене  бітімінен  денсаулық  самалы  соғып  тұрған,  алған  бетінен 
қайтпайтын,    тәуекелшіл,  қандай  істі  болмасын  жігерленіп  істейтін  қайратты 
жан.  Ерлі  зайыпты  Дәулет  пен  Ақбаланың  күлімдеген  жанарлары  бірқалыпты 
шуақ шашып, жүздерінен ақылды адамдарға ғана тән мейірімділік пен жоғары 
саналылық,  парасаттылық,  мол  адамгершіліктері  –  олардың  текті  тұқымнан 
шыққан  асылдың  сынықтары  екенін  айшықтап  тұрса,  қазіргі  таңда  дәрігерлер 
арасында сирек ұшырасатын Гиппократ антына табандылықтары, қазақтың тілі 
мен ғұрып дәстүрлерін, ауыз және жазба әдебиетін жетік білетіндері, бір орында 
25  жылдан  астам  тұрақты  қызмет  істеп  келе  жатқандарының  өзі-ақ,  
ұлтымыздың  қазіргі  таңда  сирек  кездесетін  зиялы  азаматтары  екенінің 
бұлтартпас  дәлелі  емес  пе?!  Дәулет  пен  Ақбаланың  жоғары  білімді  Ақжан, 
Гүлназ атты шырақтары мен Алтынай атты немерелері бар бақытты да, үлгілі 
жан ұя. 
(
Ескерту:  Ақбала  Бекежанқызы  Кенесарина  –  Абай  атамыздың  досы 
Базаралының шөбересі, Кеңгірбай бидің ұрпағы). 
 
Сұрақ: – Ақбала Бекежанқызы, сана деңгейлері қандай болады? 
Жауап:  –  Әсет  Ризаұлы,  жан  иелері  адам  денесін  алу  үшін  ұзақ  сатылы 
(эволюциялық)  даму  жолынан  өтеді.  Қозғалатын  және  қозғалмайтын  тіршілік 
иелерінің  бәрінде  де  сана  болады.  Ол  таста,  минералдарда,  ағаштарда  т.б. 
Таулардың,  жоталардың  өсетінін,  ағаштың  көріп  иіс  сезетінін  ғалымдар 
баяғыда-ақ  дәлелдеген.  Ең  төменгі  сана  таста,  минералда,  сонан  кейін 
өсімдіктерде,  онан  жоғары  балықтар  –  дәм  сезуі  жетілген.  Араларда  иіс  сезу 
жетілген  болса,  жыландардың  есту  қабілеті  ерекше.  Құстар  тұлғаны  не  өзінің 
жемтігін  биіктен  жақсы  көре  алады.  Құстардан  да  жақсы  дамыған  төрт  аяқты 
хайуандар,  ал  осылардың  ұшар  басын  адам  тектестер  тұйықтайды.  Осы 
қосамжарлықтан адамның ғана жаны азат бола алады. 
 
Атаның шаһуатының көп қой мәні, 
Ананың құрсағында қан болғаны.  
Құс пен адам болар деп кім айта алар,  
Өлі қан мен жаны жоқ жұмыртқаны.  
Басында оның киімі шаһуат еді, 
Қызыл қан, ақ жұмыртқа кигені әні! 
Денесі неше миллион құбылса да, 
Оның жаны – баяғы ескі жаны.  
Сезімінің зорайып, азаймағы – 
Қандай түрде болғаннан оның тәні. 
Қайда барса, ол өзін "өзім" дейді 
"Өзім" деп денесі емес, жанды айтқаны.  

 
36 
Сол жаннан тіпті "өзімдік" жоғалмайды,  
Есеп емес, сан өліп, сан қайтқаны.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Шәкәрім 
 
 
Сұрақ: – Адамның санасы дегеніміз не? Адам анасының жатырында қалай 
дамиды? 
Жауап: – Адамның санасы туарда анасының жатырында жатып дамудың 
барлық  сатыларынан  өтеді.  Ұрықтанған  кезде  еркектің  шаһуатының  әйелдің 
жұмыртқа  жасаушасымен  қосылып  –  бес  тәуліктен  кейін  жасауша 
жұмыртқасының  бөліну  нәтижесінде  тамшы  пайда  болады.  10  күннен  кейін 
тамшы  өріктей  болып  не  жұмыртқаға,  не  қауашаққа  айналады.  Алғашқы  айда 
бас,  екінші  айдың  аяғына  таман  –  қол,  аяқ  т.б.  дене  мүшелері  пайда  бола 
бастайды. Үшінші айдың соңында аяқ пен қолдың саусақтары, шаш, сүйектер, 
тері,  жыныс  мүшелері  мен  тесіктер  пайда  болады.  Төрт  айдан  кейін  құлын 
мүшелері түгенделіп бітеді. Бесінші ай аяқталар кезде – жан аштық пен шөлді 
сезеді, ал алтыншы айдың бітісінде су қабымен қапталып жатырдың не оң, не 
сол жағына орналасады. Оң жаққа орналасса еркек бала, ал сол жаққа орналасса 
қыз  бала  болғаны.  Анасының  жатырында  болашақ  адам  өте  жаман  жағадайда 
болады, бірақ сана төмен болғандықтан осы азапқа шыдап кетеді. Сәби мойны 
қисайып басын ішіне қарай тығып алып тізесінің қолымен  жауып төмен қарап 
бүктеліп жатады. Егер үлкен адамды осындай жағдайға салса бірнеше минутта 
өмір  сүрмес  еді.  Жеті  айдан  кейін  санасы  оянады,  өзіне  соққан  желдің  лебін 
сезеді. Өзінің тар қапаста жатқанын білген адамның жаны жүрегінде орналасқан 
ғазиз  жаннан  (Алланың  қуатының  кішкентай  бөлшегі)  осы  қапастан  алуын 
сұрайды  және  Оны  ұмытпасқа  ант  етеді.  Бірақта  жарық  дүниеге  келіп  ата-
анасының  аялы  алақаны  мен  қамқорлығына  бөленгеннен  кейін  берген  анты 
есінен шығып кетеді. Осы әлемде барлық адам баласы әйтеуір бір кезде ант-су 
ішеді, бірақта осы пәндік әлем сияқты олардың да ант-суында пәтуа болмайды. 
Жоғарыдағы  менің  Шәкәрім  атамның    өлеңі  –  Шәкәрім  қажының  рухани 
жетілу  шыңын,  биік  философиялық  ой-өрісінің  деңгейін  білдіретін 
шығармалардың  бірі.  Осы  қысқа  өлеңде  жан  иелерінің  өзін-өзі  тану  бағыты, 
оның  өзінің  кім  екені,  бұл  әлемге  қайдан  және  қалай  келетіні  өте  қысқа 
тұжырымдармен тезис ретінде беріліп отыр.  
Атаның  шаһуатының  (ұрықтың)  мәні  шынында  да  көз  жетпейтін  тереңде 
жатыр. Себебі, жан иелерінің келешек өміріндегі көретін бақыты мен қорлығы, 
адамшылық  қасиеттері  осы  шаһуаттың  қуат  түріне,  оның  ана  құрсағына  түсу 
уақытына,  жағдайына  және  басқа  да  көптеген  себептерге  байланысты.  Қандай 
жан иесі болса да ұрықтан, не болмаса жұмыртқадан тарап, өмірге келеді.  
Адам баласы өмірге келу үшін әуелі әке шеше құрсағына өзінің ұрығын салу 
керек, ал шеше одан әрі оны бала қалпына келтіріп қалыптастырады. Яғни, әке – 
жаратушы, ал шеше – қалпына келтіруші. Бұндай ойларды Шәкәрім мен Абай 
аспан, не болмаса күн мен жер, олардың арасындағы байланыс туралы жазылған 

 
37 
өлеңдерінен алуға болады. Күн мен жердің арасындағы махаббаттан бүкіл жер 
бетіндегі жан иелері туып, өмірге келеді. Махаббатқа жан тартылып шаһуатпен 
ана  құрсағына  түседі.  Шәкәрім  айтпақшы,  басында  оның  киімі  шаһуат  еді. 
Ананың құрсағына түскен соң жан ананың ұрығына оранып қызыл қан қалпын 
алады. Әрі қарай жан өзінің рухына байланысты, ақын сөзімен айтқанда, неше 
миллион құбылып, өзіне дене қалыптастырады. Рухтың қасиеттері жан иесінің 
өткен өмірінің нәтижесіне байланысты. Бірақ,  денесі өзгерсе де, оның жаны  – 
баяғы  ескі  жаны  болып,  өзгермейді.  Медицинаның  дәлелдеуіне  қарағанда  ана 
құрсағында  оның  денесі  өсу  барысында  әртүрлі  болып  өзгереді  екен. 
Құрсақтағы  баланың  денесі  балықтың  қалпынан  бастап,  жер  бауырлаушылар, 
құстар  және  басқа  да  түрлі  хайуанаттардың  қалпын  алып,  ақыры  адам  түрін 
алады.  Бұл  –  материалдық  ғылымға  түсініксіз  құбылыс  болып  көрінгенмен, 
рухани тұрғыдан алсақ, оны түсіндіруге болатын сияқты.  
Өмірдегі  көрген  тәжірибенің  барлығы  жан  иесінің  генасында  жазылып,  ол 
келесі өмірлерде өзінің көрінісін береді. Өткен өмірдегі тәжірибе көрінісін біз 
инстинкт деп атап жүрміз. Әрбір дене түрінде өзіне лайық инстинкт бар. Соның 
арқасында  барлық  жан  иелері  өзіне  тиесілі  өмір  түрін  алып,  қалтқысыз  өмір 
сүреді. Шәкәрім сөзімен айтқанда, сезімінің зорайып, азаймағы – қандай түрде 
болғаннан  оның  тәні.  Сонымен  бірге,  ол  қандай  тән  алса  да  өзін  "өзім",  яғни, 
жан  деп  айтқаны.  Мысалы,  жылан  жорғалайды,  құс  ұшады,  аң  жүгіреді  деген 
тәрізді. Олардың барлығының негізі – жан. Ең соңында адам қалпын алады.  
Жанның өткен өмірі оның рухында жазылып қалғандықтан, құрсақтағы рух 
өзіне  дене  қалыптастыру  барысында  өткен  өмірдегі  денелерін  тағы  да  есіне 
түсіріп,  бірінен  кейін  бірін  қалыптастырып  өтеді.  Құрсақтағы  бала  денесінің 
түрлі  жануарладың  порымдарын  алатыны  осыдан  болса  керек.  Бірақ, 
табиғаттың  сырлы  заңдылығы  бойынша,  ол  бұл  жарық  әлемге  келгенде  өзінің 
өткен өмірлерін ұмытып, олардың ең  негізгі қорытындыларын ғана қалдырады. 
Мысалы, жаңа туған баланы ешкім де емшек емуге үйретпесе де, өзі еме береді. 
Өткен  өмірдің  адамның  есінде  сақталмауы  тағдырдың  бейімділігінің  бір 
көрінісі.  Егер  адам  өткен  өмірінде  жауласқанын  білсе,  ол  бұл  өмірде  онымен 
бірге тіршілік құра алмас еді. Ол өзінің өткен өмірінде жау болғанын ұмытып, 
бұл өмірде оған дос болып келіп, өзінің қарызын өтеуі мүмкін. 
Анаға  берілген  шаһуаттың  құндылығы  әкенің  қасиеттері,  кім  екеніне 
байланысты. Егер әкенің шыққан тегі, өмір сүру әдісі, жан дүниесі жақсы болса, 
әрине,  шаһуаттың  құндылығы  да  соған  сәйкес  жоғары  болады.  Барлық  өмір 
көріністері  біздің  хромосомымызда,  әрбір  жасаушамызда  жазылып,  сақталып 
отырады.  Егер  ата-тегімізде  жаман  қасиеттер  мен  аурулар  болса,  ол  ұрпаққа 
беріліп,  түзету  өте  қиынға  соғады.  Жерге  отырғызған  ұрықтың  келешек  тегі 
ағаштың түрі мен қасиетін беретіні сияқты, әкенің берген шаһуаты да келешек 
ұрпақтың  қадір-қасиетін  анықтайды.  Ал  баланың  анасы  тоғыз  ай  бойы 
құрсағында баланың тәнін ғана қалыптастырып қоймайды, ол оның әкесі берген 
шаһуаттың  жақсы-жаман  қасиеттерін  де  өсіреді.  Бұл  –  ең  әуелі  ананың  өзінің 

 
38 
қадір-қасиетіне,  сонан  кейін  оның  сол  кездегі  көңіл  күйі,  ойлаған  ойлары  мен 
сезімдері,  өмір  сүру  қалпына  байланысты.  Яғни,  өсімдік  ұрығы  үшін  жердің 
құнарлығы қандай маңызыды болса, ана құрсағының қасиеттері де шаһуаттың 
жетілуі  үшін  сондай  маңызы  бар.  Ананың  өзінің  қасиеттері  мен  оның  бала 
көтеру  кезіндегі  қалай  тамақ  ішу,  ұйықтау,  өзінің  көңіл  күйін  басқара  білу 
қасиеттеріне байланысты келешек нәресте қалыптасады.  
Мысалы,  ғарыш  кеңістігінде  біздің  жер  теріс  полюс  болып  өзіне  әлемдегі 
өзіне керекті заттарды тартады. Ал әлем кеңістігіндегі жұлдыздар,  оның ішінде 
күн де, оң полюс болып табылады. Уақыттың әр сәтінде жерге әсер жасайтын 
ғаламшарлардың (планеталардың) әсері әртүрлі болғандықтан, сол кездегі туған 
жан иелерінің тағдыры да әртүрлі болады. Оларға сол сәттегі ғаламшарлардың 
өзара  байланысы  әсер  етіп,  сол  байланыс  адамның  алдағы  өмірін  басқарып 
отырады.  Астрология  ғылымы,  міне,  осы  заңдылықты  білу  арқылы  адамның 
келешек өмірін болжай алады. Ғарыштағы ерітінді – эфир, ал батарея Құдайдың 
әлемдік  көрінісі  болып,  осылай  ғарыш  кеңістігіне  қуат  беріліп,  барлық 
ғаламшарлар  (планеталар)  арсында  үздіксіз  өзара  байланыс  болып  жатады. 
Теріс  полюске  –  жер,  әйел  жыныстылар,  ал  оң  полюске  –  күн,  еркек 
жыныстылар  жатады.  Сондықтан,  ана  құрсағындағы  ұрық  өзіне  керекті 
заттарды  тартып  бала  денесін  құраса,  жер  құрсағындағы  өсімдік  ұрықтары  да 
өздеріне  жерден,  күннен,  ғарыштан  өздеріне  керекті  заттарды  тартып,  өз 
денелерін  құрайды.  Ұрық  қасиеті  қандай  болса,  ол  өзіне  сондай  қасиеті  бар 
заттарды  тартады.  Ұрық  маскүнем,  күнәһар  адамдікі,  не  болмаса  рухани 
жетілген, иманды адам  болуы мүмкін. Ұрық та, соған байланысты, өзіне соған 
сәйкес заттарды тартып, болмысын құрайды. Сондықтан, туған бала маскүнем, 
хайуан  болып,  не  болмаса  адамгершілігі  үлкен  адам,  әулие  болып  шығуы 
мүмкін.  Ерітінді  –  ананың  қаны.  Қан  бүкіл  денені  аралайтын  болғандықтан, 
онда  адамның  қандай  тамақ  ішкені,  не  ойлап,  не  сезгені  –  барлығының  әсері 
бар.  Анод,  оң  полюс  бастағы  ми  зат  (ойлар)  бөледі  де,  ол  заттар  қан  арқылы 
шаһуатқа жетіп, оның нәзік және тұрпайы болмыстарын қалыптастырады. Егер 
анасының басында "қорғасындай" ауыр, қайғылы ойлар болса, онда шаһуат та 
сол "қорғасындай" заттармен жабылып, туған бала уайымшыл, ауру, зардапты, 
ақылы төмен болып қалыптасуы мүмкін. Егер ана – келешек баласының көкірек 
көзі  ашық  болсын  десе,  ол  басына  "алтын"  орналастыруы  керек.  Яғни,  ана 
жаман  ойларға  жол  бермей,  тек  қана  жақсылық  ойлап,  көңіл  күйін  жоғары 
ұстап,  рухани  музыка  тыңдап  балаға  "алтын"  жіберіп  отыруы  керек.  Сонда 
шаһуат  қымбат  металлмен  қапталып,  дені  сау,  ақылды,  сұлу,  барлық 
қиыншылықтарға  төзімді,  қымбат  бала  туады.  Бұндай  баланың  келешегі  зор, 
ата-анасына  қуаныш,  еліне  тірек  болады.  Міне,  осының  барлығы  аяғы  ауыр 
әйелдердің  өздерін  дұрыс  ұстап,  өте  қатаң  бақылауда  болуының  зор  маңызын 
көрсетеді. Адамзат ұрпағының келешегі әйелдерге көп байланысты, сондықтан 
олардың табиғаттың осы заңдылығын мұқият білгендері жөн.  

 
39 
Бала дүниеге келген соң да енді өз болмыстарын қалыптастыратын заттарды 
өзін қоршаған ортадан, табиғаттан алады. Сондықтан баланың қоршаған ортасы 
оның  келешектегі  өмірін  анықтайды.  Ал,  шаһуаттың  өзіне  жасалған 
жағдайларды  барынша  ұтымды  пайдалануы  оның  өзінің  рухани  қасиеттеріне, 
яғни,  жанның  туа  біткен  қасиеттеріне  байланысты  болады.  Жан  қасиеттері  – 
оның  өткен  өмірлерінің  нәтижесі.  Бұл  –  барлық  өмірдің  мәні.  Адамның  басқа 
жан иелерінен айырмашылығы да осы мәнде жатыр.  
Тұқым қуалау заңдылығы бойынша, адам болмысының құндылығы ең әуелі 
шаһуаттың  қасиетіне,  яғни  әке  тұқымына;  сонан  кейін,  ол  шаһуаттың 
құрсақтағы дұрыс өсу жағдайына, яғни ана қасиеттеріне; туғаннан кейінгі өскен 
ортасына; және өзінің жан талабына байланысты болады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет