Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті
Ануарбек Д.Е
Сәулет өнері 2курс
Жоспар:
Кіріспе
1. Бейнелеу өнерінің түрлері
2. Бейнелеу өнерінің жанрлары
3. Бейнелеу өнерінің әмбебап тақырыбы, идеясы, мазмұны мен қыр-сыры
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Кез келген қоғамның тарихи дамуы мен өркендеуі сол елдің өнері мен мәдениетіне тікелей байланысты. Оған дүниежүзілік деңгейге кеңінен танымал біртуар туындыларымен өз Отандарын әлемге паш еткен Леонардо да Винчи, Микеланджело, Пабло Пикассо, Ә.Қастеев сынды тағы басқа құдіретті өнер иелерінің қас шеберліктері мен атақ даңқтары дәлел. Сондықтан да өз халқының өмір тарихын, салт-дәстүр, әдет-ғұрпын нақтырақ зерттеп білу үшін, оның сан-салалы өнерін оқып үйренудің маңызы зор. “Ел болам десең, бегіңді түзе” деген нақыл сөзді Мұхтар Омарханұлы Әуезовтей ғұлама текке айтпаса керек.
Бейнелеу өнері алуан қырлы да алуан түрлі. Онда жұмыс істеудің методтары мен техникасы туралы практикалық мағлұматтар берместен бұрын оның түрлері және жанрларымен танысқан жөн. ХІХ ғасырға дейін архитектура (сәулет өнері), скульптура (мүсін өнері) және живопись (кескіндеме) өнердің басты бір үш түрі болып есептеледі. ХІХ ғасырдың аяғына қарай өнердің бір түрі – графика (сурет, гравюра, литография) қызметтік және қосалқы түрден өнердің жеке және мүлдем дербес түріне айналды. Соңғы жиырма жылдықта өнердің дизайн сияқты түрі де өте айқын бейнесін тапты.
«Бейнелеу өнерінің түрлері»
Бейнелеу өнерінің әрбір түрі өмірдің сан белесін көрсете отырып дамытады. Бейнелеу өнерінің түрлері шындықты қабылдаумен, көркемдік міндеттермен, сонымен қатар бейнені сомдағанда қолданатын материалдардың әртүрлілігімен ерекшеленеді. Оның әрқайсысы әр кезеңде дамып, өзіндік сипат ала бастады. Алдымен сәулет өнері және жанды бейне бейнелеу өнерінің басты үш түрі болып есептеледі. Содан кейін өнердің бір түрі графика қызыметтік және қосалқы түрден өнердің жеке және дербес түріне айналады. Сонымен қатар сәндік қолданбалы өнер түрі де ерекше сипатта бағыт алады. Соңғы жылдары өнердің дизайн сияқты түрі де өте айқын бенесін тапты.