Архитектура әрқашан да пластикалық өнерлердің ішінде ең бастысы болып келді. Ол дәуір идеясын мейлінше күшті білдірді және өз заманының басқа бейнелеу өнерлерінің – скульптура мен живописьтің стилін анықтап отырды. Мұның өзі әрі ұзақ жасайтын өнер: египеттік пирамидалар немесе американ үндістерінің ежелгі храмдары сан мыңдаған жылдар тұрып, бізге дейін жетті. Сонымен бірге бізге архитектураны өнер ретінде қабылдай көбіне қиын. Біріншіден, оның скульптуралар мен картиналардан айырмашылығы өте көп – ол ештеңені бейнелемейді және ештеңені суреттемейді. Екіншіден, архитектурамен біз күн сайын және сағат сайын ұшырасамыз – архитектуралық ғимараттарда өмір сүреміз, оқимыз және жұмыс істейміз, барлық уақытта архитектура арасында жүреміз де оны біздің өміріміз өтетін үйреншікті, табиғи дерлік орта ретінде қабылдаймыз. Музыканы біз қалаған уақытта тыңдаймыз: киноға немесе музейге керегінде барамыз. Ал архитектура онымен өнер ретінде қарым-қатынас жасауға бізде қажеттілік бар ма немесе жоқ па – оған қарамастан бізді үнемі қоршап тұрады. Архитектура – бұл адам қызметінің ерекше түрі, мұнда техника мен өнер, пайда мен әсемдік бірге өрілген. Және де архитектура тікелей ештеңені бейнелемегенімен және суреттемегенімен, ол, бәлкім, бейнелеу өнерінің барлық түлерінің ішінде мейлінше әсерлі, біздің сезімімізге әсер етуге мейлінше қабілетті өнер болып табылады. Дарынды архитектор жасаған әрбір құрылыста, әрбір ғимаратта өзіндік бет-бейне бар, оған ерекше көңіл күй берілген.
«Бейнелеу өнерінің жанрлары»
Бейнелеу өнері д/з – айналамыздағы өмір көріністерін жазықтықта әрі кеңістікте бейнелеу арқылы суреттейтін өнері түрі. Бейнелеу өнері бірнеше түрге бөлінеді. Олар: кескіндеме,графика, мүсін, сәндік қолданбалы өнер, сәулет өнері.
Кескіндеме – жазық бетінде бояу түрлері арқылы орындалатын көркем шығарма. Кескіндеме орындалу ерекшелігіне қарай бірнеше жанрға бөлінеді. Олар: натюрморт, пейзаж, портрет.
-1)Натюрморт д/з – заттар мен бұйымдарды үйлесімді етіп бейнелеген көркем шығарма. «Натюрморт» француз сөзі «өлі табиғат» дегенді білдіреді.
-2)Пейзаж д/з – табиғат көрінісін бейнелеген көркем шығарма. Пейзаж әр алуан кейбір пейзаж шығармалары өмірде бар нақты өлкелердің көрінісін бейнелесе, кейбіреуі суретшінің қиалынан туады.
-3)Портрет д/з – адамның бет пішіні бейнеленген көркем шығарма.