Алькей Хаканович Маргулан доктор филологических наук МРНТИ: 03.20.00 РОЛЬ ОЛЖАБАЙ БАТЫРА В СОХРАНЕНИИ КАЗАХСКОЙ ГОСУДАРСТВЕННОСТИ В XVIII В.
Электронный научный журнал «edu.e-history.kz» № 4(24), 2020
Теги: XVIII век, Олжабай батыр, Казахстан, институт батыров, джунгарское нашествие
Алькей Хаканович в своих статьях «Еңбекпен өткен өмірім», «Олжабай батыр» освещает борьбу Олжабай батыра за свободу страны. Олжабай происходит из рода Аргын, ветвь Суйндык. Его прадед Айдабол в то время был влиятельным бием страны. Малгозы и Толыбай происходят от Айдабола. Орман, Кульжабай и Олжабай родились от Толыбая. Дулат от Олжабая, Маргулан от Дулата, Хакан от Маргулана, Алкей от Хакана. От Ормана - Тобет, Байжан, Жаяу Муса, Салык, Тайжан, Актай, Узын, Сулеймен. От Сулеймена - Оспан, Омар. Олжас Сулейменов от Омара(Кудайбердыулы, 1990: 62). Еще при жизни Олжабай батыр напророчил, что человек, родившийся в седьмом колене будет «ғалым», то есть знающий, и он принесет славу всему роду. Хотя среди потомков Олжабай батыра есть несколько выдающихся людей, но авторы данной статьи считают, что именно Алькей Маргулан был этим человеком, прямым потомком Олжабай батыра, который был действительно настоящим ученым.
Махамбет және ұлт болмысы: рух пен намыс Тайжанов Алтай Тайжанұлы, философия ғылымдарының докторы, профессор
Адамзат өзінің және қоршаған дүниенің бар екеніне сенеді. Жеке тұлға үшін жай ғана бар болу жеткіліксіз, ол адам болуы шарт. Өйткен бұл дүниеде тек өмip сүру ештеңеге жеткізбеді. Адам ұл дүниеде бар болуы арқылы мүмкін ұлтқа жасаған игілікті ici, қалдырған ізімен мәңгілік болмыс мүмкіндігіне ие болады. Ұлт табиғаты, ұлт болмысы - күрделі де, жан - жақты құбылыс. Көшпенділердің ұлттық болмысындағы кезеңдік мәні бар кесек құбылыстарды танып - түсіну үшін сол көшпенділердің этникалық қарымына сай таным зердесі кажет. Өйткен, олардың өзіндік өлшемі, өзіндік талғамы, танымы, құндылықты бағалау жолдары бар. Табиғат пен адам, тұлға болмысына да қатысты. Көшпенділер болмысы өзінің тұрақтылығымен ерекшеленеді. Европа өз бағдарын онжылдықтармен, ғасырлармен өлшесе, көшпенділер қарымы мыңжылдықтап оралым жасайды. Мысалы, өте ерте замандағы ер - тұрман үлгілі aca өзгеріске түспестен XIX ғасырдағы бабаларымызға жеткен, түрік қағандарын тасқа қашаған жазулары бізге жетті, ғұн - сақ замаңындағы тәңірлік наным - сенім бүгінгі дестүрлі қазақ мәдениетінің де өзегі болып отыр, Ұлы Дала тұрғындарының тұтынған этникалык мазмұнды заттары мен ішетін тамағында соңғы екі мың жыл аясында айтарлықтай өзгерістер болған жоқ. Осыдан келіп жат жұртын ой - санасында көшпенділер өмір - салтты уақыт пен кеңес аясында тоқтап қалғандай болып керінуі мүмкін. Бұл тоқтап қалу емес, тұрактылық. Л.Н.Гумилев: «Көшпенділердің өндіріс тәсілдері, шаруашылық үрдістері әрі қарай шыңдауға кенбейтін биікке көтерілген» [1]- дегенде осы айтып отыр.
Бұдан шығатын қорытынды, көшпенділер болмысындағы кезеңдік мәні бар ipi құбырлары, өз төңірегімен ғана шектелмейді, сол уақытының аясында тани қоюға да кенбейді. Оңдай құбылыстардың тамыр ғасырдан ғасырға көктей өтіп, тұтас дәуірлік үрдістермен астасып жатады. Тұлға болмысына қатысты айтатын болсақ, оның жарқын айғағы Махамбет Өтемісұлының өмipi мен әрекетінде, тағдырында көрініс табу және күні бүгінге дейін оның жеке басының кейінгі ұрпақтарына үлгілі болуы.
Махамбет бізге ерлікті, ерлерді жырлағанымен, өзі де ер болғанымен құнды және ерекше. Махамбет өзін - өзі тұлға еткен жан. Ер деген тек батыр емес, ол ерлік іске бастаушы, соның насихатшысы, сол істі нақтылы атқарушы. Осы тұрғыдан алғанда белгілі ғалым Fарифолла Есімнің: «Махамбет сияқты тұлғалардың атағы оның фамилиясы арқылы шықпаған... Махамбет ерлік мазмұнын тек поэзиямен ғана емес, өзінің жеке басының ерлігімен дәлелдеп өткен. Ол біртуар адам, демек оны «Ер Махамбет» деп айту және халық санына сіңіру қажет [2] - деген пікірінің жаны бар.
Махамбеттің бүкіл шығармашылығы ерлікке арналған. Ол ерлікті поэзия тілімен насихаттаған, ерлікті түпкі мақсатын ашқан, ол мақсат - ЕЛ ҚАМЫ. Ал әр азаматтың ел қамын ойлау үшін, халықтың намысын ояту керек, құлшылыққа түспеу жолын ойлау кажет. Шын мәнінде Ер адам мерт боламын демейді, себебі, оған қуат беретін намыс. Қазақтың: «Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамысы өлтіреді» деуі де содан болса керек. Махамбеттің ақындығы оның ерлігінің көрінісі. Махамбеттің ерлігі жанқиярлық ерлік, құрбандыққа дейін бастайтын ерлік. Ертеңгі күнін таразыға салып, ойланып - толғанып, адамнан ерлік шықпайды. Ерлік жасаудың өзі құрбандық. Бұндай жандар әр ел тарихында санаулы болады. Махамбет осы қатардағы тұлға.
Жәңгір хан мен Махамбеттің тағдырлары бір, бірақ армандары мүлдем бөлек. Жәңгірдің арманы біздің қазіргі кейбір басшылар сияқты көзі жұмғанша билік басында болу. Ол басқа өмірді білмейді, сондықтан Ресейге жанталаса жарамасақтанады. Қазақ ол заманда біртұтас ел болудан қалған, себебі, қазақтың елдіктен айырылуы, ел билеушілер мінезін ұсақтандырып жіберді. Мемлекеттік, халықтық, елдік мүдде күн тәртібінен түсті. Ал Махамбеттің арманы өзі айтқандай:
Еділдің бойы ен тоғай,
Ел қондырсам деп едім.
Жағалай жатқан сол елге,
Мал толтырсам деп едім.
Бұл елдіктің идеясы, халықтың бірлігі, жерге иелік, бірақ ол арман еді, сол арманды орындау үшін Исатай мен Махамбет бастаған талай ерлер опат болды. Оқиға өтті, бірақ елдік рух өлмеді, бізге жетті. Махамбет сияқты ақыны бар ел ешқашан жетім болмақ емес. Жетімдік рухсыздықтан туады, рух қашанда болмасын болашақтын кепілі, тарихтын өзегі. Пендешілікпен Жәңгір, Баймағамбет, Исатай, Махамбет туралы әр түрлі пікірлер айтуға болады, айтылып та жатыр, бірақ заман озған сайын тұрмыс - тіршілікке, жеке бастың келімді - кетімді тұстары азып - тозып ұрпаққа өзекті әңгіме қалмақ, сол әңгіменің мәнісі - Махамбеттей ақыны бар халықтың ұзақ уақыт рухани жұтан болмайтындығы, қазіргі рухани тоқыраудың уақытша екендігі. Ендеше, бұған да түсінік - пайыммен қарағанымыз жөн. Өйткені Махамбеттей болмағанмен өзін де, өзгелерді де қорғай алатын, заманы келгенде азаматтық ерлік те жасай алатындар арамызда бұрын да болған, бүгін де бар. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы кезінде кейбіреулер өзінің қазақ болғанына қысылғандай сынай танытқан да заман болған. Алматыдағы зиялы деп жүрген қауыммен сол кездегі компартия басшы Колбин кездесу өткізіп қазақтарды орынсыз қаралғанда, бұндай әділетсіздікке шыдамай кенеттен сөз сұрап, академик Салық Зимановтың мінбете шығып, қазақ халқының шын мәнінде кім екенін, мына айтылып жатқан сөздердің қате екенін дәлелдеп шыққанын халық ұзақ уақыт ризашылықпен айтып жүрді, әлде де айтылуда. Сол сәтте қызарып, ызаға булыққан Колбин не істеу керектігін білмей, еріксіз үзіліс жариялады.
Бұл көрініс қазақтың біртуарзиялы ғалымы Салық Зиманов бойындағы «Махамбет феномені», қажет кездегі, ұрымтал тұстағы рухтың биіктігі, намыстың серпіні, оны біз көнбесе «бірбеткейлік», «тентектік» дейміз. Онымыз аса дұрыс деуге бола қоймас, өйткені, мына жаhандану заманында әлі де қазақ баласының басына қилы замандар түспейтініне кім кепілдік бере алмақ. Болашақ үшін Махамбет үлгісі керек. Махамбет те пенде, ол да өлімнен қорқады, бірақ ол үрейге бойын билетпеген, бойын үрей алмаған адам, сондықтан оның рухы да қуатты.
Шындығына келсек, көптеген адамдардың болашақ туралы санасы жоқтың қасы. Олар тек бүгінгі күн қарбаласымен ғана өмір сүреді. Сондықтан олар рухты, сенімді, дінді ұмытады. Бұл үшеуі болашаққа қажетті қазына. Бүгінгі және ертеңгі күн - бұл әр адам үшін де, болашақ ұрпақ үшін де «оңы» мен «солы». Махамбет «оңы» мен «солы» ереулеп жүріп - ақ тең ұстады, иманына берік, рухы биік болған. Ол өзі өмір сүрген заманында - ақ ертеңгі күннің адамына айналған. Сондықтан ол біздің де замандасымыз. Мұндай адам қай ұрпақтың болмасын замандасы. Сол себепті Ер Махамбет бізбен де бірге, қазіргі заманда дүниеге келіп, ертең жалынан тартыпболашақ ұрпағымен де бірге.
Зерттеушілер Махамбетті – азаттықты көксеген күрескер, қол бастаған батыр, құдіретті ақын, дәулескер күйші деп жазып жүр. Мұның бәрі рас. Алайда дәл осылай жіліктеп, біртұтас құбылысты бөлшектеп танимыз десек, онда Махамбет бойындағы осынау қасиеттердің сыр – себебі, мән – мағынасы толық ашылмас еді. Махамбет әлемін оның жеке басына таңырқау арқылы тану, жеке басын марапаттау арқылы түсіну мүмкін емес. Махамбет болмысын танып – түсіну үшін тек қана өзі өмір сүрген заман мен қоғамды саралаумен шектелуге де болмайды. Өйткені, ол – тұтас бір дәуір толғағы дүниеге әкелген ірі, тағдырлы тұлға.
Тарихқа көз салсақ отырықшылар дамудың нақтылы таным жолына түсініп өздерін табиғаттың қарсыластары ретінде танытты. Ал көшпелілер болса дүние – тіршілікті рухани игеріп, табиғатпен тіл табысуды өмір сүрудің тәсілі етті. Орта ғасырлардың соңына дейін отырықшыларға қарағанда көшпенділердің рухы биік, күші басым болып келді. Тек ол ғана емес, көшпелілер өзінің мәдени – рухани болмысы мен салт – дәстүрін де мейлінше шындап үлгерді.
Орта ғасырлардың соңын ала отты қарулар пайда бола бастады. Мұндай қару түрлері тек қана отырықшылар ортасында пайда болуға тиіс еді, өйткені оны жасайтын кәсіпорын көшпелілердің өмір – салтына жат. Міне, осы кезден бастап адамзат баласының даму үрдісі өзінің альтернативті көмескілеп, біріңғай технократтық даму үрдісі етек ала бастады, бұл көшпелілерді тарихи сахынасынан ығыстыру кезеңі еді.
Саяси – әлеуметтік жүйенің өзгеріске ұшырауы және зорлықпен өзгеруі ел – жұртқа жақсылық әкелмейді. Мұндай өзгерістер бірер ұрпақтың өмірінде жүзеге асып та үлгермейді, ұзақ уақыттар ішінде әлденеше ұрпақтың өмірі алмасады, өткенін ұмыттырады, әлеумет амалсыздан тарихи тағдырға мойынсұнады. Сөз жоқ, мұндай құбылыстар өзіне сай тұлғаларды туғызады. Міне, Өтемісұлы Махамбетті дәуірлік құбылыс деуіміздің мән – мағынасы да осында. Махамбет – осынау жарық дүниемен қоштасқан көшпелілер өркениетінің соңғы үні, асау рухы. Белгілі этнограф – ғалым Ақселеу Сейдімбек, қазақ халқының рухани үрдісін кең мәнмәтіндегі тарихи құбылыс ретінде қабылдады, Қорқыттан Асанқайға дейін, Асанқайғадан Махамбетке дейін, Махамбеттен Абайға дейін, Абайдан бүгінгі күнге дейін ол төрт кезеңге бөліп қарастырған. «Махамбет заманы – көшпенділер рухының айы батып, күнінің тұтылатын уақыт. Сондықтан да көшпенділер мәдениетіндегі эпикалық синкреттілік Махамбет болмысымен байланысты... Махамбеттің әрі батыр, әрі көсем, әрі шешен, әрі жырау, әрі күйші болуында осындай тарихи - әлеуметтік сұраным болған» - деген пікір білдіреді.[3]
Махамбет тұсында қазақ қоғамының көшпенді тір. ігі адам таңғаларлықтай боп өзгеріске түспегенімен дала тіршілігінде бірсыпыра жаңалықтар дүниеге келді. Ұлыстарды билейтін хандық институттардың хұқықтары шектелді, хан-сұлтандар тұқымының айбыны кеміді. Осыған байланысты бұрын сол хандық институттың басқару аппаратының бір жағынан идеологиясын жүргізетін, бір жағынан сол аппараттың құрамында отырып ұлыстың мүддесін қорғайтын жыраулар қауымы да тарих сахнасынан біртіндеп ығыса бастады. Соған қарамастан елдің келешегін ойлайтын, оның арман мүддесін паш ететін, тарихынан тағылым алуға шақыратын - бойында ақындық оты мен патриоттық намысы лаулаған ақындар қауымы аз еместі. Олардың көбісі тәуелсіздіктің, ел бірлігі дегеннің не екенін өздері қапысыз ұғып қана қоймай, осы жолда сүйеу таппай сүрініп жүрген халқының да көзін ашуға, санасын көтеруге бар күш-жігерін аямай жұмсап бақты. Солардың бірі де Махамбет еді. Саяси - әлеуметтік өзгерістер мен құбылыстардың қай-қайысы да елеусіз, ескерусіз қалмасы анық. Көшпелілер қоғамының соңғы тұяғы Махамбет те бұл өзгерістер мен сұмдықтарды көзімен көріп, жарадай сезініп жүрді. Сондықтан да 1836 жылы әбден шыдамы таусылған халық теңіздей толқып көтерілгенде, осынау тегеурінді дүмпудің дем берушісі Махамбет болды. Ол Исатай батырмен бірге азаттық туын қолдаса көтеріп шықты. Бірақ, амал қанша, әділдік жеңілді, озбырлық жеңді. «…Кезенген жауға кез келдік, жалғыз найза, бір атпен», - деп Махамбеттің өзі айтқандай, жаужүрек батырдың қолындағы жалаң қылыш отты қарудың алдында дәрменсіз болды. Ең сұмдығы, көшпелілер тарихында тұңғыш рет хань халқына қарсы шығып, ата жауымен ауыз жаласты. Алдымен Жәңгір хан, кейін Баймағамбет сұлтан подполковник Геккеге арқа сүйеп, әділдік сұраған халықты қанға бөктірді. Арыстан туған Исатай оққа ұшты. Одан да өткен сұмдығы, халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған ақынына көшпелілердің ұзына тарихында тұңғыш рет қол көтерілді, Махамбетті өз үйінде, бала- шағасының көз алдында қылыштап өлтірді. Нарын құмындағы халық көтерілісінің жеңілуі, түптеп келгенде, көшпелілер басынан бақыт құсы ұшып, дәуренінің өткенін көрсетеді. Яғни, жеңілген Исатай мен Махамбет бастаған азатшыл рухтағы кауым емес. Өйткені олар сол азатшыл рухына қылау түсірмей, мақсат-мұратынан айнымай құрбан болды. Жеңілген система болатын. Яғни, Еуразияның ұлан байтақ даласына бейімделіп қалыптасқан көшпелілердің шаруашылық-мәдени типін жалпы адамзаттық жаңғырудың үрдісі ығыстырды. Мұндай заманалық жаңғырудың табиғи жолмен, бейбіт түрде жүзеге асуы да мүмкін еді. Өкінішке карай, қазақ даласындағы системаның алмасуы сырт күштің отаршыл экспансиясы тұрғысында жүзеге асты. Махамбет - осынау өліара шақта өмір сүрді, сол тұстағы халық болмысынын жиынтық айғағы болып тарихта қалды. Біздің сүйсінетініміз, келер ұрпақтың үлгілейтіні -- Махамбеттің өз заманына адалдығы, доска адалдығы, өліара шақтағы өкпек желдей болған озбырлықтан ықпай, оған қасқайып қарсы жүргендігі. Егер қазақ деген халықтың жекелеген ұрпақтарының бүгінгі болмысында өзіндік бірдеңе бар болатын болса, мұның өзі Махамбет сияқты бағаналы бәйтеректің өткен мен бүгінгінің арасына көпір болып көсіліп жатқандығының арқасы. Махамбет үшін көшпелілердің дәстүрлі мәдениеті, өнері, талғам-танымы өмір сүрудің тәсілі еді. Ол әбден орныға шыңдалған далалық демократияны жан-тәнімен қорғап, сол жолдың ауытқымай дүниеден өтті. Мұның өзі, түптеп келгенде, халықтың болашақ біртұтас тағдыры үшін, ұлттың біртұтас асқақ арман - аңсары үшін күрес болатын. Отаршылдық ұлттың тұтастығына іріткі салып, таптық жіктің ұрығын септі. Бұл күнмүлде жат өмір- салттың, бөтен системаның бел ала бастауы еді. Махамбеттің ірілігі - осынау системалық өктемдікке қарсы тұруында, парасаттылығы - өз тұстастарынан бұрын түсіне білуінде, құдіреттілігі - арман-аңсарының заманалық кесектігінде. Махамбет халық басындағы бақ пен сордың жалқылық мысалына жұбанбайды, заман дүмпуі тудырған ірі ағымдардың ақ-қарасын саралап толғанады. Бұл ретте оның санасы сергек, танымы терең, мақсаты айқын. Ұлттың азаттығы мен халықтың- әлеуметтік теңдігін Махамбеттен терең жырлаған, Махамбеттей жеткізе жырлаған ақын қазақта бұрын-соңды болмағанын М.Әуезовтен бастап, Ақселеу Сейдімбекке дейінгі зерттеушілердің айтпағаны, жазбағаны кемде-кем. Дәстүрлі түсінігімізде хас өнерлінің бойына талғам мен шындық тең білуі керек. Махамбет мұның екеуінен длер мәдениетінің ең биік соңғы тұяғы ретінде мойын бұрғызады. Махамбет өзінің рухы асқақ жырларын жыршылығы тасып шығармаған, бойындағы буырқанған аста-төкөөнер, күрес жолындағы ең оңтай қаруы ғана болған. Тек қана жырлары емес, оның арынды күйлері де ұдайы ситуация үстінде туындап отырған. Бодандықта өмірі өксіген халқының қағажу көрген хал-күйі, шарасыздықтан өз халқына қарсы сырт күштің қолшоқпары болған Жәңгір хан мен Баймағамбет сұлтанға деген запыран ашу, ел қамын жеп еңіреп өткен Исатай батырдың ұрпаққа өнеге өр тұлғасы, көтеріліс күндерінің ең бедерлі сәттері, асыл арманның күйреуі, осының бәрін тағдырдың жазмышындай еткен заманалық үрдіс, міне, Махамбет өнеріне арқау болған нақтылы өмір көріністері осылар.
Танымал жазушы, белгілі көркемсөзші, зерделе зерттеуші Әбіш Кекілбайұлы Махамбеттің қайда салсақ та саф алтындай жарқылдап, ақ алмастай қиып түсіп, шыны майдай шыжғырынды шындықпен көкірегіңді өртеп түсер құдіреті неде? Батыр болса кез-келген тымақты шоқпар ұстаған сотқар заманда екіленген есер болмай, еңіреген ер болуының, ақын болса-бардың алдында байпаңтап, жоқтың алдында шайқақтап шыға келер өзге әріптестеріндей мақтаушы болмай, жоқтаушы болуының сыры неде? - деп риторикалық сұрақ қояды. Және Махамбеттің Махамбет болуының себебі оның тұсындағы дүркіреген көп ақынның өзі де, сөзі де халық жадынан шыққанда, оның тұсындағы күркіреген көп батыр саздауға біткен құба талды сайғақ қып жатып алып, бүгіндері топографтардың ғана қырағы көзіне ілігер белгісіз жер төмпекке айналған кезінде, ақын Махамбеттің ащы айғайы әлі күнге дейін құлағыңда саңқылдап, батыр Махамбеттің тап көз алдыңда көлбеңдей шауып бара жатқандай әлі күнге дейін делебеңді қоздыруының себебі де, оның кімнің сөзін сөйлеп, кімнің сойылын соға білгенінде ғой- [4] деп жауап береді. Істе де, сөзде де шынайылық тек шындықтан туады. Махамбет те өзінің батырлығын, ең алдымен өз дәуірінің шындығына тура қарауға арнады да, өз ақындығын сол көзі көріп, көніліне түйген шындықты еш калтқысыз, еш бұлтақсыз айта біле алды. Сөйтіп, мезгілмен бірге өлетін өтіріктің сөзін сөйлемей, халықпен бірге қимылдап, тарихты жасайтын ақиқаттың сөзін сөз еді. Сондықтан да Махамбет халықпен бірге жасап, бірге жаңғырып келеді. Махамбеттің Махамбеттігі де сол шындық пен әділет қуғандығында. Ол сөйлеген сөзбен, ол істеген істің тарихи өміршең болып келетіндігі де осыдан. Ғалым-зерттеушілердің зерделеуінше «кейінгі екі жүз жыл ішінде қазақ санасына тап Махамбеттей болып мығым орныққан мәшһүр тұлғалар кем де кем» [5]. Қазақ халқының осындай біртуар ұлының шығармашылығы мен тұтас болмысы күні кешеге дейін бір жақты, таптық тұрғыдан, маркстік-лениндік қағида өлшемімен зерттеліп келді. Бұндай жағдайда Махамбеттің тұтас болмысынан гөрі көп айтылғаны мен жазылғаны да, ерекше көңіл бөлінгені де, оның үстем таптарды жек көргені, олардың алдында тайсалмаған батырлығы ғана болды. Махамбетті тануымыз XX ғасырдың 20-шы жылдарынан (Х. Досмұхамедұлы, А.Маметұлы еңбектері, Ығылман ақын дастаны т.б.- А.Т.) басталғанымен осындай түсінік еліміз егемендікке қол жеткізгенге дейін келді. Сондықтан да Махамбеттің қазақ халқының рухани әлемінің биіктеуіне қосқан үлесі сөз болмады. Шын мәнінде Махамбет батырлық пен ақындықты тең ұстаған, өз заманының саяси ахуалын терең түсінген, оған өзіндік көзқарасы болған саясаткер, көпті соңына ерте алған салиқалы да, ықпалды сардар, сұңғыла сезім мен ойды тұқыртпай, тұншықтырмай, мүдіртпей толғар мүкісіз тілді, уытты сөзді шешендікке келгенде де алты алаштың ішінде оның алдына түсіп озғаны аз, өнерлі күйші, қияңқы тіршілікке қарсы тұрған күрескер… аса күрделі тұлға. Оны тану мен бағалаудың қиындығы, сондай жан-жақты сом тұлғаны туғызған заман мен қоғамның басқаларға ұқсай бермейтін қыры мен сырының да мейлінше молдығында. Осы уақытқа дейін дара тұлғаны кете сараптауға кіріспегенімізді ұлттық қоғамтану мен адам тануымыздың әлі де болса балаң соғып жатқандығымен түсіндіруге болады. Махамбеттің аты, оның мұрасы мектеп оқулықтарына, оқу бағдарламаларына енгізілген, белгілі дәрежеде танылған, зерттелген. Дегенменен, ойшыл-ақынның, бүкіл болмысы патриотизм үлгісіндей болған адамның, қоғамдық-әлеуметтік, саяси-құқықтың ойлары философиялық, дүниетанымдық тұрғыдан зерттелмеген. Махамбет Европа, болмаса Көне Шығыс ойшылдары сияқты трактаттар да, рубаяттар да, философиялық еңбектер де жазбаған… Сондықтан Махамбет шығармаларына қоғамдық- философиялық, дүниетанымдық тұрғыдан талдау жасағанда тарих пен тарихи тұлғаларды тануға өзіндік методологиямен келгеніміз дұрыс. Бұндай жағдайда алдымен басшылыққа аларымыз - қисынға жүгіну, тарихи кезеңдер мен деректерге, ондағы саяси-әлеуметтік жағдағ мен уақыт өлшеміне, зор тарихи тұлғаларға тән ұлылық пен пендешілікке диалектикалық пайым жасау арқылы конкреттіліктен абстрактілікке өту болмақ. Поэзия - өз дәуірінің айнасы, жаршысы, ой-сезімінің асылы, биігі. Махамбет жиырма жасқа келіп, айналасын пайымдап, ақылы толысып, оңды-солын айыра бастағанда Патша үкіметінің 1822 жылғы «Сібір Қырғыздары туралы Уставы» жарияланды. Кейін осы Устав пәрменімен қазақ хандықтары, яғни мемлекеттілігі жойылды. Хан орнында жүргендерде қауқар болмады, оларға халықтың көңілдері толмады. Сая3. дүниетанымы таяз, жергілікті ақсүйектердің біржағынан қанауы, патша жақтастарының екінші жағынан қысым көрсетуі салдарынан халық нулы, сулы жерлерінен ығыстырылды, күнкөрістен айырылып, Махамбетше айтсақ, "шұбар күнге» жолығып, әбден титықтады. Наразы халықтың ашу-ызасы кемерінен асты. Сырым, Исатай-Махамбет, Кенесары көтерілістерінің объективті себептері де осы болатын. Әрбір есті, парасатты адамның кеудесінде отаншылдық сезім болуы қажет. Ақын шығармаларына зер салып қарасақ, ой елегінен өткізіп, парасатпен пайымдасақ Махамбет ел тәуелсіздігін ерте ойлап қоймай, бүгінгі тәуелсіз еліміздің қам-қарекетін бізбен бірге ойласатын тәрізді. Махамбет жат- жұртқа қонысыңды, төріңді берме дейді. Сондықтан да ол туған жерді қорғап, "Еділ үшін егескен», "Жайық үшін жандасқан», «Қиғаш үшін қырылған», «Тептер үшін тебіскен" ерлерді айрықша шабытпен, зор мақтаныш сезіммен жырлады, оның ішінде Исатай бастаған ұлт - азаттығы қаһармандарын көпшілікке ту етті. Қазақ қоғамдық ой-пікірінде адам бойындағы аса қадір-құрметке ие қасиеттердің бірі асқақтық, биіктік, өрлік пен ерлік. Махамбет ақын жыры өжеттігімен, өрлігімен, ерлігімен, «қолың жетпес биікпін» деп өзі айтқандай, бұрын-соңғы қазақ әдебиеті мен қоғамдық ой өкілдерінің баршасынан оқшауланып, тым биік көрінеді. Бұл тұрғыда ол асқақтық эталоны. Оның туындыларынан жауласқан жақты, түсініскісі келмейтін топты бітімге шақыруды, немесе орынсыз кішірейушілікті көрмейсіз. Қоғамдық ой тарихымызда шығармашылықтарынан өжеттілік лебі есетін Шалкиіз, Доспамбет, Жиембеттерден де, өз тұстастары, отаршылдықтың зілзала сын жыр еткен Дулат, Шортанбайлардан да Махамбет шығармаларының айрықша, өзгеше болып көрінетіндігі осында. Сол дәуірдегі түрлі саяси-әлеуметтік құйтұрқы жағдайларға байланысты ата-бабасынан мирасқа қалған ен далада еркін өмір сүре алмай қор болған қандастарының күрескерлік қабілетін шыңдай түсу үшін де Махамбет сынды рух сардарын уақыт өзі туғызды. Ақын өмір сүрген дәуірде бейқам жатқан ел біртіндеп бәрінен де айырылды, Сондықтан ол «оян, сақ бол қазақ» деп қана қоймайды, ел үшін, жер үшін күрес қажет дейді. Бұл тап бүгін, мына біздерге, біздің ұрпағымызға айтылып отырған аманаттай. Исатай өлімі сол аймақтағы ел басына түскен орны толмас қайғы, өкініш. Махамбет оның дүниеден өтуін «Мұнар күнге теңейді». Сол қайғыны елестетер, қабырғаны қақыратарлықтай асыл сөздерін айтып қас бәйтерек, алып бәйтерек Исатай өлген соң, елдің де халі мүшкіл «сағағы болат қылыштың, балдағынан сынған күн» деп, Махамбет Исатайды ғана емес, елдің белі бүгілгенін меңзейді. Өйткені, Мұхтар Әуезов сөзімен айтқанда, «бүкіл XIX ғасыр әдебиетінде қимыл мен күрес жырын Махамбеттей жырлаған ақын болған емес. Алды да, арты да-бір өзі» [6]. Махамбеттің заманында ақынның өз сөзімен айтқанда: «Баста дәурен тұрғанда… Оза көшіп, кең жайлап, Еркіннен еркін жатқан ел едік…». Алайда, жан-жақты жау қаумалаған, жер-суына көз алартқан шақ туды. Сондықтан да: "Еділ үшін егестік, Жайық үшін жандастық, Теңдікті, малды бермедік, Теңдіксіз малға көнбедік». Бір сөзбен айтқанда, қазақтың әр ұлы, азаматы отаршылдық қамытын мойынға оп-оңай салғыза қоймаған. Алайда, әділетсіздік пен езгі тек отаршылдар тарапынан емес, халықтың өз билеушілері тарапынан да жасалып жатты, бұндай әділетсіздікпен күреспеске амал жоқ еді. Ал, қазіргі кезде отаршылдардан азатпыз. Ел болып, мемлекеттік тәуелсіздік алған кезеңмен біздің жаңа дербестік тарихымыз басталды. Ендеше, арасына екі ғасырдай уақыт түскен екі заманның айырмашылығы да сонда . Махамбет Империя езгісіне ғана емес, Империялық биліктің жалшысы болған жергілікті үкімет езгісіне де қарсы болды, әсіресе, соған наразылық білдірді және ымырасыз қарсылық көрсетті («Хан емессің қасқырсың…»). Қарадан шыққандықтан емес, жалпақ ел мүддесін ойлайтын нағыз азамат болғандықтан солай етті. Қазақта «малым жанымның садақасы, жаным арымның садақасы» деген терең философиялық-этникалық мазмұнды сөз бар. Махамбет шын мәнінде арлы, намысты азамат, сонымен қатар ол әділеттілік пен теңдікті де армандап өткен кісі. Махамбет шығармаларын дүниетанымдық тұрғыдан тануға талпыныс жасаған адамның оны бірден аңғарары да ақиқат. Махамбеттің саяси-құқықтық мұраттарына келетін болсақ, оның өзегін әділетсіз, заңсыз, ұлттық езгі жайлаған қоғамды өзгерту бейбіт жолмен емес, күрес жүргізу арқылы болады деген пікірге саяды. Ал бұндай билікті өзгерту құқына тек халық қана ие. Жалпы алғанда тоталитарлық жүйе тұсында Махамбет сынды көп қырлы шығармашылық иелеріне жеткілікті дәрежеде жан- жақты талдау жасалмады. Сондықтан да, оның дүниетанымдық, қоғамдық-философиялық көзқарастары өз дәрежесінде зерттелмеді. Дұрыстап зерттеп, зерделесек Махамбет шығармаларының бізге, жалпы ұлтка берер тағылымы мол. Біз болашаққа көз тігіп, Тәуелсіз еліміздің мәңгілік, ұзақ жасауын мұрат қылған елміз. Осы мақсатымыздың орындалуында да Махамбет сияқты дара тұлғалардың елеулі еңбектері мен ерен істерінен, ізгілікті іздерінен үлгі алғанымыз жөн. Өйткені, «ҚАЗАҚСТАН-2050» Стратегиясында айтылғандай «бабалардың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері және жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана біздің бұл мақсатымыз орындалмақ» [7]. 171. Әдебиеттер: 1. Л.Н. Гумилев. Ритмы Евразии. Алматы, 1993. с. 74. 2. F. Есім. Сана болмысы. Алматы, 2005, 9-шы кітап. 80-81 беттер. 3. Ақселеу Сейдімбек. Шығармаларының алты томдық жинағы. Астана, 2010. 3-том. 363-бет.
Ағын Хайрууллович Касымжа́нов — советский и казахстанский философ. Доктор философских наук, профессор, член-корреспондент НАН РК. Разработчик теоретических проблем истории философской мысли и наследия аль-Фараби.