Мотоатқыштар мен танк бөлімдеріндегі еңбек гигиенасы Армияның техникамен толықтырылуы соңғы уақыттарда әскери жеке құрамдардағы танк пен мотоатқыш бөлімдерінде қанағаттанарлық. Танк пен мотоатқыштар саласындағы гигиеналық қамтылуы,жалпы жағдайлармен бірдей ұқсастық бар.
Құрлық әскерлердің ұрыс машиналары (ҚҰМ) мүдірмейтін жоғарғы дәрежелі, епті, шаң , оқ , мина снарядтар жарықшақтарын өткізбейтін машиналар.
Қарулануы - пулеметтер мен қару жарақтар. ҚҰМ –н ұрыс жүргізу үшін де, жеке құрамдардың көшіп қонуына да пайдаланады. Оның экипажы –машина командирі, механик, оператор-нысанашы.экипаж орындықтары жұмсақ, өз осьінен 360°-қа айнала алады.Арнайы жабдықталған оптикалық құралдар жергілікті кеңістік жерді жақсы шолу мүмкіндігі ие.
Командирдің жұмыс орны механик жүгізушіден соң орналасқан. Команда үшін - командирдің байланысқа шығатын радиостанциясы, атуға,бақылауға арналған және басқада құралдар ( приборлары) бар.Жүргізуші-механиктің алдында құралдар панелі, түнде көруге арналған жарық шаммен қамтамасыз етілген, жұмыс орны (шамамен алғанда 0,75м²) командирдің алдыңғы жағында орналасқан.
ҚҰМ гидравликалы басқарылады, сондықтан жүргізуші - механиктің атқарушы жұмысы үлкен дене күшін қажет етпейді .Экипаж орындықтары жұмсақ, өз осьінен 360°-қа айнала алады. Моторлы бөлігінде екі десанттық орын бар,онда көденеңінен ұзын жартылай жұмсақ орындығы, 1 адамға 0,5м² келетіндей алаңы болады.
Қазіргі танктер өте жақсы жабдықталған, өту қабілеті күшті,қуатты, қорғаныштығы жоғары,электро- жабдықтары,байланыс құралдары,арнаулы және қосымша құралдары жоғары дәрежеде жабдықталған,экипаж құрамдары әртүрлі,өте күрделі ептілік (маневр) жасауға ыңғайлы,құрылысы күрделі түрлі электроникамен жабдықталған, бұрылуда үлкен күш түсірмейтіндей гидравликалылық басқару, тұрғанда да, жүру, бұрылу кезінде өте күрделі қимыл жасай алады.Ұрыс машиналарының шектеулі орналасқан кабинасы болса да, барлық ішкі, сыртқы орта факторларына төзімді, ыңғайлы ,үйлесімді орта жағдайына бейімделіп жасалынған.
Жаппай қырып жоятын қару қолданбағанда, машина бөлігіндегі желдеткіштері табиғи жағдайдағыдай. Егер залалданған желдерден өткенде және ұрыстық жағдайға өткенде механикалық желдеткіштік әсерге көшеді, онда десенттық бөлімдегі тазалық фильтро-вентиляциялық қондырғы көмегіне сүйенеді. Оқ дәріден бөлінген газ үшін автоматтық реттегішке қосылатын арнаулы саптама болады. Ұрыс машиналарында артық су қоры болады.
Өз бетімен жүретін зениттік қондырғылар,төмен ұшатын және күрделі маневрленген қаруы бар қарсыластарға қарсы күресуге арналған.Осы заманғы танктер, барлық жағынан алғанда – өтімділігі, жылдамдығы тиімдірек қаруланған, жоғарғы дәрежеде қарсыластың отты қару-жарақтарына, жаппай қырып жою қаруларының шабуылына төзімді, тұрақты, өтте қуатты қару болып саналады.
Ұлы Отан соғысы кезінде совет армиясындағы танкттер өте қуатты болғандықтан, совет танктерімен механикаландырылған әскер зор қызмет атқарып жау бетін қайтара білді.