Әскери гигиена оқу құралы Алматы,2013ж


Танк құрылысы және танктердің жұмыс орны



бет65/119
Дата06.09.2023
өлшемі9,83 Mb.
#106287
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   119
Танк құрылысы және танктердің жұмыс орны.Танктің негізгі бөліктері брондалған тұрқы, мұнара, қару-жарақ, күш қондырғышы және күшті ауыстырғыш, жүріс бөлігі, электр құрал - жабдықтары, байланыс құралдары, арнаулы және қосымша құралдары болады.
Бронды тұрқында және мұнарасында, қару-жарақ, комплекті қару, әртүрлі агрегаттар және механизмдер корпустың алдыңғы бөлігінде - бөлек басқару орны, онда жүргізуші- механик орналасады. Басқару бөлімінде приборлар бар және басқару жұмысының күшті қондырғысы, күш беруші агрегат және жүріс бөлігі, сонымен бірге жүру курсының көрсеткіші, көзбен көріп бақылайтын құралдар (прибор), сөйлесетін қондырғы, себетілген ауалы балон және пулемет бар.
Жүргізуші- механиктің, өзіне ыңғайлы етіп жасалған кез-келген күйінде бола алатын етіп жасалған, көлденең бағытқа келтіретін тетігінің көмегімен әрекетке келе алады, еңкейтеді, доға тәріздес шынтақ астына қойылған үш рамкалы арқа ойығы болады.
Танк қозғалысы кезінде ашық есікке отырғыштар жоғары жағында мұнарасына төселген берік, төменгі бөлігі жабық болады. Басқару бөлігінде бөлініп берілген арнаулы қалқан орнатылған, механик -жүргізушілер жиырма шақты приборлар арқылы бақылауды басқарады. Механик –жүргізушілер, қазіргі кездегі танктерде әр түрлі сырттан түскен ақпараттарды өңдеп, қорытынды жасай алады және кәдімгі операторлық профильді әрекеттерді орындай алатын мамандар. Танк жүріп келе жатып та әр түрлі жағдайда, әр түрлі жылдамдықта, жауынгерлік жағдайда экипаждың қимыл әрекеті тез үйлестіріледі де, ата алуының өзінде үлкен маңызы бар.
Танктің жауынгерлік бөлігінде машина командирі, бағыттағыш және оттағыштар орналасады. Осы жерде қазыналық бөлімінде қарауға бейімделіп жасалған қару-жарақ, пулемет, боекомплект, радиостанция, бақылағыш және оқтың ұшуын бақылайтын приборлар, сөйлесетін, оқшауланған тыныс аппараты, НЗ азық-түлік металды қораптың ішінде, артық су қоры және танк аптечкасы болады.
Экипаж басынан жарақат алмайтындай қорғаныштық жаздық және қыстық шлемофон (астары жұмсақ). Шлемофонның бір бөлігі бастың самай, шүйде және төбе, маңдайды сыртқы соққыдан қорғайтын қабырғалықтары болады.
Қазіргі танктің осалдығы, оның жалпы көлем мүмкіндігінің ықшамдалынып жасалуы. Танкке кіру және шығу есік арқылы болады. Есіктің қақапағы ашылып жабылады, оның салмағы ауырлау, экипаждың жаттығып жұмыс істеуіне қарай оның жабылу кезінде бейқамдық болса, ол ауыр жарақат алып қалуы мүмкін. Танктің есігі ашық жүріс кезінде болса онда күшті ауа қозғалысы туады. Жаз уақытында есік арқылы шаң, балшық, ал қыста – қар енуі мүмкін. Танктің күш бөлімі артқы бөлігінде орналасады. Жауынгерлік бөлімінде қозғалтқыш (двигатель) жұмыс істеп тұрғанда мотордан ауа сорылады, ол кабина ішіне, жұмыс өнімінен шыққан газ адамдардың тыныс алу аумағына енеді.
Танктің сыртында жанар май багы, фарасы және прожекторы (жарықты күшейтіп сырттан беру),тіркеме тросы, өзін-өзі алып шығатын кеспелтек ағаштары тағы да басқадай комплексті құрал-саймандар болады.
Танкистер мен мотоатқыштар сарбаздарының еңбек жағдайларының ерекшеліктері бар. Жоғарыда көрсетілгендей ,жаяу әскердің жауынгерлік машиналармен бронетранспортерлері де жалпы ережелік мазмұн сақталып, олардың келуі танктердің мазмұндық сақталу ережесінің, елеулі айырмашылықтары жоқ. Сондықтан, қазіргі уақыттағы танкистер мен мотоатқыштар жауынгерлерінің ерекшеліктері осы оқылып отырған бөлімде ерекше қаралады.
Басқа әскери мамандардың еңбек жағдайына қарағанда танкистер мен мотоатқыштарда бірнеше арнаулы ерекшеліктері бар: жұмыс орындарының бөлмесіндегі көлемі жағынан шектеулі болуы, амалсыздан жұмыс қалпының кейіпі, қолайсыз температуралық режимі, ашық есік кезінде - ластану мен залалдану, алдыңғы өтіп кеткен машиналардың шаңы, жанар мен жағар май , шу және діріл, жауынгерлік шабуыл кезінде киімінде от тұтынап кетуі, байқау өрісінің шектеулі болуы мүмкін.
Ж а у ы н г е р л і к м а ш и н а л а р д а ғ ы ж ұ м ы с б ө л і м і н і ң ш е к т е у л і л і г і ж ә н е а м а л с ы з д ы қ к е й і п і. Жұмыс орнының габариті (жұмыс орнының шектік көлемі) және металдық қоршаудың шығанқы және бұрышты болуы жоғарғы дәрежелі үйлесімді және қозғалыстың шамалас болуы,экипаждың еркін қимылына кедергі жасайды және оған тұрақты көңіл бөлінуге тура келеді. Танктегі қозғалыстар шайқалу және соққы экипаж жұмысына қиындық тудырады. Сондықтан, танкистер қозғалу маршы кезінде бір жерін соғып алудан қашады, ылғи да сергек болуға тырысыда, кейде өз кейіпін өзгертуге тура келеді, ал ол қанның ұйюына, аяқ-қолдарының талып тоқырауына және статистикалық шаршауына әкеледі. Статистикалық шаршауды болдырмау үшін, маршты өрістету кезінде мүмкіндігінше дене жаттығуларын жасап, дамылдау кезінде жүгіріп алу да керек. Жарақаттылықтың алдын-алу, танкистерде техникалық қауіпсіздікті сақтау және танк ішіндегі жұмыста шлеммен қолғаптар киюі керек.
Қ о л а й с ы з т е м п е р а т у р а л ы қ р е ж и м і. Танк ішіндегі ауа температурасы, ережеге сай, сырттағыдан жоғары. Жылу көзі мотордың қалқанының жоғарғы жағындағы қызуы, күн қызуынан сыртқа сауыттың (броня) қызуы, сонымен бірге экипаж мүшелерінің организмдерінің қызуы. Жаз айларындағы қарқынды жылу көзі, танктің сыртқы сауытының қызуы 60-70 °С, жазғы ауа температурасының төменгі мөлшері 30-40°С. Қызып кетуді ескере отырып, мүмкіндігі болғанша есікті (люкті) ашады, вентилярторды қосады. Дамылдау кезінде аяқты және бетті суық сумен жуу тиімдірек, енді бір ерекшелігі ол су ішу режимі, ол үшін аздаған үлеспен шөлі қанғанша су ішу.
Танктегі қыстағы температура сырттағыдай,сондықтан суып қалады, оған мүмкіндік туғызу үшін танкистер өз кейіпінде болуға, қозғалыстары бөгеліп қалмауы керек. Танкті жылытуда жылыту жүйесі бар онда шығатын газдың жылуында пайдалануы керек. Суықтың қолайсыдығынан тиімді профилактика жасау – киіну, жылы аяқ-киім кию. Ашық люкте, қозғалыста, бетін суық желмен қар әрекетінен қорғану, жүргізу үшін арнаулы қалпақ орнатуда, қалқандық шынымен қорғанады, онда электрлі жылыту приборлары болады.
Т а н к п е н б р о н о т р а н с п о т е р д е о қ ш ы ғ а т ы н г а з б е н а у а н ы ң л а с т а н у ы. Оқ дәрі газының негізгі компонеттері СО2 және азот тотығы, олар газдың 35 және 40 % сәйкестікте болады. Оқ дәрі газымен ластану зеңбірекпен пулемет атылған кезде шығады. Оқ дәрі газының концентрациясы, атылудың ұзақтығы мен жылдамдығына байланысты, сонымен бірге, вентиляцияның көлемімен де байланысты. Неғұрлым ату жылдамдығы көп болса, соғұрлым оқ дәрінің концентарциясы өрістейді. Танктің вентиляциясы-арнаулы вентилятормен жұмыс двигателінің әрекетімен өтеді. Танк двигателінен шығатын газда да СО2 болады, ал ол оқ дәрі газында аздау. Шығатын газдар, алдыңғы өтіп кеткен машиналардан да шығады, ол әсіресе орман, сай жер асты үңгірімен жүру кезінде және қарсыдан соққан желдің де әсерінен газ келеді. Сондықтан, марш кезінде машиналардың ара қашықтығын 20-50 м-дей сақтаған жөн.
А у а н ы ң ш а ң д а н у ы . Марш кезінде жауынгерлік машиналарға шаң кіреді, оның құрамы танкпен бронетранспортерлерде жоғарғы концентрацияға жетуі мүмкін. Ол шаңдар, тыныс алу және көздің сілекей қабаттарына түседі- фарингит, ларангит және бронхит, коньюнктивит және блефаритті қоздыруы мүмкін. Жауынгершілік жағдайда шаңмен бірге танкке радиоактивті және улы заттар, БЗ енуі мүмкін. Көз және тыныс мүшелерін шаңнан қорғау үшін қорғаныш көзілдірік, респиратор, противогаздар кию керек.
Ж а н а р ж ә н е ж а ғ а р м а й м а т е р и а л д а р ы м е н к о н т а к т і (жанасу) . Сапалы жанармай (отын) танк үшін қолданатын дизельді отын, ал жағар май ретінде – әр түрлі мұнай өнімдерінен алынатын өнімдер. Двигательге құйылатын суытқыш, қысқы мерзімге арналған сұйықтық антифриз. Жанар отынның буы, сонымен бірге майға қосылатын құйма қоспа (присадка) танкистер өміріне өте қауіпті, сондықтан олармен жұмыс істеуге техникалық қауіпсіздік ережені қатаң сақтау керек. Мұнай өнімдерінен шығатын бу концентрациясының жіберілу шегі 0,3 мг/л көміртегінің есебінде, одан арғы шегі уланудың созылмалдылығын тудырады.
Май, жағармайлар материалдарымен жұмыс істейтіндерде тері жамылғыларында өзгеріс туады. Жеңіл жанар майлар - бензин, теріні құрғатып, майсыздандырып жібереді, сөйтіп қол жарылады, терінің жұмсақтығы төмендейді экзема және пиодермияаға ұшырайды. Ауыр жанар майлар, жағар майлар танкистерде фолликулит, гиперкретоз және терінің басқа да ауруына шалдықтырады. Жағар, жанар майдың жалпы және сол жерлерге әсері ,ауа температурасы жоғары, денеге көп жүктеме аурлық түскенде күшейіп кетеді. Жанар жағар май материалдарының май қоймаларында, құрылыста, гаражда жұмыс істегендерге зиянды әсерлері туралы ескерту, санитарлық іс-шаралардың гигиеналық нормаларын сақтауы. Осы кездерде жақсы орнатылған вентиляциялық қондырғылар, жарықтың жақсы жарықтануы,жұмыстағы душ, жуғыш заттармен жабдықталуы қажет.
Өте мұқияттылықпен ыдыстарды сақтау керек, жанар майды қоладануда төгілмейтін ыдыс тығыз жабық күйінде ұсталуының маңызы зор. Жеке құрамда, техникалық қызмет атқаратындардың арнаулы киімдерді пайдалануы міндетті. Бензинмен, керосинмен қол жууға болмайды. Тіпті сол майларды соруға да мүлдем тиым салынады. Жанар, жағармай материалдары мен жеке құрам жұмыс істеуде жеке бас гигиенасының қатаң түрде ұстау, сол жұмысты тиімді атқаруға және зияндылығы туралы ескертілулері керек.
Жауынгерлік жағдайда ө р т – ж а р ы л ы с к е з і н д е, өртке қарсы күресу үшін, танкте арнаулы жабдықтар болады, ол қысқа мерзім ішінде өрт сөндіруде қолданылады. Өртке қарсы жабдықтарды, команда бойынша экипаж киімдерін киіп, өздерінің тыныс алу мүшелерін оқшаулау мақсатында пайдаланылады. Танкистердің өртке қарсы сіңімділінген арнайы отқа төзімді киімдерді киіп алу керек.
Ш у ж ә н е д і р і л , танкке және басқа бронемашиналардың двигателінің жұмыс істегенде машина корпусының сілкінісі,тегіс емес жолдармен жүргенде, жолды кесіп өткенде байқалады. Экипаждың жолсыз жермен өткенде бір сағат ішінде 700 ретке дейін соққы болады. Дірілдік тербеліс көлденең-бұрыштап, тік ,кейде басқаша өзгеріспен жүйесіз беріледі. Соның өзінде танкпен бронемашиналарда дірілдік аурушаңдық тумайды, бірақ, қолайсыз реакция және организмнің жылжымалығы болады: бұлшық еттің тонусы жоғарылайды, нервті қозғыштық, қан тамырлардың үйілуі (спазм), көз қарашығының ұлғаюы, жүрек соғысы азаяды. Шу, танк қозғалысында адамның ынта зейінін төмендетеді, есту өткірлігі және секрециялық әрекеті мен көңіл күйін басып тастайды, артериялық қысымы көтеріледі, жалпы адамның қажуына әкеледі.
Танк, бронетранспотер конструкциясында шуды басу үшін амортизаторлық жүйе ендіріледі. Шудың болуы әрбір танкта орнатылған бөлшектердің бос қатты бекітілмеуінен, ол уақытында техникалық тексеру де ескерілуі керек, ал оның өзі шуды бәсеңдетеді. Танкистің шлемофоны шудан қорғап ғана емес бастың жарақат алмауынан қорғайды.
Б а й қ а у ш е г і ж ә н е ж а р ы қ т ы ң а у ы т қ у ы. Тұрақты бейқампаздық, жергілікті жерді шолу машинаның тез қозғалуы,зерек болуды талап етеді. Бейімділік үшін, көру мүшелеріне түсетін жарық танкте қолайлы болуы керек. Қолайсыздық мезгілді жеңілдету үшін жасанды жарық керек, ол 50лк, түнгі мезгілде 2-7 лк мөлшерде болуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет