Әскери гигиена оқу құралы Алматы,2013ж


Әскери еңбектегі химиялық фактордың рөлі



бет62/119
Дата06.09.2023
өлшемі9,83 Mb.
#106287
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   119
Байланысты:
ӘГ.11.09.13

Әскери еңбектегі химиялық фактордың рөлі

Заманның техникалық прогресі, химия өндірісінің дамуы, химиялық факторлардың өсу қарқыны әскерлер еңбегінде әскер механизациясы кең көлемде жанар, жағармай материалдарының аясы, техникалық сұйықтықпен химиялық заттардың қолданысына ие болды. Оған жататындар: сұйытқыш заттар (аралас этиленгликоль және еріткіштер және т.б.) бензол, кселол, толуол, сальвент- нафта, тежегіштік сұйықтықтар (гликолды негізді аралас бутил және изоамилді спиртті қосындылар) дихлорэтан, төртхлорлы көміртегі, метил спирті, антидетонаторлар (этилді сұйықтық, тетрогидрофурфурилді спирт және т.б.) сұйықтар оның негізі фториролді көмірсулар, аккумуляторлық электролиттер (қышқылдар, негіздер), антибиоденителдер, хлодагенттер, дезинфекциялық препараттар және т.б. осындай бірқатар заттар санның көбеюі химиялық факторлардың өзі , әскери мамандарға да қызметтік міндетін орындауда маңызды роль атқарады.


Осындай мамандарға – автомобиль, шынжыр табанды техника, жеке құрамдағы химиялық, ракеталық, авиациялық бөлімдерде және әскери теңіз күштеріндегі корабль құрылысындағылар да жатады. Оларды тұрақты түрде улы химиялық сұйықтықтармен ,жанар-жағармай жабдықтайтын қоймаларында істейтіндер тікелей қарым қатынаста болады.
Адам организмінде химиялық заттар ингаляциялық жолмен енуі, жұту, тері арқылы және көздің сілемейлі қабығы арқылы енуі мүмкін. Оның ішіндегі ең қауптісі тыныс жолдарымен түсетіндері, өйткені удың тез әсері ішек-қарын жолымен түсунен де қауіпті. Тері жамылғыларымен түсетін улар май және май қышқылдарында еритіндер.
Уланып қалудыңң қауіптілігі ауа температурасының жоғарылауынан, бұл жағдайда техникалық сұйықтықтың булануы болады, енді бірде – тыныс алу тарылады және тері тамырлары кеңейеді.
Созылмалы уланудың клиникалық көрінісі, жіті улануда арнайы айқын көрінісі, әлсіздік синдромдар білінеді - әлсіздік, босаңдық,бас ауруы, кейде ол ас қортылуының бұзылуына әкеледі. Мұндай улану түрлері біртекті, жиі, әртүрлі әсер кезінде және бір-біріне байланыссыз токсикалық заттардың әсерінен туындайды. Сондықтан ондайларға тиянақты диагноз керек және білікті жинақы кәсіптік анамнез, ол жеке құрам еңбегіндегі, негізгі гигиеналық анамнез керек.
Әскери мамандардың улы заттармен залалданып қалу себебі және жағдайларында көздері (жұмыс түрлері) қарай мына төмендегідей:

  1. Улы техникалық сұйықтықты қоймада қабылдауда:

-ыдысты толтыру кезіндегі будың шығуы;
-шлангыдан ажыратылғанда өнімдердің төгілуі, труба өткізгіштігінің жоғарылауы, қосылған жерлерінің тығыз жабылмауынан;
2. Улы техникалық сұйықтықтың қалдықтарымен жаңа суда құрал саймандар элементтерімен жұмыс істеуде мысалы насостармен, тежегіш жүйесіндегі шлангы ауыстырғанда, жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанда болуы мүмкін;
3. Техникалық өнімдер ыдысын сақтауда немесе бөлмелерге орналастырып дайындауда;
4.Химиялық анамнезге, сынаманы іріктеу;
5.Токсикалық өнімдердің материалдары ыдыс тігістерінен төгілуі,қабырғасы сөгілгенде төгілуі;
6.УТС-ның буының таластырғыш клапандар арқылы шығуынан;
7.Улы химиялық заттардың дұрыс жиналмауынан , қалдықтарды
залалдандыру және жою кезінде;
8.Улы химиялық заттарды өз мақсатында қолданбауда;
9.Жұмыс киімдері немесе формалы киімдермен токсикалық заттардың буының десорбциясы;
10.Ұзақ уақыт пайдаланудан шихтада десорбциялануы немесе противогаздың шихта арқылы токсикалық заттар буының өтіп кетуі;
11.Улы химиялық заттардың дұрыс сақталмауы:
12.Техникалық қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы және дербес қорғаныстық құралдарды дұрыс пайдаланбауы.
Еңбек ету жағдайында зиянды химиялық факторларға кейбір мамандардың байқамсыздық қатынасы,сонымен қатар ауалық ортада табиғи химиялық құрамның тез өзгерістерінің байқалуы,оның әсерінің болуы, жұмыс істеуде УТС-ың бос ыдыста сақталуы.
Улы заттармен зақымданудағы п р о ф и л а к т и к а л ы қ і с- ш а р а л а р үш топқа бөлінеді: бірінші шара - обьектіні санитарлық қадағалап өткізуді ескерту,екінші шарасы - ағымдық жағдайда санитарлық қадағалауды іске асыру және үшінші шарасы - дербес қорғану.Дербес қорғану шарасы ағымдағы қадағалаудың және байқауды ыңғайлы өткізуде, өз бетінше топ құру қажеттілігін белгілеу.
Әскери бөлімнің медициналық қызметі,ережеге сай ,күрделі құрылыс үшін санитарлық алдын -ала қадағалау шаралары өткізілмейді. Ондай шаралар мамандар мен орталық мекемелерде іске асырылады . Бірақ ,әскерде елеулі профилактикалық істердегі керекті, толық мазмұнды және санитарлық бақылауды әскери дәрігерлер күнделікті істерде сауатты ұйымдастыру қажет.
Ұсынылатын технологиялық үрдістің жобасы және құрал –жабдықтары санитарлық-техникалық жабдықталуы,тұрмыстың санитарлық -сақтық қадағалануына ,таңдаулы құрлыс бөлімдерінің гигиеналық бағалануына кіреді.
Дұрыс таңдалып алынған бөлмелер үшін, құрлыстық жанар,жағар май материалына арналған қойма,санитарлық обьектімен тұрмыстық аумақ арасында үзілістің болуы,ол жақсы желденіп, су басып кетпейтін топырақты кәріз , жеткілікті су мөлшерін қамтамасыз етуі керек.
Технологиялық үрдіспен жабдықтау,УТС-ты қотару ,тасымалдау,сақтауға арналады,ол үшін газосигнализатор, максимальді герметизация, кең көлемде автоматтандыру және өндірісті механизациялау үрдісінде қауіпті жұмыс болғандықтан алыстан басқару қондырғыларын орнату қажеттілігі ескерілуі керек.
Жұмысшылардың санитарлық-техникалық жақсы жабдықталуы және тұрмыстық бөлмелерге жел соратын , тұрған жерінде құрастыруға болатын қондырғы, қоқыс шығаратын, қысқа мерзімді сақтау орны оның жабдықталуы, мүмкіндік болғанша алғашқы көмек көрсете алатын және жеке гигиеналық нұсқауды орындау үшін, обьектіде көптеп ластанған бөлмелердегі ауа ағынын соратындай болуы керек. Барлық жағдайда желдің сорылуын іске асыру жергілікті сорғыштар, ал ол сол жерден улы газдардың шығарылуын қамтиды. Жалпы вентиляция ол көмекші қондырғылар. Шахтаның ауа қоршауының таңдап алынуы, бөтен өнімдерден сығылған ауаның ластап кетпеуі үшін жасалынады.
УТС-ың ауаны ластамас үшін негізгі құралдар ,көбірек сыртқы ортадан оқшауланады,ол барлық коммуникацияның герметизациясын қамтуы керек. Мүмкіндігі болмаса УТС-ті толық оқшаулап , оған әр түрлі сорбенттер ұстағыш жүйе орнату керек.
Обьектіде су жабдықтау жүйесінің сенімді болғаны қажет.
Жинастру жүйесінде, техникалық және жаңбырдың нөсерлік суларынан улы химиялық заттар шығындарын залалдандыру және аластату, жоғарғы дәрежелі сенімді болуы, сонымен қатар,ашық су қоймасын және жер асты суларын ластамайтындай болуы керек.
УТС-ың киімге немесе противогазға түскен жағдайда ,тез арада сумен жуып шәйілуі керек ,тіпті оған жуғыш заттарды да пайдалануға, қосуға болады.
Химиялық заттардың буы - киімге ,шашқа ,теріге сіңіп кетеді. Ластанған ауа орнында жұмыс істеуден соң, душ (су себелегіш) қабылдап іш киімдер мен басқа киімдерді де ауыстыру қажет. Кәдімгі және қорғаныш кимдерді дегазациялайды, ол арнаулы соратын кептіргіш шкафта орындалады.Шкафтар санитарлық тазалық өткізетін, киім шешетін орындарда орналасады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет