Әскери гигиена оқу құралы Алматы,2013ж


Әскери паналық орын (убежище)



бет22/119
Дата06.09.2023
өлшемі9,83 Mb.
#106287
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   119
Әскери паналық орын (убежище)
Әскери паналайтын орын дегеніміз жабынды, жеке құрам мен ұжымның ЖҚЖҚ-дан қорғанатын орны. Кіретін саңылаусыз есігі бар берік, ол әскердің ұзақ уақыт тұруына мүмкіндік береді, ол жеке мүлікті қорғанысқа арналмаған. Әскери паналық орын конструкциясына байланысты ағаштық материалдан құралады, әр түрлі табельдік заттар, кейде жиналмалы топырақты қапшықтарды автомобильмен әкелінетін заттар болуы мүмкін.
Негізгі паналық бөлменің ұзындығы 4-6 м, ені 0,9-1,9 м, биіктігі 1,6-1,9 м, 6-20 адам сиятындай тамбуры, тамбур алды бөлігі болады, пананың іші сүзгілі желдеткішті, жылытатын тұрмыстық жабдықтары болады.

5-сурет. Сүзгілі вентиляциялық агрегаттың жалпы көрінісі ФВА
1-сіңіргіш фильтр; 2-ауа өткізгіш; 3-вентилятордың электродвигателі; 4-вентиляторды қолмен қосқыш (Г.А.Степанский).

Сүзгілі желдеткіш жабдықтарына, сүзгілі желдеткіш агрегат (СЖА) ФВА – 100/50 немесе – ФВА 50/25, (5-сурет) ауа жинағыш және қорғанысты құрылысты беріктік затты герметикалық есігі және тамбур, тамбур алдында пердесі бар.


Сүзгілі желдеткіш, ауаны ұсақ бөлшектерден, радиоактивті шаңнан тазалау үшін, ал сүзгіде қалған заттарды шығарып тастауға лайықты және майлы сүзгілері ірі көлемді заттардан тазалайды, сонымен улы заттар (УЗ), бактериологиялық заттарды (БЗ) тазалауға арналған, пана әрі ауаның орнына, таза ауаның енуін қамтиды. Сорылып сіңірілетін ауаны тазалайтын сүзгі болады, ауаны өткізгіш паналайтын орынға, өткізу үшін электрлі желдеткіш орнатылады, ол қолмен реттеледі.
Паналық орынды жылытатын шағын табелдік жылыту пеші болады, олар қолдан жасалады. Әскери пана орнының тұрмыстық жабдықтарының негізі сәкі немесе орындықтар. Сәкі жергілікті жер материалынан, бір немесе екінші үсті қабат (ярусты) – ұзындығы 1,8м, ені 0,7м әр адамға есептелінеді.
Паналайтын орында белгілі жеке құрамға арналған міндетті тәртіппен орындалатын р е ж и м і бар, онда темекі тартуға, бос жүруге, жарықты рұқсатсыз жағуға, бөлме ауасын бұзуға болмайды. Үлкендердің рұқсатымен ғана тамақтануға, су ішуге рұқсат , жеке құрамның демалу кезінде паналық орында тыныштық сақталады.
Өте қатаң тәртіп әскердің ұзақ уақыт пана орнында тұру кезінде сақталады. Бөлмелерді санитарлық-техникалық заттарды, киім, аяқ киім жеке құраманың жабдықтарын, жеке бас гигиенасын өте таза ұстайды, қоғамдық гигиенаның мүлтіксіз орындалуын, ауаның ластануына, алдын алу шараларына, зиян келтіретін жағдайға, адам тіршілігіне қажетті заттарға мұқият қарайды.
П а н а л ы қ о р ы н д а ұ з а қ у а қ ы т б о л у е р е к ш е л і г і.Тұйық және шектеулі кеңістік, әскери пана орнында адам тіршілігіне және құралдардың пайдалануында ,химиялық құрамына, физикалық жағдайына қарай бөлменің ауасы өзгеруі мүмкін СО2 газының көлемі, су буы артады, оттегі көлемі кемиді, ұшпа органикалық зат, температура көтеріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет