Монша- кір жуудағы қызмет Монша – кір жуу қызметтерін атқару заттармен жабдықтар бөлімінің бастығының әрекетімен ұйымдастырылуында орындалады.
Монша-кір жуу қызметі жеке құрамның күнделікті жуынуынан басталады, ол сарбаз, сержант, қызметкерлерінің күнделікті ісі, сонымен қатар әскер міндетін атқарушылардың жиыны кезінде міндеттті түрде іш киім, төсек-орынның жабдығы, шұлғаулары ауыстырылады; іш киім, төсек ақ жаймалары, ас үйлік киім, мақталы формалы киімдер мен арнаулы киімдерді жуады; формалы киім мен төсек орын заттарын дезинфекция, дезинсекция жасайды; арнаулы киім мен формалы киімдерді химиялық тазалаудан өткізеді; іш киімдерді жөндейді; сабын, кальцийлі сода және басқа да жуғыш заттармен қамтамасыз етіледі.
Жоғарыда көрсетілгендерден басқа да жеке құрамда жиірек аптасына бір рет бөлім командирі, дәрігерлер өз қорытындысын жүргізеді.
Аспазшы, наубайхана қызметкерлері де моншада жуынады, іш киімдерін аптасына екі рет ауыстырады, ал арнаулы киімдерін мүмкіндігінше тазалайды.
Медициналық көрсеткіштерге сай ауруларды да шомылдырады, олардың да төсек орындарын аптасына бір рет ауыстырып отырады.
Монша мен кір жуатын орындарды бақылайтындар әскери бөлімше де қызмет етуші гарнизон дәрігері, медициналық қызмет бастығы күнделікті орындалу графигін, жеке құрамның күнделікті жуыну, толық іш киімін, төсек орнын, шұлғауларының жуынатын күнін, оның санитарлық бақылануын, монша мен кір жуатын орындарының тазалығын, дезинфекция жасалуын, жуылып, шайылуын ұйымдастырады. Жуу кезінде фельдшер (санитарлық нұсқаушы) жеке құрам моншасын қарап, оларды жуынудан өткізу жұмысын ж, айына бір рет монша кір жуу орнын тексереді, байқау жұмысын жүргізеді.
Мәйіттің минерадануын тездету мақсатында көрді құрғатып аэрация жасайды. Құрғату үшін жеке арықшалар жасап көрдің жан-жағына ені және тереңдігі 30 см көлбеу көлемі 1 м шұңқыр қазып қояды.Арықшаны және шұңқырды тастар мен толтырып немесе сабан, қурайлармен жауып қояды. Мәйіттің ыдырау уақытында сұйықтар сүзіліп топыраққа сіңіп кетеді.Ал аэрация желдеткіш үшін 2 түтікшелер қояды,зираттың түбіне 1,5 м мәйіттік шоқалақ қояды.
Мәйітті көму кезінде,жұқпалы ауру тарамас үшін, дизенфекциялық заттарды қолданады.Мәйіт арнаулы ткандық (кездемелік) материалмен оралып хлорлы известь лизолдың 5%-кертіндісі сіңіріледі.Мәйіттің астына 2-3 см қалыңдықта хлорлы известь төгіледі.Мәйітті өртеуде (кремация) гигиеналық тұрғыда алғанда ең оңай тәсіл.Далалық жағдайда өртеу үрдісі 12 сағатқа созылады.
Егер оба ауруымен өлген мәйіт міндетті түрде өртеледі, ол үшін мәйітке ұзындығы 2м, тереңдігі 1,5 м шұңқыр қазылады.Мәйіттің аяқ жағынан ауа кіріп тұру үшін саңлау жасалады,ол көлбеу орналасады.Сол шұңқырдың түбіне жағылатын отын (ағаш, көмір, торф шамамен 1 м қалыңдықта төселеді,үстінен ) шамамен 50-60 л-дей керосин құйылады.Мәйіттіің үстіне де отын төсеп от жағады, жанар маймен ылғалданған материалды құйып өртейді.
УЗ мен РЗ – мен залалданған мәйітті жерлеуде противогаз, арнаулы киімдері бар команда жинап көмеді.Мәйітті алып жүру үшін арнаулы автокөлік брезентті-плащ шатырмен жауып,жеке құрамға химиялық және радиациялық қауіпсіздігі үшін тиімді,мәйітке арнаулы қапшық, қатты тығыз қағаз беріледі.Жұмыс соңында барлық жеке құрам командасы санитарлық өңдеуден өтеді; көлік, күрек, противогаз, қолғаптарды дезинфекциялайды, дегазациялайды.Барлық орындалатын жұмыстар дозиметриялық бақылауда болады. УЗ-ды анықтауда химиялық индикациялайды.