Әскери гигиена оқу құралы Алматы,2013ж


Өзіндік бақылау және сабақты талқылау сұрақтары



бет42/119
Дата06.09.2023
өлшемі9,83 Mb.
#106287
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   119
Өзіндік бақылау және сабақты талқылау сұрақтары

  1. * Әскерді сумен қамтуда қандай гигиеналық аспектілер (фактілерді түсіндіретін) және осыған байланысты әскери бөлімдерде қандай тұрақты іс шаралар орындалады?

  2. Әскердің жеке құрамын қамтамасыз ететін қандай жауапкершілікті қызметкерлері бар екенін атаңыз.

  3. Далалық жағдайда сумен қамтамасыз ететін ұйымдар бар, олардың ерекшелігі.

  4. * Әскерді сумен қамтуда су сапасының гигиеналық аспектілері қойылатын талаптар және су тұтыну нормаларын салыстыру. Ішетін су сапасының жанама көрсеткішінің қандай маңызы бар?

  5. Суға барлау жасау деген не? Оны орындайтын кімдер, олардың міндеттері. Сумен қамтуда су көздерінің гигиеналық бағасы қандай?

  6. Сумен жабдықтау пункті және су бөлетін пункттері деген не? Осы пункттерге қандай гигиеналық талаптар қойылады?

  7. Шабуыл мен қорғану кезінде сумен қамтудың қандай ерекшеліктері бар?

  8. Әскерді сумен қамту жабдықтары туралы айтыңыз. Суды тазалау деген не?

  9. * Суды залалсыздандыру әдістері қандай, оған гигиеналық баға беру – артықшылығы мен кемшілігі?

  10. * Суды консервілеу, тұщыландыру туралы айтыңыз.

  11. Қарсыластың жаппай қырып жоятын қару қолдануда әскерді сумен қамтудағы ерекшелігі қандай?

Ескерту. *-мен белгіленген сұрақтар студенттің реферат рәсімдеуде нұсқау ретінде қолдануға болады.

4-т а р а у
Дала жағдайында әскерді тамақтандыруда санитарлық қадағалануды өткізу және ұйымдастыру негізі
Әскери құрамды тамақпен, азық-түлікпен үздіксіз қамтамасыз ету, сапалы тамақпен ас әзірлеуді азық-түлік қызметіндегі қызметкерлер іске асырады. Азық-түлікті қамтамасыз ететін қазметкерлер санитарлық ережелерді сақтау және тамақтың толық құнарлығына бақылау жасайды, сонымен бірге жеке адамдардың денсаулық жағдайына, сол объектіде жұмыс істейтіндерге әскери медициналық қызметкерлер бақылау жасайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет