Қарсыластың жаппай қырып жоятын қару (ОМП-ЖҚЖҚ) қолдану жағдайында сумен қамтылуы. Қарсыластың жаппай қырып жоятын қару қолдынылуы болса да сумен жабдықтау мәселесі ұйымдастырылып, жоспарлануында команда және олармен айналысатын -тамақтық,инженерлік, химиялық, медициналық қызметтегілер айнаысады.Қарсыластың ЖҚЖҚ қолданылу жағдайында әскерді сумен қамту үшін дайындық және іс-шаралар жұмыстарын қамтамасыз етуі керек.
Дайындық іс-шаралар немесе оған дейінгі залалданған жерлерді қарсыластың ЖҚЖҚ қолдануына дейін анықталып өткізіледі. Ондай іс-шараларына әскерлердің жеке құрамаларын әрекет ету ережелерімен таныстырады, оқытады, ЖҚЖҚ қолданғанда қорғануды, ЖҚЖҚ қаруды қолданғанда да су көздерін, оған кректі материалдық техникалық құрал жабдықтарды, су қорын,суды тасымалдауға керекті транспортты тексеріп дайындап қояды.Іс-шаралардың негізгі міндеті-су көздерімен, су қорларын УЗ, РЗ,БЗ -ның залалдандыруынан қорғау.
Қарсыластың ЖҚЖҚ қолдануында, арнаулы іс-шаралар жүргізіледі.Ол суды индикациялау,экспертизаны УЗ,РЗ,БЗ-ға арналып жүргізеді,арнаулы дезактивация, усыздандырады және залалсыздандырады.
Жеке құрамның марш кезінде ,флягалар таза сумен толтырылуы керек. Әскери бөлімшелерде артық су қоры, жеке ыдыстарда-бөшке,цистерналардың беті жабық болуы керек.РЗ,УЗ,БЗ -нан қорғануда флягалар тығыз қағаздармен оралып, және қорғаныс киімдерімен қорғалуы керек. Ірі ыдыстарды залалданудан сақтауда брезентпен жауып, керек болса бөлшектеп плащ-шатыр, әртүрлі қорғаныс заттармен бүркейді.Залалданған жерлерде ұзақ уақыт тұратын болса, онда су ішуге қалыс қалуы керек. Ал суды ішу тек залалданған бөліктен зарарсызданғаннан соң,санитарлық өңдеу тазалау жұмыстары - қол жуу, ауыз шаю және дезактивация жасау, залалсыздандыру және флягтарды дезинфекциялағаннан кейін рұқсат етіледі.
Егер, ішілетін су, ЖҚЖҚ қолдануынан соң залалданған болса, қолдануға рұқсат етілмейді,қажет болса арнаулы өңдеу жұмыстарына ТУФ-200 және МАФС құралдары мен қондырғылары қолданылады.
Егер су БЗ мен залалданғанына күмәнданса, онда режимге көшеді.Әскери бөлімдерде суды дезактивациялау мен өңдеу басқа тәсілдер арқылы ішілетін жарамды суды алмайды.Мұндай жағдайлар әскери бөлім арнаулы инженерлік мамандардың басшылығында СЖП –де пайдаланатын суды өңдеуден табельдік құрал-жабдықтарды қолданып өткізеді.
Суды д е з а к т и в а ц и я л а у ТУФ-200 қондырғының көмегімен, оған коагуляция, хлорлау, тұндыру және сүзгілеу арнаулы шахта арқылы өткізіледі.Мұндай кәдімгі сызбамен өңдеу (су қалқыған заттар мен бактериялардан ажырату) коагуляция барысында, ал тұндыру және сүзгілеуде 50-80% ке дейін радиоактивті заттар тұтылады.
З а л а л с ы з д а н д ы р у (дегазация) үшін ТУФ-200 қондырғысында суды хлорлау алдында қолданады. Кейбір жағдайда дегазациялау суды қайнатып жүргізіледі.Суды залалсыздандыруда байқағанымыз, ол улы заттардан ажырату - бұл күрделі үрдіс.Оған арнаулы мамандар қатынастырылғанмен де және қажетті техникалық заттар пайдаланғанда ылғи да оң нәтиже ала алмайды.Суды зарарсыздандыру және дезактивациялауда ТУФ-200 сызбасын қолданғанда ешнәрсе өзгермесе де, фильтр сауытында кездемелі қапшық орнына және активті көмірге, арнаулы көмірлермен толып қалады (КФГ-М), ол кезде тұндырғыш сумен толады, оған 80-100мг/л хлорлы известь және коагулянт ендіріледі. 30минут суды тұндырған соң насос арқылы фильтрге береді, өткеннен соң хлорсызданады және дезактивацияланады.
Ішілетін су залалсызданған (дезинфекцияланған) кейін және дезактивацияланғаннан кейін,медицина қызметкерлерінің рұқсатынан соң, ішуге болады. Сумен қамтылуда жеке құрамның қатыстарылуы, қатаң түрде ережені және қоғамдық гигиенаны сақтауда, медицина қызметкерлерінің рұқсатымен жіберіледі. Ал суды залалсыздандыру және дезактивация жұмыстарын атқаруда арнаулы қорғаныс киімдері болуы керек.
Істеліп біткен щихта сүзгілері, басқа да залалсызданған материалдарды жинап, арнаулы құдықтарда көмеді, немесе топырақпен жабады, ол СЖП ті 50 м қашықтықта болуы керек.
Осы кездегі сыртқы ортаның залалсызданғанына, қажетті іс-шаралар қолданып, ескертеді: мүмкіндігінше ластан шыққан заттарды залалсыз-дандырады; орнатылған құдық және орналасқан жерлеріне ағынды су, жерас-ты суы түспеуі керек;ондай құдықтар таза болуы керек,жергілікті халықты ескертіп, ескеретін белгілер койылуы керек.