Әскери құрамды тамақтандырудың жалпы ережесі мен ұйымдастырылуы Рационды тамақтану туралы түсінік. Тамақты қабылдау санды, сапалы тағамды күнделікті организмге қажетті, жауынгерлер мен сарбаздардың қалпын сақтауды қамтамасыз етіп әскери қызметкерлер рационды тамақтануы керек. Тамақ рационы немесе паек (сыбағасы) әскери қызметкерлердің организмін энергетикалық материал мен қорек заттар қажеттілігін қамтуда қалыпты функционалдығы үшін және тамақ құрамының жиынтығы, тамақты тез көп көлемде әртүрлілікпен дәмді етіп, залалданумен ласатануының мүмкіндігінше аз мөлшерде болуын қамтамасыз етуі қажет (18-сурет). Әскердің рационды тамақтануы
18-сурет.Әскердегі жеке құрамның рационды тамақтану принципі
Әскери қызметкерлердің тамақтану сипаты қ о ғ а м д ы қ, азық-түлікпен қамтылуы - о р т а л ы қ т а н ғ а н және н о р м а м е н қанағаттандырылуы керек. Одан басқа да әскери қызметкерлердің тағы да тамақтануының екі сипаты бар: берілген азық-түліктің б ө л і н і п тамақтың дайындалуы және медицина қызметкерлерімен команда басшылары тарапынан тұрақты б а қ ы л а у болады.
Сыбағаның қазандық қанағаттануы - құрғақ және қосымша сыбаға арқылы болады. Қазандық сыбаға ыстық тамақ дайындау үшін арналған,ол казармалық және далалық қоныстануда жүргізіледі. Қ ұ р ғ а қ әскерлік сыбаға консервімен, концентраттар комплексті күйінде дайындалу жағдайы, ыстық тамақ дайындалуы ас үйлерде болуына тыйым салынады. Жоғарғы тау жағдайындағы сыбағаны,шәйді ыстық күйінде дайындауына құрғақ спирт беріледі.Қазандық қанағатты сыбаға және құрғақ сыбағалар,әскери қызметкерлердің э н е р г е т и- к а л ы қ шығынын толтырады.Көптеген,әр мезгілде отандық ғалымдардың орындаған зерттеулері көрсеткеніндей, бейбіт уақытта әскери мамандардың энергетикалық шығындары 3500-4500 ккал. Осыған сәйкес әскер сыбағалары құрастырылады.
Кейбір мәліметтер бойынша энергияның жұмсалуы жауынгерлік оқу жағдайында 5700 ккал-ны құрайды.Осы уақытта,адам 2500 ккал-ға дейін энергия тапшылығына душар болады деп бекітілген, жауынгерлік қабілеттілікті сақтап, сумен қамтылуы еңбектің талапқа сай (адекватты ) жағдайында және гомеостаздық бұзылмаған кезінде болады.
Әскери әуе десанттарына, әскери қызметшілердің әрекеттеріне тән, жоғарғы таулылықтар үшін және теңіз деңгейінен 3000м биіктіктен жоғары аудандарда қызмет атқарушыларға; реактивті,трубореактивті және трубовинтті ұшақтар экипажына,сарбаздар құрамына, суға сүңгитіндерге т.б мамандарға сыбаға үлесі, қосымша ретінде берілуі мен жұмыстарына теңгеріледі. Олардың теңгерілуі (компенсация) немесе зиянды факторлар, қолайсыз жағдайда еңбек ететіндерге немесе жоғарғы энергия шығындайтындармен бірдей.Әскери бөлімдерде мынадай норма үлестері болуы мүмкін: Қатардағы және сержант құрамаларына бір, мысалы, негізгі жауынгерлік және бір сарбаздар құрамының нормасымен бірдей. Бөлімше жанындағы шағын ауруханада (лазерет) орналасып, емделіп жатқандар госпитальдық нормада тамақтанады. Олар үшін бригаданың медициналық пунктінің ас үйінде немесе жауынгерлік асханасында дайындалады. Созылмалы асқазан-ішегі ауыратындарға аямай тамақтандыру (диетағыларға) ұйымдастырылады,ол уақытта асханалық май, сары маймен алмастырылады; арпа жармасы т.б жармалар-күріш,құмық ұнтақ жарма; қарабидай, бидай наны.Диеталық тағам денсаулығына байланысты мерзімі үш айға дейін тағайындалады.
Диеталық тағамды ұйымдастыру жауапкершілігін және әскери шағын ауруханадағыларға госпиталдық нормада және диеталық тамақтануды медициналық қызметкерлер бастығына жүктейді. Азық-түлікті госпиталдық нормада және диеталық тамақты жайып салу, бөлу тамақпен қамтамасыз ету бөлімінің бастығының қатынасуымен немесе аспазшы нұсқаушы,бөлім командирінің бекітілуімен орындалады.
Токсикалық заттармен немесе зиянды физикалық әсер факторларының жанасып жұмыс істейтіндерге,қосымша емдеу профилактикасы ретінде тамақтануын қамту асхана арқылы жүргізіледі.
Әскердің тамақтану р е ж и м і н і ң орнатылуы мынадай:әскери бөлімдегі қазандық үлесте ыстық тамақ тәулігіне 3рет беріледі-таңертеңгі,түскі және кешкі ас, сонымен бірге шәй 2рет-ертеңгі және кешкі.Сабақ басталғанға дейін таңертеңгі,түскі-негізгі ,сабақтан соң кешкі ас 2-3сағат ішінде ұйқыға дейін беріледі.Тамақтанудағы аралық тамақтану арасы 7 сағаттан аспауы керек.Астың қабылдау уақыты күн тәртібімен анықталады,ол бөлім командирімен бекітіледі.Үш мезгіл тамақ ішуде тәуліктік норма үлесі, тамақтың калориялығына байланысты бөлініп берілуі мынадай: таңғы аста-30-35%, түскі -40-45%, кешкі ас - 20-30% -тін құрайды. Нақтылы жағдайға байланысты тамақтану режимін, бөлім командирі - ұрысқа дайындықтың сипатына немесе ерекше жауынгерлік жағдайда, дәрігер мен тыл жөніндегі орынбасарлардың есептік нұсқауы бойынша ұсынылады.