Әскери гигиена оқу құралы Алматы,2013ж



бет60/119
Дата06.09.2023
өлшемі9,83 Mb.
#106287
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   119
Мекенділік мәселесі.Әскери еңбек гигиенасында мекендеу мәселесі комплексті жағдайлар , жұмыс істеудегі конструкторлық параметрлер, ол әскери техникалық обьектіде оған әсерететін химиялық, физикалық, биологиялық, психо-физиологиялық әрекеттер әсері, адам күйінің жағдайларын әскери еңбек гигиенасы анықтайды.
Ол үш түрлі бағытта жүреді:

  1. Мекендену мәселесі – еңбек ету барысында адамға әсер ететін қарқынды қолайсыз фактор –қарулануда әскери техникалық обьектіде күрделі машиналарды игеру,бұл әскери мамандығын игеру жауынгерлерге керектігі,бұрын болмаған жағдайдың адам организіміне орта факторлар әсерін жеңу;

  2. Мекендену мәселесіндегі екінші бағыт еңбек режиміне гигиеналық нұсқау беру,ол демалу режимі,әскери жаңа техниканы игеруде, нормативті құжаттар дайындау. Мұндай мәселені шешудің жолдары мамандардың жоғарғы тиімді жұмыс қарқынын арттыруға ,пайдалану мүмкіндігін жоғарылатуға тек жеке құрамдардың жағдайын жасайды,толық гигиеналық талаптарды орындайды;

  3. Кәсіби әдістерді таңдап,жеке құрамдарды жаттықтырып,армия қатарына алушылардың контингентін әртүрлі мамандықтарға дайындайды.Қазірдің өзінде мұндай дайындық әскери техниканы игеруге сенім артады, олардың психо-физиологиялық реакциясы тұрақтандырады.Әскерге шақыратындарды таңдап алуға керекті әдістердің бірі.

  4. Оқыту барысында әскери мамандарды жаттықтыру әдісімен үйрету үлкен мазмұнға ие, маманды қысқа мерзімде әскери өз міндетін атқаруда маңызы бар. Осындай талаптар медициналық қызметте,қазіргі уақытта жеке құрамның жұмыс қабілеттілігін арттырады,кез келген жағдайда,өз міндетін дұрыс атқаруға қаблетті.

Дербес қорғану құралдарының амалдары мен жеке құрам жұмысының ерекшелігі
Әскери тапсырманы орындауда жеке құрам жаппай залалданған көздерден құтқару, жұмыстарында қару жарақ пен техниканы залалсыздандыру және дезактивациялауда дербес қорғану құралдары (СИЗ-ДҚҚ) қолданылады. Мұндай құралдар УЗ булары мен тамшыларынан альфа-бөлшектерден кейбір бетта бөлшектерден, бактериялық заттардан агрессивті химиялық заттар мен улы техникалық сұйықтықтардан, сонымен бірге АЖЖ-гі сәулеленуден қорғайды. Қорғанудың механизмді әсеріне қарай, әр түрлі бөлектелген және сүзгілі құралдар болады.
Теріні сақтап, қорғауда жалпы әскерлік және арнайы құралдар қолданылады. Жалпы әскерлік қорғану комплекстері қорғайтын плащ ОП-1, шұлық және қолғаптар; жақсы қорғайтын заттармен сіңірілген құралдағы (импрегнированный), іш киім және формалы киімдермен қамтылады. Терінің арнаулы қорғануы, жеңіл қорғаныстық комбенизон (арнайы тігілген бешпет) және қорғаныстық алжапқыштармен жабдықталган .
Терінің барлық жағынан оқшаулап қорғау есебі, оны сыртқы ортадан толық қорғауды қамту. Сондықтан, оны көңілге қонатындай етіп тігуде - су, ауа, бу өткізбейтін материалдардан істейді. Сонымен қатар отқа төзімділігі де есептеледі. Теріні толық оқшаулауда микроклиматтық жылдам өзгеріске шыдамды етіп, костюм астарындағы кеңістіктің жабылуын реттеуде табиғи механизмнің өзгерісін ескереді. Оқшауланып тігілген костюм адамның терлеу кезіндегі терінің шығуын қиындатады. Ол ішкі киім, формалы киім және аяқ киімге дейін ағып ылғалданады. Терлегенде аққан тер, әсіресе сырттағы ыстық кезінде жылу беруді тоқтатады немесе денеге салмақ түсіреді, сөйтіп жылу алмасудың бұзылуына әкеледі. Егер сыртқы температура 38,3-38,50С болса,(тіл астында немесе тік ішекте) биохимиялық реакцияның өтуі бұзылады; дене қызуының өзі күннің жылу ұруына әкеледі. Мұндай жағдайдан өтпес үшін адамның өзі сезінуі қажет. Пульс, ентігу және әсіресе (егер мүмкіндігі болса дене қызуының тіл астының) өлшеу көрсетілген температура көрсеткіші қарқындылығын бөліктену немесе дене жұмысының жүктемелігін тоқтату. Залалданған жерлерден адамдарды шығару. Олардан противогазды, киімдерін шешу және демалдыру керек.
Организмнің дене қызуын төмендету үшін тігілген костюмнің кейбір бөлшектерін әр түрлі кездемелік материалдардан алып тігеді. Ал костюмдерге түскен УЗ ,сұйықтық немесе агрессивті техникалық сұйықтық түспеуі үшін, ауа өткізбейтін тканьнан басқа, бір жерлерін отқа төзімді материалдан тігеді. Мұндай костюмдерді пайдалануда оның сыртынан отқа төзімді комбенизон кисе қорғаушы қалқан (экран) бола алады. Қалқанмен жұмыс істегенде оған су шашылады (қыста болса, кальций хлор ерітіндісі), ал буланудан организм суынады. Сөйтіп. жұмыс уақытындағы костюмді пайдалану мерзімі ұзарады, қорғайтын киімдерімен жұмысты жалғастыру ұзақтығы 16-кестеде көрсетілгендей жеке құрамның радиация, сәулеленіп қалған аумақта орташа ауыртпалық түскен жұмыс істеуде, мысалы, жауынгерлердің жаяу ұрыс позициясының (айқымдылығымен ) есепті уақытында арнаулы техниканы өңдеуде болады. желді және бұлыңғырлы ауа райындағы әрекетті шектеулі уақытпен қорғаныш киімдермен жіберілуі үзіліссіз 11/2 – 2 сағатқа сай келуі мүмкін. Көбірек дене жүктемесіне сәйкес болса, жұмыс уақыты қысқартылады, егер аз болса ұзартылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет