Қорғану киімдерінің ұзақ уақыт жұмыс істеудегі шектелуі (Н.И.Каракчиев бойынша) 16- кесте
Ауа температурасы, 0С
|
Ұзақ жұмыс істегендегі қорғаныс киімдермен қорғалуы
|
Ылғалсыз экрандарда
|
Ылғалды экрандар, с
|
30-дан жоғары
|
20 мин.ке дейін
|
1- 1 1/2
|
25-29
|
30 »
|
1 1/2 - 2
|
20-24
|
50 »
|
2 – 2 1/2
|
15-19
|
2 с
|
3 тен артық
|
15 тен төмен
|
4 немесе 5 с
|
-
|
Дене қызуы болған уақытта еңбек режимі мен демалуды ескертудің үлкен маңызы бар. Жұмысты 5-6 минуттық демалыспен, 10-12 минут араластырып немесе демалысты 5-6 минутқа жібергенде противогаздарын алып тастайды, егер жаз айлары болса демалыс уақыты 6 сағатқа дейін жұмыс уақытынан тыс созады.
29-сурет.Оқшауланған противогаз-ИП-46 (Ю.И.Сахарин бойынша).
1-дулыға маска; 2-қалыпқа түсіретін патрон; 3-көмір қосылған ұяшық; 4-металдық қаңқа; 5-противогаз қапшығы; 6-тыныс алатын қап; 7-кеңірдектелген түтік, дулыға маска қалыпқа түсіретін патронмен жалғасқан.
Жылдың суық мерзімдерінде бөлектелген типтегі қорғаныш киімдері дененің суымауын қамтуы керек. Ауа температурасы 100С кезінде іш киімнің сыртынан қорғаныш киімдерін киеді. Ал жазда 100С тан 00С формалы киімін, 00С - 100С температура қысқы киім -100С төмен болса жылы мақталы киім киеді.
Негізінен ескерілетіні, жүйелі түрде жеке құрамның жылжымалы әрекетінде жаттығуы және ол бөліктенген типтегі қарудың химиялық қорғанудағы әрекетінде жүргізіледі. Дәрігер жаттығу жоспарын құру кезінде және жүйелі түрде дұрыс орындалуын бақылайды. Сонымен бірге сарбаздар мен сардарладың жаттығу қалпына да бақылау жасайды.
Теріні сақтаудағы қорғаныстық сүзгілер арнаулы сіңірілген құрамдағы іш киім, әскери киім және жұмсақ дулығаның астынан киетін киім болады. Сіңдірілген киім УЗ -ның буы мен тұманындағы улы түтін мен ұнтақ тәрізді заттардан сақтайды, ол улы тамшылы сұйықтық заттардан қорғамайды. Сіңірілген (импрегнированды) киім белгілі бір дәрежеде ауа өткізбейді. Сондықтан табиғи тұрғыда жылу өткізу бұзылмайды. Осындай киімдердің сіңіріліп жасалуы терінің тітіркендіруін тудырмайды. Материалдық серпімділігі де бұзылмайды, көп уақыт жумауға да шыдайды.
Т ы н ы с мүшелерін қорғауда оқшауланып жасалған қорғану аппараттары (ИДА) ,оған жататындар: тыныс алуда атмосфераның құрамындағы зиянды заттарынан қорғайтын противогаз ИП-46(29-сурет), сүзгілі противогаз және респиратор ИП-46. Оттегі жетіспеген жағдайында арналған ИП-46 маятник типті тыныс аппараты.
Тыныс алу, шығаруда кедергі келген жағдайда оқшауланған тыныс аппараты ауада оттегі құрамы 80% және шығаратын ауа құрамындағы газдың СО2 11/2 -2% көбеюі кезінде керек. ИДА дұрыс қолданбаса өкпеде баротравма (жарақат) оттегінің жетіспеушілігі және СО2 - нан улануы болады.
Сүзгілі противогазды пайдаланудың қажеттілігі, оның сол жерде еңбек етуші мамандардың еңбек жағдайына қарап таңдау жасау керек. Противогаздың қорғаныштық қабілетін тексеру, органолептикалық - оның противогаздың қорабынан химиялық заттардың исінің шығуын және лабораториялық әдіспен есептеу жолымен тексеріледі. Есептеу әдісі, противогаздың қорғануын, қуаттылығын анықтау оның бұрынғы қуаттылығымен қораптың ішіндегі ауа температурасын,пайдалану уақытымен залалдану дәрежесін бірге қарастырып анықтайды. Нәтижесінің дәлдігі есепке алынған әдісте көрсеткіш тым жоғары болмауы керек.
Улы техникалық сұйықтықты (ЯТЖ- УТС) анықтауда «өтіп кететін» жағдай, ол оның өзіне тән иісі сәйкестігі болуын ескеріп, көптеген УТС өзінің концентрациясына қарай иісінің болуы, рұқсат етілген нормадан аздап асып тұруы керек. Противогаз қорабының қабілетінің жоқтығынан болған иістің өзінің көрсеткішін дәлелденуге жатпайды. Кейде пайда болған иіс химиялық заттардың «өтіп кететін» белгілерімен болуынан да, егер противогаз қолдануда залалданған ауадағы көп дәрежеде болса, сонымен будың десорбциясы шихтадағы ауа температурасының жоғары көтерілуінен болады.
Достарыңызбен бөлісу: |