ҚЫСҚАРТЫЛЫП ЖАЗЫЛҒАН СӨЗДЕР АЭҚКБ (СПЭБ) - арнайы эпидемияға қарсы күресетін бригада
ӘМЛ ( ВМЛ) - әскери медициналық лаборатория
ӘСЭҚО (ВСПЭО) - әск.сан.эпид.қарсы отряды
ӘМО (ВМО) -әскери медициналық орталық
ӘШҚ (ПВО) - әуе шабуылынан қорғану
БЗОК - бактериялық зақымдайтын ошақ көздері
БҚ –бактериологиялық қару БЗ - бактериологиялық заттар
ВЛ - вирустық лаборатория
ДТП (ППП) - далалық тамақтану пункті
ДЖО (ППО) -далалық жуыну отряды
ДМЛ (ПМЛ) - далалық медициналық лаборатория
ЕМБ - ерекше медициналық бөлімнен
ЖА (АИ) -жеке аптечкасы
ЖМО (БПО) - жуыну моншалық отряды
ЖДИГ ( ППИГ) - жылжымалы далалық инфекциялық госпиталь
ЖМДП (БДП ) - жуынатын моншалық дезинфекциялық поезд
ЖҚЖҚ (ОМП) -жаппай қырып жоятын қару
ЖРА (ОРЗ) - жіті респираторлық аурашаңдық
ЖШД ( ДПУ) - жіберілу шегінің деңгейі
ИФТ (ИФА ) - иммунды ферментті талдау
ҚДӘШ (ОБУВ) -қауіпсіздіктің деңгейлік әсер шамасы
МОО (МРП) - медициналық орнықтыратын орын
МедСБ - медициналық санитарлық батальон
МҚП ( МПП) - медициналық қабылдау пункті
МВӘБЛ (ПХРМВЛ) -медициналық ветеринарлық әскери барлау
лабораториясы
МКБ (БМК) - майда калибрлі бомба
ОТАА ( КДА ) - оттегімен тыныс алатын аппарат
ӨҚИ (ООИ) - өте қауіпті инфекция
ДЖР(ОДР) - дезинфекциялап жуатын рота
ООЖБ (ОИПП) - обсервациялық оқшауланған жіберу пункті
ОП - обсервациялық пункт
СВ - санитарлық взвод
СЭЛ - санитарлық эпидемиологиялық лаборатория
СЭБ (СЭР) - санитарлық эпидемиологиялық барлау
ЭГ - эвакуациялық госпиталь
Алғы сөз С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұттық Медицина Университетінің Әскери кафедрасы,әскери гигиена пәніне арналған оқу құралын әскери дайындық курсынан білім алатын, әскери медициналық мамандықтарды игеретін студенттер үшін, бағдарламаға сай жазып үсынып отыр.Студенттердің алған білімдеріне және көпжылдық білім беру тәжірибемізге сүйеніп, алғаш рет қазақ тілінде оқулық құралының жазылуы, жеке тараулары бойынша, барынша, арнайылықпен, студенттердің игеретін мамандығына қарай, берілген оқу бағдарламалық сағаты бойынша, ескере отырып лайықтанып құрастырылды.
Емдік профилактикалық шаралар, жаралану, аурушаңдық, әртүрлі зақымданулар,залалданулардың болатыны, әскердегі әртүрлі әрекеттік жағдайлардың кездесуі т.б. мүмкіндіктерде, одан сақтану , алдын- алу шаралары да ескеріліп жазылған.
Осы оқу құралында, әртүрлі әскери медициналық мамандар үшін, бақылау сұрақтары, оқу жаттығу, машықтану материалдары қамтылып, арналып жинақталған. Студенттердің сабаққа дайындығын ,сабақтың жеңіл игерілуін, оқу әдістемелік құжаттарды студенттердің өзіндік орындайтын жұмыстарын дайындауын, сабақтың тиянақты өтуін, өткізілуін жеңілдетеді.
Оқу құралының әскери гигиенадан алынатын білімі бір жүйеде, бір ізділікті сақтай отырып " Әскери – медициналық дайындық" курсын меңгеруге арналған, оқу құралы әскери медициналық курсты толық игеруге негізделеді.
Авторлар
Кіріспе Әскери гигиена - әскери медициналық , профилактикалық пәндер кешеніне жатады.
Еліміз тәуелсіздік алғанға дейін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері болмағандықтан, «Әскери гигиена» пәнінің оқу құралы Қарулы Күштер саласына арнайы оқытылып қазақ тілінде жазылмағандықтан, кіріспенің тарихи негізі, Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің әскери саласының тарихи кезіңімен алынып көрсетіліп отыр.
Ұзақ уақыттар бойы санитарлық- гигиеналық, эпидемияға ( індетке) қарсы іс- шаралар әскери салада сараптама жүргізілмеген, санитарлық- гигиеналық іс- шаралардың бәрі індеттік ауруларға қарсы деп қарастырылған, сөйтіп оларды көптеген жұқпалы (инфекциялық) аурулар табиғатына жатқызған. "Әскерилер денсаулығын қорғау нұсқаулары" деп аталатын Ресей үкіметі 1876 жылы қабылдаған нұсқауында індеттердің бәрін шығу тегіне қарай жұқпалы, жарақат, азық- түліктің жетіспеушілігі деп есептеген.
Алғашқы әскери гигиеналық іс – шаралар туралы мәліметтері ХIV ғасырдағығы індетке қарсы бағытта болған. Сол уақыттардың өзінде, әскерді қоныстандыру қажеттілігін таңдап алып, таза орындар, судың тазалығы, тамақтың бұзылмауы, қауіпсіздік жағдайлары ескерілген. Осы салада,ХVI ғасырда әскери санитарлық барлау жүргізілген. ХVII ғасырда орыс әскерінде қандайда бір медициналық ұйым болмаған, Крома қаласында 1605 жылы, алғаш рет тек қырқұлақ пен дизентерияға қарсы күресу бағытында ғана жұмыс жүргізілді.
"Жоғарғы Мемлекеттік разряд" тізімінде алғаш 1616 жылы ғана дәрігерлер туралы еске алынды, ал ХVII ғасырдың екінші жартысында полк қатарында көптеген әскери дәрігер қызметкерлер болды.
Ал I- Петр жауынгерлер денсаулығына ерекше мән беріп, сардарлар сапына жауапкершілікті міндеттеді. ХVIII ғасырдың басында I- Петр орыс армиясында дивизиялық (аймақтық) дәрігердің қызметін енгізді. Орыс қолбасшылары А.В Суворов пен М.И. Кутузов жауынгерлер денсаулығына зор көңіл бөліп, қарамағындағыларға талапты міндеттеп қатаң ескертулер жасады. Штаб елшілері Е.Т Белопольский "Медициналық шенділер ережесін" құрастырып А.В.Суворовтың 1793 жылғы бұйрығымен әскерлер арасына таратты. Потемкин армиясында әскери қызмет атқарған Д.С.Самойлович жауынгерлер арасында эпидемияға қарсы іс-шаралар, ірі ұйымдастыру жұмыстарын жүргізіп, үлкен еңбек сіңірді. Әріптестері алдындағы зор беделге ие болуы, сол уақыттағы істерін, зор еңбегін жоғары бағалап,оны көптеген европа мемлекеттерінің әскери академиясының мүшесі етіп сайлады.
Орыс армиясының ішінде ХIХ ғасырдағы ірі санитарлық істерде еңбегі сіңген қайраткерлердің бірі Р.Четыркиннің басқаруында әскери дәрігерлердің іс- әрекеті туралы көптеген баспа беттеріне жазылған ұстаздық нұсқаулары болды. Ал орыстың ірі әскери оташылық қызметінде өз ісінің маманы, ұлы Н.И.Пирогов ол кезде : "Мен гигиенаға сенемін,сонда ғана өміршең ғылыми шындық прогресс бар. Сондықтан, медицицнада алдын ала сақтандырудың болашағы зор" –деп жазды.
1780 жылдары шыққан " Орыс флотында ерекше моряктар денсаулығын сақтау тәсілдері" деген А.Г. Бахерахтаның кітабында әскери гигиенаға үлкен мән береді.
Әскери гигиенаның негізін қалаушы ММУ-дің көрнекті терапевті, профессор М.Я.Мудровтың 1809 жылы шыққан " Әскери гигиена пәні және пайдасы туралы сөз" деген еңбегінде, әскери қызметкердің тұрмысы мен еңбегі жөнінде жан-жақты қарастырылған. Өзінің 1808-1812 жылдардағы дәрістерін М.Я. Мудров ерекше: «Полк емшілері және дивизиялық докторлар мен қызметкерлері, тек емдеу жұмысы ғана емес, аурудың алдын-ала болу мүмкіндігін де ескереді».
Әскери гигиена жеке пән ретінде 1871 жылы бөлек шыққан , ол кезде құрылған кафедра меңгерушісі, профессор А.П.Доброславиннің алғашқы студенттерге оқыған дәрістері - медициналық,хирургиялық академияда оқылды. Гигиенаны оқытудың бағдарламасында эпидемиология, әлеуметтік гигиена, әскери медицинаның әкімшілік, санитарлық статистика бөлімдері бар еді, ал жеке А.П.Доброславиннің өзі, шәкірттері,оның жалғастырушысы С.В.Шидловский, В.А.Левашов армия өміріне ерекше мән беріп, олардың еңбек әрекеті, киім киюі, тамақтануы, әскери қызметкерлердің сумен жабдықталуының денсаулыққа әсерін заңдылықтарын зерттей отырып ерекше маңыз берді.
1904-1905 ж.ж Жапон Орыс соғысы кезінен бастап, дәрігер-гигиенист, эпидемиолог және бактериолог, санитарлық-гигиеналық отрядтар, лабораториялар ұйымдастырылды. Осы соғыстан соң , өз кезегінде жауынгерлердің тамақтануы туралы келелі мәселені қойды. Академик А.Я.Данилевскийдің басқаруымен азық-түлік рационы (үлесі) құрастырылды.
Тағыда ерекше қажеттілігі, патшалық үкіметтің көптеген қарсылығына қарамастан орыс армиясында еңбек етуді жақсарту, тұрмысы, гигиена туралы нұсқаулары, оларға өтелетін экономикалық шығындар жөнінде мәселелер қойылды.Мысалы: азықтық рационның жасалуы, құрылған комиссияның нұсқауымен ғана 1914-1916 ж.ж дүниежүзілік соғыстан кейін тиісті талаптар қоюға мәжбүрледі, тиянақты гигиеналық және эпидемияға қарсы іс шаралар: жылжымалы тексеру зертханалары (лаборатория ), тұрақты және жылжымалы монша, дезокамералар кең қолданысқа ие болды.
Ор (окоп), газдан қорғайтын паналық орындардың типтік жобалары бекітілді.
Алғаш рет суды хлорлау арқылы зарасыздандыру әдістері қолданылды.
Қазан революциясына (төңкерісіне) дейін мемлекеттік көлемде гигиеналық сақтандыру шаралары қолға алынбаған да еді.
Ірі ғалымдардың бастамалары нәтижесінде ғана, гигиеналық нұсқаулар өмірге келіп, қандайда қиын жағдайда болмасын, соғыс уақытында да, әскери төтенше жағдайларда да, сол ғалымдардың ынта-жігерлерімен, қойған талаптары мен әскери гигиеналық шаралар іске асырыла бастады.
Бұл шаралар Отан үшін де, әскер үшін де классикалық қол таңба болды, ол халық игілігі үшін емес, қоғамдық буржуазиялық патшалық Ресейдің мүддесі үшін орындалды.
Совет үкіметі кезінде, қызметтің гигиеналық іс-шаралары түп-түгелдей өзгерді. Ол халықтың денсаулығын нығайту, социалистік меншік мемлекеттік қамқорлыққа айналды, ал профилактикалық бағыт - совет медицинасының басты бағыты болды. Бұл шаралар тікелей денсаулық сақтау саласының және партия саясатының тікелей шаруасы болды.
Профилактикалық медицина саласының басында отандық ірі ғалымдар Н.А. Семашко – денсаулық сақтау халықтық комиссариатының бірінші басшысы, З.П. Соловьев – бірінші әскери медициналық қызметтің басшысы, Қызыл Армия қызметінің ұйымдастырушылары құрастырып қалыптастырушылары, профилактикалық қызмет жүйесін дұрыс жолға қоя білді.
1918-1929 жылдар арасында Әскери- медициналық Академияның гигиеналық кафедрасын басқарған Г.В. Хлопин болды. Оның шәкірттері Ф.Ф. Эрисман, осы бағыттағы істерді-эксперименталдық бағытта дамытты, А.П. Доброславин, профессор Г.В. Хлопин отандық гигиена мен эпидемиология саласын дамытуда бірінші орында тұрды. Шын мәнінде, осы ғылым саласының басында болды және Әскери Медициналық Академия жанынан Профилактикалық институты ашылып, оның құрамына микробиология және эпидемиология кафедрасы ұйымдастырылып, оны академик Д.К. Заболотный басқарды.
1922 жылы гигиена кафедрасының құрамына жеке өз бетінше дайындалатын әскери-санитарлық тактикалық курс ашып және әскери-санитарлық әкімшілік, санитарлық-химиялық істер, санитарлық –бактериологиялық, әлеуметтік гигиена, дене тәрбиесі және дәрігерлік бақылауды енгізді, осындай курстар ерекше бөлініп көзге түсетін кафедраның негізі болды. 1925 жылы әлеуметтік гигиена, 1928 жылы әскери және әскери-санитарлық пәндер, 1932 жылы әскери-химиялық істері, дене шынықтыру және дәрігерлік бақылау пәндері ендірілді. Осы жоғарыда көрсетілген кафедралармен бірігіп 1936 жылдан дезинфекция және эпидемиология кафедрасы ұйымдастырылды.
Әскери гигиенаны ұйымдастырып, оқытуда үлкен үлес қосқан және Армияның толық гигиеналық негізгі мәселелер сұрақтарына жауабын берген ғалым В.Г.Кротков, ол өз еңбегін 1929 жылы Әскери Медициналық Академияның гигиена кафедрасында бастаған.
XIX ғасырдың 30-жылдарында Қызыл Армия қарқынды дамуына белсенділік көрсетіп, кафедрада Ф.Г. Кротковтың гигиеналық зеттеулерді авиация ,танк, инженерлік әскерді ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді.
Көптеген тыңдаушыларға арналып жазылған әскери гигиена және эпидемиология жетекші құрал ретінде қолдан түспейтін оқу құралы болды, оны көптеген әскери дәрігерлер, оқытушылар да әскери гигиена пәнінде өз керегіне жаратты.1935 жылы Ф.Г.Кротков әскери авиациядағы гигиена институтын басқарды, сонымен қатар Әскери Медициналық Академияның кафедрасы қызметін атқара жүріп, бір мезгілде Қарулы Күштердегі бас гигиенист болып есептелді.
1942-45 жылдары жалпы гигиена кафедрасын Медицина Ғылым Акаде-миясының корреспондент мүшесі, профессор Н.Ф. Галанин басқарып, соңында Радиациялық гигиена институтының директоры болды. Онан кейінгі жылдары жалпы және әскери гигиена кафедрасын П.Е. Калмыков, эпидемиология, әскери гигиена кафедрасының басында В.М. Берман, Г.А. Знаменский, И.И.Рогозин, В.Д. Беляков тұрды.
Кафедраның, Ұлы Отан соғысы жылдары барлық ғылыми оқытушылардың жұмыстары майдан мүддесі үшін қызмет атқарды, тіпті көптеген оқытушылар майданға шығып, әскери қызметкерлермен бірге болды. Соғыстан соң, армияның медициналық қызметі атқарылды, барлығы бірігіп, әскердің гигиеналық және эпидемияға қарсы күресуді қамтамасыз ету үшін және осы қызмет барысында жаңа нұсқаулар дайындады. 50-ші жылдардың соңында, Қарулы Күштердегі жаңа техниканың күрделі өзгерісіне байланысты, радиоэлектроника және ракеталық қару-жарақтардың енгізілуі, әскери медициналық қызметті жаңа сатыға көтерді. Әскери гигиенада ғылыми жетістіктер жақсы дамыды, ол көптеген мекендену жағдайына байланысты болды.
Армияның қуаттылығын арттыруда жаңа күрделі мәселелер қозғалды, ол жауынгерлерді химиялық факторлардан қорғау, оған өте оңтайлы, қолайлы жағдайда жұмыс атқару, әскери мамандарды, қуатты әскери техниканы тиімді пайдалану.
Ал, әскери эпидемиологияда әскерилер арасындағы инфекциялық аурушаңдықтың шығуына, бактериологиялық қарулардың шығуына байланысты әскери эпидемиология мәселесін шешуге Әскери гигиена мен эпидемиология ғалымдары, басқа да туысқан мемлекет ғалымдармен бірлесе отырып ең мықты, берік қорғану шараларын әр түрлі қарқынды факторларды бақылау жүйесі, тиімді еңбек пен демалыс режимдері, әр түрлі әскери мамандарды шынайы хабарламаларға сүйене отырып әскерилер денсаулығын қорғау іс-шаралар жүргізді, күрделі қондырғылар мен машиналармен жұмыс істеуде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелер тұрды
Совет Армиясы қатарында қазіргі заманғы техниканы меңгеруде әскери-кәсіптік аурушаңдық байқалмады, себебі ол Әскери Қарулы Күштердің жеке әскери құрамының сақтануға құрылған , жоғарғы деңгейде ұйымдастыру жұмысы жүргізілгендіктен болған.
Әрине, әскери медициналық қызметтегі қол жеткізілген жетістіктер, әскери гигиена саласындағы жақсы игі істердің болуы, ол профилактикалық әрекеттер нәтижесінің жемісі.Осындай істердегі ірі жетістіктер, халық денсаулығын қысқа мерзім ішінде жақсартуға себепші болу,осы саладағы ғылыми табыстар.