Әскери гигиена оқу құралы Алматы,2013ж


Әскери бөлімдердің гигиеналық қамтылуы



бет10/119
Дата06.09.2023
өлшемі9,83 Mb.
#106287
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   119
Байланысты:
ӘГ.11.09.13

Әскери бөлімдердің гигиеналық қамтылуы

Әскери бөлімдердегі жеке құрамдардың гигиеналық қамтылуы деп – профилактикалық іс шаралар жүйесіндегі ұрысқа қабілеттілігінің сақталуы және әскери қызметкерлердің ұжымдық еңбегі, ол бөлімшедегі командирлердің негізгі бағыты. Ішкі Әскери, Қарулы Күштердегі қызметінде Жарлық талаптарына сай жеке құрамдардың денсаулығын сақтауы, оның материалдық-тұрмыстық жағдайының қамтылуы- ол тікелей бригада командирінің міндеті, сондықтан ,ол соған толық жауапкершілікте. Бригада (полк бұрынғы атау) командирі азық-түліктің сапалылығын және техникалық қауіпсіздікті сақтап жүргізу, кезеңмен тексеріп отыру, жеке құрамды және жаппай қырып жоятын қарулардан қорғау, барлық әскери ғимараттар мен полк аумағын пайдалану ережесін бұлжытпай ұстауға міндетті.




1 -сурет.Бригаданың жеке қызметкерлері,жеке құрамның гигиеналық қамтылуы кезіне қатынасатындар
Бригада командирімен бірге гигиеналық іс шараларды орындауда саяси бөлімнің, техникалық бөлім мен инженерлік авиация қызметінің орынбасарлары, медициналық, инженерлік және химиялық бөлімдердің бастықтары, ал бейбіт уақытта бригаданың спорт және дене тәрбиесі дайындығының бастықтары да қатынасады. (1- сурет )
Бригаданың гигиеналық қамтылу қызметтік міндетіне сай ұйымдастыру жұмысына мыналар кіреді: бригада командирінің тыл жөніндегі орынбасары әрбір бөлімшелерінде дер кезінде материалдық жабдықталуын қамтуға міндетті, олар сапалы азық-түлікті үздіксіз жеткізуді ұйымдастыруға, сонымен қатар, сапалы таза сумен, уақытында жуынып шайыну қызметінің қамтылуына қатынасады. Ондай орынбасарлар тұрғын үймен қамтып, оның пайдалануына, жөнделуіне, тұрмайтын ғимараттардың да жұмыстарына, казармалық мүліктермен қамтылуын, бригада аумағында белгілі ретке келтіреді. Бригаданың гигиеналық қамтылуындағы ұйымдастыру жұмыстарымен қатар, оған азық-түлікті, су, су жабдықтарын, жанар маймен қамтамасыз ететін бастықтарды да қатынастырады.
Заттармен қамтамасыз ететін бастықтар заттардың алынуын, сақталуы және уақытша әскери киімдермен ( іш киімдер, суға қажетті ыдыстар, жеке киімдерді шақтап тігу және аяқ киім, жеке тұрмыстық бөлмелердің жабдықталуын, тіпті шаш, сақал мұртын қидыру, алдыруға дейін) қамтамасыз етіп ұйымдастырады; апта сайын моншаға жуыну, іш киімін, шұлғаулары, төсек орындық заттарды ауыстыру жуынатын заттармен толық қамтып ұйымдастырады.
Жабдықтау бөлімінің бастықтары жанар-жағар маймен арнайы сұйықтық заттармен қамтуды, техникалық қауіпсіздікті сақтай отырып үлкен жауапкершілікпен қызмет атқарады.
Бригада командирінің техникалық бөлімінің орынбасары жүйелі түрде, жеке құрамның пайдаланатын техника, бронетанк, автотракторлардың техникалық ережелерін және оның қызмет көрсетуін, жөндеу жұмыстарында іске асырылатын іс шараларды, техникалық қауіпсіздігін сақтап және тексеріп отырады.
Инженерлік қызмет көрсетудегі бастықтар бригаданың гигиеналық қамтылуына қатынасады. Ол екі жағдайда: дала жағдайында әскерді сумен қамту кезінде ұйымдастыруға, ерекше жағдай болып қалған уақытта суды шығару оны өңдеу, тасымалдану және сақтауда табельдік инженерлік құрал-саймандармен, ал дала жағдайында тұру және жеке құрамның паналауына мүмкіндік болатын жағдайдың барлығына да қатынасады.
Бригаданың химиялық қызметтік бастықтары машықтық сабақтың дайындық кезінде қауіпсіздікті сақтауды және арнайы химиялық нұсқаушы-дезинфекторларды дайындауға қатынасуға міндетті. Соғыс уақытында химиялық қызмет бастықтары жеке құрамды радиациядан қорғануды үйретіп, нұсқау беріп есеп жүргізеді, химиялық барлауды ұйымдастырады, жаппай қырып жоятын қаруды индикациялайды, дегазация, техниканы дезактивациялайды, жарақтануды және жергілікті бөлімдерге арналған телімді пункттерді арнаулы өңдеуден өткізеді.
Бригаданың спорт және дене шынықтыру бөлімінің бастықтары (олар көп уақытқа осы қызметтегілерге штаттық күн тәртібімен қаралады) міндетті түрде көрсетпелі, нұсқаушылық әдістемелікпен спорт және дене шынықтыруды өткізіп дайындауға міндетті. Спорттық имарат құрылыстарын жоспарлап басқарады және спорттық заттардың сақталуына жауап береді. Медициналық қызметкерлермен бірге жеке құрамның спорт пен дене шынықтырумен шұғылданатындарды шыңдайды және олармен әр түрлі спорттық жарыстарды өткізеді.
Әкімшілік-техникалық іс-шаралар командирлер және бөлімнің инженерлік-техникалық құрамымен өткізіледі, ол еңбек үрдісіндегі ұйымдастырылу мен жеке құрамның демалысына бағытталып, санитарлық техникалық қауіпсіздік сақтау ережелерімен орындалады, сонымен қатар




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет