Әскери гигиена оқу құралы Алматы,2013ж


Әртүрлі қорғаныстық жүйеде қорғаныс киімімен жұмыс істеу



бет9/119
Дата06.09.2023
өлшемі9,83 Mb.
#106287
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   119
Байланысты:
ӘГ.11.09.13

Әртүрлі қорғаныстық жүйеде қорғаныс киімімен жұмыс істеу

Әскери гигиенаны оқытылуында тәжірибе көрсеткендей – ғылыми пән ретінде, әскери медицинаның қажеттілігіне сай , әскердегі аурушандықты дамытпау және оның алдын алуын қамтамасыз ету және оған уақытында медициналық көмек көрсету.Әскери гигиена тұтастай алғанда, әскерлердің денсаулығын сақтау, шыңдалу, аурушаңдыққа төзімділікті арттыру, оқу- жаттығуға дайындықты, әскери адамдардың тұрмыстық, әскери іс-әрекетінің мықты болуын, денсаулықтарының дұрыстығы үшін кез келген жоғарғы дәрежедегі тиімді шараларды күнделікті тіршілікте және соғыс жағдайында тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Әскери гигиена осы мақсаттарды басшылыққа алып, әскерилердің қандай салада қызмет атқаруына қарай (әскери бөлімдерінде, әскери теңіз бөлімдерінде, корабльде, авиацияда) ережелер мен әскери нормаларды қарастырады.


Әскери гигиена басқа да ғылым салалары тәрізді өзінің зерттеу әдістері бар. Гигиеналық зерттеу әдістерінің мәні, әскери гигиенадағы диалектикалық өзара байланысы денсаулықпен сыртқы орта факторлары «әскерилер қызметтестіктерінің – әскери ұжымды қоршаған ортаға дайындығы мен әскердің жауынгерлік дайындығы».
Әскери гигиена көптеген пәндермен өте тығыз байланысты болғандықтан, көптеген гигиеналық әдістерді физиология, патофизиология, токсикология, эпидемиология, климатология, тұрақты салыстырмалылылық үшін эргономика және өте маңызды салалардың бірі инженерлік психология ғылымдарымен қатар жүргізілді. Осындай ғылым салаларымен қарым-қатынас жасау, өз зерттеулерінің нәтижесін арттырады, көбіне әскери қызметтің тактикасын, ұйымдастырады.Зерттеу әдістерінің сипаты және зерттеу мақсатында лабораториялық жануарларға тәжірибе жасау, созылмалы және жіті ауруларға эксперименттер жүргізу. Мәселен, казармалық микроклиматты зерттеуде, оның жауынгер организміне әсерінде мынандай:физикалық – ауа температурасының,ылғалдылықтың, қозғалыс жылдамдығының және жылу радиациясының өзгеруі; физиологиялық - жүрек жиырылуының жиілігі, дене,тері температурасының анықталуы, субъективті сезімталдығы және терлеуі; санитарлық-гигиеналық – аурушаңдық, еңбектенуінің жоғалуы т.б. зерттеулер.
Бейбіт және соғыс уақытында жүргізілетін іс-шаралардың мазмұны әскери бөлімдердегі медициналық қызметте орындалуы тиіс (гигиеналық тәрбие, санитарлық қадағалау, алдын алу шараларын қамтамасыз ету) ,ол әскери бөлімдер, Қарулы Күштердің салаларына, әскери әрекеттер өтетін жерлердің географиялық ерекшелігіне және тылдағы медициналық қамтмасыз етуді қамтиды.
Әскери гигиена пәнін жоғарғы оқу орнында әскери кафедрадағы бағдарламаға сәйкес әскери дайындық курсы бойынша студенттерді оқытудың мақсаты, әскери дайындықтың теориялық және машықтанудан алатын білімді, дағдыны белгілі көлемде игеруін қамтамасыз етуі керек. Нәтижесінде студенттерге қажеттісі:

  • Бейбіт және соғыс жағдайында әскерилердің жеке құрамындағы денсаулық күйінің өзгерісіндегі (себебін, жағдайын және механизмін) негізгі заңдылықтарды білуі;

  • Әскерлердің гигиеналық жүйедегі іс-шараларын жеке топтардағы арнайы және мазмұнды іс шаралары әскердің гигиеналық техникалық құралдармен жабдықталуын білуі;

  • Әскердің, Әскери Теңіз Күштерінің гигиеналық қамтылу жүйесінде басқару үрдісімен ұйымдық құрылымды білуі;

  • Әскер құрамында санитарлық қадағалауды ұйымдастыруы және оның мазмұнын білуі тиіс.

Студенттердің әскери гигиенаны ұйымдастыруда, игеруде, дайындық курс пәнін өткенде өзіне қажетті дағдылар мен біліктілікті біле отырып, олар мыналарды:

  • Санитарлық-эпидемиологиялық барлауды өткізуді, су көздерімен қамтамасыз ету және тексере білуі, дала пункттеріндегі тамақтану, паналау, әскери-техникалық және тыл объектілерінің әр түрлі жағдайдағы жауынгерлер әрекетін білуі;

  • Әскердің санитарлық қадағалауында алынған нәтижелерін яғни, профилактикалық іс шараларды өңдей білуі, ең қолайлы санитарлық және шұғыл техникалық жағдайларды қорытындылап, талдай білуі;

  • Профилактикалық іс шараларды іске асыруды;

  • Барлық қызметтер арасында өзара қарым-қатынасқа түсе білуі, әскерде санитарлық қадағалауда жұмыла іске кірісуі керек.

  • Институт, университет бітірушілер үшін өз іскерлігін, дағдысын, білімділігін әрбір жоғарыда көрсетілген бөлімдерде нақтылы анықтауы керек.

  • Нәтижесінде басқа факультеттің бөлімдеріндегі студенттерге өз білімімен, дағдылы әрекеттерін таныстыруы қажет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет