Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда Қр бас Прокурорының



Дата24.10.2022
өлшемі179,5 Kb.
#45080
Байланысты:
1 тапсырма


Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арызды, хабарды немесе баянатты қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидалары
Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 14.02.2018 № 20 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 14.02.2018 № 20 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Осы Қағидалар қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды, хабарды немесе баянатты қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімін жүргізу тәртібін анықтайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 14.02.2018 № 20 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:


1) ақпаратты есепке алу кітабы (бұдан әрі – АЕК) – сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастауға Қазақстан Республикасы Қылмыстық – процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ҚПК) 180-бабының бірінші бөлігінде аталған себептерді қоса алғанда қылмыстық құқық бұзушылық туралы ақпарат енетін автоматтандырылған дерекқор;
2) ақпараттың қорғалған жеткізгіші – бұл Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне қол жеткізу үшін негізгі ақпараттарды және биометриялық деректерді қауіпсіз сақтауға арналған құрылғы;
3) биометриялық оқитын құралы – саусақ іздерінің биометриялық параметрлері бойынша жүйе пайдаланушысын аутентификациялау үшін мамандандырылған перифериялық құрылғы;
4) жасырылған қылмыстық құқық бұзушылық – бұл ҚР ҚПК-нің 180-бабымен көзделген сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастауға себептердің болуына қарамастан, СДТБТ-да оны тіркеуге шаралар қабылданбаған қылмыстық теріс қылық немесе қылмыс;
5) иесі бүркемеленген өтініш – ол бойынша авторын анықтау мүмкін емес, арыз иесінің қолтаңбасы, оның ішінде электронды цифрлық қолтаңбасы, пошталық мекенжайы жоқ хабар;
6) қайталама арыз және хабар – сол бір қылмыстық құқық бұзушылық бойынша бір реттен аса арыз және хабар;
7) қолтаңба планшеті – қолтаңба иесінің қолжазба қолтаңбасының цифрлық аналогын құруға мүмкіндік беретін графикалық планшеттен және жазу қаламынан (стилус) тұратын мамандандырылған перифериалық құрылғы;
8) құқық берілген адам – қылмыстық қудалау органы кезекші бөлімінің қызметкері, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылық туралы ақпаратты қабылдауға және есепке алуға жауапты лауазымды адам;
9) қылмыстық құқық бұзушылық туралы ақпарат – анықталмаған адамның хабарын, сондай-ақ ҚР ҚПК-нің 180-бабының бірінші бөлігінде аталған сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау себептерін, ҚР ҚПК-нің 181-бабының 5-бөлігінде көрсетілген арыздар мен хабарларды қоса алғанда, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау мүмкіндігі туралы шешімді қабылдау қажеттілігі бар ақпарат;
10) қылмыстық құқық бұзушылық туралы ақпаратты есепке алу – АЕК-ке осы тармақтың 15) тармақшасында көрсетілген себептерді осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес "АЕК-тегі есепке алу" К-1 нысаны бойынша (бұдан әрі – К-1 нысаны), сондай-ақ осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес "АЕК бойынша шешім" К-2 нысаны бойынша, осы Қағидалардың 12 және 14-тармақтарына сәйкес оның шешілу нәтижелері туралы мәліметтерді (бұдан әрі – К-2 нысаны) қоса, қылмыстық құқық бұзушылық туралы ақпаратты бекіту;
11) қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды, хабарды және ақпаратты қабылдау – қылмыстық қудалау органдары лауазымды адамдарының ҚР ҚПК-нің 180-бабының бірінші бөлігінде аталған себептерді, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы өзге де ақпаратты міндетті түрде қабылдауы;
12) қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды, хабарды немесе баянатты тіркеу – осы тармақтың 15) тармақшасында көрсетілген себептерді СДТБТ- да тіркеу;
13) Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін пайдаланушы (бұдан әрі – пайдаланушы) – нақты функцияларды орындау үшін өз құзыреті шеңберінде Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін пайдаланатын лауазымды адам;
14) сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімі (бұдан әрі – СДТБТ) – ҚР ҚПК-нің 180-бабының бірінші бөлігінде аталған сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау себептері, олар бойынша қабылданған процестік шешімдер, жүргізілген әрекеттер, қылмыстық іс жүргізудің қозғалысы, қылмыстық процестің арыз иелері мен қатысушылары туралы мәліметтер енетін автоматтандырылған дерекқор, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысындағы қылмыстық сот ісін электрондық форматта жүргізуді жүзеге асырады;
15) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау себептері – арыз, кінәсін мойындап келу, хабар, ҚР ҚПК-нің 181 – 184-баптарының талаптарына сәйкес рәсімделген ҚР ҚПК-нің 180-бабының бірінші бөлігінде аталған қылмыстық құқық бұзушылық туралы баянат;
16) туыстарымен байланысын жоғалтқан адам – әртүрлі себептерге байланысты туыстарымен қандай да бір қарым-қатынас жасамайтын және өзінің орналасқан жері туралы мәліметтерді хабарламайтын, оған қатысты іздестіру туралы арыз келіп түскен адам;
17) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық органдары;
18) хабарсыз кеткен адам (хабарсыз жоғалған адам) – кенеттен, қандай да бір себепсіз жоғалып кеткен, орналасқан жері белгісіз және оған қатысты оны іздеу туралы арыз, хабар немесе баянат келіп түскен адам;
19) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың шынайылығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгертілмегендігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы;
20) электрондық ақпараттық есепке алу құжаты (нысан) – оның негізінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу деректері қалыптасатын құқықтық статистикалық ақпараттың жеткізгіші;
21) SМS-хабарлама – мобильді байланыс және (немесе) электрондық пошта арқылы қылмыстық процеске қатысушыларға оларды хабар ету не қылмыстық процесті жүргізуші адамның келуі үшін мәтіндік хабарлар жіберуге мүмкіндік беретін СДТБТ-ның функционалы;
22) жария сектор – қылмыстық процеске қатысушыға Интернет арқылы ақпараттық қауіпсіздік және құпиялылық талаптарын сақтай отырып, қабылданған процестік шешімдер туралы СДТБТ-да бар және өзге де мәліметтерге, өзіне немесе ол қорғайтын адамға қатысты қылмыстық істің материалдарына қашықтықтан қол жеткізуге, арыз және өтінішхат беруге мүмкіндік беретін СДТБТ-ның функционалы;
23) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есеп – ол сотқа дейінгі тергеп -тексеруді жүзеге асыратын адамның жиналған нақты деректеріне негізделген сотқа дейінгі тергеп -тексеруді аяқтау туралы, айыптау актісін жасау және істі сотқа жіберу үшін істі прокурорға жіберу туралы қысқа тұжырымдары.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 29.03.2022 № 62 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

4. Қылмыстық қудалау органдарының қызметкерлері мен бөлімшелері арасында өкілеттіктерді жіктеу және олардың қызметін қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздар мен хабарларды қабылдау және тіркеу бойынша ұйымдастыру, сонымен қатар СДТБТ-да жүргізу құқық қорғау және арнайы органдар басшыларының нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.


Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 10.08.2015 № 99 (ресми түрде жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арызды, хабарды немесе баянатты қабылдау және тіркеу тәртібі


Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 14.02.2018 № 20 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
5. Қылмыстық қудалау органдарының лауазымды адамдары кез келген қылмыстық құқық бұзушылық туралы ақпаратты қабылдайды. Кезкеші бөлімдер қабылдауды тәулік бойы жүзеге асырады.
СДТБТ-на қолжетімділігі бар лауазымды адамдар қылмыстық құқық бұзушылық туралы ақпаратты қабылдағаннан кейін оны АЕК-на бекітуді жүргізеді.
СДТБТ-на қолжетімділік болмаған жағдайда, қылмыстық құқық бұзушылық туралы ақпаратты қабылдаған лауазымды адам байланыс құралдарын пайдалана отырып құқықтық өкілетті адамға хабарлайды, ал ол алынған хабарлама негізінде АЕК-де бекітуді жүзеге асырады және осы Ереженің 3-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша баянат жасайды.
Жедел-іздестіру қызметінің барысында "Жедел-іздестіру қызметі туралы" 1994 жылғы 15 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тексерілгеннен кейін, соның ішінде қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін анықтау кезінде арнайы жедел-іздестіру іс-шаралары қолданыла отырып алынған мәліметтер ҚПК 184-бабының 1-бөлігі 2)-тармағының талаптарына сәйкес лауазымды адамның баяндамасы бойынша тіркелуі тиіс.
Байланыс арналары арқылы келіп түскен бүркемеленген өтініштер, соның ішінде белгісіз адамдардың хабарлары АЕК-де бекітіледі және ондағы қылмыстық құқық бұзушылық туралы мәліметтер ҚПК-нің 184-бабының 1-бөлігі 2)-тармағының талаптарына сәйкес, тек лауазымды адамның баянаты бойынша расталған жағдайда ғана СДТБТ-да тіркелуі мүмкін.
Қылмыстық қудалау органдары анықтаған әкімшілік құқық бұзушылықтар және тәртіптік теріс қылықтар АЕК-де бекітуге жатпайды.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 10.08.2015 № 99 (ресми түрде жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

5-1. Алып тасталды - ҚР Бас Прокурорының 10.08.2015 № 99 (ресми түрде жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.нысқа енгізіледі) бұйрығымен.


5-2. Алып тасталды - ҚР Бас Прокурорының 10.08.2015 № 99 (ресми түрде жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
6. Қылмыстық қудалау органына қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызбен, хабарламамен тікелей жүгінген арызданушыға уәкілетті адам осы Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес нысанда бірегей нөмірден тұратын талон-хабарландыру береді. Сонымен қатар талонды арызданушыға тергеу-шұғыл тобы да, учаскелік полиция инспекторы да бере алады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 23.12.2014 № 159 (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

7. Талон-хабарлама екі бөліктен тұрады:


қылмыстық қудалау органында қалатын талон-хабарлама түбіртегінен;
арыз иесіне берілетін үзілмелі талон-хабарламадан.
Талон-хабарламаның түбіртектерінің түпнұсқалары қатаң есептілік құжаты болып табылады, қылмыстық қудалау органдарында 3 жыл бойы сақталады.
Үзілмелі талон-хабарламаның келес Интернет-ресурстың мекенжайы: www.qamqor.gov.kz, телефон нөмірлері: 8 800-080-7777 (стационар телефоннан), 1414 (ұялы телефоннан) көрсетілген, олар бойынша арыз берушінің арызды қабылдаған қылмыстық қудалау органының тиісті ақпаратын және телефон нөмірін алуға болады.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 15.02.2021 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

7-1. Қылмыстық істі жүргізуші тұлға, қылмыстық процестің қатысушыларына (күдікті, айыпталушы, олардың заңды өкілдері, қорғаушылар, азаматтық жауапкер, жәбірленуші, жеке айыпталушы, азаматтық талапкер, олардың заңды өкілдері және өкілдері) хабарлау (хабарлама) қажет болғанда, СДТБТ АЖ SMS-құлақтандыру модуль мүмкіндігін 1414 бірыңғай нөмірі арқылы пайдалана алады.


"SMS-шақыруды жолдау" функциналы қылмыстық процестің қатысушысын нақты таңдаған кезде белсенділікке енеді.
Қылмыстық процеске қатысушының телефон нөмірі электронды нысанда болмаған жағдайда, қылмыстық процес қатысушысының ұялы телефонына және (болмаса) электрондық поштасына міндетті жолдарды толтыра отырып, SMS-шақыруды жолдау бойынша "Шақыру қағазы" функционалы пайдаланады.
Ескерту. 2-тарау 7-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Бас Прокурорының 14.02.2018 № 20 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

8. Прокуратура органының басшысы, тергеу бөлімінің немесе анықтау органының жауапты бастығы ҚР ҚПК-мен белгіленген құзыретке сәйкес, сондай-ақ құқықтық өкілетті лауазымды адам осы Қағиданың 12)-15)-тармақтарының талаптарын орындау үшін және сотқа дейінгі тергеп-тексеру өндірісін жүзеге асыру үшін тергеушілерге, анықтаушыларға, прокурорларға, сондай-ақ өзге де лауазымды адамдарға қылмыстық құқық бұзушылық туралы ақпараттың дереу берілуін қамтамасыз етеді.


АЕК-де бекітілген қылмыстық құқық бұзушылық туралы ақпарат осы Қағидада көзделген шешімдерді қабылдай отырып, 24 сағат ішінде қарауға жатады.
АЕК-де бекітілген туыстарымен байланысын жоғалтқан адамды іздестіру туралы арыз СДТБТ-де тіркелуге жатпайды.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 10.08.2015 № 99 (ресми түрде жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

9. Жасалған, дайындалып жатқан қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздар арызданушы тікелей жүгінген (өзі келген) кезде, осы Қағиданың 5-қосымшасына сәйкес, арызға толықтыру – осы Қағиданың 6-қосымшасына сәйкес қабылданады.


Ауызша арызды қабылдау жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыстық құқық бұзушылық туралы ауызша арыз қабылдау туралы хаттамамен осы Қағиданың 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша рәсімделеді.
Бұл талап телекоммуникациялық және электрондық байланыс құралдары, сонымен қатар пошта байланысы және жүгінулерге арналған жәшіктер арқылы келіп түскен арыздарға, хабарларға қолданылмайды.
Аталған жағдайларда, арызды үлгілер бойынша толтыру қылмыстық қудалау органы қызметкерінің арызданушыға тікелей келуімен, ал кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда – шұғыл тергеу әрекеттері жүргізілгеннен кейін іске асырылады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 10.08.2015 № 99 (ресми түрде жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


10. Кінәсін мойындап келу осы Қағиданың 5-қосымшасына сәйкес үлгілі үлгі бойынша қабылданады.
11. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы мәлімет, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарынан келіп түскен кезде, қылмыстық қудалау органдарының қызметкерлері осы Қағиданың 8-қосымшасына сәйкес үлгі бойынша баянат жасайды.
12. Осы Қағидалардың 91011-тармақтарында көрсетілген сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау себептерін олардың құзыреттеріне сәйкес аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу тапсырылған тергеушілер, анықтаушылар, прокурорлар, құқықтық өкілетті адам, сондай-ақ қылмыстық қудалау органдарының лауазымды адамдары СДТБТ-да тіркеулері қажет.
Мынадай:
1) қолданыстағы заңнаманың бұзушылықтары туралы, олардың болуы қылмыстық құқық бұзушылықтың міндетті белгісі болып табылатын тексерістермен, ревизиялармен, аудит актілерімен және басқаларымен расталған залал туралы, елеулі зиян не заңсыз кіріс туралы мәліметтері жоқ;
2) жазбаша нысанда жасалған және сот жарамсыз, жалған немесе өтірік деп танымаған азаматтық-құқықтық мәмілелерді орындамауға немесе тиісінше орындамауға негізделген бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарламалар СДТБТ-да тіркелуге жатпайды.
Осы талап шарттық міндеттемелердің жосықсыз орындалғаны туралы ұжымдық, көптеген арыздар беру жағдайларына (үлестік құрылыс, қаржылық "пирамида" және басқалары) қолданылмайды;
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қаралатын салық немесе азаматтық-құқықтық даулары бар;
4) тұжырымдамасында қылмыстық құқық бұзушылық белгілерінің болуын көрсететін жеткілікті деректері бар салықтық тексеріс актісі, маманның тұжырымдамасы (анықтамасын) немесе салық қызметі органдарының мәліметтері, тұжырымдамалары, анықтамалары қоса берілмеген салық заңнамасы саласындағы бұзушылықтар туралы, сонымен қатар мынадай:
сотқа дейінгі шағымдану жағдайларында жоғары тұрған орган шешім шығарғанға дейін және сотта шағымдану кезінде сот шешімін шығарғанға дейін сотқа дейінгі және сотта шағымдану;
жалған мәмілелер, яғни іс жүзінде жұмыстың, көрсетілген қызметтің, тауарды жүктеудің орындалуынсыз мәмілелер бойынша есептеулер жүргізілген жағдайларды немесе декларация ұсыну міндетті болған кезде декларация ұсынылмаған не басқа салық салу объектілерін және (немесе) басқа да міндетті төлемдерді жасыру жолымен декларацияға кірістер және (немесе) шығыстар туралы көрінеу бұрмаланған деректерді енгізуді қоспағанда, сотқа дейінгі шағымдану кезінде жоғары тұрған органның немесе сотта шағымдану кезінде соттың шешімі нәтижелері бойынша салық тексерісі нәтижелері бойынша есептелген салық және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, сондай-ақ өсімпұлды салық төлеуші (салық агенті) толық төлеген жағдайларда.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 27.09.2022 № 191 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

13. Тергеушілер, анықтаушылар және прокурорлар, құқықтық өкілетті адамдар сонымен қатар аталған ақпаратты қарау тапсырылған өзге лауазымды адамдар осы Қағиданың 9-11-тармақтарында көрсетілген себептерді қоспағанда қылмыстық құқық бұзушылық туралы ақпаратты алған кезде дереу, бірақ 24 сағаттан кешіктірмей осы Қағиданың 9, 10-тармақтарының талаптарын сақтаумен қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды, хабарламаны қабылдайды және оларды осы Қағиданың 12-тармағына сәйкес СДТБТ-ға тіркейді.


Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 10.08.2015 № 99 (ресми түрде жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

13-1. АЕК-нда қылмыстық құқық бұзушылық туралы ақпарат бекітілгеннен кейін, АЕК-нда бұрын тіркелген қылмыстық құқық бұзушылық туралы ұқсас ақпарат белгіленген жағдайда, ол алғашқы тіркелгенге қосу үшін лауазымды адамға немесе органға беріледі.


Егер АЕК-нда тіркелген қылмыстық құқық бұзушылық туралы ұқсас ақпарат бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған жағдайда, ол СДТБТ-нде тіркелусіз сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарына қосылады.
Ескерту. Қағида 13-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Бас Прокурорының 23.12.2014 № 159 (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 10.08.2015 № 99 (ресми түрде жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

13-2. Аумақтылығы (ведомствоға тиістілігі) бойынша жіберілген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар, хабарлар немесе баянаттар бойынша құпиялылықты қамтамасыз етуді талап ететіндерін қоспағанда, арыздардың, хабарлардың, баянаттардың және осы арыздарға, хабарларға, баянаттарға қоса берілген құжаттардың көшірмелерін бере отырып, К-2 нысаны толтырылады.


Қарау мерзімі материалдың СДТБТ АЖ-ға келіп түскен кезден бастап АЕК-ге қайта тіркемей, К-2 нысанын толтыра отырып есептеледі.
Аумақтылығы (ведомствоға тиістілігі) бойынша жіберілген материалды қабылдау туралы құқық берілген адам дереу мәлімет енгізеді.
Аумақтылығы (ведомствоға тиістілігі) бойынша қабылданған материал бойынша осы Қағидалардың 13 және 14-тармақтарында көзделген шешім қабылданады.
Ескерту. 13-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Бас Прокурорының м.а. 15.01.2020 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 27.09.2022 № 191 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

14. Егер АЕК-нда бекітілген қылмыстық құқық бұзушылық туралы ақпарат ҚР ҚПК 180-бабының 1-бөлігінде көрсетілген себептерге сәйкес келмеген жағдайда, осы Қағиданың 8-тармағы екінші бөлігінде көзделген мерзімде мынадай шешімнің біреуі қабылданады:


1) лауазымды адамның баянаты негізінде, қылмыстық қудалау органы басшысының немесе оның орынбасарының келісімімен қараусыз қалдырылады және номенклатуралық істе растаушы құжаттармен бірге (нарядта) сақталады;
2) ҚР ҚПК-нің 181-бабының бесінші бөлігінде көрсетілген жағдайларда тиісті уәкілетті мемлекеттік органға немесе лауазымды тұлғаға жіберіледі.
Қылмыстық құқық бұзушылық туралы ақпарат, егер СДТБТ-ға тіркелгенге дейін қылмыстық құқық бұзушылық белгілерінің болуын өзге жолмен (мысалы, салық тексерісі актісімен расталмаған салық төлемеу туралы ақпарат) анықтау мүмкін болмаса, уәкілетті органға ревизиялар мен тексерулер жүргізу үшін жіберілуге жатады.
ҚР ҚПК-нің 181-бабының бесінші бөлігінің тәртібінде бұдан бұрын жіберілген арыздар мен хабарлар бойынша жүргізілген ревизиялар мен тексерулер материалдары қылмыстық қудалау органының лауазымды тұлғасымен келіп түскен уақыттан бастап 24 сағат ішінде К-1 нысанын толтыра отырып, АЕК-те қайта тіркеледі.
Ревизия немесе тексеру жүргізуден кейін қабылданған материал бойынша осы Қағидалардың 13 және 14-тармақтарымен көзделген шешімдердің біреуі қабылданады, бұл ретте қарау мерзімі АЕК-ке қайта тіркелген кезден бастап есептеледі;
3) басқа негіздер болған кезде, әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы мәселелерді қарау құзыретіне кіретін уәкілетті органға (лауазымды адамға) жолданады;
4) егер ақпаратты қарау өзге қылмыстық қудалау органының құзыретіне жататын болса, аумақтық тиесілігіне немесе ішкі ведомстволығына қарай жіберу туралы;
5) АЕК-на немесе СДТБТ-не қосу туралы;
6) басқа негіздер болған кезде, әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы мәселелерді қарау құзыретіне кіретін уәкілетті органға (лауазымды адамға) жолданады;
7) заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаға қатысты дәлелдерін растайтын құжаттар мен материалдарсыз азаматтық-құқықтық сипаттағы мәмілелер қорытындыларында негізделген арызы СДТБТ-де тіркелмей, ҚПК-нің 181 бабы 3-бөлігінің талаптарына сәйкес келтіру үшін қайтарылуға жатады.
Қабылданған шешім туралы арыз авторына жазбаша жауап беріледі.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 10.08.2015 № 99 (ресми түрде жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Бас Прокурорының 23.09.2016 № 148 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.01.2020 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

14-1. Қылмыстық қудалау органына келіп түскен және АЕК-да тіркелген, қылмыстық қудалауы жеке тәртіпте жүзеге асырылатын мәліметтерді қамтитын арыз, хабарлама қолда бар материалдармен бірге соттылығына қарай СДТБТ-де тіркелусіз тиісті сотқа жіберуге жатады.


Егер, ҚПК 179-бабы үшінші бөлiгі ережелерiне байланысты жәбірленуші адамды қылмыстық жауапқа тарту туралы шағымдануынан бас тартатын жағдай болса, онда лауазымды адам осы Қағиданың 14-тармағы 1)-тармақшасында көзделген шешімді қабылдайды.
Ескерту. Қағида 14-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Бас Прокурорының 23.12.2014 № 159 (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 10.08.2015 № 99 (ресми түрде жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.


14-2. ҚР ҚПК 179-бабы 6-бөлігіне сәйкес, қылмыстық қудалауы жеке тәртіпте жүзеге асырылатын мәліметтерді қамтитын арыз, хабарлама бойынша, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық белгілері туралы мәліметтерді қамтитын арыз, хабарлама бойынша шұғыл тергеу әрекеттерін жүргізу оларды соттылығына қарай немесе тиісті уәкілетті мемлекеттік органға не лауазымды тұлғаға жіберуге, сонымен қатар осы Қағиданың 14-тармағы 1)-тармақшасына сәйкес шешім қабылдауға кедергі болмайды.
Ескерту. Қағида 14-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Бас Прокурорының 23.12.2014 № 159 (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 10.08.2015 № 99 (ресми түрде жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

14-3. Шарананың шетінеу себебіне қатысты биологиялық өлім, жазылмайтын ауру не қартайған жасқа толу деректері бойынша оның басталу жайттары анық және криминалдық сипатта емес, осы Қағиданың 14-тармағының 1-тармақшасымен көзделген шешім қабылдануы мүмкін.


Ескерту. Қағида 14-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Бас Прокурорының 23.12.2014 № 159 (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


15. Шұғыл тергеу әрекеттерін жүргізу қажет болған жағдайда осы Қағиданың 91012 және 13-тармақтарының талаптары аталған әрекеттер орындалғаннан кейін бір мезгілде немесе дереу орындалады.
16. Себепті СДТБТ-де тікелей бекіту мүмкіндігі болмаған жағдайда осы Қағиданың 4-тармағында көрсетілген лауазымды адам байланыс құралдарын пайдалану арқылы қылмыстық қудалау органының қабылдау мен есепке алуға жауапты адамын хабарландырады, ол алынған хабарландырудың негізінде осы Қағиданың 9-қосымшасына сәйкес СДТБТ-де тіркеу туралы баянат дайындайды.
Қылмыстық қудалау органына келу бойынша лауазымды адам себепті тіркеген уәкілетті адамнан сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеу туралы баянатты алады және белгіленген тәртіпке сәйкес СДТБТ-ға қосымша мәліметтер енгізеді.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 10.08.2015 № 99 (ресми түрде жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


17. СДТБТ-ға тіркегеннен кейін СДТБТ-да осы сияқты бұрын тіркелген сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау себебін анықтау кезінде осы немесе басқа орган сотқа дейінгі өндірістің материалдарын алғашқы тіркелгенге қатыстыру үшін лауазымды адамға немесе ҚПК 186-бабының тәртібінде сотқа дейінгі іс жүргізуді іске асыратын тергеу органына береді.
18. Теңіз және әуе кемелерінде, геологиялық-барлау партияларында анықтау органдарынан алшақ басқа мемлекеттік ұйымдар мен бөлімшелерде қылмыстық құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда сотқа дейінгі тергеп-тексеру дереу басталады, ол туралы мәліметтер тиісінше мүмкіндік пайда болған кезде СДТБТ-ға енгізіледі.
19. СДТБТ-нде және АЕК-нда тіркеу кезінде уәкілетті адам тіркеуге негіз болған қағаз құжатқа (арызға, хабарламаға, баянатқа және т.б.) осы Қағиданың 10 және 10-1-қосымшаларына сәйкес тіркеу мөртаңбасын қояды.
Органның тіркеу мөртаңбаларында атауы, тіркеу күні, АЕК немесе СДТБТ тіркеу нөмірі, лауазымды адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты және қолы болады.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 23.12.2014 № 159 (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет