2-бап. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасы Қазақстан
Республикасының
Конституциясына
негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан
Республикасының өзге де
нормативтік
құқықтық
актілерінен
тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы
Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері
қолданылады.
3-бап. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптері
1. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері мыналар болып
табылады:
1) баршаның сапалы білім алуға құқықтарының теңдігі;
2) білім беру жүйесін дамытудың басымдығы;
3) әрбір адамның зияткерлік дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке
ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қолжетімділігі;
4) білім берудің зайырлы, гуманистік және дамытушылық сипаты, азаматтық және
ұлттық құндылықтардың, адам өмірі мен денсаулығының, жеке адамның еркін дамуының
басымдығы;
5) адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу;
6) жеке адамның білімдарлығын ынталандыру және дарындылығын дамыту;
7) білім беру деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру процесінің
үздіксіздігі;
8) оқытудың, тәрбиенің және дамытудың бірлігі;
9) білім беруді басқарудың демократиялық сипаты, білім беру жүйесі қызметінің
ашықтығы;
10) білім беру ұйымдарының меншік нысандары, оқыту мен тәрбиенің нысандары,
білім беру бағыттары бойынша алуан түрлі болуы.
2. Білім беру ұйымдарында саяси партиялар мен діни ұйымдардың (бірлестіктердің)
ұйымдық құрылымдарын құруға және олардың қызметіне тыйым салынады.
Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.10.24
№ 487-ІV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
2-тарау. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН БАСҚАРУ
4-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің білім беру саласындағы
құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлейді және іске асырады;
2) алып тасталды - ҚР 03.07.2013
№ 124-V
Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан
кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
3) еңбек нарығының кадрларға ағымдағы және келешектегі қажеттігінің тұрақты
мониторингі жүйесін қалыптастырады;
4) еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, әлеуметтік әріптестердің кәсіптік
білім беру проблемаларын шешуге қатысуын қамтамасыз етеді және республикалық
бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да
әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін
мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда)
жоғары
және
жоғары оқу орнынан кейінгі
, сондай-ақ
техникалық және кәсіптік
,
орта білімнен кейінгі
білімі
бар мамандар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді;
5) жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру
ережелерін
бекітеді;
5-1) "Өркен" грантын беру
қағидаларын
және оның мөлшерін бекітеді;
6) алып тасталды - ҚР 29.09.2014
N 239-V
Заңымен (алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
7) Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау
қағидаларын
бекітеді;
8) алып тасталды - ҚР 13.11.2015
№ 398-V
Заңымен (алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
9) алып тасталды - ҚР 29.09.2014
N 239-V
Заңымен (алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
10) халықтың тығыздығына және елді мекендердің қашықтығына қарай білім беру
ұйымдары
желісінің кепілдік берілген мемлекеттік нормативін
бекітеді;
11) мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің
үлгілік штаттарын
, сондай-ақ
педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының
тізбесін
айқындайды;
12) Қазақстан Республикасының Президентіне жеке адамды тәрбиелеуге, оқытуға және
кәсіптік қалыптастыруға аса зор үлес қосып келе жатқан
жоғары оқу орындарына
ерекше
мәртебе беру туралы ұсыну енгізеді және жоғары оқу орындарының ерекше мәртебесі
туралы ережені
бекітеді
;
13) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттiк
басқару органының ұсынысы бойынша бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын
мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарын құрады, қайта ұйымдастырады және таратады;
14) алып тасталды - ҚР 29.09.2014
N 239-V
Заңымен (алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
15) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісу бойынша "Болашақ"
халықаралық стипендиясын беру үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын
бекітеді
және
"Болашақ" халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарын айқындайды;
16)
мемлекеттік атаулы стипендияларды
бекітеді;
17) алып тасталды - ҚР 29.09.2014
N 239-V
Заңымен (алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
18) алып тасталды - ҚР 29.09.2014
N 239-V
Заңымен (алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
19) тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары, оның ішінде балаларға арналған қосымша
білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік
ережелерін
бекітеді
;
20) алып тасталды - ҚР 2011.10.24
№ 487-ІV
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін
күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
21) мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға
құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан
басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен
отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға,
ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше
жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға
және білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын өзге де санаттағы білім
алушылар мен тәрбиеленушілерге жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы ұстауға
бөлінетін бюджет қаражатының кемінде бір пайызы мөлшерінде қаржылай және
материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен
оларды есепке алу
қағидаларын
бекітеді;
22) алып тасталды - ҚР 29.09.2014
N 239-V
Заңымен (алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
22-1) қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттерін кепілдендіру тәртібін
айқындайды
;
22-2) маманды жұмысқа жіберу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру,
мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған, осы Заңның 47-бабының 17-
тармағында аталған азаматтарды жұмысын өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе
олардың міндетін тоқтату тәртібін
айқындайды
;
23) бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын
жоғары оқу орындарының тізбесін және оларды тағайындау, аттестаттау және қызметтен
босату тәртібін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыныс енгізеді;
24) білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандарттарын бекітеді;
24-1) білім беру саласындағы уәкілетті органның ұсынысы бойынша техникалық және
кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске
асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін
бекітеді
;
25) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу
бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары
оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру
ұйымдарына
оқуға
қабылдаудың
үлгілік
қағидаларын
бекітеді
;
25-1) осы Заңның 8-бабы 4-тармағының екінші бөлігінде аталған азаматтарға
әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру тәртібін айқындайды;
26) алып тасталды - ҚР 29.09.2014
N 239-V
Заңымен (алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
27) алып тасталды - ҚР 29.09.2014
N 239-V
Заңымен (алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
28) алып тасталды - ҚР 29.09.2014
N 239-V
Заңымен (алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
29) алып тасталды - ҚР 29.09.2014
N 239-V
Заңымен (алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
29-1) шетелде кадрларды даярлаудың, қайта даярлаудың және олардың біліктілігін
арттырудың халықаралық бағдарламалары, оның ішінде "Болашақ" халықаралық
стипендиясы бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асыратын ұйымды (әкімшіні)
айқындайды;
30) өзіне Қазақстан Республикасының
Конституциясымен
, заңдарымен және Қазақстан
Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген
өзге де
функцияларды орындайды.
Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.05
N 452-IV
(2011.10.13 бастап
қолданысқа енгізіледі), 2011.10.24
№ 487-ІV
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін
күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.15
N 461-IV
(2012.01.30
бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.02.13
N 553-IV
(алғашқы ресми жарияланғанынан
кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013
№ 124-V
(алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
29.09.2014
N 239-V
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен
соң қолданысқа енгiзiледi); 13.11.2015
№ 398-V
(алғашқы ресми жарияланған күнінен
кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
5-бап. Білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Білім беру саласындағы
уәкілетті орган
мынадай өкілеттіктерді орындайды:
1) азаматтардың білім беру саласындағы конституциялық құқықтары мен
бостандықтарын сақтауды қамтамасыз етеді;
1-1) білім беру саласында жергiлiктi атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға
әдiстемелiк басшылық жасауды жүзеге асырады;
2) білім беру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асырады, салааралық
үйлестіруді жүзеге асырады, білім беру және ғылым саласындағы халықаралық
бағдарламаларды әзірлейді және іске асырады;
2-1) мамандықтар бөлінісінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар
мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын
бөлуді
бекітеді
;
3) білім беруді дамытудың жай-күйі туралы жыл сайынғы ұлттық баяндама әзірлеу
және жариялау арқылы қоғам мен мемлекетті білім беру жүйесінің жай-күйі және оның
қызметінің тиімділігі туралы нақты ақпаратпен қамтамасыз етеді;
4) білім беруді басқару жүйесінің білім беру мониторингін және оны ақпараттық
қамтамасыз етуді жүзеге асырады, білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесін
ұйымдастыру және оның жұмыс істеу
ережелерін
бекітеді;
5) білім беру сапасын басқаруды, білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметін
әдістемелік және әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
6) тиісті білім беру деңгейлерінің жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру
стандарттарын әзірлеуді ұйымдастырады, сондай-ақ, әскери, арнаулы, медициналық және
фармацевтикалық оқу орындарының үлгілік оқу бағдарламаларын және үлгілік оқу
жоспарларын қоспағанда, барлық білім беру деңгейлерінің үлгілік оқу бағдарламаларын
және үлгілік оқу жоспарларын
бекітеді
;
6-1) алып тасталды - ҚР 13.11.2015
№ 398-V
Заңымен (алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
6-2) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын әзірлеу тәртібін
айқындайды;
6-3) бiлiм туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын және
оларды беру тәртібін
айқындайды
;
7) алып тасталды - ҚР 2011.10.24
№ 487-ІV
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін
күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
7-1) балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер мектептерінің және балалар
өнер мектептерінің үлгілік оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларын әзірлейді
және
бекітеді
;
8) бiлiм беру қызметiмен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға
қосымшаларды:
бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу
бағдарламаларын;
техникалық және кәсіптік білімнің, оның ішінде кәсіптер мен мамандықтар бойынша
білім беру бағдарламаларын;
орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің, оның ішінде
мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларын;
рухани білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғаларға береді;
8-1) бiлiм беру мониторингiн жүзеге асыру тәртiбiн
белгiлейдi
;
8-2) мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту бойынша қызметтi жүзеге асырудың
басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асырады;
8-3) "Алтын белгi" белгiсi туралы ереженi
бекiтедi
;
8-4) алып тасталды - ҚР 13.11.2015
№ 398-V
Заңымен (алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
8-5) мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту бойынша рұқсаттар мен хабарламалардың
мемлекеттік электрондық тiзiлiмiн жүргiзедi;
8-6) "
Жоғары оқу орнының үздiк оқытушысы
" және "
Үздiк педагог
" атақтарын беру
қағидаларын бекiтедi;
8-7) "Орта бiлiм беретiн үздiк ұйым" грантының мөлшерін және оны беру тәртiбiн
белгiлей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткiзу қағидаларын
бекiтедi
;
РҚАО-ның ескертпесі!
9) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 13.11.2015
№ 398-V
Заңымен (01.01.2017
бастап 01.01.2020 дейін қолданыста болады).
РҚАО-ның ескертпесі!
9) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 13.11.2015
№ 398-V
Заңымен (01.01.2020
бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі!
9) тармақшаның бұл редакциясы 01.01.2017 дейін қолданыста болады - ҚР 13.11.2015
№ 398-V
Заңымен.
9) ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мыналарды:
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта
білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын;
мамандандырылған білімнің мамандандырылған жалпы білім беретін оқу
бағдарламаларын;
арнайы білімнің арнайы оқу бағдарламаларын;
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын;
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске
асырып жатқан білім беру ұйымдарына мемлекеттік аттестаттау жүргізеді;
9-1) инновациялық қызметті жүзеге асыратын және ғылыми зерттеулердің
нәтижелерін өндіріске енгізетін базалық жоғары оқу орындарын айқындайды;
10) аккредиттеу органдарына, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарына
қойылатын талаптарды және оларды танудың тәртібін белгілейді және танылған
аккредиттеу органдарының, аккредиттелген білім беру ұйымдарының және білім беру
бағдарламаларының тізілімін қалыптастырады;
11) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу
бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары
оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру
ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік ережелерін әзірлейді;
12) Ұлттық бірыңғай тестілеуді және кешенді тестілеуді өткізу және оқу жетістіктеріне
сырттай бағалау
жүргізу қағидаларын әзірлейді және
бекітеді
;
12-1) білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті
растайтын құжаттардың тізбесін
бекітеді
;
12-2) орта білім беру ұйымдарында сынып жетекшілігі туралы ережені әзірлейді және
бекітеді
;
13) мүдделі министрліктермен, өзге де орталық атқарушы органдармен, жұмыс
берушілермен және басқа да әлеуметтік әріптестермен өзара іс-қимыл жасай отырып,
кадрлар даярлау үшін кәсіптер мен мамандықтар тізбесін айқындайды және кәсіптер мен
мамандықтардың сыныптауыштарын бекітеді;
14) меншік нысандарына және ведомостволық бағыныстылығына қарамастан, білім
беру ұйымдарында оқу жылының
басталу
және
аяқталу
мерзімін айқындайды;
14-1) орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын
талаптарды әзірлейді және бекітеді;
14-2) қолайсыз ауа райы метеожағдайларында орта білім беру ұйымдарында, сондай-
ақ техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім
беру ұйымдарында сабақтарды тоқтату қағидаларын әзірлейді және
бекітеді
;
15) сырттай, кешкі нысандарда және экстернат нысанында білім алуға жол берілмейтін
кәсіптер мен мамандықтардың тізбесін
белгілейді
;
15-1) жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру
ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру қағидаларын әзірлейді және
бекітеді
;
15-2) сыныптауышқа сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім
үшін оқыту мерзімдері және білім беру деңгейлері бойынша кәсіптер мен
мамандықтардың тізбесін әзірлейді және
бекітеді
;
16) білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және
қайта қабылдау қағидаларын әзірлейді және
бекітеді
;
17) білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру тәртібін
әзірлейді және бекітеді;
18) алып тасталды - ҚР 2011.10.24
№ 487-ІV
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін
күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
19) білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды
аттестаттау өткізудің
үлгілік ережелерін
бекітеді
;
19-1) мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім
беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру
бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының оқулықтарға және оқу-
әдістемелік кешендеріне қажеттілігін болжау әдістемесін әзірлейді және
бекітеді
;
19-2) мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін
оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді
және
бекітеді
;
19-3) мемлекеттік білім беру ұйымдарының кітапханалар қорын қалыптастыру,
пайдалану және сақтау жөніндегі қағидаларды әзірлейді және
бекітеді
;
20) кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және кәсіптер (мамандықтар) бойынша
біліктілікті беру
қағидаларын
әзірлейді және бекітеді;
21) білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау
тәртібін
белгілейді;
21-1) білім туралы құжаттарды (түпнұсқаларды) апостильдеу рәсімін жүзеге асырады;
21-2) білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын әзірлейді және
бекітеді
;
21-3) білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарын әзірлейді және
бекітеді
;
22) бiлiм және (немесе) бiлiктiлiк туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың
бланкiлерiне тапсырыс берудi ұйымдастыру, оларды сақтау, есепке алу және беру және
олармен негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын,
жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмнің білім беру бағдарламаларын iске
асыратын бiлiм беру ұйымдарын, ведомстволық бағыныстағы бiлiм беру ұйымдарын
қамтамасыз ету жөнiндегi қағидаларды әзiрлейдi және
бекiтедi
және олардың
пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
23) білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі
құжаттардың нысанын
әзірлейді және бекітеді, білім туралы құжаттарды ресімдеуге
қойылатын
талаптарды
айқындайды; білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін
анықтама
нысанын
бекітеді;
РҚАО-ның ескертпесі!
5-бапты 23-1) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР 13.11.2015
№ 398-V
Заңымен
(01.01.2017 бастап
қолданысқа
енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі!
5-бапты 23-2) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР 13.11.2015
№ 398-V
Заңымен
(01.01.2020 бастап
қолданысқа
енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі!
5-бапты 23-3) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР 13.11.2015
№ 398-V
Заңымен
(01.01.2022 бастап
қолданысқа
енгізіледі).
24) білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартының және кәсіптік практикадан
өткізуге арналған үлгілік шарт нысандарын
бекітеді
;
24-1) білім беру жинақтау салымы туралы үлгілік шартты әзірлейді және
бекітеді
;
25) оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысқа басшылықты жүзеге асырады
және оны жүргізуді үйлестіреді, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты
ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын, оқытудың кредиттік технологиясы
бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекітеді және қашықтықтан білім беру
технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және
бекітеді;
25-1) Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінің
қызметін ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және
бекітеді
;
25-2) жоғары оқу орындарының жанынан ұқсас мамандық топтары бойынша оқу-
әдістемелік бірлестіктер құрады және олардың қызметтері туралы ережені бекітеді;
26) республикалық орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ халықаралық келісімдерге
сәйкес шетелдік мектептерде оқитын отандастарды оқулықтармен және оқу-әдістемелік
кешендермен қамтамасыз етеді;
26-1) мектепке дейiнгi, орта, техникалық және кәсiптiк, орта білімнен кейінгі бiлiм
беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен
жарақтандыру нормаларын әзiрлеудi ұйымдастырады және
бекiтедi
;
27) оқулықтарды, оқу-әдiстемелiк кешендері мен оқу-әдiстемелiк құралдарын әзiрлеу,
оларға сараптама, сынақ өткізу және мониторинг жүргізу, оларды басып шығару
жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру
қағидаларын
әзірлейді әрі бекiтедi және осы жұмысты
ұйымдастырады;
27-1) жыл сайын республикалық және жергілікті бюджеттер бекітілгенге дейін
оқулықтардың, оқу-әдiстемелiк кешендерiнiң, құралдарының және басқа да қосымша
әдебиеттердiң, оның ішінде электрондық жеткізгіштегілерінің тiзбесiн
бекiтедi
;
27-2) мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарының білім алушылары мен
тәрбиеленушілерін оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету
бойынша жұмысты үйлестіреді;
28) республикалық маңызы бар мектептен тыс іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады;
29) жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданы,
жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар
конкурстарын, орындаушылардың республикалық конкурстары мен кәсіби шеберлік
конкурстарын ұйымдастыру және өткізу қағидаларын әзірлейді және
бекітеді
;
29-1) жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық
олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың),
орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық
жарыстардың тізбесін қалыптастырады және
бекітеді
;
29-2) жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми
жобалар конкурстарына (ғылыми жарыстарға) қатысушылар құрамын қалыптастыру
қағидаларын әзірлейді және
бекітеді
;
30) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014
N 159-V
Заңымен (алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
31) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда,
ведомстволық бағыныстағы бiлiм беру ұйымдарының жарғыларын бекiтедi;
32) білім беру ұйымдарында меншік нысандарына және ведомстволық
бағыныстылығына қарамастан, Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы
заңнамасының және нормативтік құқықтық актілерінің, мемлекеттік жалпыға міндетті
білім беру стандарттарының, сондай-ақ ведомстволық бағыныстағы ұйымдардағы
бюджеттік және қаржылық тәртіптің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес
орындалуына мемлекеттік бақылау жасауды жүзеге асырады;
33) алып тасталды - ҚР 2011.10.24
№ 487-ІV
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін
күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
34) педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының
үлгілік
біліктілік сипаттамаларын әзірлейді және бекітеді;
34-1) педагогикалық әдеп қағидаларын әзірлейді және
бекітеді
;
35) мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшыларын конкурстық тағайындау
қағидаларын
әзірлейді және бекітеді;
36) жоғары оқу орындарының профессор-оқытушы құрамы мен ғылыми
қызметкерлердің лауазымдарға конкурстық орналасуы қағидаларын әзірлейді және
бекітеді;
36-1) қауымдастырылған профессор (доцент), профессор ғылыми атақтарын береді;
36-2) ғылыми қызметтің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар
тізбесіне қосу үшін ғылыми басылымдарға қойылатын талаптарды әзірлейді және
бекітеді
;
37) алып тасталды - ҚР 2012.07.10
N 36-V
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
38) педагог кадрларды қайта даярлау мен олардың біліктілігін арттыруды
ұйымдастырады
;
38-1) педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және
жүргізу қағидаларын әзірлейді және
бекітеді
;
38-2) педагогика кадрларының біліктілігін
арттыру
курстарының
білім беру
бағдарламаларын
бекітеді
;
39) салалық
көтермелеу
жүйесін әзірлейді және бекітеді;
40) шетелдік әріптестермен келіссөздер жүргізеді және өз құзыреті шегінде білім беру
саласында, сондай-ақ ғылыми қызметте халықаралық шарттарға (келісімдерге) және
бағдарламаларға қол қояды; білім беру ұйымдары жүзеге асыратын халықаралық
ынтымақтастық ұйымдарының
ережелерін
белгілейді және осы жұмысты үйлестіреді;
41) шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу
тәртібін
әзірлейді, бекітеді және
белгілейді
;
42) алып тасталды - ҚР 2011.10.24
№ 487-ІV
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін
күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
43) еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта
бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды
даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, мектепке дейінгі
тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын
әзірлейді және
бекітеді
;
43-1) техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары бiлiмнің білім беру
бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде
білім алушылар үшін өтемақылар төлеу арқылы қысқы және жазғы каникул кезеңінде
қалааралық теміржол және автомобиль (таксиден басқа) көлігінде жеңілдікпен жол жүруді
қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және
бекітеді
;
44) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасының анықталған
бұзушылықтарын нұсқамада белгіленген мерзімде жою туралы орындалуы міндетті
жазбаша нұсқамалар береді;
44-1) білім беру ұйымдарында эксперимент режимінде іске асырылатын білім беру
бағдарламаларын әзірлеу, сынақтан өткізу және енгізу қағидаларын әзірлейді және
бекітеді;
44-2) білім беру жүйесін басқару органдарын ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге
асырады;
44-3) бірыңғай ақпараттық білім беру жүйесін ұйымдастыру және оның жұмыс істеу
қағидаларын әзірлеуді ұйымдастырады және бекітеді;
44-4) "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша шығыс нормаларын, оқуға және
тағылымдамадан өтуге арналған үлгілік шарттарды
бекітеді
;
44-5) білім беру ұйымы түрлерінің номенклатурасын және олардың қызметінің, оның
ішінде шағын жинақталған мектептердегі қызметтің үлгілік қағидаларын
бекітеді
;
44-6) мемлекеттік білім беру тапсырысына байланысты қызметтер көрсетудің тізбесін
қалыптастырады және
бекітеді
;
45) алып тасталды - ҚР 29.12.2014
№ 269-V
(01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі)
Заңымен;
45-1) алып тасталды - ҚР 29.09.2014
N 239-V
Заңымен (алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
45-2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сәйкестендіру нөмірлерінің
ұлттық тізіліміндегі мәліметтерді алады;
45-3) алып тасталды - ҚР 29.09.2014
N 239-V
Заңымен (алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
46) кәмелетке толмағандарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес
кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында ұстаудың тәртібі мен шарттарын
белгілейді;
46-1) орта, техникалық және кәсіптік білім берудің жан басына шаққандағы
нормативтік қаржыландыру әдістемесін әзірлеуді ұйымдастырады және
бекітеді
;
46-2) орта, техникалық және кәсіптік білім берудің жан басына шаққандағы
қаржыландыру қағидаларын әзірлеуді ұйымдастырады және
бекітеді
;
46-3) біліктілікті арттырудың ваучерлік-модульдік жүйесінің әдістемесін әзірлеуді
ұйымдастырады және бекітеді;
46-4) біліктілікті қашықтықтан арттыруды қамтамасыз етудің қағидаларын әзірлеуді
ұйымдастырады және бекітеді;
46-5) педагогтардың біліктілік деңгейін растау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
46-6) базалық жоғары оқу орындарында магистрлер мен PhD докторларын нысаналы
даярлау тетігін әзірлейді және
бекітеді
;
46-7) мемлекеттік жоғары оқу орындарының ректорларын тағайындау қағидаларын
әзірлейді және бекітеді;
46-8) университеттік интернет-ресустарға қойылатын талаптарды айқындайды және
бекітеді
;
46-9) алып тасталды - ҚР 13.11.2015
№ 398-V
Заңымен (алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
46-10) экстернат нысанында оқыту қағидаларын әзірлейді және
бекітеді
;
46-11) кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын және практика
базалары ретінде ұйымдарды айқындау қағидаларын әзірлейді және
бекітеді
;
46-12) дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидаларын мүдделі мемлекеттік органдармен
келісу бойынша әзірлейді және
бекітеді
;
46-13) мемлекеттік білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу
қағидаларын әзірлейді және
бекітеді
;
46-14) мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балаларды, олар орта білім
алғанға дейін, есепке алуды ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және
бекітеді
;
46-15) мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан
кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған шығыстарды қаржыландыру
нормативтерін және оларды жоспарлау әдістемесін бекітеді;
47) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің
және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді
жүзеге асырады.
Білім беру саласындағы уәкілетті органның осы баптың бірінші бөлігінің 4), 8-1), 8-3),
13), 14), 14-1), 14-2), 16), 19), 25), 27), 34), 36), 38), 38-1), 38-2), 44-3), 44-5), 46-8) және 46-
11) тармақшаларында көзделген өкілеттіктері әскери, арнаулы оқу орындарына
қолданылмайды.
Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.17
N 188-IV
(қолданысқа енгізілу
тәртібін
2-баптан
қараңыз), 2010.03.19
№ 258-IV
2010.12.29
N 372-IV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.06
N
378-IV
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі), 2011.07.05
N 452-IV
(2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.10.24
№
487-ІV
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-баптан
қараңыз), 2011.07.15
N 461-IV
(2012.01.30
бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10
N 36-V
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013
№ 102-V
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013
№
124-V
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі); 13.01.2014
N 159-V
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014
№ 203-V
(алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014
N 239-V
(алғашқы
ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
29.12.2014
№ 269-V
(01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 19.05.2015
№ 315-V
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі); 13.11.2015
№ 398-V
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016
№ 501-V
(алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Достарыңызбен бөлісу: |