мемлекеттік мүлкі алып қойылуға немесе білім беру ұйымының негізгі міндеттеріне
қайшы келетін мақсаттарда пайдаланылуға тиіс емес.
3. Білім беру ұйымдарын жекешелендіру "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан
Республикасының
Заңына
сәйкес және білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісім
бойынша жүзеге асырылады.
4.
Конкурстық негізде
"Орта білім беретін үздік ұйым" грантын алған мемлекеттік орта
білім беру мекемелері грантты материалдық-техникалық және ғылыми-әдістемелік
жағынан білім беру процесін қамтамасыз етуге жұмсайды.
Ескерту. 64-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.03.01
N 414-IV
(
алғашқы ресми
жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.10.24
№ 487-ІV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
10-тарау. БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
65-бап. Халықаралық ынтымақтастық және сыртқы экономикалық
қызмет
1. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастығы
Қазақстан Республикасының заңнамасы және Қазақстан Республикасының халықаралық
шарттары негізінде жүзеге асырылады.
2. Білім беру ұйымының өз жұмысының ерекшеліктеріне сәйкес шетелдік білім беру,
ғылым және мәдениет ұйымдарымен, халықаралық ұйымдармен және қорлармен тікелей
байланыстар орнатуға, ынтымақтастық туралы екі жақтан және көп жақты шарттар
жасасуға, студенттер, магистранттар, докторанттар, педагог және ғылыми қызметкерлер
алмасудың халықаралық бағдарламаларына қатысуға, білім беру саласындағы
халықаралық үкіметтік емес ұйымдарға (қауымдастықтарға) кіруге құқығы бар.
Әскери және арнаулы оқу орындарының халықаралық шарттар мен келiсiмшарттарға
сәйкес шетелдiк азаматтардың қатарынан мамандар даярлауды жүзеге асыруға құқығы
бар.
Білім беру ұйымдары Қазақстан Республикасының заңнамасында және білім беру
ұйымдарының жарғысында айқындалған тәртіппен сыртқы экономикалық қызметпен
айналысуға құқылы.
3. Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының халықаралық
ынтымақтастықты жүзеге асыру
тәртібін
білім беру саласындағы уәкілетті орган
белгілейді.
4. Қазақстан Республикасында халықаралық және шетелдік оқу орындарын және
(немесе) олардың филиалдарын құру халықаралық шарттардың негізінде немесе
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Халықаралық мектеп мәртебесін беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі
бойынша, ол
айқындаған
тәртіппен жүзеге асырылады.
5. Халықаралық оқу орындарының және Қазақстан Республикасының аумағында басқа
мемлекеттер немесе олардың заңды және жеке тұлғалары оқу орындарының, олардың
филиалдарының білім беру қызметін лицензиялау, сондай-ақ оларды мемлекеттік
аттестаттау
мен аккредиттеу, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық
шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының
заңнамасына
сәйкес жүзеге
асырылады.
Ескерту. 65-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.09
№ 535-IV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15
N
461-IV
(2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.02.13
N 553-IV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
66-бап. Шет елдегі қазақ диаспорасының білім алу қажеттіліктерін
қанағаттандыру
1. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ
адамдардың Қазақстан Республикасында білім алуға құқығы бар.
2. Мемлекет шет елдегі қазақ диаспорасының білім алу қажеттіліктерін
қанағаттандыруға жәрдемдеседі.
3. Шет елдегі қазақ диаспорасы үшін білім беру ұйымдарын құру және оған
қаржылық-материалдық көмек көрсету халықаралық шарттарда белгіленген тәртіппен
жүзеге асырылады.
11-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ
САЛАСЫНДАҒЫ
ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПТЫЛЫҚ
67-бап. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасын
бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан
Республикасының
заңдарына
сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
12-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
68-бап. Осы Заңның қолданысқа енгізілуі
1. Осы Заң, 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 8-баптың 2-
тармағының екінші бөлігін, 52-баптың 6-тармағының екінші абзацын, 7-тармағы 1)
тармақшасының екінші және бесінші абзацтарын, 8-тармағының 2), 3) тармақшаларын
және 53-баптың 3-тармағының 1), 3) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми
жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
2. Бiлiм беру ұйымдарына осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн тиісті оқу
мерзімдерімен оқуға түскен адамдар оқуға түскен кезде қолданыста болған бiлiм беру
бағдарламалары бойынша оқуын бiтiрiп, оларға оқуға түскен кезде қолданыста болған
бiлiм туралы белгiленген үлгiдегi құжат берiледi.
3. "Білім туралы" 1999 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасы
Заңының
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 1999 ж., N 13, 429-құжат; N 23, 927-
құжат; 2001 ж., N 13-14, 173-құжат; N 24, 338-құжат; 2004 ж., N 18, 111-құжат; N 23, 142-
құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат; N 12, 71-құжат; N 15, 92-құжат; 2007 ж., N 2,
18-құжат; N 9, 67-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Ескерту. 68-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.10.24
№ 487-ІV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
Қазақстан Республикасының
Президенті