Эссе «Абай Құнанбайұлы шығармаларындағы оқу-білім тақырыбы»



Дата10.11.2022
өлшемі43,65 Kb.
#49182
Байланысты:
Эссе Абай


Эссе
«Абай Құнанбайұлы шығармаларындағы оқу-білім тақырыбы»
Қазіргі қазақ қоғамын толғандырып отырған ең басты мәселенің бірі-білім, ғылым сапасын арттыру, толыққанды, саналы ұрпақ тәрбиелеу десек артық айтпаған болар едік. Еліміз егемендік алғаннан бергі білім саласындағы сансыз реформалар мен түрлі бағдарламалар өз мәнінде және ойластырылып жасалмағандығынан, білім сапасы төмендеп кетіп, жоғарғы және арнаулы оқу орынын тамамдаған мамандардың біліктілігінің төмендігінен өмірден өз орынын таба алмай, жұмыссыздар қатарын толықтырып жүргендігі бәрімізге таныс жағдайға айналды. Республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, тек Алматы және Алматы облысындағы жұмыссыз жастардың 37 пайызын жоғарғы білімі бар азаматтар құраған.Мұның себебі, бала мектептегі оқу процессінде, отбасыдағы күнделікті тәрбиеде болашақ мамандығы туралы ойланбайды, мамандық таңдау атүсті жүргізіледі. Талдаулар көрсеткендей, жоғарғы білімі бар, бірақ еңбек нарығында өз орынын таба алмай жүрген жастардың басым көпшілігін экономист және заңгер мамандығын таңдаған жастар құраған. Ел экономикасының түрленуіне байланысты болашақта осы мамандықты таңдаған жастардың жұмыссыздыққа ұшырайтындығы туралы бұрын да сөз болған. Дегенмен, қазақ қоғамы, қазақы орта, отбасы осыдан тиісті қорытынды шығармаған. Бұл құбылыс біздің ата-бабаларымыз өмір сүрген қоғамда да орын алған. Мысалы, данышпан Абай «Интернатта оқып жүр» деген өлеңінде
Интернатта оқып жүр,
Талай қазақ баласы-
Ойында жоқ бірінің
Салтыков пен Толстой,
Я тілмаш, я адвокат
Болсам деген бәрінде ой,
- демей ме.
Осы өлеңінде Абай жас өскінге пайда ойламай, ар ойлауды, артық білу үшін талап қылуды, өнбес іспен алданбай, алыс та болса іздеп тап кореннойға кіруді өсиет етеді. Мұндағы, кореннойы істің ең орындысын тауып, қызмет ет, яғни талапты ерге нұр жауады деп ашып көрсетеді.
Дана Абай оқу, білім туралы жазған өлеңдерінде дүниенің кілті білімде екендігін, ғылым таппай мақтанбауды, орын таппай баптанбауды, ойнап босқа күлуден қашық болуды, дүниенің де, малдың да ғылым арқылы келетінін, ғылымның оңайлықпен келмейтінін, ол үшін балалықты қиып, еңбек ету керектігін «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде айтады.
Жас уақытта көңіл гүл, сондықтан өмірді босқа өткізбей, әр нәрседен құр қалмай, оқы, үйрен, ғалым болмасаң да соған сен ұқсап бақ деп түйіндейді.
«Әсемпаз болма әрнеге» деген өлеңінде:
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан,
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар қалан ! дейді.
Дана бабамыздың сол кезеңде айтып, жазып, көрсетіп кеткендері бүгінгі күні өзекті мәселе болып тұр. Жастарды мамандыққа, кәсіпке баулу, кәсіпкерлік іс ашудың қыры мен сырын үйрету шаралары қарқынды жүргізілуде. Жергілікті атқарушы органдар жанындағы жұмыспен қамту орталықтары арқылы мыңдаған жастар мамандық алып, түрлі қолдау шараларымен өз істерін ашуда, үлкен ауқымды жұмыс жасап кеткендері де аз емес. Ұлттық «Қазақстан» арнасында «Сен де бір кірпіш дүниеге» хабарында бес асыл іс:талап, ақыл, терең ой, қанағат, рахым арқылы өмірден өз орынын тауып, үлкен жекеменшік кәсіпорындарды басқарып жастармен жүргізілетін хабарлардың да мақсат мен маңызы Абайдың «Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап» өлеңіндегі,
«Өзіңе сен, өзіңді алып шығар
Еңбегің мен ақылың екі жақтап» деген нақылымен ұштасып жатыр.
Өнердің білімнің, ғылымның бәрінің кілті терең біліммен қоса, таза еңбекпен шұғылданумен келеді. Қызық келсе, қызықпай, оңғаққа ермей, жүрегіңе сүңгі де, түбін көздеп, сонан тапқаның ғана шын асыл, тастай көрме дейді абыз осы өлеңінде.
Бізге, жас ұрпақты ғұлама айтып кеткен, өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақтан басқа да, масылшылдық, немқұрайлылық, жатыпішерлік, ізденбеушілік, болғанға тоқмейілсу сияқты жаман істерден бойын аулаққа салғызбай, саналы, білімді ұрпаққа қол жеткізу мүмкін емес. Ол үшін білім беру қызметін адал да сапалы жасап отырған білім ошақтарының санының мейлінше артуы, білікті педагогтардың көбеюі, педагог мамандығының қоғамда шынайы бағалануы, оның мәртебесінің көтерілуі, педагог кадрлардың адал қызмет, адал бәсекелестік жүйесінде атқарған қызметіне сай ешбір кемсітусіз лайықты жалақы алуы Абай атамыз айтып кеткен «толық адамға» жетудің негізгі шарттарының бірі.
Адамның бай да байқуатты болуы жеңіл жолмен емес, таза еңбекпен келетіні, адал қызмет еткендердің мәртебесі үстем болатыны балаға терең түсіндіріліп, әр қазақ отбасында балаға хакім Абайдың
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім,
Ержеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедімін өмірлік қағида ретінде бойына сіңірсе нұр үстіне нұр болар еді.


Қатысушының тегі,аты-жөні,лауазымы;

Ахметчина Дидар Казкенкызы, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Облыс,аудан,қала,село(ауыл)атауы

Қарағанды облысы,Приозерск қаласы

Білім беру мекеменің атауы

«№2 ЖОББМ « КММ»

Байқау атауы

«Абай мұрасы-қазақтың қасиетті қазынасы»атты Республикалық байқау

Телефоны,ұялы,e+mail

8702 271 26 53

Сапалы түрлі-түсті 3х4 фотосы







Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет