Ескерту: Байқауға ғаламтор желісінен алынған немесе оның түрі өзгертілген мәтіндерді көшіріп ұсынуға қатаң тыйым салынады.
VI. Эссені рәсімдеуге қойылатын талаптар:
Эссе көлемі А4 форматырдағы 2-3 бет аралығында жазылуы тиіс, MS Word мәтіндік редакторында рәсімделген, шрифті Times New Roman, шрифт өлшемі – 14, ара қашықтығы 1 интервал;
Әр жұмыс жеке файлда болуы қажет (Мыс., файл атауы: қатысушының тегі, есімі, тобы.doc)
VII. Байқау қорытындыларын шығару және жеңімпаздарды анықтау
Байқау қорытындысын шығару жеңімпаздарды анықтау 31 қазан күні өткізіледі. Өтініштер (1-қосымша) және жұмыстар (2-қосымша) ағымдағы жылдың 28 қазанына дейін ruhanizhangyru_wksu@mail.ru немесе kdirshaev_abat@mail.ru электронды поштасына қабылданады.
Эссе байқауына ұсынылған жұмыстарды Байқау ұйымдастырушыларымен бекітілген Қазылар алқасы бағалайды.
Ұпай саны бағалау талаптарын есепке ала отырып анықталады.
Байқау жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар, сертификаттар, дипломдар мен алғыс хаттар табысталады.
Байқау нәтижелері әлеуметтік желілерде жарияланады.
Байқауды өткізуге және ұйымдастыруға жауаптылар:
Қыдыршаев Абат Сатыбайұлы,«Рухани жаңғыру» инситутының директоры. Байланыс телефоны: 8778 020 39 60; эл.почтасы: kdirshaev_abat@mail.ru
Бақытбаева Гүлбибі Сағынайқызы,«Рухани жаңғыру» инситутының ғылыми қызметкері. Байланыс телефоны: 8778 364 59 61; эл.почтасы: ruhanizhangyru_wksu@mail.ru