Эссе Бірлігі бар ел озады



Дата17.05.2022
өлшемі15,16 Kb.
#34687
Байланысты:
Документ эссе


Эссе

Бірлігі бар ел озады

Қазақстанда жыл сайын тойланатын мереке 1996 жылдан бастап тойланады. 1995 жылдың 18 қазанында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің жарлығы бойынша 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні деп жарияланды.Қазақстанның саяси қайраткерлерінің пікірі бойынша, ұлтаралық және дінаралық келісімнің сақталуы, олар жүргізіп жатқан саясатының басты қағидаларының бірі болып табылады.Әрі бұл күн, Қазақстан халқы үшін ең ірі мерекелердің бірі. Еліміздің барлық өңірлерінде дерлік  1 мамыр тойланады. Мақсаты, ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып,  татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды  насихаттау.«Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған.. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерек.Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды. Еліміздегі этностарды бұрынғыдан да жақындастыру үшін бүкіл Қазақстанда жаппай патриоттық шерулер өтеді.1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні. 1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды.Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым. Ассамблея 365 мүшесі, 471-ден астам республикалық, өңірлік, облыстық, қалалық ұлттық-мәдени бірлестіктері 500-ге жуық кіші ассамблея мүшелерінің бастарын біріктіріп, біздің ортақ үйіміз – Қазақстанда шынайы достықты қамтамасыз етіп келеді.Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне қатысқан адам бұл мейрамның ауқымын біледі. Мерекеге әртүрлі мәдени орталықтар атсалысады.Сонымен бірге, бұл күні Қазақстан музейлері мен кітапханалары Қазақстанда тұратын халықтарға арналған көрмелер ұйымдастырады. Мейрам Қазақстан халқын ел аумағында тұратын өзге ұлттардың мәдениеті және дәстүрлерімен таныстырып, ұлт тұтастығын нығайта түседі.Бірлік пен келісімнің маңыздылығын толық ұғыну – еліміздің үйлесімді әрі орнықты дамуының негізгі факторы.Бірлік, достық және өзара сыйластық болған кезде ғана біздің кең байтақ ортақ отанымыз – Қазақстан Республикасы мол байлық пен бақ-берекеге кенеледі. Осы маңызды құндылықтар қоғамымыздың дүниетанымын анықтап, оның одан әрі біріге және жұмыла түсуінің айқын бағдары болады.Көптеген ұлттардың ортақ шаңырағына айналған Қазақстан бейбітшілік пен келісім арқылы әлемге үлгілік жолды нұсқап келеді. Әйтсе де, ұлтаралық келісім мен дінаралық татулықтың алтын бесігін тербету аяқ астынан туындаған немесе қазақ даласында өздігінен пайда болған дүние еместігі бесенеден белгілі. Ел иесі, жер иесі саналатын қазақ халқы алмағайып замандарда шартараптан бас сауғалаған, тағдыр тәлкегімен босып келген басқа жұртты бауырына басты. Өзінің тоз-тозы шыққанына қарамастан, басқаның қайғысына да ортақтығын танытты. Кеңестік жүйе қыспағымен қазақ даласын паналаған бөтен жұрт осында мәңгілікке тұрақтап қалды, өсті-өнді, ұрпағы жалғасты. Тәуелсіздік тұсында да қырықжамаудай болған ұлттық құрамдағы осы ерекшелікті негізге алғандар жаңадан пайда болуы ықтимал үлкен қақтығыстар алаңы ретінде қазақ даласын меңзеген еді. Алайда, қазақ халқының даналығы, кеңдігі мен сыйластығы этностық тегіне, әлеуметтік, діни және де шығу тегіне қарамай, жаңа мемлекет­тің барша азаматының ұйысуына ұйытқы болды. Тәуелсіздіктің орнығуының ең қиын жыл­да­рын­да Тұңғыш Президент Н. Назарбаев­тың қайраткерлігі нәтижесінде Қазақстанда этносаралық сыйластық пен қоғамдық ке­лі­сім тұрақты түрде сақталды.Мінеки, осындай ұлттың дархандық мінезі, тұлғаның салиқалы саясаты бар қазақ елі қазіргі таңда қабырғасы қатайған, пікіріне халықаралық қоғамдастық өкіл­де­рі құлақ асатын беделді елге айналды. Қазақстан этносаралық және конфессия­аралық келісім тәжірибесінің өзіндік үлгісіне ие бола отырып, толеранттылық және мәде­ниет­аралық диалог мәселелеріне мән беретін бастаманы халықаралық деңгейге шығара білетін мемлекет бола алды. Сондықтан да, саяси тұрақтылық, қоғамдағы этносара­лық және конфессияаралық татулықты орнату жөнінен әлемдік қоғамдастық тара­пынан оң бағаға ие болған Қазақстанның қарыштап дамуына да ең алдымен ұлтаралық саясаттағы тұрақтылыққа негізделген қағидаттың ықпалы зор болды. Қазақстанның жетістігіне айналған қоғамдық келісім елдің нәтижелі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси дамуының кепіліне һәм негізіне де айналып отыр. Бір сөзбен айтқанда, мем­ле­кеттің экономикалық өсуі, әлеуметтік ілге­рі­леуі, демократиялық дамуы қоғам бірлігі ұйыс­қан және сақталған жағдайда ғана жүзеге асады. Ал ұлттар арасындағы бірлікті қамтамасыз ету - демо­кра­тия­лық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құрудың маңызды шарты. Сонымен қатар, ұлы далада орныққан ел бірлігін мерекеге ұластыру, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған достық пен келісімді паш ету халықтар арасындағы тұтастықты одан сайын нығыздай түседі.

Орындаған:Сайынова Нұрсулу Нұрлыбековна

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет