Эссе деген не?


Абзацтарды азат жолдан бастап, бір-бірімен логикалық түрде байланыстыра отырып, жұмыстың тұтастығына қол жеткізуді



бет3/5
Дата22.09.2022
өлшемі142,24 Kb.
#39818
1   2   3   4   5
Байланысты:
эссе

2. Абзацтарды азат жолдан бастап, бір-бірімен логикалық түрде байланыстыра отырып, жұмыстың тұтастығына қол жеткізуді;
3. Баяндаудың эмоциялы, экспрессивті стильде болуын.

20

БАЛ ҚОЮ КЕСТЕСІ

Диапазон

Балдар

ы

5

17-20
  • Тапсырманы орындауда қызықты да әсерлі, қажетті форма мен өзіндік құралдарды бірегей қолданады, білім алушы пікірін сенімді де нақты білдіреді;
  • Катаң ұстанымы мен сәйкестендірілген құрылымы мәселені логикалық күйде дамытады;
  • Оқырманға әсер ету, нақтылау, түсіндіру мақсатында қолданылған көркем тіл құралдарының аясы өте кең;
  • Сауаттылығы жоғары деңгейде, елеусіз қателер болуы мүмкін.

4

13-16
  • Тапсырмаға жақсы дайындалған, қажетті форманы қолданады, білім алушы пікірін нақты білдіреді;
  • Құрылымы әсерлі және сәйкес, мәселе мен деректерді талдауы нақты;
  • Оқырманға әсер ету, нақтылау, түсіндіру мақсатында қолданылған құралдары үйлесімді;
  • Сауаттылығы жақсы, түсінуге қиындық келтімейтін қателер болуы мүмкін.

3

9-12
  • Қажетті ұстанымы, сәйкестендірілген формасы мен мазмұны анық, білім алушы ойын түсінікті жеткізеді;
  • Қолданылған құрылымы дұрыс, бірақ жүйеленбеген құрылым, құрылымнан ауытқу кездеседі немесе біртексіз құрылымдар бар;
  • Әсер ету, нақтылау, түсіндіру мақсатында қолданылған тіл құралдары кей жағдайларда жеткіліксіз деңгейде;
  • Сауаттылығы орта деңгейде, (шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) қажетті әсер алуды төмендетеді.

2

5-8
  • Қажетті форма мен мазмұны байқалады, білім алушы пікірін сирек білдіреді;
  • Құрылымы анық емес, нақты деректер мен дамыту қабілеті жеткіліксіз;
  • Тіл құралдарын қолдану әрекеті бар, суреттеу, деректендіру мен әсер ету қанағаттандырарлық күйде;
  • Қателер жиі (шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) кездеседі.

1

1–4
  • Қажетті форма мен мазмұнды қолдануға ұмтылғаны байқалғанымен, көздеген мақсатқа сай емес, білім алушы мәселені түсінгенімен, өз ойын нақты жеткізе алмайды;
  • Құрылымы жеткіліксіз, дұрыс ұйымдастырылмаған, тақырыптан ауытқулықтар байқалады;
  • Суреттеу, деректендіру мен әсер ету мақсатында тілдің құралдары кей жерлерде ғана қолданылған;
  • Жіберілген қателер (шақтарды қолданылуы анық емес, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) мағынаны толық түсінуге қиындық келтіреді.

0

0
  • Жұмыс қойылған мақсатқа сай емес, түсініксіз, құрылым мен мазмұны төмен деңгейде;
  • Құрылымы эссеге сай емес;
  • Суреттеу, деректендіру мен әсер ету мақсатында тілдің құралдарын қолданбаған;
  • Сауаттылығы төмен, (шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) түсінуге кедергі келтіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет